|
«Биология» пәні бойынша қорытынды аттестаттауға арналған спецификация 9-сыныпЕмтихан жұмысына балл қою және баға беру үдерісіБиология 9 қорытынды аттестация Парасат каз (1)Емтихан жұмысына балл қою және баға беру үдерісі
Емтихан жұмысы үшін балл қою үдерісін балл қою кестесі негізінде аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады.
Білім алушыларға қойылған балл балдарды бағаға айналдыру шәкіліне сәйкес бағаға ауыстырылады.
Емтихан жұмысының балдары
|
Балдардың проценттік құрамы, %
|
Баға
|
0-19
|
0-39
|
2 (қанағаттанарлықсыз)
|
20-32
|
40-64
|
3 (қанағаттанарлық)
|
33-42
|
65-84
|
4 (жақсы)
|
43-50
|
85-100
|
5 (өте жақсы)
|
Негізгі бағалардың сипаттамасы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Іс жүзінде оқушыға берілген баға оның тапсырмаларды қалай орындағанына байланысты болады.
Баға
|
Сипаттамасы
|
5
|
Оқушы пәнді терең әрі жете біледі және пәннің қағидалары мен әдістерін нақты түсінеді.
Қағидаларды таныс, сондай-ақ таныс емес жағдайларда қолданылады. Оқушының жауаптары жақсы түсіндірілген, нақты және сұраққа қатысты, сонымен қатар қиын есептеулердің шешімі дәл және дұрыс берілген.
Оқушы:
фактілерді қағидалармен және теориямен, керісінше теорияны фактілермен байланыстыруды;
бірнеше дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтауды, оны қолдана білуді және айқын логикалық түрде ұсынуды;
айнымалылардың кең таңдауы бар ситуациялық есептердің шешімін табуды;
моделдеу мен бағытын анықтау үшін бірнеше ақпараттардан алынған мәліметтерді өңдеуді біледі.
|
4
|
Оқушы пәннің түрлі салаларынан жақсы білімін көрсетеді, болмашы кемшіліктері бар, пәннің негізгі принциптері мен әдістерін түсінеді. Қағидаларды таныс, сондай- ақ аса таныс емес жағдайларда қолдануы мүмкін;
Оқушының жауаптары жақсы түсіндірілген, нақты және сұраққа қатысты; сонымен қатар есептеулердің шешімі жартылай дұрыс.
Оқушы:
оқу бағдарламасында келтірілмеген фактілерді жағдаяттарда байланыстыра алуды;
ақпаратты бірнеше дереккөздерден таңдауды және оны айқын логикалық түрде ұсынуды;
айнымалылардың шектеулі саны бар ситуациялық есептерді шешуді біледі.
|
3
|
Бұл бағаны алған оқушы болмашы кемшіліктері бар, пән бойынша базалық білімін көрсетеді және пәнге негізделген қағидалары мен әдістерін аса түсінбейді. Қағидаларды негізінен белгілі жағдаяттарда ғана қолданады.
Оқушының жауаптары ішінен қажетті ақпаратпен қоса қажетсіз ақпарат та бар. Қарапайым есептерді дұрыс шығарған, бірақ қиын есептерде қателер жіберген.
Оқушы:
|
2
|
Білім алушыда пән бойынша базалық білімі жоқ.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|