42
Әлеуметтік байланыстар өте маңызды, себебі ЖҚО-ны қабылдау, HR-промоутер жұмыс
берушімен қалай қабылданғанына байланысты.
HR-промоутер жұмыс берушімен байланыста болуы керек. Байланыс қандай-да
бір қызметтер, өнімдер жəне т.б. бойынша ақпаратты мерзімді жіберу түрінде жүзеге
асырылуы мүмкін. Алайда жұмыс берушіге ешқандай қатысы жоқ ақпаратты
жібермеуіңіз керек. Мысалы, «Қала əкімі ЖҚО-ға барып, қызметкерлерді Тəуелсіздік
күнімен құттықтады» деген жаңалықты жіберу жұмыс берушіге қызықты болмайды
жəне, мүмкін, спам ретінде қарастырылады.
Белгілі бір жұмыс берушілерді кəсіби мерекесімен (мысалы, құрылысшы күні,
теміржолшы күні жəне т.б.) құттықтауды ұмытпау керек. Мүмкіндік болса ЖҚО тығыз
қызмет істейтін мекемелер басшыларын ЖҚО атынан туған күнімен, ұлттық жəне
мемлекеттік мейрамдармен құттықтауға болады.
HR-промоутердің мұндай ері HR-промоутердің жəне бүкіл ЖҚО-ның имиджіне оң
əсер етеді.
99. ЖҚО мен жұмыс беруші арасындағы өзара іс-əрекеттің алғашқы екі түрі
(қаржылық жəне құрылымдық) ЖҚО-ның басшылығы деңгейінде орнатылуы керек, ал
əлеуметтік байланыстар жұмыс берушілермен жұмыс бойынша HR-промоутерінің
жауапкершілігінде.
100. Аймақтың жұмыс берушілерімен жұмысты ұйымдастыру үшін ЖҚО Жұмыс
берушілермен серіктестік пен мақсатты жұмыстың стратегиясын жасайды, оның
құрылымы мен қысқаша мазмұны қосымшада көрсетілген (8-қосымша).
7.2 Жұмыс берушілер үшін қажетті қызметкерлерді іріктеуге жəрдемдесу
кезіндегі халықты жұмыспен қамту орталығының құрылымдық бөлімшелерінің
(жұмыскерлерінің) əрекет ету тəртібі
101. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің HR-промоутері экономиканың белгілі
бір саласындағы жұмыс берушілердің тізімін қалыптастырады.
102. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің HR-промоутері жұмыс берушіден
(немесе оның өкілінен) белгіленген форма бойынша жұмыскерлерге қажеттілік туралы,
бос жұмыс орындары туралы мəліметтерді қабылдайды.
103. HR-промоутер «Еңбек нарығы» ААЖ-да экономиканың белгілі бір
саласындағы жұмыс берушіден алынған бос жұмыс орындарын тіркейді.
104. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің HR-промоутері «Еңбек нарығы» ААЖ-
да тіркелген адамдар арасынан кəсібін (мамандығын), лауазымын, қызмет түрін, кəсіби
даярлық деңгейі мен біліктілігін, жұмыс тəжірибесі мен дағдыларын, жалақы деңгейін,
жұмыс режимін, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек функциясын орындауға жəне жұмыс
іздеушінің кандидатурасына қоятын талаптарын ескере отырып, жұмыс іздеушілерді
іріктейді.
HR-промоутер əлеуетті жұмыс іздеушілердің тізбесін жасайды.
105. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің HR-промоутері «Еңбек нарығы» ААЖ-
да əлеуетті жұмыс іздеушілердің атынан бос жұмыс орнына «Жауап» жібереді жəне
жұмыс берушінің Enbek.kz порталындағы «Жеке кабинетіне» олардың түйіндемелерін
жібереді.
106. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің HR-промоутері еркін түрде (телефон
жəне/немесе пошта арқылы, соның ішінде электрондық пошта) жұмыс берушіге оның
Enbek.kz порталындағы «жеке кабинетіне» жіберілген əлеуетті жұмыс іздеушілердің
түйіндемелері туралы хабардар етеді. HR-промоутер жұмыс берушіге жұмыс
іздеушілерді қарастыруды жəне тиісті жауап беруді еске салады.
Егер жұмыс берушінің Enbek.kz порталында жеке кабинеті болмаса, HR-
промоутер жұмыс берушіге бос жұмыс орнына лайықты жұмыс іздеушілердің бар
екендігі туралы хабарлайды.
43
107. Жұмыс берушінің жауабын алғаннан кейін, Жұмыс берушілерді қолдау
бөлімінің HR-промоутері жұмыс берушімен сұхбаттасудың уақыты мен орны туралы
келіседі.
108. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің HR-промоутері еркін түрде (телефон
жəне/немесе пошта арқылы, соның ішінде электрондық пошта) əлеуетті жұмыс
іздеушілерге сұхбаттасудың уақыты мен орны туралы хабардар етеді.
109. Жұмыс берушіге қажетті қызметкерлерді іріктеуге жəрдемдесу қызметін
көрсетудің нəтижесі:
«Еңбек нарығы» ААЖ-да бос жұмыс орындарын тіркеу;
қажетті талаптар бойынша «Еңбек нарығы» ААЖ-да тіркелген адамдар арасынан
жұмыс іздеушілерді іріктеу;
жұмыс іздеушіні жұмыс берушімен сұхбаттасуға жіберу.
110. Жұмыс берушілер үшін қажетті жұмыскерлерді іріктеуге жəрдемдесу
кезіндегі бизнес-процес қосымшада көрсетілген (10-қосымша).
7.3 Бос жұмыс орындарының мониторингі тəртібі
111. Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің HR-промоутері бос жұмыс
орындарына талдауды күнделікті жүргізеді.
Бос жұмыс орындарының мониторингін Жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің
жетекшісі жəне Мониторинг бөлімінің мамандары жүргізеді.
ЖҚО маманы «Еңбек нарығы» ААЖ-да ЖҚО-да тіркелген бос жұмыс орындары
туралы есеп жасайды (2-форма).
Форма 2.
ЖҚО-да тіркелген бос жұмыс орындары
№
Мамандық
Тіркелген
күні
Бос жұмыс
орнының
түрі
Жұмыс
орындарының
саны
Бос жұмыс орны
неше жұмыс күні
ашық
Экономика
саласы
ЖБҚБ HR-
промоутері
тегі
Алынған деректер негізінде маман деректердің іріктемесін жасап, келесі шарттар
бойынша талдау жүргізе алады:
- белгіленген уақыт (жұмыс күндері) ішінде неше бос жұмыс орындары
толтырылмаған;
- аймақ экономикасының қандай салаларынан, соның ішінде экономиканың
қандай дамушы салаларынан ең көп бос жұмыс орындарының саны тіркелген;
- қай мамандықтар бойынша ең көп бос жұмыс орындарының саны тіркелген;
- ЖҚО-ның сəйкес маманына (HR-промоутерге) неше бос жұмыс орындары
бекітілген;
- қай жұмыс берушіде ұзақ уақыт бойы толтырылмаған бос жұмыс орындары
тіркелген.
Мониторингтің нəтижелері бойынша HR-промоутер бос жұмыс орындарының
регламентпен белгіленген мерзімде толтырылмау себептерін талдайды.
112. Бос жұмыс орындары келесі жағдайларда толтырылмауы мүмкін:
- жұмыс берушінің нақты бос жұмыс орнына қоятын талаптарына сəйкес жұмыс
іздеушілердің болмауы;
- егер жұмыс беруші ұсынып отырған лауазым талаптары жұмыс іздеушілерді
қызықтырмаса. Мысалы, төмен жалақы, қашықтағы жұмыс орны жəне т.б.;
Тиісті жұмыс берушіге
жауапты маман
Тұрақты жұмысқа
орналасу, ӘЖО, ЖП, ҚЖ
Достарыңызбен бөлісу: |