Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй. Меншік иесі



жүктеу 340,94 Kb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата14.05.2018
өлшемі340,94 Kb.
#13410
1   2   3   4   5   6   7

Áiëiì ´ëåìi

3

21-наурыз 2015 жыл

«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ

мұның кез-келгеніне  икемділік қажет. Бұл

жай ғана күнелту, тамақ асыраудың жолы

емес. Үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет

ететін нəрсе»  деп өз заманының озық

ойлы қаламгері Ж.Аймауытов айтқандай,

кəсіптің жаманы болмақ емес. Оқушыға

бағыт беріп, жол көрсетіп, өмірдің

соқпағында мамандықты адаспай таңдауға

ықпал ететін мұғалімдер мен  ата-аналар

екені даусыз. Мамандық таңдау мектеп

табалдырығынан басталады. 

Оқушыларға мамандық таңдату оңай

шаруа емес. Сол себепті əр мектептің

алдында оқушыларға кəсіби бағдар беру

жəне болашақ мамандығын анықтауға

ықпал ету міндеті тұр. Кəсіптік бағдар беру

жұмыстары жоғары сынып оқушылары

арасында тұрақты жүргізілуі қажет. 

Балдыберек жалпы орта мектебінде 11-

сынып жетекшісі Жанысбаев Нұржаудың

ұйымдастыруымен «Мамандығым--мақ-

танышым» тақырыбында ашық тəрбие

сағаты өтті. Ашық  сабаққа  ауылдағы түрлі

мамандық иелері шақырылды. Өмірін ауыл

шаруашылығына арнаған кəсіпкер Үсен

Пірімбетов, ауылдағы іскер, қолөнер

шебері ретінде танылып жүрген Талғат

Жиынбаев  жəне  мектептегі тəжірибелі

мұғалімдер басқосуға келді. Үсен

Пірімбетов агроном мамандығының қыр-

сыры туралы  ұғындыра келе, ауыл

шаруашылығымен айналысатын адам

үшін бұл мамандықтың маңыздылығын

атап өтті. Жиынбаев Талғат ағай кəсіпті

таңдау жүрек қалауымен болса, кісінің істі

қызығушылықпен жасайтынын атап өтті.

Сондықтан өздері қалаған мамандықты

ата-аналарымен кеңесе отырып, дұрыс

таңдаған  жөн деген пікірін айтты.

Мектепке өзі қолдан  жасаған гүл  сөресін

тарту  етті. 

Оқушылар қонақтарға, ұстаздарға жəне

мектеп медбикесіне өздерін қызықтырып

жүрген сауалдарын қойды. Кəсіптегі үлкен

жетістігі мен қиыншылықтары туралы

сұрады.  Оқушылар тарапынан   мамандық

таңдаудағы тақырыпта көрініс қойылып, əн

айтылды. Сынып жетекшісі  Жанысбаев

Нұржау ағай да «Ойлан, балам» атты

тыңдаушыға ой салар термені нақышына

келтіре орындады.           

Н.МАМЫРОВА,

Балдыберек жалпы орта

мектебінің қазақ тілі 

мен əдебиеті пəндерінің мұғалімі.

Абай атындағы жалпы орта мектепте

біліммен қатар мейірімділік пен отан-

шылдық рухта өскелең ұрпақты тəрбие-

леуде еңбегі сіңген ардагер ұстаздар

Х.Мырзатаева, Г.Баймырзаева, Ұ.Төребе-

кова,  Б.Шажалиева, Ш.Бейсенова,

Қ.Таубаева сияқты апайларымыздың

орны ерекше. Ұстаз аналарымыздың

мектеп өміріндегі өнегелі істері мен

сыпайылық  қарым-қатынасы біздерге,

жас мамандарға өмірлік сабақ болып

қалыптасты.

Əсіресе, қазақ тілі мен əдебиетінен

берген Мырзатаева Ханзада жəне

Баймырзаева Гүлзада апайларымыздың

қазақ тілінің бай мұрасын терең игергені,

бейнелі сөздерді қолдануда сөз шеберлігі

бізге рухани азық сияқты. 

Бүгінде үлгілі отбасының ақылшы əжесі

болып отырған Баймырзаева  Гүлзада

апайымыздың қонақжайлығы мен əр сөзді

тапқырлық пен ұтқыр əзілдерге салып

айтып отыратыны қандай шеберлік пен

шешендік. Апайымыздың

тағы бір ерекшелігі -- халық

əндерін нақышына келтіре

орындауы.

Міне, осындай ақылмен өлшеп,

тереңдікпен ойлап пішетін үлгілі ұстаз

аналарымызды келе жатқан көктем

мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге

саулық тілей отырып, ұрпақтарыңызға

ізгілік нұрын себе беріңіздер, -- дегіміз

келеді.

Ақиқ ақын М.Мақатаев:



«Бəрін де көрдіңіздер,

Бəріне көндіңіздер,

Бəріне сендіңіздер,

Бəрін де бердіңіздер,

Сіздер, алпысқа келдіңіздер.

Алпысқа келсек екен енді біздер» деді.

Уақыт өткен сайын талай ұрпақ ардагер

ұстаздарға деген сүйіспеншілігін арттыра

бермек. Бұл -- өзара сыйластық, адам-

дарға құрмет, ізет, ұрпақ  жалғастығы.



Қ.ТӨЛЕМЕТОВА,

Абай атындағы жалпы орта

мектептің мұғалімі.

Içãiëiê áàñòàóû

Ê´ñiï áîëìàé, í´ñiï áîëìàñ

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепте

ауданымыздың қазақ тілі мен əдебиеті  пəні мұғалімдері

«Қазақ тілі мен əдебиеті пəнін оқыта отырып, құзіретті

тұлға қалыптастыру» атты семинарда бас қосты.

Семинардың негізгі  мақсаты: Оқушылардың алған білімін

бойына сіңіріп, өз ойын еркін жеткізе білетін, өзіне сенімді,

бəсекеге қабілетті, ұлттық дəстүрді бағалай білетін

тұлғаны қалыптастыру жолында мұғалімдердің сындарлы

оқыту теориясының негізінде кəсіби шеберлігін шыңдай

отырып, жаңаша сыни пікір көзқарастарын қалыптастыру.

Семинарда мектебіміздің  қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің

мұғалімі Б.Сатқымбекова 6-сыныпқа «Есімшенің есім

сөздерге жəне етістікке қатысы» қазақ тілінен аралас

сабағын, 8-сынып мұғалімі  Г.Алмахан «Шерхан Мұрта-

заның өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында

əдебиеттен  кіріспе сабағын, Қазақстан орта мектебінің

мұғалімі  А.Абдубайтова 8-сыныпқа қазақ

тілінен «Мезгіл бағыныңқы сабақтас»,

Қасқасу орта мектебінің

мұғалімі Л.Ордабекова 5-

сыныпқа қазақ тілінен «Үн-

дестік заңы» десанттық са-

бақтарын өткізіп, өз тəжіри-

белерін ортаға салды. Семи-

нардың келесі бөлімі Б.Сат-

қымбекованың Ұлы Жеңістің -

- 70 жылдығына орай ұйым-

дастырған 5 -- 11-сыныптары

арасында «Аңыз болған ерлік

пен ана» тақырыбындағы  іс-

шараны тамашалаумен жал-

ғасты. 

Семинардан соң мұғалім-



дер ойларын ортаға салып,

өзара пікір алмасты. 

Осындай іс-шараның  жақ-

сы өтуіне атсалысып, ұжым

ынтымақтастығын жарастыра, ұйымдастыра білген

мектебіміздің директоры У.Тұрғымбековтің, оқу ісінің мең-

герушісі К.Елшібаевтың, тəрбие ісі жөніндегі орынбасары

Б.Жорабаевтың да үлестерін ерекше атап өтуге болады.

Аудандық білім бөлімінің  əдіскері  Н. Лесбекова

семинарды қорытындылай келе, семинардың жоғары

деңгейде  өткендігін, сабақ берген  мұғалімдердің оқушы-

лардың бойында шығармашылық құзыреттілікті қалып-

тастырғанын, жаңа əдіс-тəсілдерді  өз сабақтарында аса

шеберлікпен  қолдана білген мұғалімдердің сабағын

жақсы бағалады. Мұғалімдер мақтау қағаздарымен

марапатталсын -- деген ұсыныстар да айтылды.  



Г.СЕРІКБАЕВА,

Ы.Алтынсарин атындағы 

орта мектептің мұғалімі.

Áåðåði ìîë ñåìèíàð



Бəйге. Бəйге. Бəйге.

Мен  жалпы орта білім беретін Бірінші

Мамыр мектебінің  4 «а» сыныбында

оқимын. Біздің мектеп аудандағы ең үлкен

мектептердің бірінен саналады. Тəртібім де

жақсы. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға

белсене қатысамын. Өзім оқитын сыныпта

топ басшысымын. Менің үлкен арманым

бар. Мектепті, жоғары оқу орнын жақсы

бітіріп, халқымызға пайдасы тиетін

мамандық алсам, деймін. Ол үшін терең

білім ғана емес көп тəжірибе жинақтау

қажет екенін жақсы білемін. 

Егер мені өзіміздің ауылдық округтің əкімі

етіп сайласа, ойда жүрген жобаларымды,

жоспарларымды жүзеге асыруға күш

саламын. Меніңше, ауылдық округтің

экономикасын көтеру үшін ең алдымен,

еңбекке жарамды адамдардың бəрін

жұмысқа тарту қажет. Мемлекет тарапынан

көрсетілген қолдауды, мүмкіндіктерді

пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы

өнімдерін өңдейтін  цехтар мен түрлі

кəсіпорындар ашуға мұрындық боламын.

Ауылға біріншіден, сүт өнімдерін өңдейтін

цех қажет. Əр үй өзінен артылған сүтті осы

цехқа өткізіп, қосымша пайда тапқан болар

еді. Біздің ауылдық округ аумағында бау

мен бақшалар көп. Ауылдағылар артық

өнімдерін қайда өткізерін білмейді. Сол

өнімдер еліміздің басқа аймағында тап-

тырмайды. Бау-бақша мен көкініс өнімдерін

бүкіл елімізге жеткізіп ғана қоймай, оны

өңдейтін цехтар ашып, тұтынушылар

сұранымын қанағаттандыру керек.

Егер ауылда осындай өндіріс орындары

көптеп ашылатын болса, еңбекке жарамды

адамдар ғана емес, əсіресе, жастар жұмыс

іздеп алысқа кетпейді. Ең бастысы, ауылда

күнкөріс жағдайы төмен отбасы болмас еді.

Мейлі кəсіпорын немесе жеке адам

болсын, тапқан табысына орай, мем-

лекетке салық төлейді. Бұл дегеніңіз,

мемлекеттің қуатын арттыру деген сөз.

Біздің ауылдық округ аумағында

табиғаты тамаша жерлер көп. Алатау мен

Қазығұрттың бауырына көз тоймайды.

Өзеніміз, бұлақтарымыз бар. Бұған өзіміз

мəн бере бермесек те, шеттен келген

қонақтар тамсана қарайды.  Бұл дегеніңіз,

біздің ауылдық округ аумағында туризмді

дамытуға мол мүмкіндік барын

аңғартады. Сырттан келген сая-

хатшылрға қызмет көрсету

арқылы да табыс табуға бола-

ды. Бұл табыс ауыл адам-

дарына ғана емес, мемлекетке

де пайдалы. Біздің таулы

аймақта қысқы спорт түрлерін

дамытудың да мол мүмкіндіктері бар.

Егер таудың табиғаты аясында туристік

демалыс орындарын ашып, киіз үйімізді

тігіп, келген қонақтарды, əсіресе шетел-

діктерге қазы-қартамызды, жал-жаямызды,

құрт, ірімшігімізді, сары қымызымызды

ұсынсақ, қазақы қонақжайлығымызды

танытсақ, бұл да бір табыс көзі емес пе.

Ойлап отырсам, ауылдық округте жүзеге

асыратын осындай қаншама шаруалар

бар. Мен ауылдық округ əкімі болсам,

осындай тірліктердің бəрін атқаруға

көшбасшы болар едім. Шындығын

айтқанда, осы ойларымды жүзеге асыру

жолында қандай кедергілер кездесетінін,

қаржы жағы қалай шешілетінін толық біле

бермеймін. Бала болғандықтан

осының бəрі мен үшін бүгіндері

арман ғана. «Талпынған жетер

мұратқа» демекші, талаптан-

саң қандай арманға болсын

жететінің анық. Ал «Əкім бол-

саң, халқыңа жақын бол» деген

халық даналығы босқа айтылмаса

керек. Ауылдық округ əкімінен бастап

барлық əкімдер ең алдымен, халықтың

қамын ойлауға тиісті. Егер елі үшін қызмет

етпесе, ондай əкімнің кімге қажеті бар. Мен

солай ойлаймын.  Біздің ауылдық округтің

өзінде жеті елдімекен бар. Оның бəрін

көркейтіп, гүлдендіре түсу де өз қолы-

мызда. Бір білетінім, əкім бастап, барлық

ауыл тұрғындары қолдап, туған ауылы-

мызды түлетуге атсалысу баршамыздың

азаматтық міндетіміз деп ойлаймын.



Дінмұхаммед САРТАЙ,

Бірінші Мамыр жалпы орта

мектебінің оқушысы.

Åãåð ìåí àóûëäû° îêðóã ´êiìi áîëñàì



80

жыл

Жуырда   Қазақстан орта мектебінің  2012 -- 2013 жылғы

түлегі  Қабылбеков   Ерболат  Маратұлы  Алматы

қаласындағы  Радио жəне байланыс институтына оқуға

түскен. Биылғы  жылы  2-курс  студенті  Ерболат өзінің

інілері, бауырлары жəне ұстаздарымен кездесті.

Кездесуді өткізген  алғашқы əскери дайындық пəнінің

мұғалімі  Асылхан Дəулетбаев. Кездесуді өткізудегі

ұстаздың  басты мақсаты -- өз шəкірттерінің  бойына

отансүйгіштік  қасиетін қалыптастыру. Еліміздің ертеңгі

болашағы  жас ұрпақты елжандылыққа, өз отанының

адал азаматы болуға  ұлттық тұрғыда тəрбиелеу  --

бүгінгі күннің  өзекті мəселесі.  Тəрбиенің  түпкі мақсаты  -

-  шəкірттің рухани өсуіне  жол ашу,  дүниетанымын

кеңейту, өз елін, жерін сүйетін, туған топырағының

кешегісін,  бүгіні мен  ертеңін жалғастыра алатын

отансүйгіш патриотты тəрбиелеу болса,  мен де өз

сабағымдағы  берген білімдерім арқылы осындай

шəкірттерді  тəрбиелеп жүрмін деп мақтанышпен айта

аламын.  Оның дəлелі ретінде Ештаев Дəурен,

Мүсірəлиев Жақсылық, Бейімбет Ақан, Қабылбеков

Ерболат, Сағынбек Сержан, Қыдырбай Қыдырəлі сынды

шəкірттерімді атай аламын. Соның бірі Ерболат

Қабылбековпен өткізген кездесу. 

Кездесуде  оқушылар  Ерболатқа өздерін қызықтырған

сұрақтарды қойып, тұщымды  жауаптар алды.

Қонағымыз оқушыларды  қазіргі заман талабына сай

жан-жақты білім алуға, көп ізденуге шақырды. Сондай-ақ,

«Еліміздің  тəуелсіздігін баянды етіп, қуатын арттыратын,

халықаралық абыройының өсуіне, адал қызмет етуге

əрқашан парыздармыз», деді.

Д.НҰРАНҚҰЛОВА,

Қазақстан орта мектебінің мұғалімі.

Áiëiì ½ÿñûíäàμû

êåçäåñó



жүктеу 340,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау