20
- фото хостинг – Picnic, Panaramio;
- видео сақтау –Youtube, Kaztube;
- әлеуметтік медиа – мысалы, Buzz.
7) комбинирленген web- қызметтер (әлеуметтік желілер) – Facebook,
Twitter, Мой мир, Вконтакте [3].
Қазіргі әлеуметтік ортаның негізгі байлығы – ақпарат болатын
ақпараттық ортаны сипаттауға болады. Осындай ортаның дамуына ақпараттық
үдерістердің қарқынды дамуы үлес қосты: хаттарды жіберу жылдамдығы
жоғарылауда;
жіберілетін
ақпарат
көлемі ұлғаюда; оның өңделуі
жылдамдатуда.
Бұқара Ақпарат Құралдары – бұл құрамы, қасиеті, тәсілі, құрылымы және
нақты ұйымдастыру деңгейін құрайтын элементтермен сипатталады. БАҚ
айрықша белгілері – бұл техникалық құралдардың бар болуы, аудиторияның
тұрақсыз көлеміне, хаттар, мақалалардың актуалдылығына тәуелділігі.
Қазіргі кезде көптеген тұтынушылар, әлеуметтік тұлғалар қарапайым
дүкендер мен дүңгіршектерден БАҚ сатып алғанша, барлық ақпаратты
интернеттен алғысы келеді. Сонымен қатар Интернет, өзіміз білетіндей,
алғашқы интерактивті медиа жүйесі болып саналады. Жалпы сөзбен айтқанда,
Интернет- технологиялар әлеуметтік ортаны ақпаратпен қамту құралы болып
табылады. Оны бірнеше сипаттамалар бойынша қарастыруға болады (1 кесте).
1 к е с т е - БАҚ-тың сипаттамалар бойынша салыстырылуы*
Сипаттамалар
ТВ
Радио
Пресса Интернет
Қолданушы
уақытын
таңдау
мүмкіндігі
х
x
+
+
Қосымша пайдалану үшін сақтау
мүмкіндігі
х
x
+
+
Оқиғамен бір уақытта ақпаратты
алу/жіберу мүмкіндігі
+
+
-
+
Мәтін
+
-
+
+
Арнайы құрал қажеттігі
+
+
-
+
*кестені құрған
www.rg.ru
Мұндағы «+» - ИӘ; «-» –ЖОҚ; «х» - арнайы қосымша құрал
көрсетілумен.
21
1.2 Қазақстандағы интернет
2012-2016 ж.ж. экономикалық өсім инфрақұрылымның дамуына
байланысты мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындардың инвестициялық
өсімін айқындады. Сонымен қатар, ол жұртшылықтың жоғары білім әлеуетіне
ие болуға әзір болуына мүмкіндік туғызды (Интернетке қол жетімділікке
бағаны кезең-кезеңмен төмендете отырып және ақырғы тұтынушыға берілетін
арналардың өткізгіштік мүмкіндігін кеңейту арқылы). Мемлекеттік уәкілдік
етуші органдардың бүкіл осы уақыт аралығында ақпараттық-коммуникациялық
саланың даму басымдығын талай рет қайталай жариялаған тынымсыз еңбегі
процестің ілгерілеуіне белгілі дәрежеде мүмкіндік туғызды.
ҚР республикалық ақпараттандыру және байланыс (АБА) Агенттігінің
мәліметі бойынша 2014 ж. Интернеттің таралу дәрежесі (1,6 млн.) құрады, 2015
-14%, алайда 2016 жылдың қазан айында байланыс операторларының есебіне
сүйене отырып, ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасы 30%
(4,7млн. адам) деген санды көрсетті. Бұл санға кеңтарапты қолжетімділіктегі
1,2млн. абонент, коммутирлі қолжетімділікте (dial-up) 0,4млн. абонент,
сонымен қатар Интернет торына мобильды қолжетімділікте 3,1млн. абонент
кірді. Мобильды Интернет қызметін (WAP, GPRS, EDGE) пайдаланушы ұялы
операторлар
абоненттер
көбінесе
тұтынушылардың
алғашқы
екі
категориясының біріне қатысты болғандықтан бұл көрсеткішті дұрыс деп
санаудың өзі қиындау. Күмәнді десек те, ресми санақ әдістемесінде абоненттер
санының тез өсуінің жағымды фактілерін атауға болады: кеңтарапты
қолжетімділік абоненттері саны - 2014 жылы 381 мыңнан, 2015 жылы 661
мыңға дейін, яғни бір жарым еседей артық болса, 2016 жылы қайтадан екі есеге
арта түсті. Шетелдік дерек көздері Қазақстан бойынша аздап жоғарылау санды
көрсетеді. Сонымен WorldStat Internet ұйымының санағы бойынша Интернеттің
еніп таралу дәрежесі 12,3%-ды (1,9млн.) құрайды, әйтсе де республика
жұртшылығының Әлемдік ғаламтордағы қатынасу қарқынының жоғары
екендігі мойындалады: 2008-2016ж.ж. аралығында қолданушылар саны 27 есеге
артты. Ірі Budde Comm Интернет-компаниясының мәліметіне сәйкес
қолданушылар саны 1,5млн. адамды құрайды, мобильді телефондар арқылы
қолжетімділікті есепке алмағанда таранып ену дәрежесі-9,8%. Hivos Қорының
(Нидерланды) «Ғаламдық ақпараттық ұйымының» есебінде сарапшылардың
пікірі бойынша мұндай көрсеткіштер қазірше жеткілікті деп санала қоймайды,
оның себебі телекоммуникация секторын либерализа-циялау қарқынының
баяулығы және бағаның бірте-бірте төмендетілуіне қарамастан, Интернет
қызметі тарифы әлі де жоғары болып отыр. Бұған Интернетті үйде пайдалануға
мүмкіндіктері бар - аса кең тарала қоймаған «орта класс» қабатын,
Қазақстандағы ауыл тұрғындарының жоғары процентті құрайтындығын және
АКТ мәселесінде көпшіліктің сауатының төмендігін қоса айтуға болады.
Сарапшылар тобында бұл факторлар ортасы басқа да институционалдық
параметрлермен үйлесімділікте электрондық даярлық дәрежесін атайды.