2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
23-2) негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін пәндер бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындайды және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 23-3) тармақшамен толықтырылады (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 23-4) тармақшамен толықтырылды
23-4) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 25) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және оны жүргізуді үйлестіреді, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды
25-1) Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 25-2) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 25-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25-2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құрады және олардың қызметтері туралы ережені бекітеді;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 25-3) тармақшамен толықтырылды
25-3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құрады және олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;
26) республикалық орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 26-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-1) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және бекiтедi;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді әрі бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-1) тармақша жаңа редакцияда
27-1) жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесiн бекiтедi;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 27-2) тармақшамен толықтырылды
27-2) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
28) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды
29-1) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды
29-2) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiтедi;
32) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының және нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асырады;
33) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 34) тармақша жаңа редакцияда
34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 34-1) тармақшамен толықтырылды
34-1) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35) тармақша өзгертілді
35) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |