|
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
2-қосымша
|
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 09.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші, екінші және үшінші бағыттары бойынша:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш-сауалнама;
кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен (бар болған жағдайда)/қолымен расталған көшірме);
кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ынан төмен емес деңгейде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірісті өсіруге, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10 %-ға өсіруге қол жеткізу кезеңдері қамтылады;
кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылы үшін қаржылық есептерінің көшірмесі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуі және кірістің өсімі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесі қоса беріледі. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асыру кезеңі үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
өтініш берілетін күнге дейінгі күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қолдаухатпен екінші деңгейдегі банкке, Даму банкіне, лизингтік компанияға жүгінеді.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғалардың – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы көрсетіледі;
заңды тұлғалардың - атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Арыздың қаралу нәтижесі туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс түрінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол түрде беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге
де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтер арқылы, қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігіне ие.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анықтамалық қызметтің байланыс телефондары www.economy.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
|
"Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігіне субсидия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
|
Кімге _________________________________________ әкімдігі
Кімнен _______________________________________(бұдан әрі – ЖКС) (жеке кәсіпкерлік субъектісі)
№ ___________ САУАЛНАМА-ӨТІНІШ
"Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден __________________________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қарауға бастамашылық етуіңізді сұраймын:
Бағдарламаның бағыттары
(бағытты "V" белгісімен белгілеу керек)
|
"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" деген бірінші бағыты
|
|
"Экономиканың басым салаларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" деген екінші бағыты
|
|
"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" деген үшінші бағыты
|
2. Қатысушы туралы мәліметтер
ЖКС атауы
|
|
Құрылтайшы (лар) туралы деректер
|
|
Заңды мекенжайы
|
|
Нақты мекенжайы
|
|
Пошталық мекенжайы
|
|
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркелген күні
|
|
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №
|
|
Қызмет түрлері
|
|
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания
|
|
Жұмыс тәжірибесі
|
|
3. Басшылық
Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
|
Лауазымы
|
|
Жұмыс/үй телефон нөмірі
|
|
Туған жылы мен жері
|
|
Жеке басты куәландыратын құжатының №
|
|
Тұрғылықты (нақты) жері
|
|
Тұрғылықты жері (тіркелген жері)
|
|
Жұмыс тәжірибесі
|
|
Бас бухгалтер
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
|
Жұмыс/үй тел.
|
|
Жұмыс/үй телефон нөмірі
|
|
Жеке басты куәландыратын құжатының №
|
|
Тұрғылықты (нақты) жері
|
|
Тұрғылықты жері (тіркелген жері)
|
|
Жұмыс тәжірибесі
|
|
Байланыс жасайтын адам
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефон нөмері)
|
|
4. Меншік иелері (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың
5 (бес) % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер).
Атауы/Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
%
|
Деректемелері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат
Сала (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ)/ Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – ИИДМБ) сәйкес)
|
|
Кіші сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)
|
|
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері
|
|
Жылдық айналым
|
|
Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын
|
|
Жұмыскерлердің нақты саны
|
____________ оның ішінде әйелдер
______________________________
|
Жобаның атауы (қысқаша сипаттама)
|
|
Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)
|
|
Жұмыс орындарының саны
|
|
6. Банктік шоттары туралы ақпарат
Банктік деректемелер (қызмет көрсететін банктердің барлығындағы ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
7. Тарих
ЖКС жұмысының процесінде пайдаланылған барлық банк несиелері, лизингтік мәмілелер, өтелгендер, сол сияқты өтінім беру күніне өтелмегендер көрсетіледі.
Кредитор/ Лизинг беруші
|
Сомасы
|
Берілген күні
|
Сыйақыны өтеу шарттары
|
Негізгі борышты өтеу шарттары
|
Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ)/қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – ҚЛШ) бойынша өтеу мерзімі
|
Нақты өтеу мерзімі
|
1
|
|
|
|
|
|
|
...
|
|
|
|
|
|
|
8. Қолданыстағы кредит/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат Күні және валюта бағамы: ___________ / ___________
р/с №
|
Банк/ лизинг-тік компа-ния
|
БҚШ/ҚЛШ дерек-теме-лері (№, күні)
|
Сыйақы мөлшер-лемесі, %
|
Кредит/ лизинг валюта-сы
|
Кредит/ лизинг сомасы
|
Көрсетіл-ген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы
|
Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн
|
Кре-дит/ лизинг мақса-ты (қыс-қаша сипат-тама-сы)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және ЖКС қатысты қолданылатын
мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат
р/с №
|
Мемлекеттік бағдарламаның/ мемлекеттік қолдау шарасының атауы
|
Мемлекеттік даму институтының атауы
|
Қосымша ақпарат
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10. Кепілдіктер мен келісімдер
ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:
1. Осы өтінішпен бірге Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс және төменде көрсетілген күнге шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне дереу хабарлауға міндеттенемін.
2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің алғашқы талабы бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенемін.
3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
4. Жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ЖКС-ке ескертілді.
5. ЖКС өзінің жарғылық құзыретінің осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
ЖКС осымен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мыналарға келісімін береді:
1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС берген құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидия алу үшін ғана беріледі.
3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ЖКС өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталады.
4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-тің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің субсидия беру немесе ЖКС жұмсаған шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейіннен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне наразылық білдірмеймін.
11. Қосымшалар
(_______ бағыты бойынша көзделген құжаттар) ________________________________________________
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)
Достарыңызбен бөлісу: |