51
- дизайн концепциясының құрастырылуы. Жобаның барлық функ-
ционалдық мүмкіншіліктерін жақсы жағынан ұсынып, мақсатты аудиторияның
сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесу;
- дизайнды бекіту. Жобаның бастапқы дизайн концепциясына қажетті
өзгертулер енгізіп, соңғы шешімге келу.
Тапсырыс берушінің қойған негізгі талаптары келесідей:
a) сайттың бірінші бетінде компания жайлы слайд болуы;
б)сайтта іскерлік әдеп сезілуі;
с)сайттағы тустердің кара және сұр тустері болғаны;
д)жоғарғы горизонталь және сол жақ вертикаль мәзірлердің болуы;
3) технологиялық негізін жасау; Технологиялық негіздеме мен бекітілген
дизайн концепциясы бойынша мәліметтер қорының оңтайлы құрылымы
жасалады. Сондай-ақ сайт бөлімдерінің шаблондары мен интерактивті
сервистері бапталып өңделеді.
Сайттың қызмет көрсету функциялары мен материалдарын компания
қызметкерлеріне оперативті түрде өзгертуге мүмкіндік беретін сайттың
әкімшілік жүйесінің интерфейсі мен механизмдерін құрастыру жұмыстары
жүргізіледі.
Аталған кезеңде графикалық және мәтіндік материалдарды енгізуге
болатын сайттың жұмыс нұсқасы жасалады.
4) контентпен толтыру;Бұл кезеңде сайттың мәліметтер қоры контентпен
толтырылады. Тиісті шаблондар мен механизмдер құрастырылғаннан кейін
барлық мәтіндер, файлдар және қажетті көрсетілімдер енгізіліп немесе
әкімшілік интерфейс арқылы мәліметтер қорына көшіріліп сайтта
жарияланады.
5) дайын
шешімді тестілеу;Жүйені интегрирлеу мен интернет
өкілеттіліктің құралдырының баптаулары аяқталған соң тестілеуге ұсынылады.
6) құралдарды баптау және хостингтік платформаға көшіру;Мұнда
провайдерді таңдау, хостингті алу, домендік атты таңдау және сайтты
интернетке жүктеу әрекеттері жүргізіледі.
7) жобаны іске асыру;Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін сайтты
тестілеп, жобаны қолдау бойынша мамандардың нұсқауларынан өткеннен кейін
сайт оның кірушілеріне ашылады [17].
2.4 Сайтты жылжыту
Әдемі, қанық және ыңғайлы сайтты құрастыруға болады. Егер сізден
басқа сайт жайлы ақпаратты ешкім білмесе, жасаудың қандай маңызы бар?
Сайтқа потенциалды клиенттерді, серіктестерді, кірушілерді және т.б. тарту
қажет. Бұл мәселемен байланысты жұмыс – сайтты жылжыту деп аталады.
Сайтты жылжытудың бірнеше негізгі тәсілдер бар:
- іздеу машиналарына тіркеп, сайтты оңтайландыру;
52
- Web-қор каталогтарында тіркеу;
- тематикалық қорларда кәсіпорын мен сайт туралы ақпаратты орналас-
тыру;
- іздеу жарнамасы;
-баннерлік жарнама.
Сайтты жылжыту үдерісін сұлба түрінде келесідей көрсетуге болады (7
сурет):
7 сурет - Сайтты жылжыту тәсілдері
Іздеу машиналарына тіркеу, сайтты оңтайландыру. Интернетті
пайдаланушылардың көбі қажетті ақпаратты табу үшін іздеу машиналарын
пайдаланады. Сондықтан, кірушілердің көп бөлігі сайтқа солар арқылы келеді.
Бірақ тек іздеу жүйелерінің индексінде болу жеткіліксіз. Кірушілердің
максималды ағынын қамтамасыз ету үшін, белгілі бір кілттік сөздер мен сөз
тіркестері арқылы сайтқа өтетін сілтемені іздеу жүйесінің сұраныс нәтижесі
бойынша басына таман орналасуы керек. Сол себепті, іздеу сұраныстарындағы
сайттың қай орнында тұрғанын жиі тексеріп тұру міндетті, және іздеу жүйелере
оңтайландырып,
жетілдіру
жұмыстарын
жүргізу
керек.
Іздеу
сұраныстарындағы орынына бірнеше маңызды факторлар әсер етеді, оларды
оңтайландыру кезінде ескерген жөн. Іздеу жүйелерінен сайттың алынуы – оның
жабылуына эквивалентті. Осыған байланысты тек «ақ» (рұқсат берілген)
оңтайландыру тәсілдерін пайдалану маңызды. Егер де біреу қысқа мерзім
ішінде іздеу сұраныстарында сайтты бірінші орынға шығаруға сөз берсе – абай
болу абзал. Өйткені, «ақ» тәсілдермен мұндай нәтижелерге тез жету мүмкін
емес, ал рұқсат етілмеген тәсілдер іздеу жүйелерінің администраторларымен
байқалып, сайт «бан тізіміне» жатқызылатын болады.
«Finance Master» сайты Google, Yandex, Bing іздеу жүйелерінде тіркелген.
53
Google- Google Inc. корпорациясына тиесілі іздеу жүйесі. Бет
құрылымын іздеу индексін белгілеу үшін сканерлейтін Google-дың негізгі
роботы – User Agent – GoogleBot. Одан басқа арнайы роботтары да бар:
- GoolgeBot Mobile – мобильді құралдар үшін сайтты индекстеу;
- Google Search Appliance gsa crawler – жаңа Search Appliance – аппаратты
бағдарламалық кешеннің іздеу роботы;
- GoogleBot Image – сурет индексін белгілейтін робот;
- Mediapartners Google – AdSense құрылымын анықтайтын бет контентін
сканерлеу роботы;
- Adsbot Google – Adwords мақсатты беттердің сапасын бағалайтын
сканерлеу роботы.
Сканерлеу кезінде GoolgeBot жаңа немесе жаңартылған беттерді тауып
Goolge индексіне қосады. GoolgeBot әрбір сканерленген бетті өңдейді де,
табылған сөздер индексін белгілеп, орналасқан жерін анықтайды. Іздеу
суранысын пайдаланушы енгізгенде, жүйе тапқан нәтижелерді релеванттық
деңгейіне байланысты шығарып көрсетеді.
Сайттың Google индексінде барын тексеру үшін “size” операторы арқылы
URL-ды тексеруге болады: [site:mfinance.kz]. басқа да арнайы операторлар
көмегімен қосымша ақпарат алу мүмкіндігі бар (Қосымша В, 18-сурет).
Мысалы, “info” операторы Google сұраныс нәтижелерінде көрсететін беттерді
тізіп шығарады [info: mfinance]. Сайтқа өтетін сілтемелерді көру үшін “link”
операторы пайдаланылады [link: mfinance.kz] немесе [link:www. mfinance.kz].
Сайттың ағымдағы кэші беттің Google каталогында сақталған көшірмесін
көрсетеді, мысалы [cache: mfinance.kz] жазуы Google-дың соңғы рет
индекстеуден өткен беттердің келбетін береді.
Сайтты іздеу жүйелеріне енгізгенен кейін, оған иелікті растау керек. Ол
бірқатар артықшылықтар мен мүмкіндіктерді береді:
˗ сайттың диагностикасы мен сапасын жақсарту әрекеттерін уақытылы
жүргізу;
- URL-дың өзгерілуі жайлы Google- ға хабарлау;
- іздеу нәтижелерінен сайттың алынуы;
- сайттың бағытталған географиялық аумағын анықтау;
- Google-дың сканерлеу жылдамдығын қадағалау.
Сайт иесін растаудың бірнеше жолдары бар. Google Analytics бақылау
коды «Finance Master» сайтында пайдаланғандықтан, осы әдіс таңдалынды.
Растау нәтижесі бойынша, web-мастер құралдары арқылы басқару жүргізіледі
де, сайттың тексеруден өткендігі мен оның ұсынылған ақпараты ашық болып
саналады.
Іздеу жүйелеріне дұрыс оңтайландыру төмендегі әрекеттерді талап етеді:
1) тегін пайдаланып, әр бетке уникалды атауын беру;
2) метатегін белгілеу;
3) URL құрылымын жетілдіру;
4) сайт бойынша өтулерді ыңғайлы жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |