10. Зертханалық жұмыс. Бұрыштық жылдамдықтар мен үдеулердің шеңберлі графиктерін сызу.
Мақсаты: 1. Бұрыштық жылдамдықтар мен үдеулердің шеңберлі графиктерін құруды үйрену.
2. Ауырлық орталығының радиусының бұрыштық жылдамдықтардың және үдеулердің өзара байланыстарының өзгеруін меңгеру.
Жұмыс барысы: 1. Гимнасстың денесінің бұрыштық жылдамдығы және оған сәйкес үдеудің өзгеруі ауырлық күштердің әсеріне байланысты /төмен қарай қозғалғанда үдей түссе, жоғары қарай қозғалғанда баяулайды/, сонымен бірге ЖАО радиусының ұзындығының өзгеруіне де байланысты. ЖАО кермеге қарағанда жақындағанда оң бұрыштық үдеу пайда болады да, бұрыштық жылдамдық өседі; ЖАО кермеден алыстауы керісінше әсер етеді. ЖАО бақылай отырып, оның жақындауымен алыстауын /айналу орталығына/ нүктемен белгілеп, оны сызықтар мен қосып /№1-ден №25-ге дейін/ тұтас сызықшамен қосса, бұл ЖАО траекториясы болып шығады (№9-шы жұмысты қара).
2. Бұрыштық жылдамдықтардың шеңберлі графигін, бұрыштық жылдамдықтардың мәндерін /бірінші айырмашылықтарын `φ/ керменің білігінен ЖАО радиустарына түсіріп көрсету ыңғайлы. Радиустағы барлық нүктелерді қосып /№2-ден №24-ге дейін/, бұрыштық жылдамдықтың графигін аламыз.
3. Бұрыштық үдеудің бұрыштық жылдамдыққа қарағанда шеңберлі графигін көрсету өзгеше, себебі жылдамдықта бір белгі болса /бір бағытта қозғалу/, ал үдеу екі белгіден /оң – жылдамдықтың өсуі және теріс – жылдамдықтың азаюы/ тұрады. Нөлдік деңгейге шеңбердің еркін радиусын аламыз /оның аралығы – керменің білігі/. Оң үдеулерді берілген нүктелер радиусынан шеңбердің ортасына қарай /0-ден/, ал теріс үдеулерді орталықтан – шеңбердің сыртына қарай саламыз.
4. Бұрыштық жылдамдықтар мен үдеулердің шеңберлі графиктерін салу. ЖАО радиусына /2-ші дене кейпінен бастап/ бұрыштық жылдамдықты еркін масштабпен түсіру керек /мыс.: бірінші айырмашылықтың 10º 10 мм тең деп аламыз/. Алынған нүктелерді сызықтармен қосу керек. ЖАО радиусына (3-ші дене кейпінен бастап) еркін радиус шеңберінен оң үдеуді орталыққа қарай, терісті – орталықтан түсіру керек /масштаб: 10 мм 10º-екінші айырмашылығына сай келеді/. Нүктелерді сызықтармен қосу керек /10суретті қара/. Қисық сызықтар тұйықталмаған, себебі бірінші және соңғы дене кейпілеріне жылдамдықтың деректері жоқ.
5. Бұл қозғалыстардың ауырлық күш әрекеттері мен дененің кермеге жақындау білігінің арасындағы тәуелділікті талдау. ЖАО қай жерде кермеге жақындап, қай жерде алыстайтынын, үдеу мен жылдамдықтың осыған байланысты өзгеруін көрсетіп кету керек.
11. Зертханалық жұмыс. Қозғалыстардың уақыттық көрсеткіштерін анықтау.
Мақсаты: Спорттық қозғалыстардың уақыттық көрсеткіштерін тауып, олардың өзара арақатыстарын анықтау.
Жұмыс барысы: 1. Уақыттық көрсеткіштерге жататындар: қозғалыс ұзақтығы /бүтіндей немесе оның бөлшектері, немесе фазалары/; - қозғалыстың басталу және аяқталу уақыт сәттерінің айырымы t = ti - to /сек/; - қозғалыс қарқыны қозғалыстың уақыт бірлігіндегі саны – N = 1: t; - қозғалыстың уақыттық ырғағы – қозғалыстардың бөлек бөлімдерінің уақыттық аралықтарының арақатысы, ол дегеніміз тұтас қозғалыстың уақыттық фазаларының арақатысы t1 : t2 ...
Достарыңызбен бөлісу: |