Өлшеу нәтижелерін өңдеу
Нольдік жайдың,шкаланың көрсетулерінің орта сандарын шығарыңыз:
К0=К01+К011/2,
К=К1+К2+К3/3,
Бақылау куәлікте гальвонометрдің көрсетуіне түземені анықтаңыз ( К);
Гальвонометрдің шын көрсетуін шығарыңыз:
К=К+ К-К0,
Гальвонометрдің көбейтіндісін анықтаңыз (а),Вт/м2 бөлік.
Тура радиацияның үдемелі қарқындылығын (перпендикулярлы бетке/есептеңіз,Вт/м2):
S=a x K
Пиранометрмен жұмыс істеу тәртібі
Құралды 1,5 м биітікке шығарыңыз;
Стерженьге көлеңке қалқанды түтікшені бекітіңіз;
Пиранометрді басы нөмірленген жағымен күнге қарай бұрып( винтті босатып) бекітіңіз.
Уровень арқылы термобатареяның көлденеңдігін (2 винтермен) тексеріңіз.
Солтүстік жаққа гальвонометрді орналастырыңыз.
Пиранометрдің қақпағын алып, гальвонометрге дұрыс қосылғандығын тексеріңіз.
Қақпақты ашып, қалқанмен көлеңкелеп 10-15 с сайын 3 рет гальвонометрдің көрсетілуін жазып алыңыз.
Қалқанды түсіріп тағы 3 рет шкаланың көрсетуін белгілеңіз.
Пиранометрдің басын қақпақпен жауып, стрелканың нольдік орнын қайталап біліңіз.
Қалқанмен бірге түтікті бұрап алып, қаптаманың қақпағымен пиранометрді жабыңы
Альбедометрмен жұмыс істеу тәртібі.
Қаптаманың табанынан альбедометрдің басын,түтігін,сабын алыңыз;
Түтікшеге альбедометрдің басын, қардандық ілгішке оның сабын бұраңыз.
Ұзындығы 2м ағаш сырғауылға альбедометрдің сабын қондырыңыз (ауыл шаруашылық танаптарда өсімдік жамылғысы 0,5м жоғарыда) ;
Альбедометрдің қабылдағышы ашық, ал гальвонометрдің арритирі босатылған түрде сымдарды клеммаларға жалғастырыңыз (нөлден ауытқып кетсе, сымдардың орындарын алмастырыңыз);
Альбедометрдің басын метал қақпақпен жауып,шкаланың көрсетуін біліңіз(нөль орны) – К01;
Қақпақты алып, альбедометр басын нөмірленген жағымен нөлге қаратыңыз;
Альбедометрдің қабылдағышын жоғары қаратып, шкала бойынша 3 көрсетуін жазып алыңыз ( К1,К2,К3) жиынтық радиация;
Альбедометрдің қабылдағышын төмен қаратып, бір минуттан соң, шкала бойынша 3 көрсетуін жазып алыңыз (К4,К5,К6) – шағылысқан радиация;
Альбедометрдің қабылдағышын жоғары қаратып, бір минуттан соң, шкаланың 3 көрсетуін қайта байқаңыз (К7,К8,К9) – жиынтық радиация;
Қабылдағышты қақпақпен жауып, стрелканың нөлдік көрсетуін байқаңыз(К011)
Достарыңызбен бөлісу: |