2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Меншік нысанына және ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың халықаралық мектептер мәртебесі бар филиалдары, заңды тұлға құрмай, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Білім беру ұйымдарында бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығы:
1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензия алған сәттен бастап және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру немесе оны жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап;
2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін - хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап алты ай ішінде бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алмаған жағдайда білім беру ұйымы сот тәртібімен таратылады.
Осы мерзімнің өтуін білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру ұйымының бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензия алу туралы материалдарын қарау мерзіміне тоқтата тұрады.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім беру ұйымының мәртебесін (үлгісін, түрін) оның құрылтайшылары айқындайды және осы Заңның талаптары, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік ережелері ескеріле отырып, оның жарғыларында көрсетіледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларына қарай білім беру ұйымдарының мынадай үлгілері болуы мүмкін:
1) мектепке дейінгі ұйымдар;
2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
Достарыңызбен бөлісу: |