2 бөлім бойынша тұжырымдама
Бұл тарауда анықтаушы эксперимент көмегімен бастауыш мектеп оқушыларының оқыту процесіндегі бағалану мәселелері сөз болады.
Эксперимент әдістің артықшылық ерекшеліктері, ғалымдардың экспериментті қолдану тұстары айқын баяндалады.
Осы тарауда бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің дамуын анықтау негізінде білім берудегі бағалау деңгейлерінің бағдарламасы кесте түрінде беріледі.
Анықтаушы эксперимент кешені бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық әрекеттері, оның ішінде олардың ойлауын, ойлаудың рефлексивтілігін, қысқа зейіннің уақытты есте сақтау, зейіннің таңдамалылығының бағасын анықтау әдістемелері құрайды.
Анықтаушы эксперимент кешені 2 топтан тұрады: 1 -ші топты танымдық іс-әрекет яғни жоғарыдағы аталған әдістемелер тобы құрайды.
2-ші анықтаушы эксперимент тобында бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау және олардың оқу мотивация деңгейлерін бағалауға арналған Н.Г.Лусканованың сауалнама әдістемелері қолданылады.
2-ші тарауда анықтаушы экспериментті құрайтын әдістемелер тобы ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы талаптарға сай баяндалып суреттеледі.
3 ДАМЫТУШЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖӘНЕ БІЛІМДІ БАҒАЛАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3.1 Оқу шылардың танымдық іс-әрекеттерінің ерекшелікгері мен даму деңгейлерін анықтайтын білім сапасын бағалау мәселелері
Оқыту процесі адамның іс-әрекеті мен шындық танымдық әрекеттерінің бірлігі арқылы орындалады. Ал, танымдық әрекеттердің ар түрінің өзіндік ерекшелігі, маңызы мен орны бар. Танымдық іс-әрекет, арнайы ұйымдастырылған мектептік оқытуда, жалпы кез-келген оқытуда құрылады да, күрделі психологиялық білім бола отырып, оқыту үрдісінің өзімен қоса өрбіп отырады.
Оқыту мен дамудың бірлігі жайлы атақты ғалымдар Э.Торндайк, Ж.Пиаже, Д.В.Эльконин мен Л.С. Выготскийлер өз тұжырымдамаларын ұсынады.
Американ психологы Э.Торндайк оқыту мен даму ұғымдарын бірдей деп есептейді, Ж.Пиаженің пікірінше, оқыту дамудан кейін сүреді де, баланы оқыт, оқытпа психиканың дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізеді. Бұл пікірден үшінші бір тұжырымдама туындайды.
Л.С. Выготскийдің көзқарасына сай, "оқыту өзінің артынан дамуды алып жүреді және бала психикасы тек оқыту арқылы қалыптасады, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне лайықтап дәл ықшамдай әрі аз да болса алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту ісі баланың акыл-ой өрісін алға қарай сүйрейтін болады". Қалыптастырып дамытушы эксперимент кез-келген нақты жағдайда бір басты міндетті шешеді, яғни арнайы ұйымдастырылған әрекетте сыналушы қалай және не нәрсеге бағдарланады.
Білімді меңгеру процесінде бағалау мен бағаның алатын орны ерекше, себебі баға объективті қасиеттерді танып білудің негізінде беріледі және өз алдына бағалау танымы болып табылады.
ХІХғасырдың ІІ-ші жартысындағы қазақ ғұламаларының бірі, ұлы ойшыл педагог-ғалым - Ы.Алтынсариннің көтерген философиялық мәселелерінің бірі оның тамаша әдістемелік пікірлерімен жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, әрі тәжірибелі, И-пікірі озық мұғалім еді.
"Оқушыларды бағалағанда - деп жазды Ы. Алтынсарин, - оларды іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушылардың оқуды меңгерулеріне қарап бағалау қажет".
Соңда осы меңгеру, білімді игеру оқушылардың танымдық әрекеттерінің қаншалықты, ұйымдасқандықтарына байланысты.
Сондықтан да, біздер, танымдық әрекеттердің негізінде білімнің бағалануының психологиялық ерекшеліктерін қарастырып отырмыз. Оқушының сабақ үстінде танымдық іс-әрекетін бағалаудағы басты - білім берудің түрлі тиімді жолдарын қарастырып, оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыру.
Оқытуды нәтижелі ұйымдастыруға оқулықтағы берілген жаттығулардың түрлерімен жұмыс жасау, жаттығуларға қосымша материалдарды тиімді пайдалана білу, грамматикалық материалдарды меңгерту бағытында жүргізілетін түрлі танымдық жұмыстың түрлерін сапалы орындау да жатады.
Осы бағытта білімді анықтау, байыту және жүйелеу, бір жағынан, теориялық ілім-білімді практикалық іс-әрекетте пайдалануда қолданылып жұмсалса, екінші жағынан, түрлі заңдар мен ережелерді іс-жүзінде сапалы қолдануға мүмкіндік беретін болады.
Оқыту үрдісі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың танымдық іс-әрекеттеріне (ес, зейін, ойлау, қабылдау, т.б) негізделіп жүргізілсе, нәтижелі болады.
"Оқыту - таным процесі, өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады", - дейді. Қазақстандық ірі ғалымдардың бірі Т.С.Сабыров.
Кеңес психологтарының көбі "мотивті" іс-әрекеттің қозғаушы күші ретінде түсініп, оны адамның іс-әрекеті ретінде қалыптастырады. (С.Л.Рубинштейн), қажеттіліктің құралы ретінде қарастырады (А.Н.Леонтьев). Ал мектеп кезеңі бойында оқыту, мативтің мазмұнын, оның көпжақтылығын құрылымын, дамуын Л.И. Божович, Н.Г. Морозова, Л.С.Славина, Л.К. Маркова, Н.Ф.Талызиналар өз еңбектерінде қолданды.
Оқыту үрдісі бір жағынан оқушының қажеттілігін өтеуді ұйымдастырса, екіншіден, оқушының оқуға деген ниетін тудырып отыратын танымдық іс-әрекеттің қозғалысын өрістетеді. Бұл процесті «мотивтің мақсатқа қарай жылжуы» - деп қарастырған А.Н.Леонтьев даму механизмінің негізгі жаңа іс-әрекет формасы бола отырып, "тек түсінікті болған мотив анықталған жағдайда ғана нағыз матив бола алады"-дейді.
"Оқытудың белсенділік әдістемелік" термині 1860-шы жылдардың соңында "белсенділік" ұғымымен қатар туындады. Осыған байланысты педагогикалық айналыста сабақ беру тәжірибесінде мәселелік оқыту әдістемесі және оқушылардыц оқу-танымдық іс-әрекетін белсенді етудің маңыздылығы жүзеге асып келеді.
Ұлттық психологияның өркендеп дамуына терең атсалысып жүрген ірі ғалымдарымыздың бірі, Қазақстанда этнопсихология мектебінің іргесін қалаған профессор Қ.Б.Жарыкбаев өз еңбегінде қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие процестерінің жандануы, ұлттық сана-сезімнің өркендеуі, қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбиені этнопсихологиялық мазмұнға жақын келуі жайлы терең де құнды ойлар айтады. Біздер өз зерттеу жұмысымызда ғалымның этнопсихосихология жайлы мағыналы пікірлерін басшылыққа алдық.
Танымдық іс-әрекет оқу үрдісінің құрамына кіріп, арнаулы оқу орындарында қалыптасатын күрделі психологиялык білім.
Ал, танымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың білімін бағалау өте дұрыс және әділетті бағалау болып табылады.
Дамытатын эксперименттік бағдарламаны қолдану арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамыту - педагогикалық психология тәжірибесінде күрделі де өзекті, мәселелердің бірі болып табылады және дамытатын эксперимент бағдарламасының көмегімен оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін бағалауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.
Оқушылардың кез-келген сала бойынша білімді қаншалықты өзгергендігін анықтауға мүмкіндік беретін эксперттік бағалар дегенді де қолдануға болады. Мұнда екі түрлі құрылымнан тұратын бағалау жүзеге асырылады: білімнің меңгерілу деңгейін анықтау бағасы және алған білім, шеберлік, дағдылардың деңгейін көрсететін белсенділік бағасы.
Қазақстандық психолог-ғалым С.М.Жақыпов өзінің, "Оқыту процесі барысында студенттердің танымдық әрекеттерін басқару" деген еңбегінде білімді бағалаудың екі түрлі құрылымын ұсынады.
1. Білімнің меңгерілу нәтижесінің баға шкаласы.
1. пәндік білім жоқ;
2. қанағаттанарлық білім жоқ;
3. аз қанағаттанарлық білім;
4. қанағаттанарлық білім;
5. жеткіліксіз жақсы білім;
6. жақсы білім;
7. өте тамаша білім.
II. Белсенділік бағасының шкаласы:
1. өте әлсіз;
2. әлсіз;
3. әлсіз-орташа;
4. орташа;
5. орташа-күшті;
6. күшті;
7. өте күшті
Осы екі шкала бойынша бағаларды қосу эксперттің қорытынды бағасын беретін болады.
Бастауыш мектеп оқушыларымен тиімді оқыту әрекетін ұйымдастыру, дегенде біздер баланың танымдық іс-әрекетін (еске сақтауды, зейінің ұйымдастыруы, ақыл-ой міндетін талдау және шешуді жүзеге асыруы т.б.) жұмсауын тілге тиек етеміз.
Осы танымдық іс-әрекетті бағалау мәселесін, біздер бастауыш оқушыларының оқыту процесіндегі, әсіресе қазақ тілі сабағында қалай жүзеге асатындығын зерттеуді басты мақсат етіп алдық.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы, Білім, Тілдер туралы зандардың қабылдануы, білім берудің басты мұратын айқындайтын соңғы құжаттар, сондай-ак халық ағарту саласында болып жатқан басқа да терең өзгерістер жалпы білім беретін мектептердің алдына білім және тәрбие беру салаларын жақсарту міндетін алға қойып отыр.
Қазіргі таңда жас ұрпақтың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қадір-құрметін арттыру, сөйлесу мәдениетін дамыту төңірегінде атқарылуға тиісті маңызды міндеттер өте көп.
Ол міндеттер қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуынан және Білім туралы заңда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асырудан туындап отыр.
Қазіргі мектептің құрылымы мен оның білім мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқыту сипатын ерекшелеу, жаңашаландыру талаптарын қояды.
Жалпы орта мектепте оқытылатын пәндер жүйесінде қазақ тілі пәні ерекше орын алады, әсіресе бастауыш мектеп кезеңінде. Себебі, осы жас кезеңінде балалардың тілін дамыту ең өзекті де өткір мәселе. Ж.Аймауытов оқыту мен тәрбие ісіндегі ана тілінің орнын ерекше атап өткен. "Бала оқуды тілден бастайды. Бастауыш мектептің көбінесе айналдыратын оқуы - тілдің мүшелерін анық білдіріп, баланың тілін байыту", - дей келіп, "Сөз - ойдың айнасы, ойсыз сөз жоқ" - деп тұжырымдайды.
М.Мұқанов тіл мен сөйлеудің психологиялық проблемаларын ғана зерттеп қоймай, әлемге әйгілі ғалымдар К.Левиль Стросс, Леви-Брюль, Шоқан Уәлиханов еңбектерін талдауға да терең қатысып өшпес мұра қалдырды.
Біздің алға қойған міндетіміздің түйіні профессор М.М.Мұқанов зерттеген тіл мен сөйлеудің психологиялық проблемаларымен үндес екендігін ашып айтқымыз келеді. Бұл мәселені алдағы өз шешімін табуға тиісті іргелі мәселе деп бағалаймыз.
Ж.Аймауытов жас буынның дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеуіне ата-ана мен мектеп ұжымы, осы саланың оқытушылары бірден-бір жауапты деген құнды пікір айтады. Бұл пікірлер оқу-тәрбие процесіндегі озық ой-пікірлерімен үндесіп жатқандығын байқауға болады.
Ж.Аймауытовтың "Тәрбиеге жетекші" деген еңбегінде "Сабақтың жүрісі, "Ынталы оқу" деген екінші бөлімінде-сабақты, білімді баланың ынтасына сүйеніп беру, сабақта оқушылардың белсенділігін арттыруға болады деген мәселелерге арналған.
А.Байтұрсынов туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, әр қазақтың әсіресе бастауыш білімді дұрыс алуын аңсаған ғалым. Ол өз арманын келесі пікірде білдіреді: "Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек".
Сондықтан бастауыш мектепте барлық ғылымның негізгі және осы жас кезеңіне тән сипатты ерекшелік: оқушылардың тез жаттап, оқу материалын тез арада меңгеріп алуға бейімділігі.
5 балдық бағалау жүйесін анықтау мақсатымен Б.П. Симонов (1978) білімді меңгерудің 5 кезеңін анықтады: танып-білу, түсіну, тәжірибеде қолдану, оны шығармашылық тұрғыда қолдану. 100%-дық білімді жоғары деңгейге, 64%- жақсы нәтижеге, ал 36%-қанағаттанарлық нәтиже деп есептейді.
Сонда осы меңгеру, білімді игеру оқушылардың танымдық әрекеттерінің қаншалықты ұйымдасқандықтарына байланысты. Сондықтан да, біздер танымдық әрекеттердің негізінде білімнің бағалануының психологиялық ерекшеліктерін қарастырып отырмыз.
Оқушының сабақ үстінде танымдық іс-әрекетін бағалаудағы басты мақсат — білім берудің түрлі тиімді жолдарып қарастырып, оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыру.
Танымдық іс-әрекеттердің оқушыларда түрліше деңгейде дамуына байланысты, олардың түрлі (жас ерекшелік, табиғи) мүмкіндіктеріне арналып, қабілетін ескеріп жасалған бағдарлама мен оқулықтар өмір шабына сай қызмет етеді.
Жалпы білім беретін орта мектептің "Қазак тілі" бағдарламасының жобасында "Тіл мәдениетіне" барлық сыныптарда да жыл соңында арнайы бөлінген сағаттар берілген. Бұл тақырыптар баланың әдеби тілде сөйлеу және ауызекі сөйлеу тілін байыту мақсатында жұмыстар жүргізуді көздейді.
Жыл соңында берілетін ол сағаттарды күтпей-ақ мұғалім мүмкіндігіне қарай әрбір сабақта тілдік материалдардың өзінің негізгі құрылысына қарай талдау жұмыстарын жүргізгенде әсерлі сөйлемдер құратып, оның мән-мағынасына назар аударғаны жөн.
Оқушылар үшін практикалық жаттығулардың үнемі оңай әрі жеңіл болуы тиімді бола бермейді. Оқулықтағы білім мазмұнының күрделенуі сияқты әрбір тақырыптың жаттығулары бірте-бірте күрделеніп отырса, сонда ғана оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырып, қызығушылықтарын оятуы мүмкін.
Дидактикалық материалдар оқушы ойланатындай, логикалық ойлау шеберліктерін артыру мақсатын көздей отырып құрылуы тиіс. Яғни, "білім беру Ахмет Байтұрсыновтың жеңілден ауырға қарай принциіп бойынша" жүзеге асырылады. Жеңілден ауырға көшіру білім мазмұнында оқушы берілген жаттығуларды бұрынғы өзінде бар білім негіздерімен ұйымдастыра орындайды.
Ал, енді біздер, осы қазақ тілінен мұғалімге көмекші құралды жасағанда, негізінен 3 бағытта дамыту мақсатын көздеп алдық.
5 Кесте - Эксперимент бағыттары
Реттік саны
|
Дамытушы эксперимент бағыттары
|
1
|
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдык іс-әрекеті негізінде біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орната отырып, бағалау жүйесі арқылы білімді бағалау.
|
2
|
Оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып түрліше бағалау.
|
3
|
Оқыту мотивациясын қалыптастътруға байланысты тапсырмалар, түрлі танымдық жаттығулар көмегімен бағалау.
|
Енді осы әр бағыттың мазмұнына толығырақ тоқталуды жөн көрдік.
Оқып-білім алушылар үшін дайындалған білім сабақта психологиялық жағынан оқып-білім алушылардың танымдык әрекеттердің заты немесе басқаша айтсақ, оның шын мәніндегі әрекет етуші мотиві болады.
Осылайша, кез-келген сабақта (ол лекция, немесе дәстүрлі, не жаңаша түрде болсын) оқытып-білім берушіден білім алушыға қарай беріліп қана қоймай, ең алдымен танымдык іс-әрекеттің ұйымдасуы асады.
Білім алғашында формасына қарай монологты болады да, оқып алушылардың таным процесте бірте – бірте диалогты форма болып қайта құрылады, ал мазмұны жөнінен танымдық болады.
Зерттеулер көрсеткендей-ақ, мазмұны жөнінен танымдық және формасы бойынша біріккен диалогты әрекеттің қалыптасу процесі жеке әрекеттердің мақсаты, мазмұны және мотивтерінің өзара байланысуы, ұштасуы барысында жүзеге асады.
Жаңа мақсаттардың қалыптасу процесі - біріккен танымдық әрекетте мақсаттың құрылуы - мазмұны жағынан практикалық, формасы жөнінен біріккен мақсаттардың қалыптасуынан басталады. Келесі кезеңде ұғым, мән, мотивтер құрылу процестерінің көмегімен бірлескен практикалық мақсаттар -бірлескен ойлау мақсаттары болып қайта құрылады. Бұл сапалы біріккен танымдық әрекет деп те аталады.
Төменде жалпы орта білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларына (1-2 сыныптар) қазақ тілі пәнінен олардың танымдық іс-әрекеті негізінде білімдерін бағалаудың күнтізбелік жоспарлары ұсынылады.
3.2 Бастауыш мектеп 1-ші сынып оқушыларының танымдық әрекетінің ерекшеліктері арқылы білімді бағалау жолдары
Жалпы орта білім беретін мектептер 1 -ші сыныпқа арналған оқушылардың танымдық іс-әрекеті негізінде білімдерін бағалаудың күнтізбелік жоспары
6-кесте - І-ші сынып І-ші тоқсан (14 сағат) Әліппеге дейінгі кезен.
Үш негізгі бағыт бойынша бағалау
|
Тақырыптар
|
Өтілу
мерзімі
|
1. Біріккен диалогты танымдық іс-әрекетті бағалау
|
1. Күн тәртібі
2. Отбасы
3. Көше тәртібі.
|
|
2. Белсеңді оқыту әдістері арқылы бағалау.
|
4. Жабайы жануар. Аңдар.
|
|
3. Оқу шылардың оқытуға жағымды мотивациясын тудыра отырып бағалау.
|
5. Үй жануарлары сөзге дыбыстық талдау.
6. Кітапхана. Сөз. Сөйлем.
|
|
7 кесте - Әліппе кезеңі 84 сағат
Бағалау
|
Дыбысы және әрпі
|
Өтілу мерзімі
|
І.Біріккен-диалогты
|
1.А дыбысы және әрпі
|
|
танымдық іс-
|
2.Р дыбысы және әрпі
|
|
әрекетті бағалау
|
3.Қ дыбысы және әрпі
|
|
2.Белсенді оқыту
|
4.Б дыбысы және әрпі
|
|
әдістері арқылы
|
5.В дыбысы және әрпі
|
|
бағалау.
|
6.Щ дыбысы және әрпі
|
|
3. Оқушылардың
|
7.М,Н дыбыстары және
|
|
оқытуға жағымды
|
әріптері.
|
|
мотивациясын
|
8.Ж,З дыбыстары және
|
|
тудыра отырып
|
әріптері
|
|
бағалау.
|
9. Е дыбысы және әрпі
|
|
|
10. Ь дыбысы және әрпі
|
|
|
11 .Г дыбысы және әрпі
|
|
|
12.Т дыбысы және әрпі
|
|
|
ІЗ.Ғ дыбысы және әрпі
|
|
|
14.У дыбысы және әрпі
|
|
|
15 Ү дыбысы және әрпі
|
|
|
16.Я дыбысы және әрпі
|
|
|
17.Ә дыбысы және әрпі
|
|
|
18.Е дыбысы және әрпі
|
|
|
19.О,Ө дыбыстары және
|
|
|
әріптері және оларды
|
|
|
салыстыру
|
|
|
20.П дыбысы және әрпі
|
|
|
21.Л дыбысы және әрпі
|
|
|
22.Ң дыбысы және әрпі
|
|
|
23.Ф дыбысы және әрпі
|
|
|
24.Ү,Ү дыбыстары және
|
|
|
әріптері
|
|
|
25.Ю дыбысы және әрпі
|
|
|
26.Ъ дыбысы және әрпі
|
|
|
27.Алфавит
|
|
|
28.Ғ дыбысы және әрпі
|
|
8 кесте - Әліппеден кейінгі кезең 14 сағат
Үш негізгі бағыт
|
Тақырыптар
|
Өтілу
|
бойынша бағалау
|
|
мерзімі
|
І.Біріккен диалогты
|
1.Әліппе. Алфавит
|
|
танымдық іс-
|
2.Мақта қыз бен мысық
|
|
әрекетті бағалау.
|
3.16 желтоқсан тәуелсіздік күні
|
|
2.Белсенді оқыту
|
4.Сегіз аяқ
|
|
әдістері арқылы
|
5.Бақа қожаның аты.
|
|
бағалау.
|
б.Ата - бата.
|
|
3 .Оқу шылардың
|
7.Кім неден күшті?
|
|
оқытуға жағымды
|
8.Жарқын жүзді үстазым.
|
|
мотивациясын
|
9.Қүстың үясы
|
|
тудыра
|
10.Санамақ.
|
|
отырып бағалау.
|
11.Жұмбақтар, жаңылтпаштар
|
|
|
12.Оқуға шақыру.
|
|
|
13.Бір қазан сүт.
|
|
|
14.Күншілік үйрек.
|
|
9 кесте - Ана тілі 3—4 тоқсан
Үш негізгі бағыт
|
Тақырыптар
|
Өтілу
|
бойынша бағалау
|
|
мерзімі
|
Біріккен-диалогты
|
1.Сөйлем, сөз, дыбыс,әріп
|
|
танымдық іс-
|
2.Қыс. Абай.
|
|
әрекетті бағалау
|
3.Әже, Не тәтті?
|
|
Белсенді оқыту
|
4.Буын. Не деу керек?
|
|
әдістері арқылы
|
5.Шығарма "Менің жанүям"
|
|
бағалау.
|
6.Наурыз тойы.
|
|
Оқушылардың
|
7.Абылай хан.
|
|
оқытуға жағымды
|
8.Жаз.
|
|
мотивациясын
|
9.Кел балалар, оқылық!
|
|
тудыра отырып
|
10.Ғарышқа ұшу.
|
|
бағалау.
|
11.Қазақ батырлары.
|
|
|
12.Дауысты және дауыссыз
|
|
|
дыбыстар
|
|
|
13.Сиыр. қой, қозы, ешкі.
|
|
|
14.Дауыссыз дыбыстар.
|
|
|
Елтаңба
|
|
|
15.Әдептілік әліппесі
|
|
|
16.Саналық
|
|
|
17.Сөйлем, көктем келді.
|
|
|
18.Мәтінмен жұмыс келді.
|
|
|
19.Әл-Фараби. Өнерлі жігіт.
|
|
|
20.Жаз. Бұл қай кезде болады?
|
|
|
21.Төрт түлік.Төлді қалай
|
|
|
шақырады.
|
|
|
22.Бас әріппен жазылған
|
|
|
сөздер.
|
|
|
23.Менің атым - Қожа.
|
|
|
24.Үш би
|
|
|
25 .Қожанасыр
|
|
|
26.Алдар көсе мен бай.
|
|
|
27.Ән сабағы.
|
|
|
28.Бала Шоқан
|
|
|
29.Қаздарым
|
|
|
30. Қанша? Неше?
|
|
|
Нешінші? Домалақ ана.
|
|
|
31. Құлын мінген бала.
|
|
1-ші сынып бойынша әліппе мен ана тілі сабақтарында танымдық іс-әрекет негізінде оқу шылардың білімін бағалау.
I тоқсан. (14 сағат).
Бұл тоқсанда екіге бөліп, яғни әліппеге дейінгі кезең (14 сағат) әліппе кезеңі (84 сағат) деп, бөлінеді. Алғашқы кезеңінде, яғни әліппеге дейінгі кезеңде "Білім күнінен" бастап түрлі тақырыпта суреттері бойынша әңгіме құратып, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғым беріледі.
Мысалы, осы І-ші сыныпта қыркүйектің 9 - күні өтілетін "Құстар. Үй құстары" атты тақырып бойынша сабақтың меңгерілуіне, білімнің танымдық іс-әрекет негізінде бағалануына және жалпы тіл білімі сабағына ынта туғызу бағытындағы танымдық жаттығулардың ретін ұсынайық.
1. Бастауыш мектептің 1-ші сынып оқушыларының алған білімдерінің көлемін және меңгерілген құрылымын бағалап, анықтау үшін С.М.Белозеровтың "Білімнің меңгерілу диагностикасы" әдістемесін қолдандық. Бұл әдістеме көлденеңінен сұрақтардан, 5 сұрақ, ал тігінен - жауаптар нөмірлерінен тұратын матрицаны білдіреді. Осылайша, қойылған әрбір сұраққа сыналушылар 5 жауап береді.
1. Құстардың пайдасы қандай?
2. Қандай құстарды білесің?
3. Құстар немен коректенеді?
4. Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?
5. Құстарға қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесің?
Сыныптардағы бақылау және эксперименттік топтар өздерінің түрлі деңгейдегі білімді меңгергендіктерін байқатты. Мысалы: бақылау тобы оқушыларының жауабы кең ауқымда, түсінікті, бірақ шашыраңқы. І-ші сынып оқу шысы Ә.С.жауабы: құстардың пайдасы үлкен. Құстар майда нан қиқымдарын жейді. Мұнда қыс суық болғандықтан, олар ұшып кетеді. Құстарды атуға болмайды, оларды қорғау керек.
Эксперименттік топтың оқушысы М.С. жауабы: Құстар құрттарды құртады, сонысымен пайдалы. Мен көп құстарды білемін: қарға, сауысқан, торғай, жапалақ, қыран, бүркіт.
Үй құстарын да білемін: қарлығаш, тауық құстар шөп-шалаңмен, құрт-жәндіктермен қоректенеді. Құстар ата-балалары сияқты жылы жаққа ұшып кетіп отырады. Құстарға ұя салу керек, оларды аялау қажет.
Сонда осы екі оқушы жауаптарынан түрлі жауаптарды (толық, кең атүстірт), әртүрлі ойлау, қабылдау, сезім дәрежелерін байқауға болады.
2. Үй құстары салынған суреттер балаларға таратылып, оны атау (дұрыс атау, дыбыстарды өз нақышымен айту т.с.с) талап етіледі. Және ол қүстардың шығаратын дауыстарын келтіру (қоқылдау, қыт-қыттау, гуілдеу т.б.) қажет болады.
Міне, осындай білім бекіту жаттығуларынан соң, бүкіл сабаққа белсене қатынасқан балаларға бағалар жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш түрінде қойылады.
3. Сабаққа оқушылардың қызығушылығын мақсатында сөзжұмбақ шешу ұсынылады.
Енді келесі кезекте "Әліппе кезеңі" (84 сағат) басталады. "А" дыбысы және әрпінен бастап, айыру белгілеріне дейінгі аралықта дыбыстар мен әріптер қатарына жеке тоқталып өтіледі. Әрбір дыбыс, әріпті өткеннен соң міндетті түрде сол әріп бар суреттер мен құралдарды көрсетуге болады.
Мысалы: кезекті бір тақырыпка тоқталайық "Р дыбысы және әрпі".
1. Мұғалім мен оқушылар арасында біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орнатып, білімдерін бағалау үшін, "Р" әрпі, дыбысы бар сөздерді (әрпі - сөз басында, ортада, аяғында келуі тиіс) көбірек айтудан жарыс ұйымдастыру.
Мұнда да "р" әрпін үш жағдайда дұрыс келтіріп, сөздерді көп атаған балалар аты-жөндері дереу тіркеледі.
2. Белсеңді әдісті қолдану ретінде "Артық сөзді алып таста" деген әдістеме қолданылады. Әр балаға 15 қатардан (әр қатарда "р" әрпі 3-4 сөз, ал "р" әрпі жоқ 1-2 сөз) тұратын сөздерден құралған бланк таратылады.
Бұл ойын арқылы балалардың "р" әрпін қаншалықты дәрежеде меңгергеңдіктерін анықтап, сол жауаптарына сай, яғни танымдық іс-әрекеттің негізінде (яғни ойлау, ойлау амалдары арқылы) білімдерін тағы да түрлі белгілер (жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш) аркылы бағалаймыз.
3. Әліппеге оқушылардың қызығушылықтарын ояту, әрі дамыту мақсатында "р" әрпі көп кездесетін жұмбақтарды шешкізу.
Мысалы: 1 )Қарда бар,
Мұзда жоқ,
Жазда бар,
Құзда жоқ.
(Р)
2) "Р" ды анық айтамын: Рельс, - деп,
Рауғаш, ринг, радио, ребус, - деп
3) "Р"-ды табам: Ракета, рояль, робот, рюкзак, разъезд, рамазан.
Жаңылтпаштар. 1 )Ақ шар бар,
Көк шар бар,
Көп шар бар,
Төрт шар бар. 2) Шын еңбегі - өрмекші.
Өрмекші — шын өрмекші.
Міне, осылайша бүкіл әріптермен түрлі бағытта танымдық жаттығулар (әдістемелер, жұмбақ, жаңылтпаштар, метограмма, ребус, анограмма, сөзжұмбақтар, тренингтер) өткізуге болады.
Мысалы: метограмма
Сөз басында "Б" болса,
Бас киімің боламын.
"Б" — ны алып тастасаң,
Жазда пісіп соламын.
(Бөрік-өрік).
Тренинг. "Менің сүйікті ойыншығым".
Балалар үлкен шеңбер жасай отырып, 3 минут ішінде сүйікті ойыншықтары жайлы әңгімелеулері тиіс және қай әріптің өтілуіне орай, сол әріпті қосып сөздер қолдана отырып, сөйлемдер құрап, әңгімелейді.
Келесі бір тақырып "Әліппе. Алфавит."
Бұл сабақ бүкіл әріптер өтіліп болған соң, білім бекіту сабағы ретінде болады.
1. Оқушылармен біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет негізінде бағалау үшін "Сиқырлы қарындаш" ойынын өткізуге болады.
Мұнда оқушылар орындарында екі-үш бала тақтаға шығып, әріптерді алфавиттегі реті бойынша тізіп жазулары тиіс. Дұрыс жазған балалар бағалары әділетті түрде бағаланады.
2. Белсенді оқу әдістері ретінде "Әріптерге нұсқау" ойынын, яғни сыныптағы балаларға әріптер жасалып, мойындарына де 5-6 баладан топ болып, сол әріптермен өздері ретпен, тұрып сөздер құраулары талап етіледі.
3. Ынта туғызу мақсатында "Қиынды - есіңе сақта!" жаттығуын енгізуге болады.
Яғни, оқушыларға жазылуы қиын 10 сөз 25-30 секуңдқа көрсетіледі. Содан соң оқушылар дауыстап оқу арқылы бұл сөздерді дәптерге жазады. Бұл арада көру есі есту есіне көмекші ретінде қызмет етеді, барлық сөздерді есіне сақтап, дұрыс жазғандар ұтады да, дереу жақсы бағалармен бағаланады.
ІІІ-ІУ тоқсан "Ана тілі" сабағы
Тақырыбы: "Қыс. Абай".
Абайдың "Қыс" өлеңін мәнерлеп балаларға оқытып, жаттап алуларын талап ету. Біздің жоспар бойынша бұл тақырыпты бағалау бағыттары:
1. Оқушылармен біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін, осы өлең мазмұнын түсініп, меңгеріп, каншалықты меңгергендіктерін тексеріп "Мазмұнына қарай сурет сал" тренингін өткізу. Әрбір бала суретті салып, әрі әңгімелеп береді, осы суреті және әңгімесіне қарап бағалар (жұлдызша, үшбұрыш т.б.) қойылады.
2. Белсенді оқыту әдісі ретінде Абай Құнанбаевтың ерекше бақылағыштық қасиетін мысал ретінде айта кетіп, окушылардың зейінін шоғырландыру қажет. Мысалы, қыс мезгілін үлкен ақ киімді шалға теңеу.
3. Оқушылардың пәнге деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін "Компакт - сұрақтар" тренингісін өткізу, яғни шеңбер жасай отырып, ортаға үш оқушы шығады. Үшеуіне үш әлеуметтік рөл беріледі, таңдап алады (Аяз ата, боран, қар). Басқа қатысушы-оқушылар бір сұрақты арлығына қояды. Сұрақ аяқталғаннан кейін 3 секундтан соң, әр бала өзінің рөліне тиісті сұраққа жауап берулері тиіс.
4. Жауап бергенде сөйлем көлемі, сөйлемдегі сөздер саны шықталып бағаланады. Уақытты қатаң қадағалап отырады.
Тақырып: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен олардың әріптері. Ақ бұзау...
1. Біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орнату үшін, "Әріптер әлеміне саяхат" тренингісін өткізу. Жуан, дауысты дыбыстарды бөліп беріп, әрбір әріпті балалар атын, өздерін сипаттап ортаға шығады. Қалған балалар әріпті. Әріпті көп атаған және өзінің әрпін қиын жасырған балалар еңбектері бағаланады.
2. Белсенді оқыту ретінде "Қатесін тап!" деген ми шабуылы жатттығуды ұсынуға болады, яғни тақтаға бірнеше жуан, жіңішке дауыстылардың қатысуымен сөздер жазылады. Балалар қателерін өңдеулері тиіс.
3. Оқуға ынталарын дамыту мақсатында жуан, жіңішке дыбыстарды қосып, яғни үш мазмұны алыс сөздер беріледі де, сол сөздерден сөйлем құраулары тиіс. Кімнің сөйлемі мазмұнды, мәнді болатын болса, сол баланың білімі ерекше аталып бағаланады.
Тақырып: Шығарма "Менің жанұям".
1.Біріккен диалогты танымдық іс-әрекет ұйымдастыру арқылы білімдерін бағалау. Яғни "Менің жанұям" деген тақырыпта сурет салдыру ісімен жүзеге асады. Бұл, бір жағынан, балаларға жаңа сызықты тапсырма, жұмылып танымдық әрекеттерінің үйлесуін қамтамасыз етеді.
Ал, бір жағынан баланың жеке басының қадір-қасиеттері байқалады, әрі оның жанұя жайлы пікірі, білімі, көзқарасы танылады.
Тақырып: "Сөйлем"
Сөйлем туралы толық мәлімет беріліп болған соң, біріккен диалогты танымдық іс-әрекет ретінде "Сөз қиялы" тренингісін өткізу.
Яғни оқушыларға мазмұнды суреттер таратылады. 1,5 минут ішінде әңгімені (оқиғаны, тарихты) құрулары тиіс. Осы құрған әңгімелерінің мазмұндылығы, әсерлілігі бағаланады. Бұл арада тіл білімін бағалау бүкіл танымдық әрекеттер (қиял, ойлау, зейін, ес т.б.) негізінде жүзеге асады.
2.Белсенді оқыту әдісі ретінде оқушыларды шеңбер бойына отырғызып бір-біріне доп лақтыру арқылы бір сөйлемді бастатып, келесі бала сол сөйлемді мазмұнына қарай әрі жалғастырады. Сөйлемді дұрыс құрмаған немесе әңгіме мазмұнын үзген бала ойыннан шығады.
Міне, осылайша шеңберде кімдер қалса солардың білімдері жақсы бағалармен, ал әңгімені үзгендерге нашар бағалар қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |