Бірлескен қызмет нысандары
Бірлескен қызметті түрлі нысандар мен құрылымдар түрінде жүзеге асыруға болады. Осы Стандартта үш негізгі түр белгіленген - бірлесе бақыланатын операциялар, бірлесе бақыланатын активтер жəне бірлесе бақыланатын ұйымдар – бұлар осылай деп жинақтап аталады жəне бірлескен қызмет анықтамасына сай келеді. Мына сипаттамалар бірлескен қызметтің барлық түрлеріне тəн:
(а) екі немесе одан көп компания шартты келісіммен байланысты; жəне
(b) келісімшарттық мəмілелерде бірлескен бақылау орнатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |