Бұл әдістеме халыққа қызмет көрсетуде жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдық



жүктеу 5,38 Kb.
Pdf просмотр
бет16/38
Дата22.05.2018
өлшемі5,38 Kb.
#16119
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

33 
 
74. Жұмыс іздеушілердің ЖОЖЖ жасау барысында белгілі болған жеке деректері 
«Жеке деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 
21 мамырдағы Заңына сəйкес үшінші тұлғаларға жариялануға жатпайды. 
  
5.2  Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының құрылымы 
75. ЖОЖЖ келесі бөлімдерден тұрады: 
- жұмыс іздеушінің жеке ақпараты; 
- жұмыс іздеушіні жұмысқа орналасу бойынша мақсаты; 
- жұмыс іздеуші үшін лайықты жұмыс табу бойынша іс-шаралар (іс-əрекеттер); 
- Халықты 
жұмыспен 
қамту 
орталығының 
жұмыс 
іздеушіні 
жұмысқа 
орналастыруға жəрдемдесуі бойынша міндеттері; 
- жұмыс  іздеушінің  ЖОЖЖ-да  қарастырылған  барлық  іс-шараларды  орындауы 
бойынша міндеттері; 
- жұмыс  іздеуші  мен  ЖҚО  арасындағы  жұмыс  іздеушіге  жұмыс  іздеу  бойынша 
өзара əрекеттері. 
Жұмыс  іздеушінің  жұмысқа  орналастырудың  жеке  жоспарының  формасы 
қосымшада көрсетілген (6-қосымша). 
 
5.3  Жұмыс  іздеушіні  жұмысқа  орналастырудың  жеке  жоспарын  əзірлеуге 
қойылатын талаптар 
76.  ЖОЖЖ  жасаудан  бұрын,  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджері 
жұмыс іздеушіге келесі ақпаратты хабарлауы керек: 
- жұмыс іздеуші үшін ЖОЖЖ жасау мақсаты; 
- ЖОЖЖ-ды  орындау  шеңберінде  жұмыс  іздеушінің  құқықтары  мен  міндеттері 
туралы; 
- өмірлік жағдайлары өзгерген жағдайда жұмыс іздеушінің əрекеттері туралы; 
- ЖОЖЖ-ды  орындау  шеңберінде  Жұмыспен  қамту  орталығының  əрекеттері 
туралы; 
- ҚР заңнамасына сəйкес жеке деректердің қорғалуы туралы. 
77.  Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджері  нақты  жұмыс  іздеушіге 
ЖОЖЖ-ды  оны  жұмыс  іздеп  жүрген  адам  ретінде  тіркеген  кезде  берілген  ақпарат 
негізінде жасайды. 
Қажетті  ақпарат  болмаған  жағдайда,  менеджер  жұмыс  іздеушіге  қосымша 
сұрақтар қоюы мүмкін. 
Менеджер  жұмыс  іздеушіге  лайықты  ЖОЖЖ  қалыптастыру  үшін,  ол  барлық 
қажетті  ақпаратты  алуға  тиіс  екендігін  түсіндіру  керек.  Жұмыс  іздеуші  неғұрлым  көп 
ақпарат  берсе,  жұмыс  іздеуде  оған  қандай  қолдау  қажет  болуы  мүмкін  екенідігін 
бағалау соғұрлым жеңіл болады. 
78. Жұмыс іздеуші ЖОЖЖ-да оны тұрақты жұмысқа қол жеткізуге ынталандыруға 
бағытталған мақсат қалыптастыру керек. 
Жұмыс  іздеушілерді  қолдау  бөлімінің  менеджері  жұмыс  іздеушіге  мақсат 
анықтауға  көмектесуі  тиіс.  Мақсаты  нақты,  қолдан  келерлік,  шынайы  жəне  уақыты 
жағынан  шектеулі  болуы  керек.  Жұмыс  іздеуші  белгілі  бір  уақыт  ішінде  қандай 
жетістікке жетуді қалайтынын анық елестетуі керек. 
Жұмыс  іздеушінің  жұмысқа  орналасу  мақсаты  көрсетілмесе,  ЖОЖЖ-ға 
менеджермен қол қойылмайды. 
79. Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің менеджері жұмыс іздеушінің жұмыс табу 
жəне  жұмысын  сақтау  үшін  орындауға  тиіс  іс-шаралардың  (іс-əрекеттердің)  тізімін 
жасайды.  


34 
 
Менеджер  ол  үшін  жұмыс  іздеушіні  жұмыс  іздеп  жүрген  адам  ретінде  тіркеу 
кезінде,  профильдеу  кезінде,  сондай-ақ  жұмыс  іздеушімен  əңгімелесу  барысында 
алынған жеке деректерін пайдаланады. 
Менеджердің жұмыс іздеушіге əзірлеген іс-шараларын орындау жұмыс іздеушінің 
жұмысқа орналасу бойынша мақсатына қол жеткізуге жəрдемдесуі тиіс. 
Іс-шара  түрлері  жұмыс  іздеушінің  профильдеуді  жүргізу  кезінде  анықталған  (1,2 
немесе 3 санат) санатына (профильдік тобына) байланысты жеке жасалады. 
Жұмыс  іздеушілердің  əр  санаты  (профильдік  тобы)  үшін  белгілі  бір  іс-шаралар 
(іс-əрекеттер) тізбесі жасалды (5-кесте). 
 
5-кесте. 
Жұмысқа  орналастырудың  жеке  жоспарына  енгізуге  ұсынылатын  іс-
шаралар (іс-əрекеттер) тізбесі 
Жұмыс 
іздеушіні 
профильдеу 
нəтижелері 
ЖОЖЖ-ға кіргізілуі мүмкін іс-шаралар (іс-əрекеттер) 
 
ЖОЖЖ 
жасалған 
мерзім 
1 санат 
1.  Еңбек нарығы жəне бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру. 
2.  Жұмыс  іздеуде  көмек  көрсету  бойынша  ЖҚО-ның  қызметтері 
туралы ақпарат беру. 
3.  Жұмыс 
іздеушінің 
түйіндемесін 
Enbek.kz 
порталына 
орналастыру, жұмыс іздеуді жүзеге асыру. 
4.  Кадрлық  агенттіктерге  баруға  жəне  бос  жұмыс  орындары 
жəрмеңкелеріне қатысуға ұсыныс жасау. 
5.  Жұмыс  берушілермен  кепілді  сұхбаттасу  жүргізуді  қамтамасыз 
ету. 
6.  Белсенді  жұмыс  іздеу  əдістеріне  үйрету  («Жұмыс  іздеп 
үйреніңіз», «Жұмыс іздеушілер клубы» семинарларына, жұмыс іздеу 
дағдыларын жақсарту бағдарламаларына бағыттау). 
1-3 ай 
2 санат 
1.  Еңбек нарығы жəне бос жұмыс орындары, жұмыс күшіне ұсыныс 
пен  сұраныстың  өзгеруіне,  аймақтағы  жекелеген  салалар  мен 
кəсіптердің келешегі туралы ақпарат беру. 
2.  Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жасау. 
3.  Жұмыс  іздеу  бойынша  іс-шаралар  тағайындау,  бос  жұмыс 
орындары жəрмеңкелеріне қатысу. 
4.  Кəсіптік бағдарлау жүргізу. 
5.  Жұмыспен 
қамтуға 
жəрдемдесудің 
белсенді 
шараларын 
қамтамасыз  ету:  жастар  практикасы,  əлеуметтік  жұмыс  орындары, 
қоғамдық жұмыстар. 
6.  Кəсіпкерлік бастамашылыққа жəрдемдесу. 
7.  Уақытша  жұмысқа  орналастырудан  кейін  тұрақты  жұмысқа 
орналасуға қолдау көрсету туралы ақпарат беру. 
8.  Елдің  басқа  аймақтарына  ерікті  түрде  қоныс  аудару  бойынша 
кеңес беру. 
9.  Белсенді  жұмыс  іздеу  əдістеріне  үйрету  («Жұмыс  іздеп 
үйреніңіз», «Жұмыс іздеушілер клубы» семинарларына, жұмыс іздеу 
дағдыларын жақсарту бағдарламаларына бағыттау). 
3-6 ай 
3 санат 
1.  Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын құру. 
2.  Өз бетімен жұмыс іздеу дағдыларына үйрету. 
3.  Әлеуметтік кəсіптік бағдарлауды жүргізу. 
4.  Кəсіптік оқыту. 
5.  Жұмыспен 
қамтуға 
жəрдемдесудің 
белсенді 
шараларын 
қамтамасыз ету: қоғамдық жұмыстар. 
6.  АӘК бойынша кеңес беру. 
7.  Жұмыс  іздеуде  көмек  көрсету  бойынша  ЖҚО-ның  қызметтері 
туралы ақпараттандыру. 
3-12 ай 


жүктеу 5,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау