54
5) сапалы контент пен сервистерді ұсыну;
6) релевантты
анкорлы мәтінді жазу;
7) суреттер атауын беру;
8) “robot.txt” файлын тиімді қолдану;
9) Web-мастерға тегін ұсынылған құралдарды пайдалану;
10) Web-аналитика қызметін қолдану.
Іздеу жүйелерінің ұсынған web-құралдары сайт пен Google немесе
Yandex сияқты іздеу машиналары арасында байланыс орнатып, пайдалы
ақпаратты алып отыруға мүмкіндік береді. Google қызметінде келесілер
қарастырылған (8 сурет):
- GoogleBot роботына сайттың қай бөлігі сканерлеуде қиындық туғыза-
тындығын көру;
- Robot.txt файлын құру және анализдеу;
- негізгі доменді айқындау;
- іздеу сұраныстарындағы кілттік сөздер тізімін қарап шығу;
-
және тегтерінің жазылуын тексру;
- сайтты GoogleBot ретінде көру;
- сапа стандарттарына қайшы келуі туралы ақпарат алу;
- қажетсіз сілтемелерді іздеу жүйесінен алып тастау.
8 сурет - Google-дың web-мастер құралдары
Google ұсынған web-мастер құралдарынның «Интернеттегі сіздің
сайтыңыз» бөлімінде пайдаланушылар сайтқа қай жолмен келетіндігі және
сайттың оларға қалай көрнетіндігі туралы ақпарат беріледі (Қосымша В, 19-
сурет). Оның:
Іздеу сұраныстары бетінде ең көп іздеу нәтижесі бойынша сайттың
көріну мүмкіндігі жоғары сөздер тізімі жазылады. Бұл бетте келесідей
мәліметтер берілген:
- сұраныстар: іздеу сұраныстарының нәтижелері (Қосымша В, 20-сурет);
- сұраныс: сайт беттері көрсетілген іздеу сұраныс сөздерінің тізімі;
55
- көрсетілімдер: іздеу нәтижелері бойынша сайт көрсетілу саны, сонымен
қатар, алдыңғы күнге қарағанда мәліметтердің өсу/кему динамикасы
(пайызбен) есептелінеді;
- тінтулер: іздеу нәтижелеріндегі сайтқа өтетін сілтемелерді басу саны,жә-
не де алдыңғы күнмен салыстырмалы нәтижелерді көрсетеді;
- орташа позиция: анықталған сұраныстар бойынша сайттың іздеу жүйе-
леріндегі орны.
Сайтқа кіру сілтемелері бетінде сыртқы сайттардан өту сілтемелер тізімі
көрсетіледі. “Link” операторының нәтижелерін шығарады.
Кілттік сөздер бетінде Google-дың сайт ішінде тапқан маңызды
терминдер тізімі шығарылады. Анализ бойынша, Google сайтты қандай сөздер
арқылы интерпретациялайтыны көрсетіледі. Маңызды кілттік сөздер сайт
беттерінде көбірек кездесетіне байланысты көрсетіледі, оны баса, қай web-
беттерде көрсетілгенін анықтауға болады. Кілттік сөздер қатарынан кейбір
жағдайларда күнделікті қолданылатын немесе шаблонға қатысты алынып
тасталынады.
Ішкі сілтемелер бетінде сайтта бар URL беттерінің адрестері орналасад.
Сайт құрылымына байланысты бір беттен екіншісіне өту сілтемелерінің
қатынасына қарай тізім құралады. Ішкі сілтемелердің көлемі берілген іздеу
жүйелерінде маңыздылық деңгейін білдіреді.
«Диагностика» бөлімінде Google-дың сканерлеу мен индекстеу кезінде
туындайтын қателер туралы ақпарат беріледі.
Қауіпті бағдарламалар бетінде сайтта болуы мүмкін қауіпті
бағдарламалар мен сайтты бұзу әрекеттері жөнінде хабарламалар шығады.
Олардың қатарына желіге және компьютерге зардап тигізетіндері жатады.
Әдетте, сайттың бір осалдылығына байланысты хаккерлер вирустарды,
шпиондық бағдарламаларды, құрттарды спам таратуы мүмкін. Сайтты бұзудан
сақтау үшін Google автоматты сканерлерді пайдаланады. Қандай да бір қауіпті
әрекеттер анықталған жағдайда Google антивирусыны хабар жіберіп тексеруді
жүргізуге болады.
Сканерлеу қателері бетінде Google кіре алмаған беттердің тізімі
көрсетіледі. URL тізімдерінде қателік типі және мүмкіндігінше беттер адрестері
жазылады. Ондай қателерге: URL бойынша өту жүргізілмейді, аталған адрес
табылмады, robot.txt файылымен табу қойылған URL, HTTP қателері, қол
жетімсіз URL, 404 бағдарламалық қатесі.
Сканерлеу статистикасы бетінде GoogleBot- тың сайт бойынша 90 күн
ішінде жүргізген әрекеттер көрсетіледі (Қосымша В, 26 сурет). Статистикада
жүктелетін материалдар типі (мысалы, CSS файлы, JavaScript, Flash, PDF,
суреттер)ескеріледі.
HTML ұсыныстары бетінде HTML-ды жақсарту әдісері көрсетіледі.
Мұнда сканерлеу мен индекстеу кезінде GoogleBot-пен табылған потенциалды
қателер жазылады. Осы қателерді ескере сайттың рейтингісін көтеруге болады.
56
Масалы, атаулар мен мета мәліметтерді іздеу жүйесінде көрсетіліп, алдын ала
берілетін ақпараттық деректер кірушілерді қызықтырады [21].
Web-қорлар каталогтарында сайтты тіркеу.Ауқымды каталогтардың
тізімінде сайттың бар болуы – бірнеше себептерге байланысты маңызды.
Біріншіден, әртүрлі каталогтармен пайдаланатын қолданушылар категориясы
бар, оларды ескермеу мүмкін емес. Екіншіден, каталогтар іздеу жүйелерімен
индекстелген және олардың құрамы (сайтқа сілтеме) іздеу сұраныстарының
нәтижелеріне енеді. Үшіншіден, басқа ресурстардан сайтқа келетін сілтемелер
индекстелу деңгейін көтереді, өз кезегінде ол іздеу сұраныс нәтижелеріндегі
сайт орнына (позициясына) әсер етеді.
«Finance Master» сайты Google-дың, Yandex және Microsoft ұсынған Bing
жүйелерінің web-қор каталогтарында тіркелінеді. Аталған қорларда тіркеу үшін
- сайттың қолданылу-бағытталу аясы туралы нақты ақпаратты беріп,
модератордың тексеруінен өтеді.
Рейтингтік жүйелерде тіркеу.Каталогта айтылған себептер бойынша да
рейтингтік жүйелерде тіркеу маңызды. Сонымен бірге, рейтингтік жүйелер
сайтқа кіру туралы статистикалық ақпаратты береді. Абсолютті көрсеткіштер
дәл болмағанмен, сайттың жұмысын бағалау кезінде салыстырмалы
көрсеткіштер динамикасы сапалы болуы мүмкін.Тематикалық қорларда
кәсіпорын мен сайт туралы ақпаратты орналастыру.
Қазіргі уақытта көптеген тематикалық қорлар («Салалық порталдар»)
қызмет аясына байланысты бөлінген. Мұндай ресурстарда орналасқан ақпарат
мақсатты аудиторияны тартуға бағытталған. Каталогтар сияқты пайдалы
функцияларды атқарады.
Іздеу жарнамасы.Бұл интернетте салыстырмалы түрде жарнаманы
жүргізудің жаңа тәсілі, бірақ кейбір жағдайларда перспективті болып келеді.
Қойылған мақсатқа байланысты іздеу жарнамасының әртүрлі форматтары
қолданылады. Дұрыс ұйымдастырылған іздеу жарнамасы қысқа мерзім ішінде
жарнамалық компанияға минималды шығын жұмсай отыра нәтижелі
жетістіктерге жетуге болады.
Баннерлік жарнама.Іздеу жарнамасына қарағанда, бұл Интернетте кең
тараған жарнама түрі. Бұған қарамастан, қолданыста максималды тиянақты
болу керек. Кері жағдайда, үлкен шығын жұмсай отырып, минималды тіпті
ешқандай нәтиже алмауға болады. Себебі, кірушілер саны көп танымал
қорларда баннерлерді орналастыру құны жоғары, сонымен қатар, тиімділікті
жоққа (минимумға) әкелетін қателер қаупі де жоғары болып келеді. Мысалы,
баннер дұрыс істелмесе немесе таргетингісі дұрыс қойылмаса (көрсету
параметрлері: уақытысы, жиілігі, аудиториясы, т.б.), оған минималды
пайдаланушы басатын болады. Интернет пайдаланушылардың көпшілігінде
баннерлерді автоматты түрде елемейді. Осыларға байланысты баннерлік
жарнаманы ұйымдастыру күрделі және жауапкершілікті жоғары талаптарды
қажет етеді.