«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру



жүктеу 1,39 Mb.
бет3/7
Дата21.11.2018
өлшемі1,39 Mb.
#22874
1   2   3   4   5   6   7

«Қисын» картасы.


Мақсаты: оқытылатын пәнді үштік топпен жұмыс істеу есебінен оқу материалын сапалы меңгертуде нормативті деңгейге жеткізу мен сыни және қисынды ойлауды дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану. Міндеті: Сабақты технологиялық картаға сай өткізу.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.



Іс-әрекет амалы мен білімді жүйелеу және қорытындылау бойынша оқу сабағы: мотивация > оқу материал мазмұнын талдау > оқу материалындағы ең негізгілерін ерекшелеу > жүйелеу және қорытындылау > пәнішілік және пәнаралық байланысты қалыптастыру > түйсіну.

1

Ұйымдастыру кезең Мотивация

Үй жұмысы тексерілмейді- бұл жаңа тақырып. Сынып өз бетінше үштікке бөлінеді. Әрбір үштікте үш роль: «Орындаушы»- тапсырманың дұрыс орындалуына жауап береді; «Сыншы»-қатені табуға жауап береді; «Шабыттандырушы»-топтың сәтті жұмыс жасауына жауап береді. Әрбір үштік өз аттарын қояды. Карта бойынша жұмыс нәтижесін ендіретін тақтадан әрбір үштік үш ұяшықты алады. Оқушылар мотивациясы топпен ізденіс жұмысын жүргізу. Мұғалім оқушы ролін анықтамайды.

Карта бойынша жұмыс ретін түсіндіреді. Сыныпты белсендіру үшін сынып көшбасшысына сөз беріледі. Жауап үшін ұяшыққа ұпай саны немесе алу белгісі қойылады.

2

1 кезең. 1 цикл Оқу материалының мазмұнын талдау

Сыныпқа тапсырма мұғалімнің стратегиясы бойынша беріледі, егер: 1. Алгебра, Физика, Химия, Геометрия – ТКШ деңгейінің бір тапсырмасы. 2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша сыныпты дайындау – сынып үшін жауабы белгілі тапсырмалар. Карта бойынша мұғалім жұмыстың мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді. Бұл ізденіс стандартты емес шешім. Топпен нәтижеге жету білігі қалыптасады.

Бірінші үштік бойынша орындау уақыты.

3

2 кезең оқу материалындағы ең негізгілерін ерекшелеу

Тақтаға шешу жолдарын түсіндіруге шығатыны тапсырманы бірінші үштіктің арасынан алғаш болып шығарған ең үздік оқушы емес, керісінше нашар шығарған оқушы шығады. «Қисын» картасында үштікте кез келген ролді иеленетін (сыншы, орындаушы немесе шабыттандырушы) әлсіз оқушы қатысында «ең күшті оқушы емес» термині қолданылуы тиіс.

Бірінші үштік 1 ұпай алады.

4

3 кезең жүйелеу және қорытындылау

Сыныптың барлық үштігі «миға шабуыл» әдісімен тақтада тұрған оқушыға сұрақ қояды. тақтада тұрған оқушы әрбір дұрыс жауап үшін өз үштігіне бір ұпай қосып отырады. Ұпай сандары мен жауаптарға шек жоқ. . Тақтадағы жауап беріп тұрған оқушы сұраққа жауап бере алмаса, сұрақ қойған үштік өз ұяшықтарына ұпай санын алып отырады.

Мұғалім сабақ барысының бірде бір кезеңінде сұрақтың жауабын айтып, көмектеспеуі керек.

5

4 кезең пәнішілік және пәнаралық байланысты қалыптастыру

Тақтада жұмыс жасап жатқан оқушының түсіндіргеніне бақылау жасап, дұрыс бағыт беріп отырады, егер де, - қате тауып оны түзетпесе өз орынына қайтарады; - оқушы түсіндіріп бере алмаса немсе қатені түзетпесе, мұғалім сыныпта оқушыны орына қайтаруы тиіс. Мұғалім 1 ұпайдан 3 ұпайға дейін кемітуге құқығы бар егер де, - қандай да бір үштік өз шешімдерін табуға талпынбай, тек қана сұрақ қою арқылы ұпай санын жинаса; - қандай-да бір себеппен алдында қойылған сұрақты қайталаса; талқылау үрдісінде шулап немесе ашу-ызаға берілген қарым-қатынас жасағанда.

Әрбір оқушының ұпай санын алуға мүмкіндігі бар.

6

5 кезең Түйсіну

Үш ұпайлық жүйе бойынша сыншылар тарапынан сұрақ қою арқылы өткізіледі – үштіктің жалпы талдау жұмысы 1 ұпай, үстіртін жауап – 2 ұпай, терең жауап– 3 ұпай.

1. Сыншыларға түйсіну жүргізу барысында өз топтарының талдауын сәтті жасау шегінде қосымша 1 ұпайдан 3 ұпайға дейін қоюға мүмкіндік бар.

7

Ұйымдастыру кезеңі

3 ұпайдан және одан жоғары ұпай алған үштік «Альфа» тобына көшеді; 2 ұпай алған үштік «Бета» тобына; 1 ұпай алған үштік «Гамма» тобына көшеді.

Әрбір топтың ұяшықтарының астңғы бөлігіне ұпай сандарының барлық қосындысы жазылады. Ұяшықтардың өзіндегі сандарды жояды.

 

1 кезең. 2 цикл Оқу материалының мазмұнын талдау

Сыныпқа тапсырма мұғалімнің стратегиясы бойынша беріледі, егер: 1. Алгебра, Физика, Химия, Геометрия – АКШ деңгейінің бір тапсырмасы. 2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша сыныпты дайындау – сынып үшін жауап шешімінің қиын тапсырмалары. Карта бойынша мұғалім жұмыстың мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді. Бұл ізденіс стандартты емес шешім. Топпен нәтижеге жету білігі қалыптасады.

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

Үштіктің айналымы. 3 ұпайдан бастап одан жоғары ұпай алған үштік топ «Альфа» тобына көшеді немесе қалады; 2 ұпай алған үштік топ «Бета» тобына көшеді немесе қалады; 1 ұпай алған үштік топ «Гамма» тобына көшеді немесе қалады.

Әрбір топтың ұяшықтарының астңғы бөлігіне ұпай сандарының барлық қосындысы жазылады. Ұяшықтардың өзіндегі сандарды жояды.

8

1 кезең. 3 цикл Оқу материалының мазмұнын талдау

Сыныпқа тапсырма мұғалімнің стратегиясы бойынша беріледі, егер: 1. Алгебра, Физика, Химия, Геометрия – ЖКШ деңгейінің бір тапсырмасы. 2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша сыныпты дайындау – сынып үшін жауабы белгісіз тапсырмалары. Карта бойынша мұғалім жұмыстың мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді. Бұл ізденіс стандартты емес шешім. Топпен нәтижеге жету білігі қалыптасады.




 

Ұйымдастыру кезеңі

Үштіктің айналымы. 3 ұпайдан бастап одан жоғары ұпай алған үштік топ «Альфа» тобына көшеді немесе қалады; 2 ұпай алған үштік топ «Бета» тобына көшеді немесе қалады; 1 ұпай алған үштік топ «Гамма» тобына көшеді немесе қалады.

Әрбір топтың ұяшықтарының астңғы бөлігіне ұпай сандарының барлық қосындысы жазылады. Ұяшықтардың өзіндегі сандарды жояды.

9

Бағалау

Журналға қойылған бағалар реті мынадай нормативтер бойынша болады: - «Альфа» - 5 ұпай, - «Бета» - 4 ұпай, - «Гамма» - 3 ұпай. Бірінші 3 орынды алған үштік мынадай тұрғыда бонустар алады: 1 орын – 10 ұпай әрбір оқушыға. 2 орын – 8 ұпай әрбір оқушыға. 3 орын – 6 ұпай әрбір оқушыға. Үштіктің жетістігіне тәуелсіз түрде, сабақ барысында өз бетінше соңғы кезеңде стандартты емес түрде тапсырманың жауабын берген оқушыға 5 ұпай журналға қоюға мұғалімнің құқығы бар. Жеңімпаз үштік үшін, осы аталған карта бойынша, үштіктің құрамы өзгермеген жағдайда кез-келген бір сабақта мұғалім тарапынан көмек алуына мүмкіндіктері бар.

Карта бойынша сапа нормативі орындалды деп саналады: егер де, оқушылардың 63% АКШ деңгейінде «Альфа» тобына шықса. №3 кестені қараңыз.

10

Үй тапсырмасы

«Бета», «Гамма» үштік топқа үй тапсырмасы беріледі.

Топтық жұмыстың қорытындысын шығару. Сыныптың көшбасшысына сөз беріледі.

«Көшбасшы» картасы.


5 тип – оқу сабағы. Білімді және іс-әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау және түзету бойынша оқу сабағы: мотивация > тапсырмаларды өз бетінше орындау > өзіндік бақылау > бақылау > талдау > бағалау > түзету > түйсіну. Мақсаты: оқу материалдарын сапалы меңгеру барысында нормативтік деңгейге жеткізу. Менеджерлік құзыреттілігін дамыту: жоспарлау, топта жұмыс жасау білігі, алға қойылған мақсатқа жете білу. Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты, пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылық таныту. Тосын жағдайларға тұрақты және бәсекеге қабілеттілігін дамыту. Сабақтың міндеті: технологиялық картаның регламаентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету. Бұл картада үш деңгей орын алады. «Классик», «Шебер» және «Супер ойын». Әрбір деңгейге өз бағдарламасы өңделіп жасалған, ол №1-5 кестелерінде көрсетілген.



1

Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация

Алдыңғы картаның қорытындысы бойынша тапсырма алған оқушылардан үй тапсырмасы тексеріледі. Сыныптағы оқушылар санына байланысты теңдей үш топқа бөлінеді. Теңдей бөлінбейтін қалдық қалатын болса , онда сол пәнді анағұрлым қиын меңгеретін оқушыларды модератор етіп сайлайды, ол мұғалімнің көмекшісі болып табылады. Әрбір қатар өздерінің көшбасшыларын таңдап, топтың атын қояды. Тақтада карта бойынша нәтижелерді ендіретін кесте ілінеді, №1 кесте

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. Мұғалім топтың көшбасшысын тағайындауына тиым салынады, оқушылар өздері таңдайды.

2

1. Кезең. Классик Тапсырманы өз бетінше орындау

№2 кесте бойынша осы кезеңде жұмыс жасау ережесі сыныпқа түсіндіріледі. Әр топ өздері орындайтын тапсырмалар саны мен уақытты өздері айтып, ұсыныс жасайды.

Ережемен жұмыс жасау кестесі әрбір топтың қолында болуы тиіс.

3

1 кезең. Өздік бақылау

Тақтадағы көрсетілген№ 1 кестеге таңдалған мәліметтер жазылып, топ жұмыс жасауға кіріседі.

Сабақ барысын жазуды тақтаға модератор жүргізеді.

4

3 кезең. Бақылау

Алға қойылған мақсатқа жету үшін топтың көшбасшысы топ жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.

Бір де бір кезеңде мұғалім тарапынан көмек көрсетілмейді.

5

4 кезең Талдау

Топ алған уақыттың толық соңына дейін бір минуты қалғанға дейін өз жұмыстарын талдап, тапсырмалар саны мен орындау уақытына өзгерістер енгізе алады.

Хронометраж таймер бойынша жүргізіледі.

6

5 кезең Бағалау

Топ өз жұмыстарын аяқтап, бірін-бірі тексеру әдісімен тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді. Орындалған тапсырмалардың аяқталған сәтінде топтан модератор тапсырмаларды жинап алып, тексеру үшін басқа топқа олардың дайындығына қарай береді.

Әр топ өздері белгілеп айтқан уақыт бойынша тапсырмаларды аяқтайды.

7

Түзету

Мұғалім әр топтың көшбасшысымен жұмыс барысын талқылайды. Сарапшылар өз ойларын айтады, және де сынып келесі «Шебер» деңгейіне көшеді. Сыныпта ең үздік менеджерлік жұмысты айқындау және оны көрсету аса маңызды болып табылады.

 

 

Бағалау

1 орын – 3 ұпай, 2 орын – 2 ұпай, 3 орын – 1 ұпай

 

 

2 кезең. «Шебер»

Сондай ретпен

 

 

3 кезең «Супер ойын»

Сондай ретпен

 

8

1 орын – 3 ұпай
2 орын – 2 ұпай
3 орын – 1 ұпай

 

 

9

Сабақ соңындағы қорытынды бағалау

7 ден 9 ұпайға дейін алған топ үшін жұрналға қойылатын баға 5. 5 тен 7 ге дейін ұпай алса жұрналға қойылатын баға 4. 3 тен 5 ұпайға дейін алған топқа жұрналға қойылатын баға 3. 8-9 ұпайдан жинаған топтар үшін әрбір оқушыға тәрбие жұрналына 9 бонустан қойылады.

 

10

Үй тапсырмасы

3 деген бағаны алған топқа үй тапсырмасы беріледі.

Топтық жұмысты қорытындылау. Сыныптың көшбасшысына сөз беру.

№1 кесте. «Көшбасшы» картасы бойынша жұмыс жасау барысында мәліметтерді тіркеу кестесі. Сыныптағы тақтаға ендіріледі және оны модератор-оқушы жүргізеді.

Топ аты

Сұраныс

Түзету

Сұраныс бойынша нәтиженің ұпай-болжамы

Нәтиженің балдық мәліметі

Топтық жұмыстың қорытындысы Сынып көшбасшысына сөз

тапсырмалар саны

уақыт

уақыт

тапсырмалар саны

Классик

Шебер

Супер ойын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 Кесте. 10 оқушыдан тұратын үш топ үшін «Көшбасшы» картасы бойынша сабақты жүргізу үшін есептік көрсеткіштер

Ойын деңгейі

ЖКШ АКШ ТКШ санының шегі

1 тапсырма ұпайы

27-30 оқушыдан сыныптағы тапсырманы орындау уақыты

Ұпай бойынша уақытты үнемдеу құны

1 тапсырма үшін норманы жоғарылатуға уақытты үнемдегені үшін бонустар

Ұпай бойынша айып салу

1 ТКШ «Классик»

2-4-6

ЖКШ-5 АКШ-3 ТКШ-1

1-7 сын-8 мин 8-11 сын-16 мин

1 мин - 3

ЖКШ-5 АКШ-3 ТКШ-1

ЖКШ-5 АКШ-3 ТКШ-1

АКШ өту, егер де барлық үш топ та 3 ЖКШ тапсырмаларына сұраныс беріп және барлығын да дұрыс орындаса

2 АКШ «Шебер класс»

4-5-3

ЖКШ-6 АКШ-4 ТКШ-2

1-7 сын-10 мин 8-11 сын-20 мин

1 мин - 5

ЖКШ-6 АКШ-4 ТКШ-2

ЖКШ-6 АКШ-4 ТКШ-2

ЖКШ өту, егер де барлық үш топ та 5 ЖКШ тапсырмаларына сұраныс беріп және барлығын да дұрыс орындаса

3 ЖКШ «Супер ойын»

6-4-2

ЖКШ-9 АКШ-6 ТКШ-3

1-7 сын-12 мин 8-11 сын-24 мин

1 мин - 8

ЖКШ-9 АКШ-6 ТКШ-3

ЖКШ-9 АКШ-6 ТКШ-2

Ескерту 1: бұл кесте сыныптағы 30 оқушының әр топта 10 оқушыдан болғанда жұмыс жасауға арналған кесте. Норматив негізінде оқушылар санының аз сыныптары үшін жалпы уақытты көбейтуге рұхсат етілген 2, 3, 4 кестелерінде берілген (1 кетенің 4 бағанын қараңыз).

Ескерту 2: ойынның кез келген уақытында топ уақытты үнемдеп түзетулер енгізуге құқығы бар, бірақ та уақыттың толық аяқталуыфна бір минут қалғанда.

Ескерту 3: айып салу уақыт бонусына да әсер етеді, ол мына кезде орын алады: егер де, топ сұраныс алып ол сұранысты орындамаса, уақыт бонусынан орындалмаған тапсырмаларға ұпай сандарынан алынып тасталынады.

№ 3 кесте. «Классик» ТКШ деңгейінде түрлі толтырылымды сыныптар үшін тапсырмаларды орындаудың жалпы және қосымша уақыт нормативі.

Сыныптағы оқушылар саны

Бір топтағы оқушылар саны

Қосымша уақыт

Қорытынды уақыт

9-12

3-4

4 мин

1-7 сын–16 мин, 8-11 сын–28 мин

15-18

5-6

3 мин

1-7 сын–15 мин, 8-11 сын– 27 мин

21-24

7-8

2 мин

1-7 сын–14 мин, 8-11 сын–26 мин

жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау