1. Қарсақ – терісі үшін ауланатын аңдардың бірі. Дене тұрқы – 50-60, құйрығы – 25-30 сантиметр, түлкіге қарағанда құлағы үлкен, тұмсығы сүйір келеді.
2. Қашыр – ертеректе есек пен жылқыны шағылыстыру жолымен алынған, жұмысқа көнбіс, төзімді жануар. Оған қажеттіліктің жоқтығынан бүгінде ол өсірілмейді.
3. Қара күзен – оны кейде су күзені деп те атайды. Сусар тұқымдасына жататын, бағалы терісі үшін ауланатын аң.
4. Қарақал – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Арқасы қоңыр сары, бауыры ақшыл сары келеді. Дене тұрқы 85 сантиметрдей, биіктігі 45 сантиметрдей болады. Қызылқұмның оңтүстігін мекендейді.
5. Қарақұйрық – қуыс мүйізділер тұқымдасына жататын аша тұяқты аң. Жыл маусымына байланысты қоныс аударады, еті, терісі үшін, ауланады.
6. Қонжық – аюдың баласы. Туғанда салмағы 500 грамдай болады, бір айдан кейін көзін ашады. Үңгірден шыққанша жай өседі, кейін тез жетіледі.
7. Қодас (як) – қуыс мүйізді, күйіс қайыратын мал. Басы үлкен, мүйізі алшақ. Төзімді, күшті мал. Тұрқы сиыр шамалас болады. Сүті, терісі, еті пайдаланылады.
8. Құралай – киіктің лағы. Туған сағатында-ақ жүре бастайды. Киіктер төлдей бастаған кезде көкек айының аяғы мен мамырдың басында кенеттен күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады. Халық оны құралайдың салқыны дейді.
9. Құлжа – арқардың қошқары. Үйірін қауіп-қатерден қорғап жүреді, өте сақ. Қойдан әлдеқайда ірі келеді.
8
10. Құну – сусар тұқымдасына жататын борсыққа ұқсастау терісі бағалы жыртқыш. Денесінің тұрқы бір метрдей, салмағы – 25-32 килограмм. Бүйір тұсында иығынан құйрығына дейін ақшыл сары немесе қызыл қоңыр жолағы болады.
Республикамызда тек Оңтүстік Алтайда кездеседі.
11. Құндыз – сүтқоректілерге жататын терісі өте бағалы, кәсіптік тұрғыдан ауланатын кеміргіш. Сусар тұқымдастарға жатады. Арқасы мен құйрығы жылтыраған қоңыр. Суда тіршілік етеді. «Құлан – қырда, құндыз – суда» деген мәтел содан қалса керек. Дене тұрқы 60-70 сантиметрдей болғанымен, өте батыл әрі күшті. Бір қызығы, өзеннің тік жарынан суға қарай сырғанауды ұнатады.
12. Сазкәмшат (нутрия) – терісі әдемі, мықты әрі жеңіл келетін ірі кеміргіш аң. Денесінің ұзындығы 50-80 сантиметрдей, үлкен егеуқұйрыққа ұқсайды. Құрлықта да, суда да тіршілік етуге бейім.
Достарыңызбен бөлісу: |