Бизнес жоспар


Өнімінің (қызметтің) сипаттамасы



жүктеу 170,89 Kb.
бет4/11
Дата02.05.2020
өлшемі170,89 Kb.
#30143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
бизнес жоспар

2.Өнімінің (қызметтің) сипаттамасы

Ет халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі болып табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын оның бай химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез қорытылатындығымен және құндылығымен ерекшеленеді.Кулинарлық түрде жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады, одан тағамның түр-түрін жасауға болады, бұл тағамның санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді.

Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Қазақстанда ет бағытындағы мал өсіретін 81 асыл тұқымды зауыт пен шаруашылық жұмыс істейді, соның ішінде облыста – 25 асыл тұқымды шаруашылық, оның 3-уі асыл тұқымды зауыт. Мың асыл тұқымды мал, соның ішінде 30 мың сиыр бар, бұл тауар өндіруші шаруашылықтардың контингентті шығаруда пайдалану үшін қажетті бұқаларды алуға деген қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Алайда аналық мал басына деген сұраныс әлі қанағаттандырылған жоқ, өйткені көптеген асыл тұқымды шаруашылықтардың қызметі өз табындарындағы сиыр басын ұлғайтуға ғана бағытталған, оларда басы артық аналық сиырлар саны жетіспейді. Осыған байланысты асыл тұқымды базаны одан әрі кеңейту қажет болуда.

Республикада шамамен 6,2 млн. бас ірі қара мал бар.

Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер

Қазіргі уақытта Қазақстанда негізгі күш мал шаруашылығын дамытуға жұмсалуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес мал шаруашылығы өнімдері бойынша Қазақстанның экспорттық әлеуеті астық экспортының мүмкіндігіне қарағанда жоғары.

Қазақстанның қолайлы климаттық және экономикалық жағдайлары, сондай-ақ пайдаланылмаған жайылым аумағының молдығы экономиканың осы секторының тартымдылығына негіз болады және бизнеске инвестициялау бойынша жағдай жасайды. Осыған байланысты 2015 жылға дейін бүкіл ел бойынша репродуктор-шаруашылықтар мен фермер шаруашылықтарының бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарлануда.

Мысалы, алдағы бес жылда жалпы қуаты 150 мың бордақылау орындық 60 бордақылау алаңын, ет бағытындағы ІҚМ өсіру мен көбейту жөніндегі 54репродуктор-шаруашылығын құру міндеті тұр.

Осы мақсатта шамамен 72 мың бас шетелде селекцияланған мал әкелінетін болады. Бұдан басқа, аналық мал басының жалпы саны 300 мыңнан асатын ет бағытындағы мал өсіруге мамандандырылатын фермерлік шаруашылықтар желісін құру жоспарлануда.

Бастапқы кезеңде, өнімді шығарардан 1-2 ай бұрын мал шаруашылығы өндірісінің басталатыны туралы мақалалар мен отандық тауар өндірушінің жарнамаларын орталық баспасөзде орналастыра отырып мықты PR науқанын өткізу қажет.

Бірінші көтерме сатып алушылар үшін баға бойынша жеңілдіктер белгілеу және бұл туралы облыстық және республикалық газеттерде PR мақалаларын жариялау қажет.

Мынадай сәттерді ескере келе сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру жоспарлануда:

- Мал шаруашылығы кешенін пайдалы орналастыру;

- Бас қалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;

- Білікті құрам;

- Заманауи жабдықтар;

- Сұранысқа ынталандыру бағдарламаларын іске асыру.

Технологиялық процесс

Өнімді ет бағытындағы фермаларды бірнеше жолмен құруға болады. Асыл тұқымды шаруашылықтарда мыналардың есебінен таза асыл тұқымды мал өсіруге бағытталады: өздері өсіру немесе таза тұқымды мал сатып алу (тайыншалар мен құнажындар); етті мал эмбриондарын салу; етті малдың ұрықтарын пайдалана отырып жұмыс істеп тұрған аналық мал шаруашылығында жұтылып шағылыстыру.

Мамандандырылған етті мал шаруашылығының тиімділік деңгейін селекциялық, технологиялық, ветеринарлық-санитарлық және ұйымдастыру факторлары айқындайды.

Мамандандырылған етті мал шаруашылығының тиімділігі көпшілік жағдайда тұқымына байланысты болады. Тұқымды таңдаудағы басты өлшемдер – малдың өнімділігі, өндіріс мақсаты, олардың өңірлердің жағдайына бейімделуі, жемазық базасының сипаты және ұстау технологиясы.

Табынды өсіп-өнуін ұйымдастыру. Бұл процестің мәні – әр сиырдан жыл сайын бұзау алу, бұл ет бағытындағы малдың нақты өнімі болып табылады және саланың пайдасын айқындайды. Дені сау бұзау алу көрсеткішін сипаттайтын өсіп-өну деңгейі (айырып алынған жас малдың табындағы сиырға қатынасы) мынадай факторларға негізделетін аналық мал басын пайдалану қарқындылығына байланысты болады.

1. Шаруашылықтағы азықтандыру базасының жай-күйі, жас төлді өсіру және аналық малды азықтандыру. Малдың көбеюі өнімділігі мен бейімділігі осыған байланысты болады.

2. Бұзауларды айыру мен оларды негізгі табынға қосу. Бұзауларды анасынан ертерек айырған дұрыс: орташа тұқымды малды – 15-16, ірі малды – 17-18 айында, және оларды, тиісінше 24-25 және 26-27 айында табынға қосу. Бұл ретте аналық малдың жасы тұқым стандарттарынан төмен болмауы тиіс олардың тірі массасына қарағанда әсері аз болады.

3. Сиырларды ұрықтандыру тәсілдері және бұзаулау мерзімдері. Тауарлық табындарда аналық малды бұқалардан айырған дұрыс. Асыл тұқымды табында жасанды ұрықтандыруды қолдану қажет. Қыста-көктемде төлдеген барынша тиімді болып табылады, өйткені аналық мал сүтті болады, бұзаулар бұл кезеңде көк шөппен азықтанатын болады, бұл олардың тез өсіп-жетілуіне көмектеседі.

4. Малдың жарамсызын шығаруды тездету және өнімді пайдалануды жалғастыру. Алғашқы бұзаулайтын малға кететін шығын сиырды бір жыл күтуге кететін шығыннан көп. Бірінші төлдейтін малды табынға қосу жылдамдығы 100-ден шамамен 20 болады, олардың 20-25% бірінші локтация кезінде жарамсыз болады.

5. Ұрпақсыздықтың алдын алу. Қысыр қалумен күрес өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ықпал ететін және тұрақты пайданы қамтамасыз ететін шешуші факторлардың бірі болып табылады.

6. Төлді сақтау. Осы мақсатта аборттың аурудың және мал өлімінің алдын алу шаралары әзірленуде және жүзеге асырылуда. Ветеринарлық қызмет жыл сайын эпизоотияға қарсы және зоогигиеналық жемазық сапасын бақылау, айыру, бұзаулау, азықтандыру күту науқандарын өткізу іс-шаралар жоспарын әзірлеуі қажет. Алдын-алу іс-шараларын жүзеге асыру ауру малды емдеуден анағұрлым арзан және тиімді.

7. Өндірісті ұйымдастыру. Жедел, мақсатты өсіп-өнудің маңызды алғышарты – нақты есеп, өндірісті білікті ұйымдастыру, фермалар мен шаруашылықтардың атқарған еңбектері ынталандыруға тұрарлық барлық мамандары мен жұмысшыларының өз істеріне деген жоғары кәсіби қөзқарастары.




жүктеу 170,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау