14-сурет. Электромеханикалық велоэргометрдің генераторындағы ауыртпалық тогымен кернеудің осцилограммасы және педальді айналдыру қуаттылығының өзгеруі негізінде есептелінген графигі.
Бақылау сұрақтары
№1 жұмысқа.
Биомеханика пәні нені зерттейді?
Биомеханиканың мақсаттары мен мазмұны неде?
Биомеханиканың дамуы және басқа пәндермен байланысы.
№2 жұмысқа.
Қозғалыстарды тіркеу тәсілдері мен кезеңдері.
Кинематикалық және динамикалық көрсеткіштер.
Қимыл-қозғалыс құрылымдарына талдау жасау.
№3 жұмысқа.
Биокинематикалық жұптар мен тізбектер.
Бостандық дәрежелері деген не?
Биокинематикалық тізбектердегі бастырық, оның рөлі.
№4 жұмысқа.
Бұлшық еттердің механикалық қасиеттері.
Бұлшық ет жұмысының түрлері.
Бұлшық еттердің топтасуы кезіндегі бір-біріне әсері.
№5 жұмысқа.
Биомеханикалық жүйелердің құрылысы.
Биомеханикалық жүйелердің қасиеттері.
Биомеханикалық жүйелердің қозғалыстар кестесінің ерекшеліктері.
№6 жұмысқа.
Қашықтық пен уақытты есептеу жүйесі.
Кеңістіктік көрсеткіштер.
Уақыттық көрсеткіштер.
№7 жұмысқа.
Инерттілік көрсеткіштер туралы түсінік.
Күштерге сипаттама беру.
Салыстырмалы сыртқы және ішкі күштер.
№8 жұмысқа.
Қозғалыстар жүйесінің құрамы мен құрылысы.
Өздігінен басқарылатын жүйелер.
Оқыту мен жаттығу кездеріндегі қозғалыстар жүйесінің өзгерістері.
№9 жұмысқа.
Дене кейпін сақтау /гимнастика жаттығулары кезінде/
Айналмалы жаттығулар /айналу өсіне байланысты/.
№10 жұмысқа.
Тіректен итерілу механизмі.
Сермеу қимылдарының рөлі.
№11 жұмысқа.
Адымдау қимылдарының элементтері.
Адымдар ырғағы мен жиілігі, ұзындығы, жылдамдығы.
№12 жұмысқа.
Сырғанау шарттары.
Шаңғы және таяқпен итерілу механизмі.
№13 жұмысқа.
Жүзушінің денесі мен судың арасындағы байланыс.
Қолдар мен аяқтардың есу қозғалыстары.
Дене тәрбиесінің тәрбиелеу бағдарламаларын негіздеу.
№14 жұмысқа.
Сыртқы денелердің орын ауыстыру мәндері.
Соққылар мен лақтырулар.
Спортшының дайындықтарын негіздеу және бақылау.
ЕСЕПТЕР
1. Мысал. Радиусы R=2 метр және бұрыштық жылдамдығы = 573= 10рад/сек шеңбер бойынша балға бірқалыпты айналып тұр. Балға-шардың – а /15-сурет/ үдеу модулін анықтау қажет.
2. Мысал. Мейлі, нүктенің қозғалысы мына теңдеулермен берілсін: Х = 14t; У=7t-4,9t2. Бастапқы қозғалысынан І секунд өткеннен кейін нүктенің қозғалыс траекториясын, орнын және жылдамдық модулімен үдеу модулін табу керек.
15-сурет. Балға-шардың кинематикалық көрсеткіштерін анықтау үшін есеп-схема.
3. Мысал. Адамды аяқ ұшында /башпайларда/ ұстап тұру кезіндегі сирақтың үш басты бұлшық етінің тарту күшін анықтау, егерде сол талдау уақытында дененің ауырлық күші Р, 500 Н тең болса, тілерсек буыннан /0/ өсі салыстырмалы түрде алдынан 0,1 м/ч1/ қашықтықта болса, ал иық бұлшық етінің тарту күші 0,04 /ч2/ тең болса.
4. Мысал. Спортшының ядроға, егер оның массасы /мя/ - 7,257 кг тең, ұшу биіктігі - /һаяқт./ - 2,25м., ядроның бастапқы биіктігі /һбаст./ - 1,3 м., ядроның ұшып шығу жылдамдығы /Уаяқт./ - 12 м/сек болса, жұмсаған пайдалы жұмысы қандай болмақшы?
5. Мысал. Спортшының штангіні төстен итеруді орындаған кезде жұмсалатын орташа қуаттылықты анықтау, егер штангінің массасы /м/ 150 кг тең, штангі грифінің бастапқы биіктігі /һбаст./ - 1,3м., штангі грифінің соңғы биіктігі /һсоңғ./ - 2,2 м., штангіні итеру уақыты /t/ - 1,5 сек.
6. Мысал. У= 10м/сек. Объективі F=50 мм 10 м қашықтықтан түсіріледі. Экспозиция уақытын анықтау.
7.Мысал. f=200 к/сек түсіру жиілігі, t=1:1500 сек. Обтюратордың бұрыш /ашылу/ кескінін анықтау.
8. Мысал. 200 к/сек жиілік кезінде үш рет жүгіру адымын тіркеу үшін 35 мм таспаның ұзындығын анықтау.
9. Мысал. Маятниктің 10 тербелісінің уақытын 5 рет өлшегенде /№ зертханалық жұмысты қара/ мынандай сандар алынды: 25,3; 25,6; 25,6: 25,5: 25,4 сек. Мәндердің барынша мүмкін болу көрсеткішін анықтау, оның берілген мәнінен орташа квадраттық ауытқудың сипатын және 0,95 мүмкіншілік шынайы мәнінің сенімді интервалын табу.
Достарыңызбен бөлісу: |