Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау»
мемлекеттiк қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. Осы регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысына сәйкес әзірленді.
2. «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасының орта бiлiм беретiн ұйымдары көрсетедi.
3. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 8-бабының 5-тармағы, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 974 бұйрығымен бекітілген Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтiп жатқан мүгедек балалар үшiн оқу сабақтарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртiбi туралы ережелері негізінде көрсетіледі.
5. Мемлекеттiк қызметтi аяқтау нысаны орта бiлiм беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
6. Аталған қызмет денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе үнемi бiлiм беру ұйымдарына бару мүмкiндiгi жоқ жеке тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушы) ұсынылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша және осы орта білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақты ескере отырып, орта білім беру ұйымына жүгіну қажет.
8. Мемлекеттiк қызмет демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен күн сайын сағат 8.00-ден 17.00-ге дейiн жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылады.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмі мемлекеттiк қызметтi алушы осы регламенттің 14-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 жұмыс күнiн құрайды.
11. Орта бiлiм беру ұйымы осы регламенттің 14-тармағында қарастырылған құжаттар пакетi толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушыға себептерiн көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды орта білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасына тапсырады;
2) орта білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызметті алушыға тізімдеме береді және құжаттарды білім беру ұйымының басшылығына береді;
3) орта білім беру ұйымының басшылығы бұрыштама қойып, жауапты маманды белгілейді;
4) жауапты маман ұсынылған құжаттармен танысуды жүзеге асырып, бұйрықтың жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлейді және оны қол қою үшін орта білім беру ұйымының басшылығына тапсырады;
5) орта білім беру ұйымының басшылығы бұйрыққа немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды;
6) жауапты маман мемлекеттік қызметті алушыға бұйрықты немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыға құжаттарды алатын күнi белгiленген тiзiмдеме берiледi.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) медициналық көрсеткiштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттiлiгi туралы қорытынды: тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрiгерлiк-консультациялық комиссия бередi;
2) мүгедек баланы үйде оқыту үшiн бiлiм беру бағдарламасы түрiнiң қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша Психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) бередi;
3) бiлiм беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркiн нысанда жазған өтiнiшi;
4) мемлекеттiк қызметтi алушы ата-аналарының бiреуiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарының көшiрмесi;
5) мемлекеттiк қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшiрмесi;
6) мекенжай анықтамасы;
7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.
15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) орта білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы (ҚФБ – 1);
2) орта білім беру ұйымының басшылығы (ҚФБ – 2);
3) орта білім беру ұйымының жауапты маманы (ҚФБ–3).
17. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекеттердi (рәсiмдердi) орындау мерзiмi көрсетіліп, әрбiр ҚФБ бойынша әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң (рәсiмдердiң) кезектiлiгi мен өзара iс-әрекеттердiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.
18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң логикалық кезектiлiгi және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететiн схема осы регламенттiң 2-қосымшасында көрсетiлген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды
тұлғалардың жауапкершілігі
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.
«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк қызмет регламентіне 1-қосымша
Әрбiр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-әрекеттерінің (рәсiмдерінiң) кезектiлiгi
мен өзара iс-әрекеттерінің мәтiндiк кестелiк сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) іс-әрекеттері
|
1.
|
Iс-әрекеттiң (жұмыс барысының, ағынының) реттiк нөмiрi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
2.
|
ҚФБ атауы
|
1 ҚФБ
Орта білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы
|
2 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының басшылығы
|
3 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының жауапты маманы
|
2 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының басшылығы
|
3 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының жауапты маманы
|
3.
|
Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы
|
Құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады
|
Жауапты маманды белгілейді
|
Ұсынылған құжаттармен танысуды жүзеге асырады және бұйрықтың жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлейді
|
Бұйрыққа немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды
|
Мемлекеттік қызметті алушыға бұйрықты немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты береді
|
4.
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)
|
Мемлекеттік қызметті алушыға тізімдеме береді
|
Бұрыштама қою
|
Оларды қол қою үшін орта білім беру ұйымының басшылығына береді
|
Орта білім беру ұйымының жауапты маманына береді
|
Журналда белгілеу
|
5.
|
Орындау мерзiмi
|
30 минуттан артық емес
|
1 күн
|
1 күн
|
1 күн
|
30 минуттан артық емес
|
6.
|
Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негізгі үдеріс (жұмыстар барысы, ағыны)
|
1 ҚФБ
Орта білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы
|
2 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының басшылығы
|
3 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының жауапты маманы
|
№ 1 іс-әрекет
Құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады
(30 минуттан артық емес)
|
№ 2 іс-әрекет
Жауапты маманды белгілейді
(1 күн)
|
№ 3 іс-әрекет
Ұсынылған құжаттармен танысуды жүзеге асырады және бұйрықтың жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлейді
(1 күн)
|
|
№ 4 іс-әрекет
Орта білім беру ұйымының басшылығы бұйрыққа немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды
(1 күн)
|
№ 5 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті алушыға бұйрықты береді
(30 минуттан артық емес)
|
3 кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс
Негізгі үдеріс (жұмыстар барысы, ағыны)
|
1 ҚФБ
Орта білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы
|
2 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының басшылығы
|
3 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының жауапты маманы
|
№ 1 іс-әрекет
Құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады
(30 минуттан артық емес)
|
№ 2 іс-әрекет
Жауапты маманды белгілейді
(1 күн)
|
№ 3 іс-әрекет
Ұсынылған құжаттармен танысуды жүзеге асырады және бұйрықтың жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлейді
(1 күн)
|
|
№ 4 іс-әрекет
Орта білім беру ұйымының басшылығы бұйрыққа немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды
(1 күн)
|
№ 5 іс-әрекет
Мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты береді
(30 минуттан артық емес)
|
«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-әрекеттердiң логикалық кезектiлiгi және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететiн схема
1 ҚФБ
Орта білім беру ұйымы кеңсесінің жауапты тұлғасы
|
2 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының басшылығы
|
3 ҚФБ
Орта білім беру ұйымының жауапты маманы
|
Н-1, Б-1
Құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады
(30 минуттан артық емес)
|
Н-2, Б-2
Жауапты маманды белгілейді
(1 күн)
Н-4, Б-4
Бұйрыққа немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапқа қол қояды
(1 күн)
|
Н-3, Б-3
Ұсынылған құжаттармен танысуды жүзеге асырады және бұйрықтың жобасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты әзірлейді
(1 күн)
Н-5
Мемлекеттік қызметті алушыға бұйрықты береді (құжаттар пакеті толық ұсынылған жағдайда)
(30 минуттан артық емес)
Б-5
Мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты береді
(30 минуттан артық емес)
|
Н – негізгі іс-әрекет;
Б – балама іс-әрекет
Достарыңызбен бөлісу: |