2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды
2-4) студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды
2-5) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 2-6) тармақшамен толықтырылды
2-6) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндама әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерін, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
6-1) 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-2) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-3) бiлiм туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындайды;
Достарыңызбен бөлісу: |