26
сервис» NEO брендімен, ЖШС «GSM Қазақстан», АҚ «Нұрсат» және
басқалары кіреді.
Интернет желісі жайлы барлығымыз айтарлықтай жақсы білеміз. Қазіргі
кезде барлық мекемелер өз өнімдерін жарнамалау үшін және мекемені нарықта
дамыту үшін желіні пайдаланады. Интернет желісі бизнес әлеміне маркетинг
үшін зор мүмкіндікті береді. Сонымен бірге маркетинг мүмкіндіктері кәсіпкер
қиялына байланысты болады: қарапайым жарнама мен электронды поштаны
қолданудан толық функционалды электронды дүкен құруға дейін барады.
Бүгінгі күні әр мекемнің өз жеке Web-сайты бар. Қазіргі заманғы
ақпараттық технологияларды қолдану шарттарына сәйкес – бұл қосымша
тұтынушыларды қаратуға, мекеме қызметін кеңейтуге мүмкіндік беретін
нарықта маңызды орналасу факторы болып табылады [5].
1.4 Сайтты құру құралдары
Интернеттің дамуына орай жасалынған web-беттердің бет-бейнесі өзгере
түсуде. Бастапқыда HTML беттер тек белгілі бір ақпаратты бере отыра,
ешқандай қосымша қызметтерді атқармайтын. Бірте-бірте сұраныстар
күрделене, енді сайтты құруда тек HTML тілін білу жеткіліксіз. Түрлі
технологиялар икемді сайт жасауға ықпалын тигізеді. Қазіргі заманауи
сайттарды құру үшін: HTML, CSS, JavaScript (немесе VBScript), Flash, PHP
(немесе Perl) және MySQL реляциялық мәліметтер қоры пайдаланылады.
Технологиялардың қолданысқа енуіне байланысты web-сайттардың оңтайлы
өзгеруін байқауға болады (1 сурет).
1 сурет - Web-технологиялардың қолданысқа енуі
27
Клиенттік орта (браузер, мысалы Opera) бағдарламаның сыртқы келбеті
(бір бөлігі) болады. Осы ортада HTML беттер мен қызмет көрсету сеанстары,
ағымдағы сессиялар көрсетіледі. Бетте орналасқан нысандар терезелерді,
оқиғаларды және HTML беттерін (манипуляциялауға) басқаруға мүмкіндігі
болуы міндетті. Ол үшін JavaScript клиенттік тілі керек.
Сервермен жұмыс істеуде PHP тілі (немесе Perl) және MySQL мәліметтер
қоры қажет.
HTML. HTML- бұл бағдарламалау да, құжаттарды басқару тілі де емес.
Бұл ең алдымен гипермәтінді белгілеу тілі. Оның басты мақсаты- мәтінді
орналастыру, құрылымын тегтер арқылы сипаттау: параграф, цитата, тізім,
бөлім.
HTML тілінде көптеген құрамдас элементтері бар. Олар құжатты кез
келген қалау бойынша безендіруге көмектеседі. Браузердің үнсіздік кейпіндегі
қаріп стильдерінің көрінісі ұнамаса, қосымша тегтер арқылы оңай өзгертуге
болады. Егер бұл да көңілден шықпаса CSS стильдер кестесін пайдалануға
болады.
XHTML. XHTML тілі XML және HTML тілдерінің қоспасы, біртіндеп
HTML-ды ығыстырып келеді.
CSS. CSS (Cascading Style Sheets) – каскадты стильдер кестесінің тілі. Ол
web-беттердің мүмкіндіктерін арттыру үшін құрастырылған.
Web-құрастырушыларға беттің сырт келбетін жақсартуға мүмкіндік береді
(қаріптер, түстер, шегіністер, орналасуы, т.б.). CSS құжаттың негізгі ішкі
құрылымын (мысалы, HTML тілінде жазылған) және оны безендіруінен (CSS-те
жазылғанынан) айыру үшін жасалған. Мұндай әрекет құжаттың сырты көрінісі
мен қайталанатын элементтерін безендіруге септігін тигізеді.
HTML мен CSS-ті пайдаланғанда келесілерді ескеру қажет:
˗ HTML-код мәтінді логикалық тұрғыда жазады, яғни web-беттің
құрылымын береді: абзацтардың, графикалық суреттердің, жолдар мен
ұяшықтардың орналасуы мен кезегі;
˗ CSS стильдер кестесі мәтіндерді физикалық тұрғыда орналастырады,
яғни web-беттің көрінісін береді: абзац мәтәндері қандай қаріппен терілетіндігі,
атаулары қандай түспен көрінетіндігі, кестелердің қалыңдығын және т.б.
Web-беттің көрінісі оның құрылымынан бөлек жасалуы тиіс. Сондықтан,
мамандандырылған web-құрастырушылар CSS стильдерін бөлек файлға
жазады.
Сонымен қатар, стильдерімен толтырылмаған HTML бет оқылуға
ыңғайлы. Себебі, HTML бетте бір уақытта web-беттерді (форматтаудың)
өңдеудің логикалық және физикалық тегтері болады. Қаріпті қоюлатып
ерекшелейтін және тегтері, сонымен қатар курсивті және
тегтері бар. Бірақ және физикалық өңдеу тегтері мәтінді тек
ерекшелеп қояды (сондықтан олар ескірген және қолданылмайтын тегтер
қатарына жатқызылады), ал және логикалық өңдеу тегтері тек
ерекшелеп қана қоймай, мәтінге маңыздылық дәрежесін береді. Егер web-бетті
28
мүмкіндігі шектеулі адамдар арнайы браузер арқылы оған дауыстап оқып
берсе,
және тегтер арасындағы сөздерге өзге интонация беріледі.
Каскадты стильдер өзінің мәні бойынша динамикалық емес. Олар
құжаттың жүктелу барысында көріну күйін анықтауға мүмкіндік береді. CSS
көмегімен web-беттердің қасиеттерін JavaScript тілін пайдаланып динамикалық
өзгертуге болады.
DOM. DOM (Document Object Model)- құжаттың нысандық моделі.
Сценарийлер тілін қолданып web-бетті динамикалық өзгертеді. DOM әр
элементіне ID атрибуты арқылы JavaScript функциясын қояды. Осындай
функциялармен CSS арқылы берілген нысан атрибуттарының қасиеттерін
басқаруға болады.
ID (объект идентификаторы) барлық HTML- тегтерімен қолдайды. Оның мәні
уникалды, яғни бетте бір id- мен бірнеше элемент орналаса алмайды, ал class
элементі бірнеше элементтерге қолданыла береді. ID- динамикалық HTML
(DHTML)-дың негізгі түсінігі оның көмегімен JavaScript уникалды объектіні
анықтап басқарады.
DHTML. DHTML тілі жоқ. Динамикалық HTML– HTML- дың
шектеулерін айналып өтіп, web- браузелердің 4 версиясына ендірілген
технологияларды сипаттау үшін ойлап табылған коммерциялық термин.
DHTML web-стандарттардың комбинациясы:
CSS+ JavaScript+ DOM +XHTML=DHTML
Мұнда:
CSS- объектілер атрибутын анықтайды;
JavaScript- объектілерді өзгертеді;
DOM- объектілерді табады;
XHTML- объектілерді құрады (мәтінді белгілейді).
DHML негізінде құрылған сайт серверге жүгінбей өзгере алады, яғни web-
беттің интерактивтілігін арттыратын клиенттік код (client-side-code) ретінде
ұсынылады.
DHTML-дың мүмкіндіктері:
- барлық браузерлер қолдайды;
- стандарты технологияларды қолданылады;
- Web-бетті жүктегеннен кейін өзгертулерді енгізуге болады;
- DHTML мәтіндік файлдары Flash пен Java-ға қарағанда жылдам
жүктеледі;
- кеңейту модульдерін қажет етпейді;
- меңгеруде қарапайым;
- Web-беттерді жасау жылдамдығы жоғары;
Кемшіліктері:
- JavaScript пен CSS синтаксисте жіберілген қателерге сезімтал;
- браузерлердегі қателерге байланысты жұмысы тұрақсыз;
- браузерлер мен операциондық жүйенің үйлесімсіздігіне байланысты
web-беттердің көрінісі әр түрліше.