Біздің мекен-жайымыз: 161100, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгер қаласы, Төле би көшесі, 113 үй. Меншік иесі



жүктеу 340,94 Kb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата14.05.2018
өлшемі340,94 Kb.
#13410
1   2   3   4   5   6   7

Áiëiì ´ëåìi

5

21-наурыз 2015 жыл

Өлең сөздің патшасы...

Абай.

Ұстаздар қауымы шəкірттеріне білім мен тəрбие беруде

өзара тəжірибе алмасып, ойлары мен пікірлерін бөлісіп,

шығармашылығын жетілдіре түссін, өнер өріне талпынып,

қанат қаққысы келген талантты, талапты мектеп

оқушылары қаламдарын ұштасын деген мақсатпен

аудандық «Білім əлемі» газеті бірнеше жылдан бері жарық

көріп келеді. Өкінішке орай, аудандағы

мектепке дейінгі жəне бақшадан кейінгі

білім беру мекемелеріндегі ұстаздар

қауымы  мен тəрбиешілердің, олардың

шəкірттерінің санына шаққанда айына бір-

ақ рет жарық көретін бұл газет тара-

лымының тым аздығы бізді көп толған-

дырып жүр. Тереңірек ойлап қарасақ,

«Білім əлемі» ұстаздардың да, оқушылардың да, ата-

аналардың да сырласы бола алатын аудандағы бірден-бір

газет.


Газет таралымының аздығының бір себебі – мектеп

оқушыларының көпшілігі ауданда өз газеттерінің жарық

көретінін біле бермеуінен болса керек. Егер білсе,

балалардың «Білім əлемімен» байланысы нығая түсер еді.

Ұстаздар, ата-аналар балаларға білім мен тəрбие беруде

бұл газеттің өздерінің басты сырласы, көмекшісі екендігін

білер, сезінер, ұғына түсер деген ойдамыз.

Баспасөзге жазылу науқаны кезінде көп мектептерде

болып, ұстаздармен əңгімелестім. Тіпті білім беру

мекемелері басшыларының басы қосылған жиында да

олармен дидарласып, əңгіме тарқаттық. Бəрі де бізді ұққан,

түсінген сияқты көрінген еді, алайда, газет таралымы

бұрынғы жылдармен салыстырғанда оншалықты арта

қоймады.


Мектеп оқушыларының бəрі бірдей  ауданда жарық

көретін өз газеттері барын біле бермейтініне

күмəнданатынымыздың себебі де бар. Мəселен, Киелітас

ауылындағы М.Əуезов  атындағы жалпы орта мектепке

барғанымызда «Білім əлеміне» жазылуға ұстаздарды ғана

емес, оқушыларды   тарту жөнінде əңгіме қозғадық.

Директордың өзі  балалардан ақша жинауға болмайтынын,

ата-аналары жоғарыға шағымданатынын айтып, жылар-

мандай болды. Біз мектеп басшысына балалар газетіне

оқушыларды тарту ақша жинауға жатпайтынын,

сауаттылыққа, ана тілін меңгеруге кең жол ашатынын,

талантты, талапты балалардың қиялына қанат бітіріп,

олардың жан-жақты дамуына ықпал ететінін, рухани азық

алатынын, бəрі бірдей атақты журналист, жазушы, ақын,

əдебиетші болып кетпесе де дүниетанымы кеңейе түсетінін

айтып, түсіндіргендей болдық. Өкінішке орай, менің бұл

айтқандарымды мектеп басшысының өзі онша ұғы-

ныңқырамаған сияқты. Ал  бас ұстаздың өзі немқұрай-

дылық танытса, онда өзге мұғалімдерден, балалардан не

күтуге болады. Дегенмен, мектеп басшысымен, оның

тəрбие ісі жөніндегі орынбасарымен келісіп, 10-сынып

оқушыларымен сабақ үстінде жолығып, əңгімелестім.

Сыныпқа енгенімізде балалар əдебиет кітабын қолдарына

енді ала бастаған екен. Газет жайлы əңгіме қозғағанымда

балалардың құлағы елең ете қалды. Бүкіл сынып болмаса

да: «Мен жазыламын,  біз екеуміз бірігіп жазыламыз», деп

ықылас танытқандар табылғанын көріп, қуанып қалдым.

Осы кездесуден соң бұл білім ұясында ғана емес,

аудандағы кейбір өзге мектептерде де ұстаздар

шəкірттерін газет оқуға тартуға онша мəн бере бермейді-

ау, деген күмəнді ойда қалдым. Заманында ұлы ағартушы

бабамыз Ыбырай Алтынсариннің: «Егер балалар бірдемені

түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кіналауға тиісті

емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кіналауға тиіс»,

деп жазып кеткені есіме оралды. Қалайша тап басып,

дұрыс айтқан десеңізші. Бұл сөз мəңгілікке өз мəнін

жоймаса керек. Себебі, балалардың нені де болса

түсінбеуіне ең алдымен, олар емес, мұғалімнің өзі ғана

кінəлі.

Аталарымыз «Қанат ұшса, қатаяды» деп тегін айтпаған.



Ауданда  «Білім əлеміне»  Бірінші Мамыр, Қазақстан,

Алатау, Балдыберек, Ақбастау, қаладағы  № 7 жалпы орта

мектеп оқушылары жиі өлеңдерін, мақалаларын

жолдайды. Дегенмен, олардың жазғандарының бəрі бірдей

төрт аяғынан тік тұрған дүниелер деп те айта алмаймыз.

Араларында қара сөзді қатарластырып тізіп, өлең деп

редакцияға жолдай салатындары да бар. Ойлары

мығымдау, ұйқасы бар дүниелер болса, қалам ұшын тигізіп

оқырман назарына ұсынамыз. Осының өзіне қуанамыз.

Себебі, ешкім де бірден ақын, жазушы немесе журналист

болып кете қоймайды. Ең алдымен, талпыныс,

табандылық, еңбекқорлық керек. Ең бастысы, ақындардың,

жазушылардың шығармаларын көп оқып, қанаттана

түскені абзал. Талабы болса, біртіндеп қаламы үшкірленіп,

қанаты қатайып, қияға самғары анық. Бірақ, олар

шығармашылыққа бет бұруы үшін ең алдымен, көп оқуы,

сосын ұстаздарының көмегі мен қолдауы қажет. Сонда ғана

таланттылардың алдына даңғыл жол ашылады. Егер бірер

шумақ өлең жазған оқушы оны ұстазына көрсетсе, ал

мұғалімі шəкіртіне ақыл айтып, жол көрсете алмаса не

болмақ? Ал шəкірттер əдебиет теориясына мектеп

қабырғасында жүргенде-ақ қанығатынын ескерсек,

балаларды шығармашылыққа баулу ең алдымен, қазақ тілі

мен əдебиеті пəні мұғалімінің басты міндеті болса керек.

Мұғалім демекші, осыдан бірер жыл бұрын қай мектеп

екендігі есімде жоқ, бір  мұғалім өлең жазған оқушысын

редакцияға ертіп келді. Жазғандары өлең емес,

қатарластырып тізе салған қара сөз екен. Мен оған өлең

мен қара сөздің айырмашылығын түсіндіріп, редакцияға

келерден бұрын əдебиеттен сабақ беретін мұғаліміне

жазғанын бір көрсетіп алу керектігін айттым. Баланың аты

бала. «Сізге əдебиеттен сабақ беретін апайымның өзі ертіп

келіп тұрған жоқ па!» деді əлгі оқушы. Сөйтсем,

оқушысымен ере келген əдебиетті оқытатын мұғалімі екен.

Мен əлгі оқушының бұл жауабына жай ғана езу тарттым да

қойдым. Себебі, жанында тұрған, күнде қазақ тілі мен

əдебиетін оқытатын мұғалімінің өзі өлең дегеннің не екенін

білмей, ұғуға шамасы да білімі де жетпесе, шəкіртіне не

демекпін.

Мен Ш.Уəлиханов атындағы №16 жалпы орта мектебінің

оқушысы Алсу Асылбекованың, Шұбарағаштан Нүрила

Қосназар,  Балдыберек орта мектебінен Сымбат

Асыланбек, Алатау жалпы орта мектебінен Нұрболат

Сəбит жəне басқа да шəкірттердің аяқ алысына тəнті

болдым. 

Енді өлең жазғысы келетін оқушыларға ақ жол, сəт сапар

тілеп, аз да  болса ақыл қоссақ дейміз. Біріншіден, өлең

болуы үшін ең алдымен, ұйқас керек. Қазақ өлеңі негізінен,

қара өлең ұйқас, кезекті ұйқас, қатарлас ұйқас жəне

шұбыртпалы ұйқас болып келеді. Қара өлең ұйқаста бір

шумақтың бірінші, екінші жəне төртінші жолдарының соңғы

буындары (а,а,б,а), кезекті ұйқаста бір шумақтың бірінші

жəне үшінші, екінші жəне төртінші жолдарының соңғы

буындары (а,б,а,б) ұйқасады.  Екі жолдан қатарласып

келетін ұйқастар да ұшырасады (а,а,б, б) Шұбыртпалы

ұйқаста соңғы буындардың бəрі де ұйқасқа құрылады.

Ақындар өлеңдерін негізінен, 7-8, 10 -11 буынға құрайды.

14-15 буындық өлеңдер де бар. Поэзияға бұл жаңалықты

қазақтың талантты ақындарының бірі Төлеген Айбергенов

алып келді. Өлеңге қойылатын ең басты талап, буын, бунақ

сандары не артық, не кем болмауы тиіс. Мысалы Абай

атамыздың «Қыс» деген өлеңінің бір шумағын талдап

көрелік:

4                 3                    4

Ақ ки – ім –ді, де-не-лі, ақ са-қал-ды, (11 буын)

4                     3                   4

Со-қыр, мыл-қау та-ны-мас ті-рі жан-ды. (11 буын)

4

3                   4



Үс-ті-ба-сы ақ қы-рау, тү-сі су-ық, (11 буын)

4                3                    4

Бас-қан і-зі сы-қыр-лап ке-ліп қал-ды. (11 буын)

Көрдіңіз бе, өлең 11 буынға құрылған. Енді бунақ

сандарына қараңдар. Алғашқы жəне соңғы буындар 4

бунақтан, ортаңғы буындар 3 бунақтан тұрады. Егер

өлеңдегі бір буын немесе бунақ саны кем немесе артық

болса, өлеңді  оқығанның өзінде кемшілігі бірден байқалып

қалады. Кезекті, шұбыртпалы ұйқастарда да бұл қатаң

тəртіп сақталмаса, ол ақынның сауатсыздығын, талан-

тының жоқтығын білдіреді. Шұбыртпалы өлең ұйқастары

жалынды ақын Махамбет өлеңдерінде, халық ауыз

əдебиетінде, жыраулар туындыларында жиі ұшырасады.

Балалар, көз алдыларыңа бір ғана

көріністі елестетіп көріңдер. Үй салу үшін

оның іргетасы берік, мықты болуы тиіс.

Егер берік болмаса, қой қораң да көпке

шыдамай, құлап қалады. Өлеңге де

мықты іргетас керек. Ол --терең білім.

Іргетастан соң, кірпіш өресің. Кірпішті

қалай болса солай емес, оны

қиюластырып, бір-біріне байланыстырып қалайсың.

Кірпішті бірінің үстіне бірін қатарластырып қалай берсең,

соққан үйің құлап қалады. Өлең құрау да тап осылай,

қиыннан қиюластыра білуің керек. Олай болмаған

жағдайда, өлең де, тіпті қара сөз де болып шықпайды.

Өлеңнің ең басты шарты,  жоғарыда айтқандай, қара

өлеңге немесе кезекті, шұбыртпалы немесе қатарлас

ұйқасқа құруың керек. Мысалы,  «таратқан» деген бір

сөздің ұйқасын тауып көрейік. Та – рат-қан, қа-рат-қан, жа-

рат-қан, қа-лат-қан, са-нат-тан... деп ұйқас сөзді тізе

беруіңе болады.Осылайша кез келген сөзді алып, оның

ұйқасын таба аласың. Ақындар өлең жазғанда негізінен,

шумақтың алғашқы жолын жазып алғаннан соң ғана соңғы

буынға ұйқас іздейді. Енді əлгі «таратқан» деген сөздің

ұйқастарын қатыстырып,  өлең құрап көрелік:

4                     4

3

Жер-дің иі-сін, ел-дің иі-сін та-рат-қан, (11 буын)



4                     4                           3

Та-лай жан-ды там-сан-ды-рып, қа-рат-қан. (11 буын)

4                      4                      3

Дерт-ке да-уа, жан-ға ши-па əу-ел-ден, (11 буын)

4                       4                     3

Қы-мыз-дан ал, қа- зақ ү-шін жа-рат-қан. (11 буын)

Көрдіңдер ме, біздің 11 буыннан тұратын бұл өлеңнің

алғашқы буындарын 4 бунақтан, соңғысын 3 бунақтан

құрадық.

Бір таңқаларлығы, қазақтың ұлы ақындары  ғана емес,

жазушыларының бəрі бала кезінде алғашқы туындыларын

өлең жазудан бастаған. Балалар мөлдір сезімдерін ең

алдымен, анасына, əкесіне, əжесі мен атасына, жанындай

жақсы көретін бауырларына, достарына, əсем табиғат

көріністеріне арнайтыны белгілі. Сендердің тап осындай

тақырыптарды таңдайтындарыңа таңдана алмаймыз.

Солай болуы тиісті де. Тағы бір мысал. Балалық сезіммен

«анашым» деген сөзге ұйқас іздеп көрейік. А-на-шым, да-

на-сың, ба-ла-сын. Енді  осы ұйқастарға өлең құраймыз:

4               3

Ақ сүт бер-ген а-на-шым, (7 буын)

4              3

Ə-лем-де-гі да-на-сың. (7 буын)

4              3

Ме-нің қо-ңыр қо-зым деп, (7 буын)

4               3

Ер-ке-лет-кен ба-ла-сын. (7 буын)

Көрдіңдер ме, жеті буыннан тұратын бұл өлеңімізді 4

жəне 3 бунақтан құрап отырмыз. Байқап қарасаңдар,

өлеңнің өзі математиканың қатаң əрі нақты, бұрмалауға

келмейтін заңдылығына жүгінеді екен. Өлең жазған кезде

осыны мықтап ескерсеңдер, болашақта мықты қаламгер

болатындарың сөзсіз. Ең бастысы, өмірде ең алдымен,

ақын емес, азамат болу керектігін естен шығарып

алмаңдар. Сөздің жауһарын теріп, жыр кестелеу оңай

емес. Сондықтан Абай атамыздың: 

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, 

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Жұп-жұмыр, тегіс келсін айналасы, дегенін  қолға қалам

ұстар кезде үнемі еске алып отырыңдар. Мен сендердің

бəріңе жыр, өнер, өмір жолында сəттілік тілеймін!



О.СҮТТІБАЙ.

Ґàíàò ½øñà, °àòàÿäû íåìåñå

¼ë庠æàçó îºàé ìà?

Құрметті оқушылар!

Болашақта ақын немесе

жазушы болғың келе ме?

Ал ақындар мен жазушы-

ларды оқытып, дайындайтын, диплом

беретін институт та, унивеиситет те жоқ

екенін жақсы білесіңдер. Ол үшін тума

талант болудың өзі аздық етеді. Ең

бастысы, жазушылар мен ақындардың

кітаптарын көп оқып, ұстаздан тəлім

алуларың керек. Талабы таудай бала-

ларға айтар жаңалық, аудандық орталық

кітапханада өткен жылы «Төлеби

таланттары» деген əдеби бірлестік

ашылды. Бұл бірлестікке жерлесіміз, жас

ақын əрі журналист Қанат Сарыбаев

жетекшілік етеді. Ол Бірінші Мамыр

ауылдық округіндегі Жаңажол ауылының

тумасы. Мектепте оқып жүргенде-ақ өлең

жаза бастаған ол шəкірт кезінде алғашқы

жыр жинағын шығарды. Бүгіндері жоғары

оқу орнын бітіріп, Шымкентте қызмет

істеп жүрсе де біздің аудан жастарымен,

мектеп оқушыларымен байланысын үз-

ген емес. Орталық кітапханада ұйымдас-

тырылған барлық шараларға белсене

қатысады. Орталық кітапхана ұжымының

ұйымдастыруымен Төле би бабамыздың

туғанына 350 жыл толуына орай мектеп

оқушылар арасында мүшəйра өткені

белгілі. Бұл игі іске де кезінде Қанат

белсене атсалысып, оқушылардың  жыр

топтамасын кітап етіп шығаруға мұрын-

дық болды.

«Төлебидің таланттары» əдеби бірлес-

тігі бірнеше рет басқосу ғана емес,

облысымыздағы белгілі ақындармен,

жазушылармен де кездесу өткізді.

Бұл əдеби бірлестікке қала, ауыл

мектептерінің шəкірттері мүше болды.

Қандай білімді, талантты, талапты шəкірт

болса да бірден ақын немесе жазушы

болып кетпесі анық. Ол үшін көп оқумен

қатар ұстаз да, ақыл қосатын, ой мен пікір

айтатын дос пен оқырман қауым да

қажет. Осының бəрін де  əдеби бірлес-

тіктен табуға болады.

Бір айта кететіні, аудан мектептерінде

орталық кітапхана жанынан ашылған бұл

əдеби бірлестік туралы білмейтін оқушы-

лар болса, онда бізге арнайы келіп

жолығып, алдағы болар кездесулер тура-

лы мəлімет алуларына болады.

Халқымызда «Өнерді үйрен де жирен»

деген жақсы сөз бар. Əдеби бірлестік

мүшелерінің бəрі де болашақта ақын

немесе жазушы болып кетпесе де, нағыз

өнегелі, тəрбиелі, білімді азамат бола-

тынына сенімдіміз.

Қазақтың белгілі жазушылары мен

ақындарының өмірбаянына үңілсек, олар

бəрі де ес білгеннен бастап

əжелерінің, аталарының

ертегілерін тыңдап, əдеби

кітаптарды құмарта оқыған.

Əсіресе, ауыз əдебиетін ерекше ұнатқан.

Ұлы ақын Абай атамыздың алғашқы

ұстазы да əжесі болғанын «Абай жолы»

кітабынан жақсы білесіңдер.

Қалада тұратын əдеби бірлестік

мүшелері  кітапханада ұйымдастырылған

Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің -- 70

жылдығына, Қазақстан халықтары ас-

самблеясы жылына орай ұйымдас-

тырылған түрлі мəдени-көпшілік шара-

ларға белсене қатысуда.

Біз аудандағы кітапқұмар, талантты,

талапты балаларды кітапханаға кітап

оқуға ғана емес, осы əдеби бірлестіктің

белсенді мүшесі болуға шақырамыз.



Ә.МОНТАЕВА,

аудандық орталық 

кітапхананың кітапханашысы.

“ŠwëеK, 2=ë=…22=!/” ø=0/!=ä/




жүктеу 340,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау