Биологиялық химия Кафедрасы


Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру



жүктеу 0,81 Mb.
бет175/233
Дата27.09.2023
өлшемі0,81 Mb.
#43557
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   233
Биологиялы химия Кафедрасы

2. Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіреді.
3. Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттердің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу). Студенттер тапсырманы орындау кезінде оқытушы студенттердің өзіндік жұмысты орындауын тексереді, , тапсырманы кімнің дұрыс орындағанын тексеріп, оны бағалайды, қажет болғанда түзету енгізеді.
4. Шағын топта жұмыс жасау. Студенттер 6 топқа бөлінеді: әр топ жағдайлық есепті шешеді, оны талдап, содан соң бүкіл топпен барлық жағдайлық есепті талдайды.
5. ОСӨЖ-ді қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды.
Кесте: «Суда еритін витаминдер»

Витаминдердің әріптік белгіленуі

Химиялық аталуы

Биологиялық әсері

Тәуліктік қажеттілігі

Табиғатта таралуы


















Жаттығулар:
1. а) алиментарлы және ә) екіншілік витамин жетіспеушілігінің пайда болу себептері мен механизмдері.
2. Организмді витаминмен (мөлшеріне байланысты) қамтамасыз етудің бұзылуына қатысты 3 ауру типін атап, оларға сипаттама беріңіздер. «Полиавитаминоз» термині нені білдіреді?

  1. Антивитаминдер дегеніміз не? Олардың әсер ету механизмі қандай? Бірнеше антивитаминге мысал келтіріңіз.

  2. Суда еритін витаминдер организмде қандай функция атқарады? Олардың ферменттермен байланысын көрсетіңіз.

  3. ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз, берілген реакцияға ПДГ-комплекстің коферменттерінің құрамына кіретін қандай витаминдердің қатысатынын көрсетіңіз.

  4. Коферменттерінің құрамында В2 витамині бар ферменттерді атаңыз. Олардың қандай реакцияларға қатысатынын көрсетіңіз.

  5. Никотинамидтің формуласын жазыңыз, одан түзілетін коферменттерді атаңыз. Осы коферменттер қатысатын реакцияларды жазыңыз.

  6. Вс және В12 авитаминозы қалай аталады? Бұл жағдайда қандай ферменттердің функциялары бұзылады?

  7. С витамині қандай биологиялық әсер көрсетеді?

  8. Вс авитаминозы кезінде қандай ферменттердің функциясы бұзылады? Осы ферменттердің катализдік функциясы.

  9. Триптофанның декарбоксилдену реакциясын жазыңыз, бұл реакцияны қандай ферменттездетеді, оның коферментінің құрамына қандай витамин кіреді?



Жағдайлық есептер:

  1. Қан сарысуында пирожүзім қышқылының мөлшері артқан, содан кейін ол зәрде де пайда болған. Бұл жағдай қандай витаминнің авитаминозы кезінде байқалады?

  2. Науқаста амин қышқылдарының алмасуы бұзылған, жүйке жүйесінің зақымдануы, РР витаминімен емдеуге келмейтін дерматит. Науқасқа қандай витамин берген жөн?

  3. Науқаста перинциозды анемия. Мұны қай витаминдердің жетіспеушілігімен түсіндіруге болады?

  4. Науқастың психикасы бұзылған, есте сақтауы нашарлаған, сандырақ, асқа тәбетінің болмауы, жүрек қағысының жиілеуі, жүрек аймағының ауыруы, шеткі жүйке жүйесі бойынша ауырсыну, балтыр бұлшық етінің ауыруы байқалады. Науқасқа диагноз қойыңыз. Оны қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

  5. Науқастың тілінің және ернінің кілегей қабықтарында қабыну (ашық қызыл түсті), езуінде сызаттар бар, көздің қасаң қабығында қабыну мен васкуляризация (қан тамырларының тамырлануы), катаракта байқалады. Науқасты қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.

  6. Науқаста асқазан сөлінің қышқылдығы төмендеген, фоль қышқылымен емдеуге келмейтін анемия (қан аздық). Науқасты қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.




жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   233




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау