Уақыттық көрсеткіштерді импульсті фотосуреттер, кинограммалар немесе кинотаспалар арқылы түсіру жиілігі есептелініп жүргізіледі. Бір уақыттық интервалдың ұзақтығы таңдап алынған жиілікте t = t1 - t0 = 1: f – 0 : f = f /сек/ болады.
Қозғалыс белгілі бір бастапқы жағдайдан басталатындықтан оны нөльге тең деп аламыз. Қозғалыстың бөліктерін шектейтін кадрларды фазаның соңы деп білеміз. Оларды бастапқы қозғалыстан уақыт аралығы бөліп тұрады. Осының арқасында фазаның ұзақтығын бастапқы және соңғы уақыт аралықтарының айырымы арқылы табады. Мысалы, фаза 28 кадрдан басталып 50-ші кадрде аяқталады. Бұл фазаның ұзақтығы түсіру жиілігінің есебі арқасында келесі теңдеу арқылы табылады: tф = tаяқт.-tбаст.= = сек.
Достарыңызбен бөлісу: |