Бірлесе бақыланатын активтерге қатысу үлесі жөнінде кəсіпкер өзінің қаржы есептілігінде:
(а) активтердің сипатына сəйкес сараланған бірлесе бақыланатын активтердегі
өз үлесін;
(b) өзі қабылдаған кез келген міндеттемені;
(с) бірлескен қызмет жөнінде басқа да кəсіпкерлермен қатар кез келген
міндеттемедегі өз үлесін;
(d) бірлескен қызмет нəтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен
қызметке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге,
сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты;
(е) бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесі жөнінде, мысалы, кəсіпкердің
активтердегі үлесінің қаржыландырылуына, өндірілген өнімдегі өз үлесін
сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды мойындауға
міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |