2. Баланың назарын аудару.
Балаға жасына сәйкес келетін қандай да бір қызықты затты көрсетіңіз. Бұл затты баланың алдында
жайлап қозғалтыңыз. Бала оған шап беріп, жармаспай ма, қараңыз. Оны баланың қолына беріңіз.
Егер бала ұйқылы-ояу болса немесе оған назар аудармаса, онда оған бала сезіне алатын зат-
ты (мысалы, жұмсақ матаны, құрғақ ысқышты) тигізіңіз. Егер қажет болса, баланы сақтандыру
және назарын аудару үшін жеңіл «қорқытушы әсерді» пайдаланыңыз. Баланың жасы мен жай-
күйіне сәйкес келетін ойыншықты пайдаланыңыз. Мысалы, егер бала мүлдем кішкентай болса,
сылдырмақты жай, қысқа ғана сылдырлатыңыз. Егер баланың жасы үлкен болса, металл ыдысқа
қасықты ақырын ұрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |