Бұл әдістеме халыққа қызмет көрсетуде жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдық



жүктеу 5,38 Kb.
Pdf просмотр
бет24/38
Дата22.05.2018
өлшемі5,38 Kb.
#16119
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38

53 
 
8-кесте.  Іс-шараларды  жүзеге  асыру,  нəтижелер  мен  мақсаттарға  жету  үшін  ЖҚО 
талап ететін ресурстар 
Ресурстар 
Өлшем бірлігі 
ЖҚО-ны қаржыландыруға бюджеттік құралдар: 
-  жалақы қоры, 
-  үй-жайды жалдау, 
-  коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
-  материалдық-техникалық жабдықтау, 
-  кеңес беру қызметтері
-  көлік қызметтеріне ақы төлеу, 
-  басқа шығындар. 
Мың теңге 
Басқа көздерден қаражаттар 
Мың теңге  
Қызметкерлер 
Штаттық бірлік 
Көлік 
Бірлік 
Үй-жайлар 
Кв.м. 
Басқа ресурстар  
 
 
164.  Осылайша,  ЖҚО  қызметінің  нақты  анықталған  мақсаты  болуы  тиіс.  ЖҚО 
мақсатына  жету  үшін  ресурстарды  (қаржы,  еңбек,  уақыт)  жоспарлау  жəне  пайдалану 
жəне белгілі бір іс-шараларды (іс-əрекеттерді) орындау қажет. Ресурстарды пайдалану 
жəне іс-шараларды орындау белгілі бір нəтижелерге жеткізуі тиіс. 
Егер  нəтижелер  дұрыс  жоспарланса  жəне  арналып  бағытталған  халықты 
қамтыса (жұмыс іздеушілер жəне жұмыс берушілер), онда ЖҚО-ның қызметі  аймақтың 
жұмыспен қамту саласына, мысалы, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге оң əсер етеді 
(5-диаграмма). 
 
2. Халықты жұмыспен қамту орталығының қызмет жоспары 
165.  ЖҚО  қызметінің  мақсаты,  ЖҚО-ның    қызмет  бағыттары  немесе  ұсынатын 
кешенді  қызметтері  туралы,  нəтижелерді  жоспарлау  мен  жету  туралы,  өткізілетін  іс-
шаралар  мен  қолданылатын  ресурстар  туралы  ақпарат  ЖҚО-мен  жыл  сайынғы 
Аймақтың  халықты  жұмыспен  қамту  орталығы  қызметінің  жоспарында  (ары  қарай  – 
ЖҚО-ның қызмет жоспары) көрсетіледі.  
166. ЖҚО қызметінің жоспары келесілерден тұруы керек: 
- ЖҚО-ның есепті кезеңдегі негізгі жетістіктері жəне өзекті мəселелері. Бұл бөлім 
ЖҚО-ның келесі жылғы даму перспективаларының негізі болып табылады
- ЖҚО-ның  жұмыс  іздеушілер  мен  жұмыс  берушілерге  ұсынатын  қызметтерінің, 
сондай-ақ  ЖҚО  келесі  жылы  қол  жеткізуді  жоспарлап  отырған  мақсаттары,  міндеттері 
жəне нəтижелерінің сипаттамасы; 
- ЖҚО-ның нəтижелерге қол жеткізу бойынша іс-шараларының сипаттамасы; 
- ЖҚО-ның  қойылған  мақсаттар,  міндеттер  жəне  нəтижелерге  қол  жеткізуі  үшін 
арналған бюджеттік жəне өзге де қаражат көлемі
- ЖҚО-ның ішкі қызметін жетілдірудің бағыттары. 
167.  ЖҚО-ның  қызмет  жоспарында  нəтижелердің  негізгі  көрсеткіштері  көрсетілуі  
тиіс  (5-диаграмма).  Нəтижелердің  стандартты  көрсеткіштерін  пайдалану  оларды  əр 
түрлі  ЖҚО-лар  арасында  жəне  əр  түрлі  уақыт  кезеңдерінде  салыстыру  жүргізуге 
мүмкіндік береді. 
168. ЖҚО-ның қызмет жоспары: 
- ЖҚО  қалай  жəне  қандай  ресурстар  есебінен  ЖҚО-ның  қызмет  нəтижелерінің 
негізгі көрсеткіштерінің мақсатты мəндеріне қол жеткізуді жоспарлайтынын анықтайды; 
- бір қаржылық жылға əзірленеді; 
- көлемі бойынша шағын құжат болып табылады. 


54 
 
169.  ЖҚО-ның  қызмет  жоспары  жаңа  қаржылық  жылдың  басына  дейін  ЖҚО-ның 
басшысымнен əзірленеді жəне бекітіледі. 
170.  ЖҚО-ның  қызмет  жоспарын  жүзеге  асыру  үшін  орталықтың  басшысы  ЖҚО-
ның  нақты  іс-шараларын  (іс-əрекеттерін)  орындауға  жауапты  болатын  ЖҚО 
қызметкерлерін  бекітуі,  сонымен  бірге  қызмет  мақсаттары  мен  нəтижелеріне  жету 
бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мерзімдерін орнатуы тиіс.  
Әрбір  іс-шара  үшін  нақты  аяқталу  мерзімін  жəне/немесе  негізгі  межелерді  қою 
қажет. Мысалы, «Жұмыс берушілермен серіктестік жəне мақсатты жұмыс стратегиясын
 
əзірлеу»  іс-шарасы  бойынша  оны  іске  асырудың  нақты  күнін  көрсету  қажет  –  «2018 
жылғы шілде». «2018 жылдың ішінде» деп көрсету дұрыс емес. 
ЖҚО-ның  қызмет  жоспарын  жүзеге  асыру  үшін  орталық  басшысы  ЖҚО  мен 
қызметкерлердің ішкі қызметін жетілдіру бойынша іс-шаралар қарастыруы тиіс. Оларға 
материалдық-техникалық  базаны  дамыту,  қызметкерлердің  кəсіби  дағдылары  мен 
біліктіліктілігін  арттыру,  технологиялық,  ақпараттық  жəне  əкімшілік  процестерді 
жетілдіру, ғимараттарды жөндеу, жабдықтар алу жəне т.б. жатады. Бұл іс-шаралар үшін 
де  нақты  аяқталу  мерзімдері  орнатылуы  керек.  Мысалы,  «Жұмыс  іздеушілерді  қолдау 
бөлімінің  қызметкерлерін  «Еңбек  нарығы»  ААЖ-да  жұмыс  істеуге  оқыту,  2018  жылғы 
тамыз». 
171.  Аймақ  тұрғындарын  ЖҚО-ның  қызметі  туралы  ақпараттандыру  мақсатында 
ЖҚО-ның  қойылған  мақсаттары  мен  нəтижелеріне  жетуін  көпшілікке  ашық  жариялау 
керек. 
ЖҚО-ның  қызмет  жоспары  жария  құжат  болып  табылады.  ол  жеке  құжат 
(баспалық басылым) болып табылады жəне аймақтың кез келген тұрғынына қол жетімді 
болуын қамтамасыз ететіндей орналастырылады (мысалы, ЖҚО сайтында,  Жұмыспен 
қамтуды  үйлестіру  басқармасының  (бөлімінің)  сайтында  жарияланады,  брошюра 
түрінде басылады жəне т.б.).  
172. ЖҚО-ның қызмет жоспары негізінде ЖҚО қызметіне мониторинг жүргізіледі. 
 
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы қызметінің мониторингі  
173.  Мониторинг  –  бұл  ЖҚО  қызметі  туралы  ең  маңызды  ақпаратты  үнемі 
қадағалау.  Оның  мақсаты  жұмыстың  ағымдағы  жағдайын  қадағалау,  оны  жоспармен 
салыстыру  жəне  ЖҚО  қызметі  процесінде  орын  алған  өзгерістерді  бақылау  болып 
табылады.  Бұдан  басқа,  мониторинг  əр  түрлі  уақыт  кезеңдерінде  ЖҚО  қызметіндегі 
үрдістерді бақылау үшін қолданылады. 
174. Мониторинг ЖҚО басшысы мен бөлім жетекшілеріне ЖҚО қызметінің қандай 
облыстарында  мəселелер  бар  жəне  көп  көңіл  бөлуді  қажет  ететінін,  жəне  қандай 
салалар нəтижені жақсартуға көмектесе алатынын анықтауға көмектеседі. 
175. ЖҚО қызметінің тиімді мониторинг жүйесін жасау үшін жеті қадам іске асыру 
керек. 
1-қадам.  ЖҚО-ның  мақсаттарын,  міндеттерін  (қызмет  көрсету  салаларын),  ЖҚО 
қызметінің нəтижелерін жəне ол үшін қажетті ресурстар мен іс-шараларды анықтау. 
2-қадам. Нəтижелер көрсеткіштерін анықтау. Оған қажетті көрсеткіштерді таңдау, 
бастапқы  (базистік)  мəндерді  анықтау,  көрсеткіштердің  мақсатты  мəндерін  анықтау 
кіреді. 
3-қадам. Есеп беру нысандарын əзірлеу. 
4-қадам.  Деректерді  жинау  мен  талдауды  қамтамасыз  ету,  олардың  сапасын 
қамтамасыз ету. 
5-қадам.  ЖҚО-ның  қызмет  процесінің,  нəтижелері  мен  пайдаланылатын 
ресурстардың мониторингін жүргізу. 
6-қадам.  Мониторинг  деректерін  басқару  шешімдерінде  қолдану,  яғни  ЖҚО 
қызметін басқаруда. 


жүктеу 5,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау