Мақамбеттің қапыда қаза болуын тарихшы В.Ф.Шахматов, Б.Аманшин т.б. жазған. Бізде ықшамдап бір кезде баяндағанбыз. Қанша сауатты, мәдениетті дегенмен ОШК-ң төрағалары Генс, Ладыжинский отаршы еді. Соңғысы Мақамбет 1845ж. Орынбордан кетісімен оның өткендегісімен танысып, губернатор Обручевке 1845ж. 27-ақпанда Мақамбет туралы арнайы рапорт жазып, оның империя алдындағы “қызметін” атай келіп (Айтовты қысымынан, Шустиков пен 5 солдатты тұтқыннан, Е.Ковалевскийді жолдастарымен қарақшылардан құтқарғанын т.б.) жаза келіп, он жасар Нұрсұлтанды жаңа ашылғалы тұрған мектепке келушілер аз болғандықтан, алуды сұраған (16:28) Обручев ОШК-нан Мақамбет қазір қайда, қашаннан бері көшіп жүр, сұлтан-билеушінің айтуынша Өтемісов өзің қалай ұстайтындығы жөнінде мәлімет беріңіз – деген (17:33) Бұл қастандықтың басы болды. Бұған Баймағанбет 24.03.45ж. ОШК-на берген жауабында М.Өтемісов тұрақты көші-қон орны жоқ. Орта бөлікпен арада жүрген, соңғы екі жылда бері Батыс бөлікте Қалдығайты өзені бойында көшіп жүреді, құлқы тым нашар, қазақтар арасында зиянды – дей келіп ОШК-нан оны менің қарауымнан аластаңыз – деп өтінеді. (18:39) ОШК 6.04.45ж. Б.Айшуақовке Мақамбеттің жағымсыз құлқы неде, діндестері арасында зияны қандай, нақты қабарлама жазуды міндеттеген. Полковник Б.Айшуақов 12.05.45ж. жауабында М.Өтемісов Кенжеғариндермен бірге, ауылында Ішкі тараптан жылқы ұрлап қашқан Мәстек Ақметов турады, Тасқара Теңізбаев, Жәміл Тлемисов (Шыбынтай немересі) т.б. Өтемісовте жасырынуда. Жалпы Ішкі Ордадан қашқандар Өтемісовке барып, паналайды және оларды қорғап, іздеп барғандарға бермен, қарумен қорғайды, - деп сұлтан тағыда Мақамбетті аластау жөнінде өтінішін қайталайды. (19:47) ОШК-сы 6.00.45ж. өзінің мәжілісінде осының бәрін қайталап, Баймағанбетке батыр көшіп жүрген ру, не ата адамдары қоғамдық үкім (приговор) жазыңыздар деп тапсырады. Б.Айшуақов батыр мен ортақ тіл табуға талпынбай, қаскөйлік жасап отыр, оны отаршылар қолдағанын көреміз. Екіншіден, Мақамбет қудалауда жүрсе де Нарын жағымен байланыс орнатып, күресін жалғастыра бергені көрінеді. 1841-1845ж.ж. Ішкі тарапта саяси жағдай тағыда шиеленісті Жәңгір хан 1836-1837ж. көтерілістен тиісті қорытынды жасамады, алым-салығын көбейтуді, жерді сатуды жалғастыра берді. 1844ж. Зекеттен 930.185 сом жинағанын айттық, соғымды бір жылда бірнеше рет жинап, сындай сома алған. Жерді сажындап, арқанмен, не адымдап өлшеп, біреулердің жерінен бөліп алып, сата бергенін, ханнан сұлтандар, билер қалыспай өз “үлесін” алуға тырысқан. Көп шығынға түсетін ханның орыс қалаларына баруы, ұлықтарға, патшаға сый беруі тиылмай, елден ол үшін жылу жинауы т.б. алым-салығы бітпеген. 1842ж. бастап шағым жазу тағы басталған. Патшаның сеніміне кірген ханға Орынбор әкімшілігі тексеріп, тиым салмаған. Бассыздық жалғаса берген. Заңсыздық заңсыздықты туғызады деген қағида орын алғанын айттық. Әр жерде ашық наразылықта көрінген. Кәрияларымыздың айтуынша ханға қарсы 4-ші көтеріліс дайындала бастаған. Бұны ақсақалдар естіп қойып, азаматтарға: 3 рет қару алдыңдар, жетер, қанша адам қасіретке ұшырап, мал, дүние ысырып болды. Ханды жоюдың басқа жолын табыңдар депті –мыс. Жер реформасынан нәтиже бермеді, халықты отырықшыландырып, егінге жол ашу болмады, шаруалардың көбінің өз жер иелігі болмады. Адам саны азайды, бір кезде 16 мың шаңырақ, 4 млн. бас мал болса, 1839ж. өскеннің өзінде 12 мың шаңырақ 1,6 млн. бас мал болды, егіншілік көрінбеді. 1844ж. ханның алым-салығы туралы шағым тағы түсті. “Оқымысты”, “көреген” ханның жұмыс нәтижесі осылай, Жебір ханнан құтылудың біреулер жолын тапқандай. 1845ж. 11-тамызда Жәңгір дүние салды. Ішкі тарапта күрт өзгеріс күтілуі. Бұл жағдай Мақамбетке де әсер етуі мүмкін. Нарынмен байланысыда болған. Бұдан патша әкімшілігіде қауіптенуіде болар. Кешікпей, Баймағанбет сұлтанның тапсыруымен старшындар, билер, қазақтар М.Өтемісов туралы “Приговор” құрап, оның зиянды қылықтары бар,жыртқыштармен астас болып, олардан “мүлік, мал алғанын” байқадық, сондықтан біз оның бізбен бірге көшіп жүруін қаламаймыз, өйткені ол Ішкі Ордадан қуылған, біз одан келетін зияннан аулақ болғымыз келеді, - деп жазыпты. Мөрін басып, қол қойғандар ішінде әйгілі билер Сарыбөпе, Өшірті Баймұратов, Қазы Сырымов, Жұмырдың баласы Қара, хорунжиі Б.Аллаяров т.б. (20:72). Бұл билердің рапортымен үкімін ОШК талқылап, 11.09.45ж. Баймағанбетке М.Өтемісовті шұғыл ОШК-на жіберуін (выслать) міндеттеген. Бірақ бұны орындау қиын болса керек. ОШК 31.12.45ж., 28.02.46ж., 10.04.46ж. тағыда батырды комиссияға жеткізуін талап етеді. Мақамбет өздігінен бармаған болар, ал сұлтан күш қолданудан жасқанған болар, батыр қалың ел ортасында ғой. Содан әккі қу Баймағанбет т.б. батырды алаша руы ауылынан бөліп, оқшауландырудың жолын іздестірсе керек. Әуелі, 4-ші дистанция командиріне “алаша руының киргизі (қағазы) М.Өтемісовті маған әкел деген, бірақ ол орындалмады. Сосын алаша руы Аталық атасының биі Сарыбөпе Кенжеғаринге жүктейді, бірақ ода орындамаған. Баймағанбет ОШК-на 12 шілдедегі жауабында Мақамбет өзі сияқты қылмысты Сатыбалды Кенжеғаринде жасырынып жүр, екеуі де іздеушілерден, бастықтардан тығылып қалады. Ыңғайлы кезде Өтемісұлын өзім ұстап, комиссияға жеткіземін деп сендіреді отаршының жалдаптары. (21:143) Бірақ қолында қарулы күш болса сұлтан “өз халқының ішінде өте тамаша қазақты” ашық барып елді бөрліктіріп ұстап алуға халықтан тайсалады. Талай азаматтың “басын жұтқан” жалдап сәтті кезді күтеді. Енді Б.Айшуақовтың 5.11.46ж. рапортында ол М.Өтемісовты ұстап әкелу үшін №4 дистанция командирі хорунжий Ықылас Түлеевті, би А.Боздақов т.б. 15 шақты кісі жібергенін ОШК-на жазып, Мақамбетті ұстауға жібергенін, өлімін мәлімдейді. 1846ж. жазында Мақамбет қасындағы М.Ақметов (ноғай) Жәміл Тілемісов т.б. ретін тауып сұлтан ұстатады. Батырды да ұстаудың жолын іздеген. Ішкі тарапта да жағдай мәз емес, халық қарғысына ұшыраған Жәңгір орнына хан қоймады. Сұлтандар, билер өзара қырқысып, арыз көбейді. Уақытша басқарушы болған Әділ Бөкеевті кейбірі мойындағысы келмеді. Батыр Кіші жүздің Орта бөлігіне барса, Орынбор бәрібір ұстатыны белгілі. Ойды ой тербеп батыр жанұясын Ішкі тарапқа апарғысы келген болар. Сарыбөпе жағынанда қауіп бар. Осының бәрін екшей келе батыр жанұясымен Дендер тауы жағына көшіп келеді. Аңызда ол Асаубай деген бажасына келеді, бірақ күмән кетпесе керек. Бөлініп “Қара ой” деген жерге, Жайықтың шығысында 45 км жердегі Малайсары бейтіне жақын орнығып, үй тігеді. Сірә су қата Жайықтан өтіп Нарынға бармақшы. Бекең білсе батыр базаршыны күтті деп ел аузындағы мәліметті жазады ( :31) Қасында үш азамат болған: інісі Қасен, Бетімбай Шөкеұлы, Меңдібай Есмамбетұлы Баймағанбет қу кісі тыңшылары арқылы Мақамбеттің оңаша кеткенін барлап отырса керек. Баймағанбеттің 5.11.46ж. рапортында ол қызмет бабымен қырға шығады. Сол кезде Ықылас тобын Қаройға жіберген ғой. Қазан айының 20 жұлдызы шамасында Ықылас Төлеев жендеттерімен Қараойға жақындап келеді.
Төрежан Тұрымов (Табын) Мұса, Нұраллин ауылға жақындаса, үйден Мақамбет, інісі Қасен, және 5 кісі шықты, Мақамбет дайын тұрған аттарға жүгіреді, бірақ Т.Тұрымов аттардың шідерін алып, қуып жібереді. Ы.Төллев, М.Нұроллин т.б. қалғандары келіп, 3-4-імен Мақамбет үйге кіреді. Ықылас Адай ауылының 4 жылқысы жоғалғанын, соны іздеп келгенін әңгіме жасайды, Мақамбетке жылқыны тауып бер деп айып тағады. Баймағанбет өзінің рапортында Мақамбеттің өлімі туралы толық мәлімет бермеген. Біз ол үшін шала болса да бар архив ісі материалын пайдаланамыз. ОШК бір белгісіз себеппен Мақамбет өлімін тергеуге Редкин дегенді тағайындапты. Қасеннің жауабында оқиға 15-20 қазан айы шамасында болған. Ол ағасының қалай өлтіргенін көрмепті. “Шай ішейік” деп үйге Ықылас Төлеев Мұса Нұроллин кіреді. Баймағанбеттің жазуынша Мақамбет қолынан қанжарын тастамайды. Шай үстінде Ықыластан неге келдіңіз деп сұрағанда, ол Баймағанбет сұлтанның бұйрығымен сені ұстап әкетуге келдім - депті. Мақамбет оған қанжарымен ала ұмтылады. Екеуінің арасына Мұса түсіп, Мақамбетті ұстап жібермейді. Осы кезде наркескенді ала Ықыласқа Мақамбеттің әйелі қару сілтегенде “Ықылас әйелді итеріп жібереді. Мақамбет – “тірілей қолдарыңа берілмеймін” – дейді. Қатты дауыс шыққасын сырттан үйге Жүсіп Өтеулин кіріп, жолдастарына жақында деп белгі бере, өзі әйелдің қолындағы наркескенді күшпен тартып алады. Ал Мұса қару жұмсағысы келген Мақамбетті әзер ұстап тұрады. Жүсіп Мақамбеттің қанжарын тастату үшін қолын шаппақ болғанда, сілтеген қылыш оның басына тиіп, Мақамбет табан астында тіл қатпай сұлап түседі. Мұса мен Ықылас: біздің Мақамбетті өлтіру ойымызда болмады, Мақамбет бізді үйге кір деп, сыртқы есік алдына 4 кісіні қарауылға қойды, мақсаты бізді, сосын қалғандарды біртіндеп шақырып, құртпақ болды, - деген. Жүсіп қалғандарға белгі бергенде қарауылдағылар қаша жөнелген. Ал Қасен мен Меңдібай деген жауабында: Мақамбет сыртта қатер төнгенін сезіп, Т.Тұрымовтарды тоқтатпақ болып мылтық атарда қолына жабысып: кім екенін білейік – деп кідірткен. Ықылас үйге кіргенде Қасен, Меңдібай аулаққа намаз оқуға кетіп, кейін шуды естиді. Келгендер бұлардың бәрін тұтқындап дүние, мүлікті талап, 2 сандықты қиратып, ішік, тон, шапан, бешпет, жібек көйлектер, т.б. талап алып, 8 жылқы, 4 түйені, т.б. айдап әкетеді. Баймағанбет оны жазбайды. Редкин 31.10.46ж. ОШК-на тергеу барысын баяндаған. Әрине тергеу бір жақты айыпты Ықылас, Жүсіп, Мұса тергеуге келмеген. Баймағанбет Жүсіпті келтірмей, “алысқа кетіп қалды” деген, ал таланған мал, мүлікті, 3 мылтық, 2 қылышты (қанжар) алып, батыр жанұясын бірге ұстап алғанын айтады, олардан керекті жауабын хаттап Родкинге жіберген. Оның ішінде 2 әйелдің жауабы бар. Әрине олар шындықты толық жаза алмаған. Тергеу нәтиже бермеген. Бұл ұзақ әңгіме, зерттеуші тарихшыны күтіп тұр. Кісі өлтіргендер жазалаусыз қалған. Баймағанбетті айыптау орнына, ол өтініп Петерборда барып, көп жылғы зор еңбегі үшін патшадан генерал атағын алған. Патша Жоламан, Барақ, Амангелді, Жылгелді, Исатай, Мақамбет т.б. азаттық үшін күрескенді қудалап, құртып жібергенін өзінше бағалаған. Елден қарғыс алған сұлтанда астанадан үйіне жете алмай, “қарғыс атып” суға кетіп өлген. Бұл жөнінде де фальсикация баршылық. Сондайдың бірі – Отарбаев Р. Мақамбет пен Баймағанбет өлімі туралы деп әр немені жазып, былықтырып, сұлтан 1847ж. наурызда Елек өзені тасығанда Сегіз сері мен Асаубай паром жібін кесіп, сұлтан суға кетті – депті. Бұл көп өтіріктің бірі. Сұлтанның өлімі туралы архив ісі, онда Баймағанбеттің туысы, әрі көмекшісі Мұқамбетқали Тәукиннің түсініктемесі бар. Онда Елек жағасынан шыға тасып, су кең жайылған, арғы бет әрең көрінеді, - депті. Ондайда паром жүре ме? Ел аузында сұлтан бүгін “аққолтыққа жетпей болмас – депті - мыс. Сұлтан асығып, Затонный форпостысында казактарға салы жасатыпты, оған сұлтан М.Тәукин, 2 казак отырып есіп ортаға барғанда қатты дауыл тұрып, толқын көтеріліп сал ауытқи бергенде семіз сұлтан суға ауып кеткен. М.Тәукинде әрең жағаға шығады. Сосын Сегіз сері бұнда, Кіші жүзге келген емес. Оқырманды шатастырмайық, тарихымызды бұрмаламайық. Осылай Кіші жүздің әйгілі қоғам қайраткері, батыры губернатор бастаған, сұлтан қостаған, старшина – билер жүзеге асырған қастандықтың құрбаны болды.
Достарыңызбен бөлісу: |