«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру


«КТС» КҮНШУАҚ, ТҮЙМЕДАҚ, САМАЛ-ЖЕЛ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ



жүктеу 1,39 Mb.
бет4/7
Дата21.11.2018
өлшемі1,39 Mb.
#22874
1   2   3   4   5   6   7

«КТС» КҮНШУАҚ, ТҮЙМЕДАҚ, САМАЛ-ЖЕЛ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ


Мақсаты: оқытылатын тақырыптың оқыту сапасының нормативті көрсеткішіне жетісту. Оқушылардың үш деңгейлі күрелеліктегі ұқсас тақырыптары мен толық тарау бойынша өз бетінше оқу тапсырмаларын құрастыру бойынша дағдыларын бекіту. Ізденіс іс-әрекеттерін дамыту. Оқыту сапасының қорытынды мониторингі. Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау. Күтілетін нәтиже: мақсатқа жету.

5 типті оқыту сабағы. Іс-әрекеттер әдістері мен білімді түзету, бағалау және тексеру бойынша оқу сабағы: мотивация > тапсырмаларды өз бетінше орындау > өзіндік бақылау > бақылау > талдау > бағалау > түзету > түйсіну.



1

1 цикл Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Оқушылардың мотивациясы сынып-команда ретінде. Сынып-команда бұл карта бойынша аса жоғары нәтижемен көрінуі тиіс. Сыныпты белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.

Карта бойынша жұмыс реті түсіндіріледі. Сарапшылар жұмысын түсіндіру. Карта бойынша жұмыс нормативі: ЖКШ деңгейіндегі 30 тапсырмадан кем емес «Альфа» тобы оқушыларының 63% орындауы тиіс.

2

1 кезең Тапсырмаларды өз бетінше орындау

Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ. Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексеріледі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тексеру регламенті «Алгоритм» кратасындағыдай жүргізіледі.

Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Орындау сапасы бойынша сыныпты үш-төрт топқа 7 адамнан бөлу – Альфа: ТКШ–АКШ-ЖКШ, Бета: АКШ-ТКШ, Гамаа: ТКШ, Дельта ТКШ.

3

Өздік бақылау

«Альфа» тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі-ЖКШ тапсырмаларын орындайды. «Бета» тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі-ЖКШ, АКШ тапсырмаларын орындайды. «Гамма» тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі-АКШ, ТКШ тапсырмаларын орындайды. «Дельта» тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі-ТКШ тапсырмаларын орындайды. Әр топ «Көшбасшысын» таңдап алады.

Әр оқушы өз бетінше тапсырмалар құрастырады және екі кезеңді шешеді, соңынан оны сағат тіліне сәйкес оң жақта отырған әріптесіне ұсынады, ол өз кезегімен келесі 2 кезең тапсырмаларын орындап одан ары қарай береді.

4

Бақылау

Әр топ күрделілігі мен сапасы. жоғары тапсырмалардың максималды санын өз бетінше орындауға мақсат алады. Мұғалім топтың жұмыс жасауын қадағалайды.

Жұмыс жасау уақыты. 30 минут. Әр оқушы өзі құрастырған мысалдың алдына өз фамилиясын жазады.

5

Талдау

Жұмыс соңында өзара тексеру жүргізіледі: - «Альфа» тобының жұмысын мұғалім тексереді; - «Бета» тобының жұмысын «Альфа» тобы тексереді; - «Гамма» тобының жұмысын «Бета» тобы тексереді; - «Дельта» тобының жұмысын «Гамма» тобы тексереді.

Келісілмеген қарама-қайшылық туған жағдайларды мұғалім қарайды.

6

Түзету

Тақтаға әр топтың нәтижелері енгізіледі: - барлығы жалпы қанша жасалынды; - қандай күрделілік деңгейде; - қанша қате табылды.

Әр топтың жұмыс сапасы талқыланады.

7

Түйсіну

Мұғалім жұмыс нәтижесі мен бақылау бойынша топтар арасынан күшті және әлсіздердің орынын алмастырады. Топтардың баға көрсеткіштері сапа күрделілігі, шапшаңдығы мен орындалған тапсырмалар көлеміне сай болады. Егер де, оқушы әдейі оңай тапсырма құрастырып немесе басқалардың құрастырған күрделі тапсырмаларын шеше алмаса онда – бұл ол оқушыны басқа әлсіз топқа алмастыруды қажет етеді. Топтың жұмыс жасау шапшаңдығына ілесе алмаған оқушы да, сол сияқты әлсіз топқа көшіріледі.

Топтар да нашар оқушының үлгермеуі туралы, басқа төменгі топқа алмастыруға ұжымдық ойларын айтуға құқықтары бар.

8-14

2 кезең

1 кезеңнің қайталануы.

Жұмыс ережесі мен регламент басқа кезеңдерде өзгермейді.

15

Бағалау

Бағалау деңгей бойынша жүргізіледі: Альфа-5 ұпай. Бета-4 ұпай («Альфа» тобында жұмыс жасаған оқушылар 5 деген баға алады). Гамма – 3 ұпай. Дельта – бағаланбайды.

«КТС» картасы бойынша қорытындылау, «Альфа» тобындағы оқушыларға сыныптағы заң шығарушылар 5 бонустан береді.

16

Үй тапсырмасы

«Дельта» және «Гамма» тобында оқитын оқушылар үйге тапсырма алады.

 

ІЗГІЛІКТІ БАҒЫТТАҒЫ БАЗАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАР СЕРИЯСЫ «АУЫЗША САБАҚ» «АУЫЗША САБАҚ - 1»


Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты, пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылық таныту. Міндеті: технологиялық картаның регламаентін орындау.

«АУЫЗША САБАҚ-1» КАРТАСЫНЫҢ СЫЗБАСЫ


1 тип Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация > оқушының субъекті тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түсінуді біріншілік тексеру > біріншілік бектуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.

1

Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-1» картасында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

2

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі (Бұл кезеңдегі, бұл карата бойынша оқушылардың 63% норматив көрсеткішке жетуге қиындық тудырғаныүшін 25. 02. 11 ж Ақтөбе қ №51 мектептің тарих пәннің «Кәсіби» мұғалімі Қ. Сұлтанованың ұсынысына байланысты түзету енгізілді).

Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

3

Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рухсат: бір сөз шегеріледі

Сабақ басталмас бұрын мұғалім тақтаға оқытылатын тақырып бойынша 7, 14, немесе 21 кілтті сөздерді жазады. 7 сөз бастапқы кезең. 14 сөз егер сынып 7 сөзді жеңіл естерінде сақтаса. 21 сөз егер сынып 14 сөзді меңгерсе. Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ-жауап жүргізеді, нормаға сай есте ақлған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына қосу белгісі қойылады.

Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз-1 мин-15 сек. 21 сөз – 2 мин-30 сек.

4

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.

1-2 сынып: 5 минут бір бет мәтінге; 3-4 және 7-11 сыныптар: 4 мәтіннің бір бетіне 4 минут; 5-6 сынып: мәтін бетіне 3 минут.

5

Түсінудің біріншілік тексеруі

Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды.

Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

6

Біріншілік бекітуді ұйымдастыру

Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім тақырыпқа сай ретсіз оқушыларды ООМ арқылы сұрайды. Сұрақтар меңгеру сапасын тексеруге арналған тұрғыда болғаны абзал. «Иа» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.

Төртінші белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7

Талдау Уақыт 5 минут

Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұхсат беріледі. Көмекші сөз және жалғау сөз болып саналмайды. ТСҚ нормативі төменде келтірілген.

Бесінші белгілеу барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

8

Түйсіну

1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша саба 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.

 

9

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: - 4- 5 белгі – 5 ұпай. - 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай.

Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс. 3 кестені қара. 10 Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

 

№3 кесте. Жас ерекшелігіне қарай оқытудың сапасы мен сөздік қор көлемін анықтайтын нормативті салыстырмалы кесте.

Сөздік қор бойынша есептеулер

Сабақта сыныптағы оқушылар санына байланысты сапа нормативін есептеу

Сыныптар

Сөздік қор нормативі

Сыныптағы оқушылардың жалпы саны

Сапа нормативі: 63% оқушылар сыныпта норманы орындауы тиіс

1

25

30 оқушы

19 оқушы

2

31

29-28

18

3

37

27

17

4

44

26-25

16

5

50

24

15

6

56

23-22

14

7-11

63

21-20

13

«Азызша сабақ - 1» картасы бойынша технологиялық сабақ сапасының мониторингісі


Сапалы технологиялық нәтиже алу үшін, сабақтың әр кезеңі мен бүкіл сабақ барысы өлшенеді. Бүл үшін сабақтың технологиялық кезеңі бойынша негізгі 5 көрсеткіші жасалған, ол мұғалім тарапынан ООМ арқылы қойылатын алу және қосу белгілерімен көрінетін белгілер. 1. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. 2. Тірек сөздерді есте сақтау бойынша жадысына. Бақылау – (оқушылардың бір-бірін өздері тексеруі). 3. Сөздік қоры бойынша сөз саны үшін. 4. Қарама-қарсы сұрақтар үшін. 5. Сыни көзқараспен сұрақ қойғаны үшін. Ескерту! ООМ мұғалімнің еркі бойынша жазбаша түрде баға қоюына тиым салынады. Технология – сапа заңы. Жауап бар болса-ұпай бар, жауап жоқ болса, ұпай да жоқ. Технологиялық регламентті бұзуға болмайды. Әрбір оқушы сабақта өз кемшілігін көруі тиіс және әр сабақ барысында ол кемшіліктерді жоюға тырысуы керек. Нұсқау: технологиялық нормадан тыс–үлгермеуші оқушыларды, мұғалім журналға баға қойғанда білуге ұмтылған балалаларды мадақтап, мақтаулар айтып отыруды қажет етеді. Бірақ та, сабақ барысында мұндай кері әсері бар іс-әрекеттерді технологиялық белгілеуде қолдануға тиым салынады.

Зейін мен есте сақтауды дамыту бойынша жұмыс ережесі

Ескертпе:
Оқушылар сөзді есте сақтағаннан соң, блок ашылады. Балалар қалып қойған сөздерді дәптерлеріне орына келтіріп жазады. Тілшілер үшін бұл кезең жаңа сөздерді есте сақтау формасының бірі болып табылады. Мысалы: 7 сөздің үш сөзі өшіріледі. Бірақ, балалар ол сөздермен сөйлем, сөз тіркестерін құру арқылы жаттықтыру жұмыстарын жүргізіп, оларды ұмытпай есте сақтауы қажет. Ары қарай өшірілген сөздер орына келтіріледі, бірақ та, басқа сөздер өшіріліп сөздермен жұмыс жасау жалғасады.

Мәтінмен жұмыс жасау


Оқушылар берілген мәтінмен тірек сөздерді тауып, тақырыптағы сөздің мәнін ашады. Сондай-ақ, мұғалім қарама-қарсы және сын тұрғысынан сұрақ қою барысында баланың көңілін әрбір ұсақ бөлшекке назар аударылатыны жайында ескертіп, балалар, мәтінге аса назар аударып оқулары қажеттілігі жөнінде мұғалім тарапынан нұсқаулық алады. Картаның негізгі мақсатын есте сақтау қажет, ол: оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып, оқу материалын сапалы меңгеру және берілген тақырып бойынша сыныптың барлық күш-жігерін ақпаратты өңдеуге біріктіру.

Қарама-қарсы сұрақ қою


Жұмыс соңында мұғалім мәтіндегі тірек сөздермен жұмыстың нәтижесі бойынша бүкіл сыныптан сұра-жауап алады. Сонымен қатар, мұғалім оқушылардың тақырыптағы әрбір ұсақ бөлшектерін, ең негізгілерді баса нақты табу біліктілігін дұрыс жолға қою мақсатында тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мұғалім осы аталған карта бойынша оқыту сапасының ең негізгі ұстанымдарын дұрыс қолданғаны жөн: - сандық құрылуы - сыныппен жұмыс жасауда анықталған ақпарат көлемін нақтылы өңдеу білігі. – сапа құрылуы – сол және басқа да тақырып негізінде жатқан нақты ақпараттар көлемін сыныппен біргелесе отырып жұмыс жасау білігі. – оқытудағы синергизм – сынып оқуға ену барысында және білімді алу нәтижесінде ақпараттарды өңдейтін жүйе – үрдіскер, бірыңғай ағза болып құрылады. Бұл оқу кеңістігінде тұрақты сапаны алу үшін, оқу аймағы қорын тиімді, әсерлі бөлшектеп пайдалануға мүмкіндік береді. Ескерту. Оқушыларды мынадай тұрғыда белсендіру қажет: ұсынылып отырған білімнің барлығын бірден бір оқушының меңгеруі мүмкін емес, бірақ жалпы сынып болып біріккен жағдайда берілген жүктемені әрбірі теңдей етіп бөліп алу барысында білімнің үлкен көлемін меңгеруге және денсаулық пен танымдық қуанышын сақтау мүмкіндік туады.

жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау