29
Flash. Flash бір уақытта бағдарлама (Flash, Adobe Inc.) және файлдық
формат
(.swf
кеңейтілімде).Adobe
Flash-
Adobe
компаниясының
мультимедиялық платформасы. Ол мультимедиялық презентацияларды, web-
беттерді, жарнамалық баннерлерді, анимациялық ойындарды, web- беттерде
водео және аудио жазбаларды ойнауда қолданылады. Adobe Flash векторлы,
растрлы және үш өлшемді графикалық суреттермен жұмыс жасайды.
Компиляцияланған flash файлдар .swf кеңейтілімімен сақталады. Flash
файлында видеороликтер .flv кеңейтілімінде болады да, ал swf роликтер тек
контейнер рөлін атқарады. Файлдық жұмыс форматы .fla кеңейтіліміне сәйкес
келеді.
Flash Player интернеттен flash программалық коды жүктелетін виртуалды
машина. Соның көмегімен flash-те жасалған өнімдер оқылады. Flash- те
жасалған роликтердің негізінде векторлы морфинг жатыр, яғни бір кілттік
кадрдан екіншісіне өту. Flash ActionScript программалық тілін пайдаланады.
Flash ерекшеліктері:
- платформалық тәуелсіздік, яғни flash арқылы құрылған сайттар түрлі
операциялық жүйелер мен браузерлерде бірдей көрінеді;
- үлестірілген және дизайнерлерге үлкен көлемді құралдардың берілуі;
- дұрыс жасалынған flash сайттар аз орын алып, тез жүктеледі;
Flash кемшіліктері:
- интернет
пайдаланушылардың
flash
ойнатқыштарын
жаңарту
ниеттерінің болмауы, сол себепті жаңа flash модульдері жұмыс істемейді;
- интерфейсі мен стандартталуының қиындығы;
- ұзақ жүктелуі – графикалық объектілердің көлемді болуына
байланысты.
Flash және DHTML. Web-сайт дизайнерлеріне Flash және DHTML
арасында таңдау көп жағдайда туындайды. Егер DHTML интерактивтілікті
HTML, CSS және JavaScript құралдары арқылы жүргізсе, Flash технологиясы
HTML бетіне ендірілген жеке Internet- технологиясы болып келетін нысан.
Таңдау мәселесі тұрса, сайтта қандай ақпарат орналасатындығын анықтап алу
міндетті:
- мультимедия элементтері көп қолданылса, дұрысы- Flash;
- көлемді мәтіндерді қамтитын сайтқа DHTML немесе HTML
қолданылған жөн. Өзінің жетістіктеріне қарамастан Flash HTML беттерді
ығыстыра алмайды.
1.5 Интернеттегі бағдарламалау тілдері
Web- сайтты құрастыруда қолданылатын программалау тілдерін 2 топқа
бөліп қарастыруға болады:
Біріншісіне, сайтқа кірушінің компьютерінде, браузерінде, орындалатын
код жатқызылады. Бұлар бәріне таныс JavaScript, VBScrpt, Java-апплеттері. Осы
30
тілдерде жазылған бағдарламалар, web-беттің кодына ендіріледі, немесе бөлек
файлға жазылып web-беттен шақырылады.
Екінші топқа, web-сервер орналасқан компьютерде орындалатын
бағдарламалар жатқызылады. Бұл топқа PHP жатады, және басқа тілдерге
қарағанда өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұл тілде бағдарламаны
құра отырып C++ немесе Perl тілдеріндегі сияқты файл сценарийлеріне
қатынау құқығы туралы, түрлі модульдерге қатынау жолдарын көрсету және
т.б. әрекеттерді ескермеуге болады. PHP бағдарламасын тестілеу үшін хостинг
провайдерде орнатылған операциондық жүйені орнату қажет емес. Сәйкес web-
серверді жүктеп PHP модулін қосса жеткілікті.
PHP-да жазылған бағдарлама сервер жағында орындалады, яғни сұраныс
жіберген (мысалы, адресті енгізуден) кейін бетті жүктегенге дейін жұмыс істей
бастайды. Сұранысты сервер- бағдарламасы өңдеп жауап ретінде динамикалық
генерациялайтын (өңделетін) беттерді береді. Бұл беттер стандартты HTML
тегтері мен JavaScript немесе VBScript-те жазылған «скриптерден» тұруы
мүмкін.
JavaScript- пен VBScript- тер көбіне бетке динамиканы беру үшін қолданылады:
төмен ашылатын мәзірлер, жарқырайтын батырмалар, әсерлі көшулер және т.б.
JavaScript функциялары клиенттік машинаның ресурстарымен және локальды
файлдық жүйемен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Локальды бағдарламалар арасында ең жылдамдысы JavaScript,
серверліктер арасында Perl, PHP екінші орында, бірақ кез келген сервердің
мәліметтер қорына кең көлемді қатынау мүмкіндігі бар.
Құпиялылығы. JavaScript және VBScript скриптері web-бетке тікелей
орналастырылады да көру кезінде беттің кодында қарап шығуға болады.
Қандай да бір скриптің коды ашық жазылады. Ешқандай құпиялылығы,
қауіпсіздігі не авторлық құқық сақталынбайды, кез келгені алып өз ыңғайына
өзгерте береді. Perl-да жазылған бағдарламалар жеке файлдар түрінде SSI
директивалар, IFRAME және IMG тегтері арқылы шақырылады. Бұл жағдайда
web-беттің кодында скриптердің орындалуының нәтижесі ғана шығады.
Қауіпсіздік режимі- максималды. PHP бағдарламалары JavaScript сияқты web-
беттің денесінде орналастырылады, бірақ Perl- бағдарламасындағыдай тек
орындалу нәтижесін береді.
1.5.1 JavaScript
JavaScript тілінің танымалдылығы web- бет элементтерін бір-бірімен
байланысу және қайта жүктеудің кең мүмкіндіктеріне байланысты. Дизайн
бөліктерін көрсетуге, жасыруға, көшіруге және безендіруге көмектеседі.
Осындай әрекеттер презентациялық эффектілерді жасауға, форма мәліметтерін
өңдеуге және құрамын басқаруға септігін тигізеді.