2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жұмысшы біліктіліктерін, «орта буын маманы», «қолданбалы бакалавр» біліктіліктерін беру;
6) өз қаржы қаражаттары шектерінде мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдық айлықақылар (ставкалар), қосымша ақылар, үстеме ақылар және өзге де ынталандыратын төлемдер белгілеу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогтердің міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуін қамтамасыз ету;
8) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) ұсыну;
10) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету;
2016.22.12. № 29-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-1) интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды
11-2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды
11-3) балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпаратқа қол жеткізуін шектеуге арналған, байланыс операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің Интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 11-4) тармақшамен толықтырылды
11-4) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді беруді қамтамасыз ету;
12) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңілдіктер мен материалдық қамсыздандыру түрлерінің уақтылы берілуін қамтамасыз ету;
13) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;
14) қоғамдық өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті табыс ету;
16) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) кадрларды кәсіптік даярлаудың қазіргі заманғы нысандарын енгізу жатады.
4. 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:
1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;
2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;
5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;
7) имандылық-рухани даму саласында педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
2019.19.04. № 250-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Осы бапта көрсетілген нормалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: |