Ауа ылғалдылығының жетiспеушiлiгi (d) деп су буының ең жоғарғы (Е) мен ауаның абсолюттiк ылғалдылығының (е) тығыздығы айырмасын айтамыз, мб және мм сипатталады. Ол мынадай формуламен есептелiнiп шығарылады: d=Е-е,
Ауаның ылғалдылығы өзгермеген жағдайда температура жоғарылаған сайын, ауаның құрғақтығы және ылғалдың жетiспеушiлiгi артады. Ылғал жетiспеушiлiк салдарынан булану және өсiмдiктер транспирациясы күшейедi.
Шық нүктесi () дегенiмiз ауадағы су буы (атмосфералық қысым өзгермегенде) толық қаныққанда болатын (көрсететiн) температура. Шық нүктесi градуспен өлшенедi. Шық нүктесiн анықтау үшiн абсолюттiк ылғалдылықты (е) бiлу негiзiнде, су буының ең жоғарғы тығыздығы кестесi арқылы анықталады.
Егерде е=Е болса ауаның су буына толық қаныққанын көрсетедi. Шық нүктесi бойынша үсiктiң болуын алдын ала болжайды. Егер 21 сағатта =20, немесе ≤20, онда таңертең үсiк болады. Өйткенi шық нүктесi ауада су буының аз болуын бiлдiредi, соның әсерiнен жер бетiнен тиiмдi сәулелену көбейедi. Шықтың мол түсуi үсiктiң болуының алдын алады, себебi су буының конденсаттанатын кезiнде жасырын жылылық бөлiнiп шығады.
2. Ауа ылғалдылығын өлшеу тәсiлдерi
Ауа ылғалдылығы екi әдiспен өлшенедi:
1. Психрометрлiк – бұл тәсiл бiрдей екi термометрдiң (бiреуi құрғақ, екiншiсi ылғалданған) көрсеткiштерiне негiзделген.
2. Гигрометрлiк – майынан арылған адам шашының, немесе мал пленкасының ылғалдық өзгергенде ұзару немесе қасқару қасиеттерiне негiзделген.
Құралдар:
Психрометрлер;
а) Станциондық;
ә) Спирациондық;
Гигрометр;
Гигрограф.
3.Булану
Бұл көрсеткiш ауыл шаруашылығы жерлерi гидрологиясының басты элементi. Оның мөлшерi географиялық орынға (оңтүстiкте көбiрек, солтүстiкте азырақ) және жыл мезгiлiне байланысты. Ауыл шаруашылығы жерлерiнде булану негiзiнен жер бетiнен және өсiмдiктерден жүредi. Жер, яғни топырақ бетiнен жүретiн булануды-физикалық булану деп атайды, оның үлесiнiң төмен болғаны жөн. Өсiмдiктерден болатын булану транспирация деп аталады. Ол физиологиялық булану. Транспирация үлесiнiң жоғары болғаны егiншiлiктiң дұрыс ұйымдастырылғаны және күтiп-баптау жұмыстарының дұрыс жүргiзiлгенiнiң белгiсi.
Булану мөлшерiн анықтау ьарысында екi ұғым ұшырасады: булану және буланғыштық.Булану– белгiлi бiр уақыттағы, табиғи қалыпты жағдайдағы, дақылдар өсiп тұрған жер бетiнен буланған су мөлшерi (Е). Буланғыштық–белгiлi уақыттағы шектелген ылғал қорларында судың мүмкiндiгiнше ең көп (потенциалды) булану мөлшерi (Е).
Буланғыштық Е шамасын арнайы биоклиматтық коэффициенттерге көбейту арқылы егiстiк танаптарының жалпы су пайдалану мөлшерiн анықтайды.
Жалпы алғанда булану мөлшерi жаңбыр мөлшерiне, жердiң геоморфологиялық жағдайына, су қоймасы көлемiне, ауа температурасы мен ылғалдылығына, желге, судың тұздылығына, ауыл шаруашылығы дақылы түрiне, тiптi сортына байланысты болады. жаңбыр мөлшерi және ауа температурасы артқан сайын булану да артады, ал ауа ылғалдылығының жоғарылауы булануды кемiтедi. Ойпаттар мен өзектерге қарағанда төбелерде булану күштiрек жүредi. Солтүстiк еңiстiктермен салыстырғанда оңтүстiк еңiстiктерде буланудың едәуiр артық болатындығы да белгiлi.
Танап топырағының ылғалдылығы ұдайы жоғары болып тұрғанда қалың өсетiн, жапырақтары мол және тамыры зор дақылдардың су буландыруы әрдайым жоғары болады.
Осы айтылғандарды агроном және фермерлер өз жұмыстарында ескерiп, технологиялық шешiмдер қабылдағанда (мысалы: тұқым себу, суғару мерзiмдерiн белгiлеу) пайдаланғандары жөн.
4.Жауын-шашын, қар жамылғысы
Атмосфералық жауын-шашын дегенiмiз қатты немесе сүйық түрдегi судың жер бетiне түсуiн атаймыз. Ол мм және м3/га өлшемдерiмен өлшенедi. Жауын-шашын пайда болу орнына байланысты 2 түрi болады:
1. жер бетiнде – шық, қырау, көк тайғақ.;
Шық және қырау – таңертеңгiсiн, желсiз ашық аспан болған түндерден кейiн пайда болады.
Шықтың пайда болу себебi – егер ауа температурасы, шық нүктесi температурасынан төмен болған жағдайда. Тек шықтың әсерiнен топырақ жылына 10-30 мм қосымша ылғал алады.
Қырау – түнде, ауаның температурасы 00 тан төмен болған жағдайда пайда болады. Қырау ауадағы бос азотты коп мөлшерде өзiне сiңiредi, соның себебiнен жылына 1 гектар жер қосымша 3-5 кг бос азотты пайдаланады.
Жер бетiнiң температурасы төмен (00) болса, оның үстiне жаңбыр жауған жағдайда көк тайғақ пайда болады.
2. бұлттан түскен жауын-шашын – қар, жаңбыр, бұршақ. Жаңбыр су тамшысынан тұрады және атмосфераның төменгi қабаттарында температура 00 тан жоғары болғанда, ал температура 00 тан төмендегенде қар жауады.
Жаңбыр суының булануы мен жер бетiмен ағысы аралығы салмағы сол жаңбырдың қалай жауғанына да көп байланысты. Егер жаңбырдың жауу жылдамдығы 0,7 мм/мин және одан да жоғары болса, оны өткiншi-нөсер жаңбыр деп атайды. Сiркiреп жауатын жаңбыр-диаметрi өте майда (0,5 мм), қарқыны өте төмен, кейбiр жағдайларда жер бетiне жетпейтiн, жоғары қатпарлы бұлттардан келетiн жаңбыр. Топырақ ылғалдылығын көтеруге қатысы жоқтың айналасы. Өткiншi жаңбырлар белгiлi бiр аумақтың аз көлемiне ғана, қысқа уақытта жауып өтсе де, қатты су ағысын, яғни тасқын туғызып, топырақты эрозияға (жуып-шаяды) ұшыратады, өзендердi тасытады. Мұндай жаңбыр кезiнде пайда болатын су тасқыны үйлер мен жолдарды алып кетiп, егiстiктi басып қалуы жиi кездеседi.
Бiрнеше сағат, тiптi күнi бойы жауатын қарқыны төмен жаңбырды ақ жауын деп атайды. Мұндай жаңбыр суы негiзiнен топыраққа сiңiп, оны сапалы ылғалдандырады, ол үлкен кеңiстiктi қамтиды, қарқынды емес, өте тиiмдi.
Осы айтылғандар негiзiнде жаңбырдың жауу жылдамдығы деген ұғым туындаған. Оны төмендегi формула көмегiмен анықтайды.i = h/t, мм,мин,
мұндағы: t- жаңбырдың жауу ұзақтығы, мин;
h- жаңбыр мөлшерi, мм.
Бұршақ - ауаның қолайсыз (құбылысты) жағдайда жылы уақытта пайда болады. Жауу уақыты 15-30 мин. Жауын-шашынның бұл түрi ауылшаруашылығына өте қатты зиянын тигiзедi. Кейбiр жылдары өнiмдiлiктi түгелiмен жояды, ал бұршақ тиген жемiстер ауруға шалдығып, сақтауға шыдамайды.
Жауын-шашын. Жауын-шашынның жалпы мөлшерi құрылық бойынша өте көп болғанымен, оның кейбiр аймақтарда өте аз жауып су жетiспеушiлiгiне әкелiп соғады. Оны мынадай себептермен түсiнiдiрiп дәлелдеуге болады:
- су буының атмосферадағы айналымының географиялық ерекшелiктерi. Мысалы:
бұрынғыодақаумағыныңЕвропабөлiгiндежауын-шашыноныңзиябөлiгiнеқарағандакөбiрекжауады. Себебi ЕвропалықбөлiктеауаныңциклондыққозғалысыалАзиябөлiгiндеантициклондыққозғалысбасым:
ауаныңциклондықозғалысынтуғызып, жаңбыржаууымүмкiндiгiнарттыратынсебеп-орман-тоғайлардыңбiркелкi орналаспауыжәнежербетi рельефiнiңәртүрлiлiгi. Биiктауларетегiндежауын-шашынтеңiздеңгейi аймақтарынақарағандабiрнешеесекөпжауады.
Егержауыншашыннанөсiмдiктердiңсупайдалануүлесiналсақ, олжоғарыдағыайтылғансебептергебайланысты-20 пайыздан 80 пайызғадейiнауытқиды. Бұлауытқуларүштүрлi себепкебайланыстыболады: бiрiншiсi-егiстiңгеографиялықорны (шөлейтжәнедалалықаймақтар); екiншiсi-жылдықжауын-шашынмөлшерiнiңөзгеруi; үшiншiсi-жылдықжауын-шашынныңөсiмдiквегетациясыкезеңдерiндежәнежылайларындабiркелкi жаумауы.
Қаржамылғысы.Ауылшаруашылығындақаржамылғысыныңүлкенмаңызыбар. Қаржамылғысыөсiмдiккеқажеттi суқорыболыптабылады, алсоныменқатаржемiс-жидекжәнекүздiкдақылдарды, көпжылдықшөптердi үсiккешалдықпауынанқорғайды. Қаржамылғысыазаудандардакүздiкдақылдарегiлмейдi, өйткенi оларүлкенаяздарәсерiненүсiккешалдығады.
Қарлымелиорациялар.Күздiкдақылдарғақолайлыжағдайжасаужәнеылғалқорынжоғарылатуүшiн, қаржамылғысыныңбиiктiгiнреттеу, қарлымелиорацияарқылыжасалады. Далалықаймақтақаржамылғысыоншабиiкемес, яғниқаттыжелдерқаржамылғысынтанаптарданұшырыпәкетедi. Сондықтаносындайаймақтардақарлымелиорацияныңнегiзгi түрi қартоқтатуболыпесептелiнедi.
Қартоқтатуүшiнқолданылатыннегiзгi тәсiлдер:
1. Егiстiкжердi қорғауағаштары – орманжолақтарынотырғызу, оларжелдiңжылдамдығынтөмендетедi де, танаптардағықардыңұшыпкетуiнекедергi жасайды, алкөктемдебеткi қабаттағыерiгенсудыңағынынтөмендетедi, егiстiктi ылғалменқамтамасыздандырады;
2. Биiксабақтыөсiмдiктердi егу (күнбағыс, жүгерi), өнiмжинағаннансоңбiрнешеқатарсабақтарынқысқымерзiмгеқалдырады. Бұлдақылдаржиiлеп (кулистап) себiледi. Аймақтыңжағдайынабайланыстыкулистiңарақашықтығы 7-14 метргедейiнболабередi. Осыұзынбойлыдақылдарданжасалынғанкулистераралықтарындақаржиналады.;
3. Қартоқтататынқалқандар (шиттер) желбағытынақарамақарсыорнатылады. Қалқандардыңайналасындақаржиналады;
4. Қартоқтатуүшiнриджерлi жалжасағышпен, арнайытракторлардыңкөмегiменқараладытығыздапбиiкжолдарғажинайды. Мұндайжолдарарақашықтығы 10-15 метрлiкжерлердеорналасыпқардыңтанаптанұшыпкетуiнежолбермейдi;
5. Дәндi дақылдардыңсабақтарынжербетiнеқалдыру. Қысмерзiмiнiңалғашқыайларындақартоқтатуүшiнқалдырады.
Мұндайтәсiлдержелұшырыпкететiнқарлардытоқтатумақсатындапайдаланадыжәнежелдiңжылдамдығынбаяулатады. Кулистердiңжәнеорманжолақтарыменқаржалдарыныңтиiмдiлiгiнарттыруүшiнолардыжелдiңбағытынакөлденеңорналастыруқажет. ОрманжолақтарыменқоршалғанШортанды (Ақмолаоблысы) елдi мекенiндетанаптағықаржамылғысыныңорташабиiктiгi 77-80 смболса, алашықтанаптардаяғниорманжолақтарыегiлмегенжағдайдатанаптарғақардыңорташабиiктiгi 20-25 смболған.
Бақылау сұрақтары
Ауаның ылғалдылығы, өлшемдерi
Ауа ылғалдылығының көрсеткiштерi, олардың өлшем бiрлiктерi
Абсолюттiк ылғалдылық
Салыстырмалы ылғалдылық
Ауа ылғалдылығын өлшеу әдiстерi
Психрометрлiк өлшеу әдiсi
Гигрометрлiк өлшеу әдiсi
Ауа ылғалдылығын өлшейтiн аспаптар
Булану
Бұлттарды бақылау
Жауын-шашынның ауылшаруашылығына әсерi
Жауыншашынның түрлерi, сипаттамасы
Қар жамылғысы. Қарлы мелиорациялар
Жауын-шашынды өлшейтiн аспаптар
Қар жамылғысына бақылау жүргiзу
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
3. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.
12-13 дәріс ТОПЫРАҚ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ
Мақсаты: Топырақ ылғалының ауылшаруашылық дақылдарына тигізетін әсерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Топырақ ылғалдылығын өлшеу әдістері және оны ауыл шаруашылығында қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: Топырақ, өсімдік, ылғалдылық, бу, суару, транспирация.
Дәріс жоспары:
1. Топырақ ылғалының өсiмдiктерге әсерi
2. Топырақтың су-физикалық қасиеттерi
3. Топырақтағы ылғалдың тепе-теңдiгi (теңгерiмi)
4. Топырақтың су режимiн реттеу жолдары
Өсiмдiктер, топырақ фаунасы мен флорасы үшiн ең алдымен топырақтан алынатын су-олардың өмiр сүруiнiң негiзi.
Топырақ ылғалының тағы да бiр қажеттiлiгi - ол болмаса өсiмдiк басқа факторларды пайдалана алмайды.
Топыраққа су атмосфералық жауын-шашын түрiнде, жер асты суларынан, атмосферадағы су буының конденсациялануынан (сұйық түрге айналуынан), егiндi суару кезiнде келiп түседi.
Өсiмдiктерге су өте көп мөлшерде керек. Тамыры арқылы алынған судың олар аз ғана (0,15-0,20, кей-кезде бұдан сәл жоғары) бөлегiн сiңiредi. Қалған анағұрлым көп бөлегi өсiмдiктердiң жапырағы және басқа органдарынан буланып ұшып кетедi. Бұл процестi транспирация деп атайды. Белгiлi бiр аумақтан барлық шығын болған судың көлемiн осы жерден алынған өнiмге бөлгенде шығатын өлшемдi транспирациялық коэффициент дейдi.
Транспирацияның арқасында топырақтағы ылғал өсiмдiк тамырына енiп, одан оның сабақтарына, бұтақтарына, жемiсiне және жапырақтарына тарайды, әрi қарай буланып атмосфераға кетедi. Транспирация салдарынан шығын болған суды пайдасыз деуге болмайды. Өйткенi транспирация процесiнiң барысында сумен бiрге қоректiк заттар өсiмдiкке енiп, оның дұрыс қоректенуiн қамтамасыз етедi.
Сонымен қатар транспирацияның шектен тыс күшейуi орынсыз шығынға әкелiп соғады. Себебi алынатын өнiм бiрлiгiне кететiн судың мөлшерi көбейедi. Бұл процестi реттеу үшiн оған әсер ететiн жағдайларды жеке бiлу қажет.
Транспирацияның деңгейi белгiлi дәрежеде (мөлшерде) дақылдың немесе оның сортының биологиялық ерекшелiктерiмен анықталады. Шамамен кейбiр дақылдардың салыстырмалы транспирациялық коэффициентiн келтiре кетейiк: жоңышқа-858, сұлы-635, бұршақ-578, қоза-562, арпа-521, бидай-505, жүгерi-372, тары-287, қонақ жүгерi-271.
Жүгерi, тары, қонақ жүгерiтранспирациялық коэффициенттерi төмен, астық тұқымдастардiкi-орташа, ал жоңышқаның бұл көрсеткiшi жоғары болып келедi.
Транспирация мөлшерi өсiмдiктiң биологиясымен қатар өсiрiлу жағдайларымен тығыз байланысты болады. Мысалы, жоғары температура және ауаның құрғақшылық жағдайында транспирация деңгейi артады. Бұл көрсеткiшке өзiнiң әсерiн күн сәулесi және желдiң жылдамдығы да тигiзедi. Әрине, транспирацияға топырақ жағдайлары үлкен әсер етедi. Топырақ ылғалы көбейген сайын транспирациялық коэффициент арта бастайды. Қоректiк заттар жеткiлiктi болғанда суды пайдалану дәрежесi артуына байланысты бұл коэффициенттiң деңгейi төмендейдi. Мұның бәрi өсiмдiк тiршiлiгi факторларының бiрiгiп әрекет ету заңының тағы бiр көрiнiсi.
Су өсiмдiкке тұқымы бөртiп, өне бастағаннан жемiсi пiскенге дейiн керек. Өсiмiдiк вегетациясының алғашқы кезiнде оған ылғал аз мөлшерде керек, бiрақ ол сiңiрiмдi сұйық күйiнде болғаны дұрыс, келе-бере өсiмдiк қарқынды түрде өсу кезеңiнде оған судың қажеттi мөлшерi өте жоғарылайды, ал вегетацияның соңында көпшiлiк жағдайда азаяды.
Топырақ ылғалының тапшылығы қай кезде болсада ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн төмендетедi. Дегенмен өсiмдiк тiршiлiгiнде топырақтағы ылғалдың мөлшерiне өте-мөте мән беретiн қысқа кезең болады. Егер бұл кезде ылғал жеткiлiктi болса, өнiм көбейедi де, ал ол тапшы болса өнiмнiң мөлшерi күрт төмендейдi. Өсiмiдiктiң мұндай өсiп-өну фазаларын жауапты кезең деп атайды. Мұндай кезең әдетте өсiмдiктердiң өнiмдiлiгiн анықтайтын репродуктивтi органдарының бастапқы өсу және даму мерзiмiне сәйкес болып келедi. Мысалы, күздiк қара бидай, күздiк және жаздық бидай, арпа және сұлы үшiн бұл жауапты кезең түтiктену-масақтану, қонақ жүгерi (сорго), тары үшiн масақтану-дән салу, жүгерi үшiн гүлдену- сүттенiп пiсу, күнбағыс үшiн себетгүл беру- гүлдену, қоза үшiн гүлдену-қауашақ салу, картоп үшiн гүлдеу-түйнек салу мерзiмiне сәйкес келедi.
Топырақ ылғалымен микроорганизмдердiң де тiршiлiгi, iс-әрекетi тығыз байланысты болып келедi (нитрификаторлар, азотобактер ж.б.).
2. Топырақтың су-физикалық қасиеттерi
Топырақтың су-физикалық қасиеттерiне жататындар топырақтың су өткiзгiштiгi, су сиымдылығы, су көтергiштiгi және булану қабiлеттiлiгi.
Салмақ күшiнiң әсерiнен өзi арқылы суды тез немесе баяу өткiзу қасиетiн топырақтың су өткiзгiштiгi дейдi. Ол бiр өлшем уақытта топыраққа енетiн су бағанасының мөлшерiмен өлшенедi. Су өткiзгiштiгi нашар топырақтар оның беткi ағынының күшейуiнен және буланудың салдарынан көп суды жоғалтады. Ал, топырақ бетiнде судың iркiлуi (жиналуы) егiстiң тұншығуы мен борсуына, топыраққа ауаның кiрмеуiне әкелiп соғады. Бұл жағдай пайдалы микроорганизмдердiң iс-әрекетiн әлсiретiп, қоректiк заттарды, әсiресе нитраттарды, азайтады, керiсiнше, денитирификация процесiн күшейтедi.
Топырақтың су өткiзгiштiгi оның гранулометриялық құрамына, құрылысына, органикалық заттарының мөлшерiне, құрылымына, өңдеу қабатының астыңғы жағының сипатына және басқа жәйттерге байланысты болып келедi. Мысалы, құмдауыт және құмдақ топырақтар саздақ және сазды топырақтарға қарағанда суды недәуiр көп өткiзедi. Капилляр түтiктерi көп топырақтың су өткiзгiштiгi төмен болады. Құрылымы жоғары топырақ суды жақсы өткiзедi.
Органикалық заттар, соның iшiнде органикалық тыңайтқыштар, топыраққа дұрыс агрономиялық қасиеттер берiп, оның су өткiзгiштiгiн жақсартады, топырақ жамылғысының өңдеу қабатынан төмен орналасқан лесс тәрiздi саздақ, құм қатпарлы т.б. қабаттардың қасиеттерiне де байланысты болып келедi.
Н.А.Ка÷инский топырақ су өткiзгiштiгiн былай бағалайды: егер топыраққа 1 сағатта температурасы 100С, деңгейi 5 см су 1000 мм артық тереңдiкке енсе, бұл топырақтың су өткiзгiштiгiн қыйсынсыз артық (арынды), 1000-500 мм болғанда-артық, 500-100 мм- ең жақсы, 100-70 мм- жақсы, 70-30 мм қанағаттанарлық, 30 мм кем болғанда- қанағаттанарлықсыз дейдi.
Сазды және саздақ топырақтардың су өткiзгiштiгiн терең өңдеу арқылы, ауыспалы егiс, органикалық тыңайтқыштар қолдану, басқа да агротехникалық шаралардың көмегiмен жақсартуға болады.
Топырақтың суды ұстап тұру қабiлеттiгiн ылғал сиымдылығы дейдi. Топырақтың барлық қуыстарын толтырғандағы судың ең жоғары мөлшерiн толық ылғал сиымдылығы делiнедi. Топырақты мол (ағыл-тегiл) суландырып, гравитациялық су төмен ағып кеткеннен кейiн, тiреп тұратын жер асты суы жоқ болғанда, топырақта қалатын су мөлшерi ең аз немесе егiстiк-шектiк ылғал сиымдылығы деп аталады. Топырақ ылғал сиымдылығының соңғы көрсеткiшi (ең аз немес егiстiк-шектiк) оның су қасиеттерiнiң iшiндегi ең маңыдысы, ол топырақтың өзiне жинап алып ұзақ уақыт ұстап тұра алатын ылғалдың ең көп мөлшерiн көрсетедi. Бұл топырақта сумен қатар кең түтiктерде ауа болады.
Топырақтың ең аз ылғал сиымдылығы оның гранулометриялық құрамына, қарашiрiндiнiң мөлшерiне, құрылымына, қуыстылығына және тығыздығына байланысты болып келедi. Құмайт және құмдақ топырақтарда оның мөлшерi 5-20 , саздақ және сазды топырақтарда 20-45 болады. Оның мөлшерi қарашiрiндiге бай, ауыр механикалық құрамды, жақсы макро және микроқұрылымды топырақта жоғары болады.
Топырақтың капилляр күштерiнiң арқасында суды төменнен жоғары қарай көтеру қасиетiн оның су көтергiштiк қабiлетi дейдi. Ол негiзiнен топырақтың гранулометриялық құрамына байланысты болады. Су көтергiштiк құмдақ топырақтан саздақ топыраққа қарай өсiп отырады да, саз топырақта азаяды. Соңғы жағдайды топырақтағы активтi емес берiк байланысқан ылғалмен толы түтiкшелердiң көп болуымен түсiндiруге болады.
Топырақтың бұл қасиетi оң немесе терiс нәтиже беруi мүмкiн. Егер төменнен көтерiлген су өсiмдiктердi қосымша ылғалдандыруға қатысса, позитивтiк процесс деуге болады. Ал, бұл ылғал топырақтағы қалпына келтiру процесстерiн күшейтiп, оның кескiнiнiң тұздану және батпақтануын арттырса зиянды процестерге жатқызамыз.
Жер асты суының деңгейiнен құмдақ топырақтарда ылғалдың көтерiлу биiктiгi 0,5-0,7 м, ал саздақ топырақтарда 3-6 метрге дейiн жетедi.
Топырақтың ылғалы сұйық түрiнен газ тәрiздес түрiне айналуының нәтижесiнде атмосфераға кетуiн оның буландыру қасиетi, немесе физикалық булану деймiз.
Булану процесi топырақта үздiксiз жүрiп жатады. Оның мөлшерi бiраз себептерге байланысты. Бiрiншi топ себептерге метеорологиялық жағдайлар: ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы, желдiң жылдамдығы ж.б. Булану мөлшерi арадағы ылғалдың тапшылығы (дефицит) мен желдiң жылдамдығына тiкелей байланысты, атмосфера қысымына керi байланысты болып келедi.
Келесi бұл көрсеткiшке әсер ететiн жағдай- топырақтың физикалық қасиеттерi-оның құрылысы мен құрылымы. Топырақтың өңделу қабатының оңтайлы құрылысы, жоғары құрылымы судың булану арқылы болатын шығынын азайтады. Бұл мәселе қуаңшылық аудандарда өте маңызды орын алады.
Булану мөлшерiне әсер ететiн келесi себептерге жататындар- топырақ бетiнiң пiшiнi, оның нақтылы жағдайы және жер бедерi. Тегiс емес, топырақ бетiнiң жалды және кесектi болуы оның буланғыштығын арттырады, өйткенi бұл кезде булану ауданы көбейедi. Егiстiктегi өсiмдiк жамылғысы және оның тiрi, өлi қалдықтары, топырақтың беткi қопсыған қабатының болуы булану процессiн төмендетедi. Булану үшiн топырақтың түсiнiң маңызы да мол. Мысалы, ақ түстi беткейден буланған судың мөлшерiн 100 деп алсақ, қара түстi топырақта 132 болады. Топырақтан судың буланып ұшуына жер бедерi де үлкен әсер етедi. Көтерiңкi (үстiрттеу) жерде, оңтүстiк беткейде желдiң және жоғары температураның әсерiнен булану процесi басым болып келедi.
Булануды азайтудың агротехникалық шаралары ретiнде топырақ бетiнiң қабыршағын жою, борпылдақ топырақтарды тығыздау, жабынды қолдану, егiс қорғайтын орман алқаптарын пайдалану және басқаларды айтуға болады.
3. Топырақтағы ылғалдың тепе-теңдiгi (теңгерiмi)
Топырақтың су жүргiсiнiң (режiмiнiң) сандық көрсеткiшi болып су теңгерiмi, яғни судың барлық кiрiс пен шығыс көрсеткiштерiнiң жиынтығын айтады.
Топырақ су теңгерiмiнiң жалпы теңдемесi:
В0+Вос+Вор+Вг+Вк+ВпрВисп+Вт+Вн+Впс+В1,
В0- топырақтағы ылғалдың бастапқы қоры, Вос-зерттелу кезеңiндегi атмосфералық жауын-шашынның мөлшерi, Вор-суғару суы, Вг-ыза суы, Вк-су буының конденсациясының нәтижесi, Впр-беткi ағыннан келген ылғал.
Висп-зерттеу мерзiмiндегi физикалық булану, Вт-транспирацияға жұмсалған ылғал, Вн-төмен ағып, топырақтан шығынданған ылғал, Впс-беткi ағыннан жоғалған ылғал, В1-зерттеу соңындағы топырақта қалған ылғалдың қоры (мөлшерi).
Су теңгерiмiнiң әр элементiнiң ара салмағы әртүрлi болып келедi. Сондықтан практикада қолдану үшiн су теңгерiмiнiң барлық элементтерiн есептеп жатпайды, тек қана маңыздыларын зерттеуге тырысады. Онымен қатар олардың кейбiреулерiн дәл есептеуге бүгiнгi күнi мүмкiндiк аз (тамыр жайылатын қабатқа келетiн жер асты суы, будың конденсациялану суы, қапталдан келетiн және кететiн ылғалдың мөлшерi ж.б.). Оған қоса тағы бiр айта кететiн жағдай, су теңгерiмiнiң кейбiр элементтерiн зерттеу көп қаражат пен еңбектi керек етедi. Топырақтағы ылғал қорын (м3/га немесе су қабатының мм)
Ва·d·h
формуласымен есептеп шығаруға болады (В-су қоры м3/га; а- топырақ ылғалдылығы,; d-топырақ көлемдiк салмағы, г/см3; h-топырақ қабатының қалыңдығы, см). Су қорын мм өлшеу үшiн, алынған мөлшердi (көлемдi) онға бөлу керек.
Шамамен топырақтағы су қорын, әсiресе қуаңшылық аудандарда, ылғалдану тереңдiгiне қарап айтуға болады: ылғалданған әрбiр сантиметр 1 мм сiңiмдi суға сәйкес деуге болады.
4. Топырақтың су режимiн реттеу
Топырақтың су режiмiн реттеу өсiмдiкке қажеттi ылғалды жинап алу, оны сақтау және тиiмдi пайдалану шараларынан тұрады. Солардың бiреуi-егiстiкте қар тоқтату тәсiлi. Солтүстiк Қазақстанда көктем кезiнде дақылдарды ылғалмен қамтамасыз етудiң бiрден-бiр көзi қар жамылғысы болады. Бұл жерде қар түрiнде жауын-шашынның 60-100 мм түседi. Осы ылғалды сақтап қалғанда топырақтың су жүргiсiн елеулi түрде жақсартуға болады. Жаппай жазықтiлгiшпен өңдеудi енгiзгенде қосымша 15-20 см қар жинап алуға болады. Бiрақ қар тоқтату шараларын жүргiзбесе, аңызда қар толық сақталмайды (жиналмайды). Сондықтан 4-5 м аралығында қыста болатын желге қарсы қар жалдарын жасау керек. Егер егiстiк жер ылдыйлы болып келсе, қар жолдарын оған көлденең жасау керек.
Қар тоқтатудың тиiмдiлiгi оның мерзiмiне де байланысты. Әдетте бiрiншi қар тоқтату желтоқсан айында оның қалыңдығы 12-15 см, тығыздығы 150-200 кг/м3, мұз қабыршағы 3-5 см кезiнде жүргiзедi. Қар тоқтату кезiнде қабыршақ мұз үлкен үгiндiлерге бөлiнiп, жалдың биiктiгiн жоғарылатады. Жалдар таза, топырақ және өсiмдiк қалдықтарымен ластанбаған, биiктiгi қар жамылғысының биiктiгiнен 2-3 есе көп болуы қажет. Қардың қалыңдығы аз болғанда (30-35 см) жалдар биiк болмайды, сондықтан бұл тәсiлдi қайталауға тура келедi.
Қар тоқтау үшiн риджерлi жал жасағышпен (СВУ-7) қатар СВС-3 жал жасағышта қолданылады. Ол қарды бiркелкi жинауға, тарту кедергiсiн бiршама азайтуға мүмкiндiк бередi.
Топырақ ылғалдығын арттыруда арнайы өңдеу тәсiлдерiн қолдану арқылы қар суын тоқтатудың, әсiресе беткейлi жерлерде, маңызы зор.
Далалық, құрғақ далалық және тәлiмi жерлерде ылғал жинау мәселесiнде пардың, оның iшiнде ықтырма пардың алатын орны үлкен. (Топырақ өңдеу тәсiлдерi туралы тарауда кейiнiрек толық айтылады).
Топырақта ылғал жинауда оңтайлы микроклимат жасайтын егiс қорғайтын орман алқаптарының маңызы үлкен. Мұндай алқаптар желдiң жылдамдығын көктемде үштен бiрге, ал жазда 50 төмендетедi, осыған сәйкес 30-40 булану азаяды. Орман алқаптары жоқ жермен салыстырғанда 1,5-2 есе қар көп тоқтайды. Топырақ аз тоңданады, көктемде ертерек жiбидi, ылғалды өзiне жақсы сiңiредi. Аталған алқаптар ауаның ылғалдылығын 1,5-3, ал аңызақ кезiнде 10-15 жоғарылатады. Температура көктемде 1-20 жоғары болса, ал жазды күнi, керiсiнше, бiраз төмен болады. Осы жағдайларға байланысты өсiмдiктердiң өсiп-дамуы жылдамдайды (жақсарады), олар ылғалды тиiмдi пайдаланады, салыстырмалы шығыны азаяды, күздiк дақылдар, көпжылдық шөптер, баулар жақсы қыстап шығады. Орман алқаптарының эрозиямен күресуде де маңыы зор.
Топырақтың су режiмiне (жүргiсiне) тиiмдi әсер ететiн агротехникалық тәсiлдердiң қатарына оны дұрыс өңдеуден басқа арамшөптермен күресу де жатады.
Әрине, топырақтың су режiмiн реттеуде егiстi суғарудың маңызы зор. Уақтылы және дұрыс суарудың арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн бiрнеше есе көбейтуге болады.
Топырақтан ылғалдың шығынын азайтуға бағытталған шаралардың бiрi-топырақ бетiн жабындау: толығымен немесе топырақ (егiстiк) бетiнiң бiраз бөлiгiн сабанмен, қарашiрiндiмен, полимерлi материалдармен ж.б. жабындау (бүркеп қою). Онымен қоса бұл тәсiл топырақтың жылу жүргiсiн жақсы жағына қарай өзгертедi, арамшөптердiң өсуiн қиындатады.
Топырақтың оңтайлы су жүргiсiн жасау шараларының қатарына оның су-физикалық қасиеттерiн (су өткiзгiштiк, сиымдылық, буланғыштық) оң бағытта өзгеруге, өңдеу қабатының құрылысын, құрылымын жақсартуға бағытталған барлық шаралар жатады.
Осы қатардағы шаралардың iшiнде ауыспалы егiстердi, сорттарды дұрыс таңдап алу, тыңайтқыштар енгiзу, оңтайлы себу мерзiмi мен оның тәсiлдерi, егiстi мұқият күту ж.б. жатады.
Суармалы егiн шаруашылығында жер асты сулары жақын орналасқанда топырақ тұзданбас үшiн құрғату жүйесiн (дренаж) қолданады, оның жабық жүйесi басқалардан тиiмдi болады. Каналдарда фильтрацияны болдырмау үшiн темiрбетонды науаларды қолданған жөн. Науа болмаған күнде каналға су жiберу алдында оны жақсылап тазалау керек. Суару мөлшерiн (нормасын) артық қолданбау, жаңбырлата және суарудың басқа да үнемдi түрлерiн, егiстiктi ұқыпты түрде тегiстеу сияқты шараларды қолдану қажет. Тұрақты каналдардың бойына ағаш отырғызуда тұзданумен күресудiң бiр жолы болып есептеледi.
Су шығынының тиiмдi (пайдалы) түрi болып тек мәдени өсiмдiк пайдаланған ылғал саналады. Ал, тиiмсiз (пайдасыз) шығындарға жататындар: топырақ бетiнен ағып кеткен су мен желмен ұшырылып кеткен қар; топырақ бетiнен буланып кеткен су; жер асты суына инфильтрациялануы; арамшөп пайдаланған ылғал.
Транспирация және топырақ бетiнен буланып кеткен ылғал қосындысын жалпы су пайдалану жиынтығы делiнедi. Егiншiлiкте бұл көрсеткiштiң маңызы үлкен. Су пайдалану жиынтығының көздерi болып-топырақтағы ылғалдың табиғи қорлары, жауын-шашын, суғару суы, жер бетiне жақын орналасқанда жер асты суы есептеледi.
Нақтылы дақылдың вегетация кезеңiнде су пайдалану жиынтығының бiр өлшемiнiң оның негiзгi өнiмiне қатынасы су пайдаланудың коэффициентi делiнедi. Басқа сөзбен айтқанда дақылдан бiр салмақтық өнiм алу үшiн қанша су өлшемi керек екенiн (м3/т) көрсететiн шама. Мысалға кейбiр дақылдардың су пайдалану коэффициентiн келтiруге болады: 3-4 т/га өнiмдiлiкте бидайдың коэффициентi 900-1100 м3/т, жүгерi-5-7 т/га болғанда 550-800, қант қызылшасы –40-50 т/га-100-120, қоза-2,5-3,0 т/га-2000-3000 м3/т.
Топырақ бетiнен буланып кететiн пайдасыз ылғалды ауыл шаруашылығы дақылдарын өндiруге интенсивтi (қарқынды) технологияны қолдану арқылы азайтуға болады. Мысалы, қоза дақылында қатараралығын дер кезiнде қопсыту, арамшөптерiн жою арқылы су шығынын недәуiр азайтуға болады.
Бақылау сұрақтары
Топырақ ылғалының өсiмдiктерге әсерi
Топырақ құрамындағы судың түрледi
Топырақтың су-физикалық қасиеттерi, оларға әсер етушi факторлар
Топырақтың су тепе-теңдiгi, оны есептеу
Топырақтың су режимiн реттеу жолдары
Топырақ ылғалдылығын анықтау әдiстерi
Топырақтағы жалпы және өсiмдiк пайдалана алатын су мөлшерi, оларды есептеу.
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
3. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.
14-15 дәріс ЖЕЛ, ОНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
Мақсаты: Желдің ауылшаруашылық өндірісіне пайдалы және зиянды әсерлерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Тұрақты және ауыспалы бағытта соғатын желдер түрлерімен таныстыру және оны анықтайтын аспаптарды қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: жел, циклон, антициклон, пассат, антипассат, самал жел, муссон.
Дәріс жоспары:
1. Жел және оның түрлерi
2. Желдiң ауыл шаруашылығына тигiзетiн әсерi
3. Қазақстандағы желдер
Жел мен ауа райының байланыстығын, желдiң ауа-райының өзгеруiне тигiзетiн әсерiн (384-322 ж.ж. бiздiң эраға дейiн) Аристотел ашқан болатын.
Жел деп ауаның көлденең бағыттағы қозғалысын айтамыз. Бiр мөлшерде жер бетiне түскен күн сәулелерiнен жер бетi әр түрлi мөлшерде қызады, соның әсерiнен температура өзгерiп отырады. Жер бетiндегi ауа температурасының әр түрлi болуы ауа қысымының да өзгеруiне әкелiп соғады.
Температура жоғары болған жерде ауа қысымы төмен, ал температура төмен болған жерде ауа қысымы жоғары болады. Осындай өзгерiстердiң нәтижесiнде ауа қысымы жоғары ауданнан ауа қысымы төмен ауданға ауа массасы жылжи бастайды. Осы үрдiстердiң әсерiнен жел пайда болады. Неғұрлым ауа қысымдарының айырмасы көп болған сайын желдiң жылдамдығы артады. Жел үш түрлi мөлшерде сипатталады: бағыты (румбы, градустар), жылдамдығы (м/с, км/сағ), күшi (балдар).
Желдiң жылдамдығы, күшi мына факторларға байланысты:
1) Ауа қысымының айырмашылығына;
2) Жер бетi бедерiне-жер бетi тегiс болмаса, өсiмдiктер көп болса жзел жылдамдығы төмендейдi, өйткенi ауаның жер бетiнен байланысы күшейедi;
3) Жыл уақыттарына (айларына) және тәулiкке байланысты. Қыс айларында желдiң күшi, жылдамдығы артады, өйткенi қар жамылғысы арқасында жер бетi тегiстеледi. Күндiз, түске жақын желдiң жылдамдығы, түнге қарағанда артады, өйткенi температура және ауа қысымы айырмашылықтары артады;
4) Жердiң орналасқан биiктiгiне- теңiз деңгейiнен биiктеген сайын желдiң жылдамдығы артады.
Желдiң түрлерi: Желдiң тұрақты және ауыспалы бағыттарда соғатын екi негiзгi түрлерi болады. Тұрақты бағытта соғатын желдерге-циклондар, антициклондар және пассаттар, антипассаттар жатады.
Циклон – ауа қысымы төмен жерлердегi желдер жиынтығы. Бiзге белгiлi, атмосфералық қысым барлық жерлерде бiрдей емес, бiр жерлерде (облыстарда) төмен, ал бiр жерлерде жоғары. Осы атмосфералық құбылыстар картада изобар сызықтарымен белгiленедi. Изобар- атмосфералық қысымдары бiрдей жерлердi көрсететiн сызықтар. Ол изобар сызықтары жоғарыдан қарағанда дөңгелек сияқты болып көрiнедi. Олардың радиусы 1000 км. айналасында болады.
Бұл жағдайда ең төменгi ауа қысымы циклонның ортасында, ал сыртқа қарай қысым көбейе бастайды. Нашар циклондарда, антициклондарда ортасындағы ауа қысымы сырттағыларға қарағанда аз мөлшерде өзгередi, ал кейбiр циклондарда ортадағы қысым өте төмендеп кетедi (950 мб. дейiн).
Сонымен, ауа қысымы төмен аймақтарда орталық пен шет аумақта қысымның айырмасы пайда болады. Ең төменгi қысым орталықта болған соң ауа массасы шеттен ортаға қарай жылжиды, ортада кездескен ауа массасы тiк жоғары көтерiледi де салқындайды. Осындай үрдiстер әсерiнен атмосферада бұлттар пайда болып, жаңбыр жауады.
Антициклон – ауа қысымы жоғары жерлердегi желдер жиынтығы. Карталарда антициклондар изобар сызықтарымен белгiленедi, циклондардан айырмашылығы-ең жоғары ауа қысымы орталықта, ал сыртқа (шетке) қарай қысмы төмендей бастайды.
Мұндай жағдайда ауа массасы орталықтан жан-жаққа қарай беттеледi, соның әсерiнен ауа жоғарыдан төмен түседi. Сондықтан антициклонда жаңбыр жаумайды, күн ашық және құрғақ болады.
Циклондар және антициклондар тұрақты емес, олар пайда болады және жоқта болып кетедi. Циклондар және антициклондар бiр аймақтан екiншi аймаққа жылжып отырады. Олар батыстан шығысқа қарай 30-40 км/сағ жылдамдықпен жылжып отырады, осы мәлiметтерге сүйене отырып ауа-райын болжауға болады.
Пассаты – күн сәулелерi экваторға тiк түседi де топырақтығ ауаны өте қатты қыздырады, сондықтан солтүстiктен экваторға қарай ауа массасы жылжый бастайды. Экваторға ол ауа массалары жоғары көтерiледi. Жердiң айналуына байланысты бұл ауа массасы солтүстiк шығыстан оңтүстiк батысқа қарай беттеледi. Мұндай ауа ағымы (жел) пассаттар деп аталынады. Күн радиациясының экваторға әсерi әрдайым тұрақты болып келедi, сондықтан пассаттар тұрақты желдерге жатады. Дәл осындай желдер оңтүстiктен де соғады. Экваторға кездескен ауа массалары жоғары (4-5-км) көтерiлiп салқындайды да қайтадан солтүстiк және оңтүстiкке тұрақты бағытталады. Бұл ауа ағымы оңтүстiк батыстан солтүстiк шығысқа қарай бағытталады. Осындай бағытталған тұрақты желдердi антипассаттар деп атаймыз.
Ауыспалы бағыттарға соғатын желдер – белгiлi бiр аймақтарда, аудандарда жергiлiктi физикалық-географиялық жағдайларда пайда болатын желдер бағыттарын өзгертiп (ауыстырып) соғады. Ондай желдерге мыналар жатады: самал жел (бризы), муссондар, таулы-далалы, фен.
Самал жел (бризы) – тәулiгiне екi рет бағытын ауыстыратын теңiздер мен мұхиттардың, көлдердiң жағасында болатын жел. Күндiз теңiзден құрылыққа, түнде құрылықтан теңiзге қарай соғады. Самал желдiң пайда болу себебi-теңiз бетi мен құрылықтың жылынуы мен салқындауы бiрдей емес. Құрылық күндiз теңiзге қарағанда жылдам жылжиды, ал түнде керiсiнше, жылдам салқындайды. Сондықтан, күндiз ауа қысымы құрылықта төмендейдi, ал теңiз үстiнде жоғарылайды. Ауа массасы теңiз бетiнен құрылыққа қарай жылжый бастайды. Бұл самал жел құрылықпен 30-40 км дейiн жетедi (тарайды), желдiң жылдамдығы 4-7 м/с. Түнде жел бағытын керiсiнше өзгертедi- құрылықтан теңiзге қарай бағытталады.
Муссондар – өз бағытын жылына 2 рет ауыстыратын жел. Қыста құрылықтан теңiзге қарай, жазда-теңiзден құрылыққа қарай соғады. Жаз айларында Азия материгi қатты қызады да, ауа қысымы төмен болып тұрады. Осы мезгiлде Индия, Тынық мұхиттарынан салқындаған ауа материкке қарай жылжыйды. Осы жаздық муссон барлық жаз айларында бiр бағытта, мұхиттардан Азия материгiне қарай соғады.
Қыс айларында материк үстiнде ауа қысымы жоғары болады, сондықтан ауа массалары керi (материктен мұхиттарға) қарай жылжыйды. Осылай, қыс айлары бойы соғатын қысқы муссон пайда болады.
Жаздық муссондар көп су буларын, ауа ылғалдылығын, бұлттар, жауын-шашындар әкеледi, ал қысқы муссондар керiсiнше бұлтсыз аспан, жаңбырсыз салқын күндер.
Тау-далалы желдер. Таулы жерлерде күннiң көзi шығысымен тау беткейi тез қыза бастайды. Осы беткейдегi ауаның температурасы жоғарылайды. Қызған ауа жеңiл болғандықтан тау беткейiмен жоғары көтерiледi, оның орнына даладан (бөктерден) жаңа ауа массасы келе бастайды. Осылай далалық жел пайда болады. Түнде жер бетi, излучения көп болған соң тез салқындайды, ол жердегi ауа салқындап тау беткейiнен төмен жылжый бастайды да тау желi пайда болады. Бұл желдердiң жылдамдығы 10-15 м/с жетедi.
Фен – таудан соғатын өте жылы, құрғақ жел. Көбiнесе қыс және көктем айларында болады, сонымен қатар кез келген мезгiлде де болуы мүмкiн. Бұл желдiң жылы және құрғақ болуының себептерi: жылжып бара жатқан ауа массасы тауды, биiктiктi кездестiредi де тау биiктiгiне қарай жоғары көтерiле бастайды. Бiзге белгiлi, әрбiр 100 м биiктiкте температура 0,50 төмендейдi, сонымен қатар, ауа ылғалдығы да артды. Белгiлi бiр уақытта ауа ылғалы бұлтқа айналып жаңбыр жауады. Таудан немесе биiктiктен асып түскен ылғалдылығын жоғалтқан ауа массасының төмен түскен сайын температурасы жоғарылайды (әрбiр 100 м. 10), сондықтан фен желi құрғақ, бұлтсыз ауа райын алып келедi.
2. Желдiң ауыл шаруашылығына тигiзетiн әсерi
Ауылшаруашылығында желдiң маңызы үлкен.
1. Жел – энергияның арзан қайнар көзi болып табылады. Ауылшаруашылығында әртүрлi жел двигательдерi (ТВ-5) пайдаланылады. Оларды құдықтан су көтеруге, мал фермаларын сумен қамтамасыз етуге, егiншiлiкте дақылдарды суаруға пайдаланады.
2. Мұхиттар мен теңiздерден ылғалыд ауа алып келiп жел ауылшаруашылығын ылғалмен қамтамасыз етедi.
3. Атмосфера және топырақ арасында газ алмасуды жақсартады;
4. Топырақ температурасын бiр қалыпты ұстап тұруға әсерiн тигiзедi.
5. Орман ағаштарының тұқымдарын таратып олардың табиғи қайта жаңаруына ықпал етедi;
6. Өсiмдiктердiң тозаңдануына көмектеседi, ауаны тазартады.
Ауыл шаруашылығына келтiретiн желдiң зияндары::
1. Топырақ бетiнен ылғалдың булануын, ылғалдың ысырапсыз жоғалуын көбейтедi;
2. Жылдамдығы жоғары желдердiң әсерiнен өсiп тұрған өсiмдiктер жатып, бiр бiрiмен байланысып қалады, соның әсерiнен өнiмдi жинау қиындыққа әкелiп соғады.
3. Кейбiр агротехникалық шараларды авиация көмегiмен (егiн егу, минералды тыңайтқыштар шашу, дефляция жасау т.б.) жүргiзгенде қатты соғатын желдер жұмысты қиындатады.
4. Арамшөптер мен зиянкестердiң таралуына, көбейуiне желдiң әсерi үлкен. Кейiнгi уақытта шегiрткенiң ауыл шаруашылығына қаншалықты зиянды әсер етiп жатқаны белгiлi. Бұрын шегiрткелер Ауғанстаннан Авганец деген желмен бiрге бiздiң елге келетiн, оны тоқтату үшiн шекарада мамандандырылған отрядтар ұйымдастыру керек болды.
5. Қатты соғатын желдер топырақты құрғатып оның құнарлы заттарын ұшырып кетедi- жел жрозиясына ұшыратады. Соқамен аударып жыртылған жерлерде жел эрозиясының салдарынан әр гектардан 10,6 тонна, ал аңыз қалдырып өңделген танаптардан 1,2 тонна құнарлы топырақ ұшып кетедi екен.
Желдiң зиянды әсерлерiне қарсы күрес шаралары:
1. Күрес шаралары жүргiзiлетiн аймақтың, ауданның жел розасын (роза ветров) анықтау керек;
2. Жел розасына көлденең (топырақты) эрозиядан қорғайтын орман жолақтарын отырғызу. Бұл шара желдiң жылдамдығын төмендетiп булануды азайтып ылғал қорын молайтуға және көп мөлшерде қар тоқтатуға әсерiн тигiзедi;
3. Биiк өсетiн дақылдардан (жүгерi, қонақ жүгерi, горчица) негiзгi жел бағытына көлденең күштер қалдыру. Бұл шараның да топырақтан ылғалды көбеутiге әсерi бар;
4. Жел эрозиясын болдырмау шаралары.
Академик А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы, академик В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институттары мен басқа ғылыми мекемелердiң ғалымдары жел эрозиясымен күрес шараларын зерттеп, оларды өндiрiске кеңiнен енгiздi.
Осы шаралардың бастылары мыналар:
а) Топырақты аударып жыртпай, оның бетiнде аңыз қалдыру және басқа өсiмдiк қалдықтарын сақтау. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң деректерi бойынша өңделгеннен кейiн танапта 70 пайыз немесе әр шаршы метр жерде 200-300 дана аңыз сақталса, жел эрозиясыболмайды екен. Ол үшiн топырақты арнаулы құралдармен өңдеу керек. Оларға топырақты сыдыра қопсытатын, танап үстiндегi аңыздарға онша көп зақым келтiрмейтiн, жердi терең өңдеуге арналған жазықтабанды КПГ-250, КПГ-2-150, таяз өңдеуге арналған КПШ-9, КПШ-11, ОП-8, Оп-12 сыдыратiлгiшкулльтиваторлары, көктемде ылғалды жабуға арналған инелi БИГ-3А, БИГ-6А тырмалары, БМШ-15, БМШ-20 құралдары, ЛДГ-15, ЛДГ-20 сыдыражыртқыштары, аңызға тұқым себетiн СЗС-2,1А дәнсепкiштерi жатады.
ә) Жел эрозиясы болып тұратын ашық далалық аймақта жердi жазықтабан сыдыра тiлгiш құралдармен сүдiгер көтергенде соқамен аударылып жыртқан жерлерге қарағанда танаптарда қар қалың тоқтайды. Көктемде жазықтабан сыдыра тiлгiшпен қопсытылған топырақтағы ылғал мөлшерi аударылып жыртылған сүдiгерге қарағанда едәуiр мол болады. Осының әсерiнен ауылшаруашылық дақылдарының әр гектарынан 1,5-3 ц үстеме өнiм алынады.
б) Аңызы сақталған танаптарда көбiне желтоқсан айының басында –ақ қалыңдығы 20-30 см қар тоқтайды, ал соқамен аударылып жыртылған танаптарда қар көбiне қыстың екiншi жартысында ғана жиналады және қалың болмайды. Аңызы сақталған танаптарда қар ерте тоқтайтын себептi жер 70 см-ге дейiн ғана тоңданып қатса, ал аңызы жоқ танапта ол 1,5-2,0 метрге дейiн тоңданады. Сондықтан аңыз сақталған жерлерде көктемде қар баяу ерiп, оның суы топыраққа жақсы сiңедi.
Мысалы, Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының зерттеулерi бойынша орта есеппен 5 жыл iшiнде жердi соқамен аударып жыртқанда танаптағы қардың қалыңдығы 17,4 см, ал жазықтабан сыдыратiлгiш культиватормен терең қопсытып өңдегенде 33,7 см, яғни қар екi есе көп жиналған. Топырақтағы осыған сәйкес ылғал қоры 512 м3/га және 978 м3/га, ал жаздық бидай өнiмi 9,5 ц/га және 12,8 ц/га болған.
в) Жел эрозиясы бар аймақтарда ерте таза пар қолданған дұрыс, яғни парға қалдырған танаптарды өңдеудi көктемде бастау керек. Бұл өңдеулер жазықтабан сыдыра тiлгiш құралдармен жүргiзiлуi тиiс. Осылай еткенде жаз бойы танапта аңыздар сақталады да топырақ эрозиясы болмайды. Ғалымдар жүргiзген көп жылдық зерттеулер танапты жазықтабан сыдыра тiлгiшпен қопсытқанда күз, қыс кезiнде түсетiн ылғалдың топыраққа толық сiңуiне мүмкiндiк туатынын көрсетiп отыр.
3.Қазақстандағы желдер
Қазақстан Республикасы 273 млн. гектар жердi алып жатыр. Бұл жерлердiң физикалық - географиялық айырмашылықтарына, бедерiне қарамастан Қазақстан территориясы тұрақты жел режимiмен сипатталады.
Қазақстанның орман далалы, далалы бөлiктерiнде қыс айларында оңтүстiк-батыс, ал шөл және тау бөктерi аймақтарында солтүстiк-шығыс бағыттарындағы желдер басымдау келедi.
Жаз айларында Қазақстанда жел режимi күрт өзгередi. Бұл уақыттарда алыстан солтүстiк жақтан ылғалды ауа массалары келе бастайды. Қазақстанның солтүстiгiнде солтүстiк-батыс, ал оңтүстiгiнде солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарындағы желдер басымдау болады. Сонымен қатар, жаз айларында желсiз күндер де көп болады.
Қазақстанның негiзгi далалық және орман далалық аудандарында (Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Орал облыстары) желдiң көпжылдық орташа жылдамдығы көбiнесе 4,5-5,0 м/с, ал оңтүстiк облыстарына қарай желдiң жылдамдығы төмендейдi. Қызылқұм, мойынқұм шөлдерiнде желдiң орташа жылдамдығы 3-4 м/с дейiн төмендейдi.
Қазақстанда желдердiң әртүрлерi кездеседi. Әсiресе, тұрақты жел деген- циклондар және антициклондар, ал ауыспалы бағытта соғатын желдерден: тау-аңғарлы, самал жел (бризы), фен т.б.
Осы желдермен қатар Қазақстанда жергiлiктi желдер бар. Ол желдер жергiлiктi ауданның жер бедерiне, топырақтарына, тауларына байланысты, тек сол ауданда ғана байқалады. Мысал ретiнде Алматы (бұрынғы Талдықорған) облысының Алакөл ауданындағы Сайқан және Ебiнiң желiн айтуға болады.
Сайқан – Сiбiр антициклонының Алакөл ойысы арқылы солтүстiк батыстан оңтүстiк-шығысқа Жоңғар қақапасын басып, Орталық Азияға қарай соғатын күштi жел. Сайқан желi негiзiнен алакөл ойысына суық ауа массасын алып келедi, орташа температурасы- 300С-370С аралығында. Қыркүйек-сәуiр айлары аралығында жиi соғып, көктем мен жазға қарай саябырлайды. Қатты соққан уақытта (күзде) Алакөл жүйесiне жататын көлдердiң (алакөл, сасықкөл, Ұялы, жалаңашкөл) су деңгейi 1 метрге жуық көтерiледi. Күнiне бiрнеше рет қайталап соққан жел кейде 2-3 тәулiкке дейiн созылуы мүмкiн. Сайқан желi шаруашылыққа, әсiресе, мал басын шығынға ұшыратып, балық аулауға, жол қатынасына да зиянын тигiзедi. Бiр қызығы, Сайқан желiн жергiлiктi тұрғындар ңшайтанң желi деп атайды. Бұлай деп аталуы желдiң күшi салт атты адамды ат үстiнен ұшырып түсетiндей өте қатты тұруынан.
Е б i ж е л i – Жоңғар Алатауының шығысында соғатын дауылды жел. Ол Жоңғар қақапасының оңтүстiк шығысы арқылы өтетiн антициклонның түйiсуiнен пайда болады. Бұл жел атмосфера қысымы жоғары аймақтан Жоңғар қақпсындағы қысым төмен жерге өткенде күшейiп, көбiне қара дауылға айналады. Оңтүстiк шығыс бағыттан соғып Ебi желi күрт көтерiлiп, алакөлдi басып өтiп, кейде Балқаш көлiне дейiн жетедi. Ебi желi 1-2 тәулiкке, ал оқта-текте ұйтқытып соққанда 3-7 тәулiкке дейiн созылады. Ебi желi Жоңғар қақапасының орта бөлiгiнде, жалпы алғанда 70-100 күндей тұрады, жылдамдығы 60-80 м/с-қа жетедi. Қазан-ақпан айлары аралығында жел жиi соққанымен жазда саябырлайды. Жел шаруашылыққа, темiр жол қатынасына, балық аулауға кедергi жасайды. Ебi желi туралы алғаш рет Ш.Уәлиханов жазды. Ебi желiнiң соғатын мезгiлiн алдын ала бiлiп отырудың халық шаруашылығы үшiн маңызы зор.
А р ы с т а н д ы-Қ а р а б а с желi Қаратау жотасы арқылы солтүстiк-шығыстан оңтүстiк-батысқа қарай Арыстанды өзенi бойын қуалай соғады, жылдамдығы 30-35 м/сек. Желдiң әсерiнен Оңтүстiк Қазақстан облысының Бәйдiбек, Отырар, Түркiстан аудандарының ауа райы өзгерiп, қыста ауа температурасы-220-қа дейiн суиды, ал жазда жиi соққан аңызақ желден қуаңшылық болып, шаруашылыққа зиянын тигiзедi.
Таулы, көлдi аудандар мен өзен жағалауларында жергiлiктi бриз желi соғып тұрады. Ерте көктемде, жазда соққан жел шаңды дауылға айналып, топырақты қатты эрозияға ұшыратады. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы көп зиян шегедi. Республикада жел энергиясын өндiру қолға алынып келедi. Бүгiнде Қазақстанда өндiрiлетiн жел энергиясы 1 млрд. квт. шамасында. Желдiң күшiн құдықтан су шығаруға және жел диiрмендерге пайдаланады.
Аталған желдерден басқа Алматы облысында, бұрынғы Шелек ауданында- Шелек атты жел бар. Ол жел бағытын өте жылдам өзгертiп тұрады. Жамбыл облысында -қордай, Оңтүстiк қазақстан облысында-Шақпақ, Ақтөбе облысында-Бесқонақ атты желдер бар.
Бақылау сұрақтары
Желдiң пайда болуы
Желдiң сипатталатын көрсеткiштерi
Желдiң тұрақты бағытта соғатын түрлерi
Желдiң ауыспалы бағытта соғатын түрлерi, олардың сипаттамасы
Желдiң ауылшаруашылығына тигiзетiн әсерi
Желдiң зиянды әсерлерiне қарсы күрес шаралары
Қазақстандағы желдер
Желдiң жылдамдығын және бағытын анықтау, аспаптар
Жел розасы, оны ауылшаруашылығында пайдалану.
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
3. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.
16-17 дәріс Ауа райы жӘне оныҢ Өзгеруi
Мақсаты: Ауа райы және оның өзгеру жағдайларының ауылшаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін бiлу.
Міндеті: Қалыптасқан және күтiлетiн ауа райы өзгеру жағдайларын дұрыс бағалай бiлуін үйрету.
Түйінді сөздер: Ауа райы, ауа массалары, атмосфералық фронттар.
Дәріс жоспары:
1. Ауа райы және оның өзгеруi
2. Ауа-райын болжау әдiстерi және оны ауылшаруашылығында пайдалану
3. Халық дәстүрлері және жергілікті белгілер бойынша ауа-райын болжау
Ауа райы – негiзгi метеоэлементтердiң беткi қабатын өзара қатынас арқылы дәл осы уақытта қалыптасқан атомосфералық физикалық жағдайы. Немесе – ауа райы дегенiмiз – дәл осы уақытта атмосферадағы метеорологиялық элементтердiң (температура, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, жел, бұлт, күн радиациясы, жауын-шашын т.б.) жиынтығын айтамыз. Ауарайы өзгермелi және тұрақсыз, ол ауа массасының ауысуына тiкелей қатысты болады.
Ауа-райында кезеңдi (дұрыс) және кезеңдi емес (дұрыс емес) өзгерiстер болып тұрады. Кезеңдi – күн – түн, қыс-жаз. Күндiзге қарағанда түнде салқындау, түнде жел жылдамдығы бәсеңдейдi, күндiз ауа қысымы түнге қарағанда төмен - өйткенi температура жоғары. Күндiз – ертеңгiсiнен сағат 14-15-ке дейiн атмосфера қысымы төмендейдi де, кешке қарай, жоғарылайды. Осындай ауа-райы өзгерiстерi кезеңдi (дұрыс) өзгерiске жатады. Кезеңдi өзгерiс негiзiнен радиациялық режимге, осыған байланысты темпеператураға байланысты. Кезеңдi емес (дұрыс емес) ауаның өзгеруi ауа массасының ауысуына байланысты. Ауа массасында өзгерiстер болып тұрады, олар көлденең және тiк бағыттарда жылжып отырады.
Кезеңдi және кезеңдi емес ауа-райының өзгерiстерiне бақылау жүргiзу арқылы ауа-райына болжау жасауға болады.
Егер, күнi бойы метеорологиялық элементтердiң өзгеруi (әсiресе атмосфералық қысым) кезеңдi өзгерiске сәйкес болса, онда ауа-райы өзгермейдi, ал басқа ауа массасы келiп осы заңдылықты бұзатын болса – ол кезеңдi емес өзгерiстерге жатады да, нәтижесiнде ауа-райы өзгередi.
Бiзге белгiлi, атмосфералық қысым барлық жерлерде бiрдей емес, бiр жерлерде (облыстарда) төмен, ал бiр жерлерде жоғары. Осы атмосфералық құбылыстар картада изобар сызықтарымен белгiленедi. Изобар- атмосфералық қысымдары бiрдей жерлердi көрсететiн сызықтар. Ол изобар сызықтары жоғарыдан қарағанда дөңгелек сияқты болып көрiнедi. Олардың радиусы 1000 км. айналасында болады.
Бұл жағдайда ең төменгi ауа қысымы циклонның ортасында, ал сыртқа қарай қысым көбейе бастайды. Нашар циклондарда, антициклондарда ортасындағы ауа қысымы сырттағыларға қарағанда аз мөлшерде өзгередi, ал кейбiр циклондарда ортадағы қысым өте төмендеп кетедi (950 мб. дейiн).
Сонымен, ауа қысымы төмен аймақтарда орталық пен шет аумақта қысымның айырмасы пайда болады. Ең төменгi қысым орталықта болған соң ауа массасы шеттен ортаға қарай жылжиды, ортада кездескен ауа массасы тiк жоғары көтерiледi де салқындайды. Осындай үрдiстер әсерiнен атмосферада бұлттар пайда болып, жаңбыр жауады.
Карталарда антициклондар изобар сызықтарымен белгiленедi, циклондардан айырмашылығы-ең жоғары ауа қысымы орталықта, ал сыртқа (шетке) қарай қысмы төмендей бастайды.
Мұндай жағдайда ауа массасы орталықтан жан-жаққа қарай беттеледi, соның әсерiнен ауа жоғарыдан төмен түседi. Сондықтан антициклонда жаңбыр жаумайды, күн ашық және құрғақ болады.
Циклондар және антициклондар тұрақты емес, олар пайда болады және жоқта болып кетедi. Циклондар және антициклондар бiр аймақтан екiншi аймаққа жылжып отырады. Олар батыстан шығысқа қарай 30-40 км/сағ жылдамдықпен жылжып отырады, осы мәлiметтерге сүйене отырып ауа-райын болжауға болады.
Ауа массалары
Атмосфера циркуляциясы. Атмосфера циркуляциясы – жер бетiндегi климатты қалыптастырушы негiзгi факторлардың бiрi. Жылдың суық кезiнде Қазақстан климатына Азия антициклонының батыс тармағы күштi ықпал етедi. Қазақстан климатының қалыптасуына негiзiнен арктикалық, қоңыржай, тропиктiк ауа массалары әсер етедi.
Арктикалық ауа массасы республика жерiнде Солтүстiк Мұзды мұхиттан құрғақ, суық ауа әкеледi. Соның әсерiнен көктем айында қар жауып, күзде жер бетi тоңазиды. Сөйтiп шаруашылыққа көп зиянын тигiзедi.
Қоңыржай ауа массасы. Атлант мұхиты жағалауынан баяу жететiн бұл ауа массасы ылғалының көбiн жолшыбай жоғалтқанмен республика батысына бiршама жауын-шашын әкеледi. Қыста ауа температурасының көтерiлiп, жазда төмендеуi осы қоңыржай ауа массасының келуiне байланысты.
Тропиктiк ауа массасы. Орта Азия мен Иранның үстiнде қалыптасатын бұл ауа массасы көбiне республикамыздың оңтүстiк аймағын қамтиды. Континенттi тропиктiк осы ауа массасының әсерi Қазақстанның оңтүстiк бөлiгi ауасының температурасын көтередi. Бұл өз кезегiнде жердi құрғатып, шаңды үйiредi.
Атмосфералық фронттар
Ауа массалары үнемi қозғалып, қасиеттерiн өзгертiп отырады. Әр түрлi ауа массаларының араларында бiрнеше шақырымға жететiн өтпелi аймақтар болады. Ондай өтпелi аймақтарды атмосфералық фронт немесе фронттар деп атайды. Егер жылы ауа салқын ауа жағына қарай ауысса, күн жылынады да, мұндай фронтты жылы фронт дейдi. Жылы фронттар өткенде оның үстiнде жүздеген шақырымға жететiн жауын бұлты пайда болып, жауын-шашын жауады. Салқын ауа массасы жылы ауаны ығыстырып, iлгерiлегенде, фронт өтетiн жердiң ауа райы салқындайды. Сондықтан оны салқын фронт деп атайды. Салқын фронт Қазақстан жерiне жеткенде салқын ауа ығыстырған жылы ауа жоғары көтерiлiп, жел соғып, найзағай жарқылдайды. Солтүстiк Мұзды мұхит үстiнде қалыптасатын арктикалық фронт оңтүстiкке қарай ауыса отырып, оңтүстiктегi биiк тауларға жетiп тоқтайды.
Салқын және жылы ауа әр түрлi жылдамдықтармен бiр орыннан екiншi орынға жылжып отырады. Салқын ауа жылы ауаға қарағанда жылдам жылжыйды да жылы ауаны қуып жетiп араласады. Сол екi ауаның араласуының нәтижесiнде циклондар және антициклондар пайда болады, олардың диаметрi 1000 км, одан да көп болуы мүмкiн.
Негiзi циклондар атмосфера қысымы төмен облыстарда екi фронттардың аралығында (шекарасында), ал антициклондар атмосфера қысымы жоғары облыстарда су буы аз ауа массаларында пайда болады. Циклондар мен антициклондарды ауа-райы фабрикасы деп атайды.
Циклондар – ауа массасының жоғары, тiк көтерiлуiне байланысты бұлтты, жаңбырлы ауа-райын алып келедi. Бiрақ жауын-шашын барлық жерлерде бола бермейдi, тек фронттарда мiндеттi түрде болады.
Антициклон – ашық жаңбырсыз ауа-райын, қыста аяз, көктем мен күзде үсiк, ал жазда қуаңшылық алып келедi.
Циклондар мен антициклондар бiр жерде тұрақты орналаспайды. Олар сағатына 30-40 км жылдамдықпен жылжып отырады. Циклондар мен антициклондардың жылжу жылдамдығы белгiлi болған соң олардың қай уақытта қай жерде болатынын есептеп, ауа-райына болжау жасауға болады. Мысалы, бiздiң есебiмiз бойынша циклон Алматыға екi күннен соң келедi, ондай жағдайда, Алматыда екi күннен соң жауын-шашын болады деген болжам жасай аламыз.
2.Ауа-райын болжау әдiстерi және оны ауылшаруашылығында пайдалану
Ауылшаруашылығында ауа-райының ағымды (күнделiктi) және күтiлетiн жағдайы туралы ақпараттар агротехникалық шараларды оңтайлы пайдалану, сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден, ауылшаруашылық өсiмдiктерiн үсiктен өз уақытында сақтау үшiн қажет.
Ауа-райын келесiдей әдiстер арқылы болжауға болады:
1. Синоптикалық: а) қысқа мерзiмдi;
б) ұзақ мерзiмдi;
а) қысқа мерзiмдi ауа-райы синоптикалық картаны талдау негiзiнде тәулiк (3, 5, 7 күндер) алдында, аэрологиялық бақылау мәлiметтерiмен бiрге, әр 3 сағат сайын берiлетiн метеостанциялардың мәлiметтерi бойынша берiледi.
Тәулiк сайын жер шарында 10000 астам метеорологиялық станциялар және 5000 астам сауда және тасымалдау кемелерi жер бетiнiң ауа-райына бақылау жүргiзуде, ал 800 аэрологиялық станциялар радиозонд көмегiмен жер бетiнен 20-30 км биiк қабаттағы атмосфера жағдайын тiркеуде. Метеокөсеткiштермен халықаралық алмасу тәулiгiне 8 рет жүргiзiледi, ал радиозонд бойынша – 2 рет. Бұл әр мемлекет көршi елдерден 1-2 сағатта ақпарат алуға мүмкiндiк туғызады, өйткенi метеорологиялық ақпаратпен алмасу өте қажет, мұны бүкiл әлемдiк метеорологиялық ұйым жүргiзедi.
Метеомәлiметтер синоптикалық картаға түсiрiледi. Синоптикалық карта – метеостанция және метеоэлементтердiң шартты белгiлерi түсiрiлген физико-жағрафиялық карта. Синоптикалық картадағы мәлiметтер оңай оқылу үшiн, ауа-райының әр бiр элементi, станция номерлерi белгiлi орындарда шартты белгiлермен түсiрiледi.
Жер серiктерiнiң арқасында көптеген мәлiметтер алады, мұндай ақпараттарды жердегi барлық станциялар жарты жылда бередi. Жер серiктерiнен алынған ауа-райы болжамы 100% орындалады.
ә) Ұзақ мерзiмдi болжам онкүндiк, ай, кезең, жылға берiледi, бұл үшiн жыл аналогы бойынша циклон және антициклондардың жолдары және қозғалу жылдамдықтары түсiрiлген (аналог архивтен алынады) синоптикалық карта жиынтағы құрастырылады.
3. Халық дәстүрлері және жергілікті белгілер бойынша ауа-райын болжау
Жергiлiктi белгiлер бойынша ауа-райын болжау.
Жергiлiктi белгiлер бойынша ауа-райын болжау синоптикалық карталарсыз да жасауға болады, ол үшiн термометр және барометр-анероид қажет. Бұлт, жауын-шашын, жел және атмосферадағы құбылыстарға (күннiң шығысы, аспан түсi, жұлдыздар жарқырауы) сырттай бақылау жүргiзу қажет.
Тұрақты, ашық, жаңбырсыз ауа-райы белгiлерi:
1. Атмосфералық қысымның - жәй, бiрақ бiрнеше күн бойы үздiксiз жоғарылауы;
2. Желдiң бiрқалыпты тәулiктiк жолы, яғни түнге қарай тоқтап, күндiз үдей түсуi;
3. Тәулiктiк температура амплитудасының артуы;
4. Таңға қарай шық және қыраудың түсуi;
5. Күн батқан соң батыстағы күмiс түстi шұғыла.
Тұрақты бұлтты ауа-райының белгiлерi:
1. Атмосфералық қысым төмендiгi – тәулiк бойы аз өзгеруi немесе төмендеуi;
2. Күн немесе түн бойы жел жылдамдығының үдеуi. Жел бағыты ОБ, ал кейде СШ және ШСШ;
3. Тәулiктiк температураның аз ауытқуы;
4. Күндiз және түн бойында ауаның жоғары абсолюттi және салыстырмалы ылғалдылығы.
Ашықтан жаңбырлы ауа-райына өту белгiлерi:
1.Атмосфералық қысым төмендейдi;
2.Кешке жақын жел үдейдi;
3.Б және СБ-та бұлттар пайда болып, горизонтта тығыздалады;
4.Қыста температура жоғарылайды, жазда төмендейдi. Тәулiктiк температуралық ауытқуы шамалы;
5.Ауаның ылғалдылығы жоғарылайды;
6.Таңғы күннiң шығысы ашық қызыл түстi;
7.Дыбыс естiлуi жаңғырық үдейдi;
8.Алыстағы заттар жақындағандай болып көрiнедi (таулар, орман);
9.Жұлдыздар қатты жарқырайды, галло
Жаңбырлыдан ашық ауа-райына өту белгiлерi:
1.Атмосфералық қысым жоғарылайды;
2.Тәулiктiк температураның ауытқуы ұлғайады;
3.Желдiң екпiнi күшейедi;
4.Ауыспалы бұлтты;
Халық дәстүрi бойынша ауа-райын болжау.
Ауа-райын ғылыми болжау 100 жыл бойы жүргiзiлiп келедi, ал оған қажеттiлiк баяғы заманнан берi болды. Диқаншылардың, теңiзшiлердiң өмiрi ауа-райына тәуелдi болды. Алдағы болатын ауа-райы белгiлерiн қоршаған табиғаттан табуға тырысты: жануарлар, құстар мiнездерiне, өсiмдiктерге қарап, аспандағы болып жатқан құбылыстарға қарап, күн немесе ай түсiне, бұлттар түрiне және т.б. көп белгiлер есте жақсы сақталу үшiн ауа-райын болжау мақал және мәтелдер түрiнде берiлдi.
Мысалы: «Егер шөпте шық болса – жаңбыр болмайды», Күннiң таза батуы – ашық ауа-райына. «Егер күн қызарып батса – теңізшіге қорқыныш жоқ, ал ертеңгiсiн қызыл болса - қорқуға болады». «Егер шағала суға отырса – жақсы ауа-райын күт, ал құммен жүрсе – ауа-райы өзгередi». «Қарлығаштар су бетiне жақындап ұшса – жаңбырға».
Ауа-райы өзгеруiне байланысты өсiмдiк және жануарлардың мiнездерi өзгередi. Қоршаған орта жағдайына байланысты тiрi организмдердiң дамуын зерттейтiн ерекше ғылым саласы – фенология.
Ол жануаралар мен өсiмдiктердiң тiршiлiк үрдiстерiнiң кезеңдiк құбылыстарын ешқандай құралсыз фенологиялық бақылаулар көмегiмен зерттейдi. Мұндай бақылаулар табиғат күнтiзбегiн жасауға мүмкiндiк бередi, мұнда әр құбылыстың басталу мерзiмдерi көрсетiледi. Мысалы: Черемуха (Мойыл) гүлдегеннен 5-6 күннен соң сары акация, емен, алма гүлдейдi, 2-3 күннен соң - сирень, 1-2 күннен соң рябина, 2-3 күннен соң - қарағай, долана т.б.
Ауылшаруашылық тәжiрибесiнде ауа-райын болжауды пайдалану
Ауылшаруашылығы үшiн ұзақ мерзiмге ауа-райын болжаудың маңызы өте зор, бұл ауылшаруашылық жұмыстарын жопарлағанда ескерiледi: топырақ өңдегендегi агротехникалық тәсiлдер, ауылшаруашылық техникаларын пайдалану, себу мерзiмi, дақылды отырғызу, тұқым себу тереңдiгi және мөлшерi, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгiзу және т.б.
Ауа-райын қысқа мерзiмге болжау қатерлi жағдайлардан сақтандыру үшiн пайдаланады (үсiк, құрғақшылық, аңызақ, шаңды боран, бұршақ және т.б.), бұл олармен келетiн шығынды азайтуға мүмкiндiк бередi. Мысалы: көктемгi соңғы немесе күзгi алғашқы үсiктердi болжау оларға қарсы күрес шараларын дер кезiнде жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Бұл еңбек күшiн көп қажет ететiн дақылдарды, өсiрумен айналысатын шаруашылықтарға қатысты. Өйткенi көкөнiс және темекi дақылдарының көшеттерiнiң құны қымбат тұрады, қырыққабат, қызанақ, тәттi бұрыш, баклажан, ал бiр болжау осыған кететiн шығынды он, жүз есе азайтады.
Күзгi ауа райы болжамы егiн жинауды тездеттiредi және өнiмдi сақтайды.
Ауа-райы болжамын ескермеу шаруашылықтарға шығын әкеледi. Мысалы: Алматы облысының бiр шаруашылығында ауа-райы болжамына немқұрайлы қарау себебiнен 200 қойды қырып алған. Үсiктiң болатын, температураның төмендейтiн болжамына қарамай қойларды шомылдырып жуған, ал ауа-райы болжамы тура келген.
Қорыта келгенде, ауа-райы болжауларын өндiрiсте, әсiресе ауылшаруашылығында пайдалану экономикалық тиiмдiлiктi 40-50% көтеруге мүмкiндiк бередi.
Бақылау сұрақтары
Ауа-райы және оның өзгеру себептерi
Ауа массалары
Атмосфералық фронттар, пайда болу себептерi
Ауа-райын болжау әдiстерi
Жергiлiктi белгiлер бойынша ауа-райын болжау
Халық дәстүрi бойынша ауа-райын болжау
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
3. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат
18,19,20 дәріс АуылшаруашылыҒына Қатерлi метеорологиЯлыҚ ҚҰбылыстар
Мақсаты: Ауылшаруашылығына қатерлі метеорологиялық құбылыстардың ауылшаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Қатерлі метеорологиялық құбылыстардың пайда болу себептерін, зияндарын, түрлерін бiлу және онымен шаруашылықта күресу шараларын үйрету.
Түйінді сөздер: Үсіктер, құрғақшылық, аңызақ, дауыл, бұршақ, нөсер, көктайғақ.
Дәріс жоспары:
1. Үсiктер, түрлерi және күресу жолдары
2. Құрғақшылық түрлерi және күресу шаралары
3. Аңызық және оның түрлерi
4. Атмосфералық құбылыстар
Кейбiр жағдайларда ауа-райы ауылшаруашылығына (мәдени дақылдарға, малдарға) қолайсыз жағдайлар туғызады. Солардың әсерiнен ауылшаруашылығы үлкен зиян шегедi. Мұндай жағдайларды ауылшаруашылығына қауiптi (қатерлi) метеорологиялық құбылыстар деймiз. Оларға: үсiктер, құрғақшылық, қуаңшылық, бұршақ, нөсер жаңбыр, көктайғақ және т.б. құбылыстар жатады. Бұл құбылыстармен күрес жүргiзу үшiн олармен жақсы таныс болуымыз керек, пайда болу себептерiн, келтiретiн зияндарын және түрлерiн бiлгенiмiз жөн.
1. Үсiктер, түрлерi және күресу жолдары
Үсiк дегенiмiз – өсiмдiктердiң вегетациялық кезеңдерiнде топырақтың беткi қабаты немесе өсiмдiк өсiп тұрған биiктiкте температураның 00С, одан да төмен төмендеуi.
Қалыптасу себебiне байланысты үсiктiң 3 түрi болады:
радиациялық;
адвективтiк;
аралас – адвективтiк-радиациялық.
Радиациялық – ерте көктемде және кеш күзде тыныш, айқын түнде жердiң беткi қабаттарының интенсивтi сәулеленуi арқасында пайда болады. Радиациялық үсiк қауiпсiз, себебi, олар интенсивтi емес, аз көлемдi алады, күн шығысымен оның күшi жойылады.
Адвективтiк – суық арктикалық ауа массасының келу нәтижесiнде қалыптасады. Ерте көктем мен кеш күз кезiнде бiрнеше тәулiктер бойы жел кезiнде байқалады. Бұл үсiктер өте қауiптi, себебi бiрнеше тәулiктер бойы ұзақ болу салдарынан ауқымды территорияны қамтиды. Көктем соңында, кей мезгiлде жаз айларында жемiс ағаштар гүлдеп тұрғанда, ал ерте күз айларында астық тұқымдас, көк өнiс дақылдарына өте көп зиян тигiзедi.
Адвективтiк – радиациялық үсiк солтүстiк суық ауа мен түнгi сәулелену екеуiнiң қосындысы болып күшейедi. Олар анағұрлым қауiптi, себебi: көктем соңында, кейде жазда, жемiс-жидек дақылдарының гүлденуiмен, ерте күзде көкөнiстердiң пiсуi кезiнде болады.
Өсiмдiктердiң алғашқы өсу (даму) кезеңiнде жеңiл үсiктiң болуы өнiмдiлiкке аса әсер етпейдi. Оған қарағанда көктемде кеш болатын үсiктер күштi болып келедi. Ол кезде өсiмдiктердiң сыртқы пiшiнiн бұзбаған күннiң өзiнде өнiмдiлiктi 10-15% азайтады.
Қазақстанның оңтүстiк жартысында жемiс-жидек, бау-бақша, мақта және т.б. жылы сүйгiш өсiмдiктер үшiн көктемдегi кеш үсiк қауiптi. Ал Қазақстанның солтүстiк жартысында негiзгi дақылдар астық, ол үшiн ерте-күздiк үсiк өте қауiптi, өйткенi астықтың пiсу мерзiмiне тура келедi. Үсiкке шалдыққан астық өзiнiң хош иiсiн және ұн және ұн тарту сапасын жоғалтады (крахмал, спирт және т.б.).
Үсiкке шалдыққан өсiмдiк, тез еру кезiнде өзiнiң тығыздығын, тугорлық жағдайын жоғалтады, түрi бұзылады, солып қалады. Өсiмдiктiң үсiктен зиян алу себебi: оның протоплазмасында судың қатып қалып, су жетiспеушiлiгi.
Үсiктердiң өсiмдiктерге зиянды әсерiне байланысты критикалық (шектi) температура белгiленедi. Жылылық ол температурадан төмен түссе өсiмдiктер өсуiн тоқтатады. Бұл температураның мөлшерi өсiмдiктердiң түрiне, сортына, өсу фазасына байланысты болады.
Үсiкке төзiмдiлiгiне байланысты өсiмдiктердi бес топқа бөлуге болады:
1. Үсiкке өте төзiмдi өсiмдiктер, температураның – 8,-100С төмендегенiне шыдайды (күздiк, жаздық бидайлар, бұршақ тұқымдастары). Бiрақ масақтану фазасында – 3,-40С, ал гүлдену фазасында – 1,-20С температуралары зиянды әсер етедi.
2. Үсiкке төзiмдi, бастапқы өсу фазаларында – 6,-80С шыдайды, ал гүлдену фазасында – 2,-30С зиянды әсер етедi (тамыр жемiстi, конопля, лен).
3. Орташа төзiмдi, бастапқы өсу фазасында – 3,-40С шыдайды, ал гүлдену фазасында – 1,-20С зиянды әсер етедi (майбұршақ, редис).
4. Үсiкке аз төзiмдi – жүгерi, қонақ жүгерi, картоп, темекi – 20С шыдайды, ал гүлдену фазасында – 10С зиян.
5. Үсiкке төзiмсiз – жылы сүйгiш дақылдар: -0,5,-1,50С температура зиянды әсер етедi (күрiш, мақта, фасоль, бақша дақылдары).
Жылы сүйгiш дақылдарды отырғызу кезiнде үсiксiз кезеңiнiң ұзақтығын есепке алу керек. Бұл соңғы көктемдiк және алғашқы күздiк үсiк арасындағы кезең.
Үсiксiз кезеңнiң ұзақтылығы мынаған байланысты:
географиялық ендiк – солтүстiкке жылжыған сайын ендiктiң әр градусына үсiксiз кезең 4-5 күнге азаяды;
теңiз деңгейi бойынша биiктiк – (2500 м биiктiктен жоғары үсiк шiлде, тамыз айларында байқалады);
су бассейiндерiнiң жақындығына байланысты (үсiксiз кезең – 20-25 күнге көбейедi);
Үсiктiң ауылшаруашылық дақылдарына қауiптi дәрежесi интенсивтiлiктiгi (күшi) мен ұзақтылығына байланысты. Ықтималдылық – бұл кез-келген күнге әртүрлi үсiктiң қарқынды болуы.
Үсiкпен күресу шаралары:
1. Профилактикалық:
а) Үсiкке төзiмдi өсiмдiктер сорттарын таңдау. Желден қорғайтын орман жолақтарын отырғызу;
ә) Егу алдында тұқымды шынықтыру (егер алдында тұқымды төмен температурада ұстау);
б) Үсiк шалатын участкелердi айқындау (картаға сүйене отырып, үсiкке төзiмсiз дақылдар мен ерте шығатын сорттарды еккiзбейдi).
2. Пайда болған үсiктермен күресу шаралары:
а) түтiндету, жасанды қыздыру;
ә) жердi тығыздау;
б) суару.
Ауаның температурасы күрт төмендеген жағдайда, өсiмдiктердi, жемiс-жидектердi қорғау үшiн түтiндету әдiсiн пайдаланады. Ол үшiн бiр гектарға 50-60 жерге ылғал қоқысты (ағаш шыбықтары, солома т.б.) үйiп, топырақпен жабады. Оларды шахмат түрiнде орналастырады. Үсiк болар алдында түнгi сағат 12 ден бастап осы үйiлген қоқыстарды түтетедi. Жер бетiнен көтерiлген түтiн ауаның температурасын жоғарылатады.
Топырақты тығыздау арқасында сол топырақтың жылу өткiзгiштiк қабiлетiн арттырамыз. Төменгi қабаттан жылу жоғарғы қабатқа көтерiле бастайды.
Суару – мақта, көкөнiс танаптарында күзгi үсiктермен күресу үшiн пайдаланады, ол үшiн жылылау суды пайдаланады (ауа температурасы бiрден төмендеген жағдайда су жылылығын сақтап тұра бередi). Әсiресе жаңбырлатып суару жақсы әсерiн тигiзедi, өйткенi ауаның ылғалдылығы артады.
2. Құрғақшылық түрлерi және күресу шаралары
Қазақстан республикасының 70-80% өңделетiн жерлерi ылғалдануы жеткiлiксiз, булануы жоғары, құрғақшылық және аңызақ көп қайталанып тұратын аймаққа жатады. Олардың ауылшаруашылығына зияны өте көп.
Қүрғақшылық - көп уақыт жауын-шашынның болмауы, ылғалдың топырақтан булануының әсерiнен өсiмдiктiң тамырының көп тараған топырақ қабатының құрғауы. Топыраққа кiрiс болатын ылғалдан шығысы әлдеқайда көп болған жағдайда құрғақшылық болады.
Құрғақшылықтың екi түрi болады: топырақтық және атмосфералық.
Топырақтық құрғақшылық екiге бөлiнедi:
а) топырақтық далалық;
ә) топырақтық шөлдiк.
Топырақтың өңделетiн қабатының 30 см тереңдiгi құрғаған жағдайда топырақтық далалық құрғақшылық пайда болады. Бұл жағдайда өсiмдiктердiң өсуi аздап нашарлағанмен вегетация жалғаса бередi, өйткенi төменгi қабаттардан ылғал пайдаланады.
Егер, өсiмдiктердiң барлық тамырлары тараған топырақ қабаты құрғаған жағдайда – топырақтық шөлдiк құрғақшылық пайда болады. Бұл жағдайда өсiмдiктер өсуiн тоқтатып сола бастайды.
Топырақтық құрғақшылығының пайда болуының негiзгi себебi – агротехникалық шаралардың дұрыс жүргiзiлмеуi, топырақты дұрыс өңдемеу, орман жолақтарының болмауы немесе жойылуы және т.б.
Атмосфералық құрғақшылық - ауаның температурасы өте жоғары, ал ылғалдылығы төмен болғанда пайда болады. Осындай құрғақшылықта топырақта ылғал болса да өсiмдiк оны пайдаланып үлгермейдi, өсуiн нашарлатады. Жыл мезгiлiне байланысты құрғақшылықтың үш түрi болады: көктемдiк, жаздық және күздiк.
Көктемдiк атмосфералық құрғақшылық төмен ауа ылғалдылығымен, бiрақ ауа температурасы жоғары емес және құрғақ-суық желмен сипатталады. Ерте көктемде мұндай құрғақшылықта өсiмдiктер нашар өседi, өнiмдiлiк төмендейдi.
Жаздық атмосфералық құрғақшылық - өте жоғары температурасымен, төмен ауа ылғалдылығымен және жоғары ылғал булануымен сипатталады. Бұл құрғақшылықтың өсiмдiктерге зиянды әсерi өсiмдiктiң өсу фазаларына байланысты. Дәндi дақылдарда – масақтану, гүлдеу кезiнде болса – масақтың кiшкентай болуына, дәннiң санының азаюына әкелiп соғады.
Күздiк құрғақшылықтың зиянды әсерi кеш пiсетiн дақылдардың өнiмдiлiгiне және күздiк дақылдардың өнiп-өсуiне тиедi.
Атмосфералық құрғақшылықтың пайда болу себебi – Арктикадан келетiн антициклондар: олар – ашық, құрғақ ауа-райын, өте төмен ауа ылғалдылығын және төмен температура алып келедi.
Қазақстанда құрғақшылық күндерi өте көп болады. Теңiздер мен мұхиттардың алыстығына, шөлдер мен шөлейттердiң жақындығына байланысты құрғақшылық туатын – пайда болатын орталық Қазақстан деп есептелiнедi. Көпжылдық мәлiметтер бойынша жылы кезеңде жарты жылдықта 37-69 тәулiктерде құрғақшылық болады, ал аса құрғақшылы жылдары 100-115 тәулiкке жетедi. Құрғақшылық Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында көп байқалады, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiн, өте күштi құрғақшылық 50% дейiн, күштi – 20%, ал нашар 15-20% дейiн төмендетедi.
Белгiлi бiр ауданның климатының құрғақшылығын анықтау үшiн ылғалдану коэффициентiн анықтайды. Қазiргi уақытта ең көп тараған Г.Т.Селянинов әдiсi. Ол үшiн Селяниновтың гидротермикалық коэффициентiн ГТК есептен табу керек.
ГТК= жауын/ t 10, мамыр-шiлде айлар аралығында;
мұнда: жауын – 05, 06, 07 – айлардағы жауын мөлшерi, мм;
t – сол айлардағы орташа температураның қосындысы, 0С.
Г.Т.Селяниновтың есептеулерi бойынша, егер ГТК мәнi вегетациялық кезеңде 1,6 артық болса – ылғалы өте көп аймақ деп сипатталады;
1,6-1,3 – орманды ылғалды аймақ;
1,3-1,0 – орманды дала (ылғал жеткiлiксiз);
1,0-,07 – дала (құрғақ аймақ);
0,7-0,4 – қуаң дала (өте құрғақ аймақ);
0,4 және төмен болса – шөлейт және шөл;
ГТК мәнiнiң 0,7 ден төмендегенi құрғақшылықты бiлдiредi, ал 0,4-тен төмендегенi өте күштi құрғақшылықты.
Құрғақшылықпен күресу әдiстерi. Құрғақшылықтың ауылшаруашылығына зиянды әсерiн ескере отырып, онымен күресу үшiн көптеген ғылыми жұмыстар жүргiзiледi. Сол жүргiзiлген ғылыми зерттеулердiң және агротехникалық шаралардың көрсеткiштерiне, нәтижелерiне сүйене отырып құрғақшылықпен күресудiң үш бағыты анықталады:
Селекциялық-генетикалық;
Агротехникалық;
Мелиоративтiк.
Селекциялық-генетикалық әдiс – құрғақшылыққа төзiмдi жаңа өсiмдiктер сорттарын шығару керек. Жергiлiктi аймақтың климатына бейiмделген, төзiмдi ауылшаруашылық дақылдарын аудандастыру қажет.
Агротехникалық және мелиоративтiк бағыттардың мақсаты – дақылдарды ылғалмен қамтамасыз ету, ол үшiн мынадай шаралар жүргiзу қажет:
1. Танаптарда таза пар қолдану – ылғалды, қоректiк заттарды көбейтiп, арамшөптерден тазалайды. Далалық, құрғақ далалық және тәлiмi жерлерде ылғал жинау мәселесiнде пардың, оның iшiнде ықтырма пардың алатын орны үлкен;
2. Орман жолақтарын егу – желдiң жылдамдығын төмендетiп, топырақтағы ылғалды сақтайды, қар тоқтатады;
3. Топырақ өңдеу жүйесi – топырақта ылғалды сақтап, көбейту үшiн әр бiр танапқа, аймақта зерттелген әдiстердi енгiзу қажет. Мысалы: Солтүстiк Қазақстанда бұрынғы Бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институты, қазiргi А.И.Бараев атындағы ғылыми-өндiрiстiк астық шаруашылығы орталығы ғалымдары ұсынған жазықтiлгiшпен өңдеу тәсiлi өндiрiске енгiзiлдi. Бұл тәсiлде жердiң беткi қыртысын аудармай, топырақты тереңге қопсытып, топырақтың суды сiңiрiп өз бойында ұстау қабiлеттiлiгiн арттырады;
4. Ауылшаруашылық дақылдарының себу мөлшерi, уақыты көктемге және топырақтағы ылғалға байланысты. Сондықтан, осы агротехникалық шараларды реттеуге болады;
5. Қар тоқтату. Солтүстiк облыстарында көктем кезiнде дақылдарды ылғалмен қамтамасыз етудiң бiрден-бiр көзi қар жамылғысы болады. Бұл жерлерде қар түрiнде ылғалдың 60-100 мм түседi. Осы ылғалды сақтап қалғанда топырақтағы ылғал мөлшерiн көбейтiп сақтап қалуға болады. Осы агротехникалық шараның арқасында көктем айларында егiндi құрғақшылықтан сақтап қалуға болады;
6. Арамшөптермен күрес. Арамшөптер мәдени дақылдармен қатар өнiп-өсе топырақ ылғалын, қоректiк заттарды көп пайдаланады. Олар жойылған жағдайда мәдени дақылдардың ылғал пайдалану үлесi артады;
7. Суару. Ағын суды топырақ және атмосфера ылғалдылықтарына айналдыратын шара немесе топырақ ылғалдылығын жасанды түрде арттыру. Суару топырақтың тек сулық режимiн реттейдi деп шектелуге болмайды. Себебi суару нәтижесiнде басқа да мелиоративтiк (ауалық, тұздық, қоректiк, жылулық және микробиологиялық) режимдерi де жақсарады. Сондықтан, суармалы жерлерде ауылшаруашылығы дақылдарының алдын-ала көзделген, яғни жоспарланған өнiмдерiн алу мүмкiндiгi өте жоғары болады. Суару нәтижесiнде, шөл, шөлейт аймақтарында да дақылдар өнiмдiлiгi 4-5 есе артады.
3.Аңызық және оның түрлерi
Аңызақ – ауылшаруашылық дақылдарына зиянды, өте төмен ауа ылғалдылығымен, атмосфераның төменгi қабатының жоғары температурасымен және жылдамдығы (10 м/сек) желiмен сипатталатын метеорологиялық құбылыс. Аңызақтың әсерiнен ылғал булануы жоғарылайды, соның әсерiнен транспирацияға шағын болған суды, өсiмдiк тамыры арқылы қамтамасыз ете алмай, ауылшаруашылық дақылдарының су режимi бұзылады. Желдiң жылдамдығы ұлғайған сайын аңызақтың зиянды әсерi күшейе түседi.
Шөл және шөлейт аймақтарында, әсiресе жылы кезеңде аңызақ көп қайталанып отырады. Сонымен қатар, аңызақ далалық және орман далалық аймақтарда да болып тұрады.
Аңызықтың пайда болу себебi. Аңызақ және құрғақшылықтың пайда болуына атмосферада болып жатқан үрдiстер, солардың әсерiнен көп уақытта антициклондық ауа-райының қалыптасуы себеп болады. Антициклондар көбiнесе (шамамен 70%) Арктикадан келедi. Арктика материгiнде құралған бұл антициклондарда ауа ылғалдылығы және температура төмен, ал орталық Азияның үстiмен жылжи келе, температура жоғарылайды, ауа ылғалдылығы бұрынғыдан да төмендейдi. Осы антициклондардың әсерiнен ылғалдың булануы артады, жаңбыр жаумайды – құрғақшылық, желi қосылса аңызақ басталады.
Топырақ құрамында ылғал болған жағдайда да аңызақ байқала бередi, аңызақ созылып кетсе топырақтың құрғауына әкелiп соғады да, өсiмдiк аңызақ пен құрғақшылықтың әсерлерiнен өсуiн тоқтатады.
Аңызақтың түрлерi.Аңызақтың 3 түрi болады:
1.Ыстық аңызақ – жоғары ауа температурасы және төмен ауа ылғалдылығымен сипатталады, өсiмдiктердi күйдiредi, транспирацияны өте жоғарылатады, өсiмдiк тамыры арқылы келетiн су транспирация шығынын толтырып үлгермейдi, тургорды жоғалтады, солады (31-кесте).
2.Құрғататын аңызақ – ауа ылғалдылығы төмен, ылғалға үлкен тапшылық туғызады, егерде ол масақтану немесе гүлдеу кезiнде болса тұқымның (дәннiң) толмауына (жартылай) әкеп соғады.
3.Суық (салқын) аңызақ – өте қатты жел болған жағдайда және өте төмен ауаның ылғалдылығы кезiнде пайда болады. Әсiресе бау бақша және ағаштарға қауiптi, ағаштардың солуына (кебуiне) және құрғауына әкеледi. Кей кезде аңызақ шаңды боранмен жүредi (қара жел).
4. Атмосфералық құбылыстар
Шаңды дауыл Қатты желмен көп мөлшерде қалың шаң немесе құмның көшуiн шаңды дауыл деп түсiнемiз. Бұл жағдайда жел топырақтың беткi қабатындағы құнарлы заттар, тұқымдар мен жас бекiмеген өсiмдiктердi ұшырып әкетедi.
Топырақтың беткi қабатын ұшыру желдiң 8-10 м/сек жылдамдығынан басталады. Шаңды дауыл бiр тәулiкте топырақтың құнарының 1-5 см қабатын ұшырып кетуi мүмкiн, ал табиғи жолмен топырақтың 1-2 см құнарлылығын орнына келтiру үшiн 250 жыл керек. Жоғары көтерiлген шаң, басқа жерлерге жетiп өсiмдiктердi басып қалады.
Шаңды дауылдың пайда болуы мен дамуының себебi: қатты жылдамдықты жел, ауаның үлкен құрғақтығы, топырақтың беткi қабатының шаңдануы.
Жел эрозиясы мен шаңды дауылмен күресу мынандай жағдайда тиiмдi топырақты өңдеу, алқапты қорғау үшiн орман жолақтары, көпжылдық шөптердi егу, көпжылдық және бiржылдық дақылдарды жолақтап, кезектестiрiп егу.
Бұршақ Бұршақ - тығыз мұздақтар ол найзағай және нөсер жауын-шашынның нәтижесiнде болады. Көбiнесе бұршақ көктем және жаз айларында сағат 12-17 аралықтарында болады. Бұршақтың үлкендiгi 3-5 мм, кейде 10 см, ал салмағы 10-100 грамға дейiн жетедi.
Бұршақ үлкен зиян әкеледi: гүлдердi, жапырақтарды, тұқымдарды ұрып жерге түсiредi. Егерде жел және нөсер мен қатар жүрсе, ерекше қауiптi. Бұршақтан зиян шеккен жемiстер тез арада, оңай ауруға шалдығады.
Бұршақпен күресу үшiн бұршаққа қарсы артиллериялық снарядтар мен ракеталық бекiтiлiмдер қолданылады.
Республика жерiнде бұршақ жыл бойында 1-3 рет, кейде таулы аудандарда 5-6 ретке дейiн жауады. Iле Алатауы бұршақтың ең көп түсетiн жерi. Жауын-шашын аз жауатын шөл және шөлейт зонада бұршақ өте сирек түседi. Бұршақ көбiне жылы мезгiлдерде жауады.
Нөсер - қысқа мерзiмдi қарқынды жаңбыр, егер жаңбырдың жауу жылдамдығы 1 минутта 0,7 мм көп жаңбыр жауады және одан жоғары болса, оны нөсер жаңбыр деп атайды.
Нөсер жаңбыр белгiлi бiр ауданның аз көлемiне ғана, қысқа уақытта жауып өтсе де, қатты су ағысын, яғни тасқан туғызып, топырақты эрозияға ұшыратады, өзендердi тасытады. Мұндай жаңбыр кезiнде пайда болатын су тасқыны үйлер мен жолдарды алып кетiп, егiстiктi басып қалуы жиi кездеседi. Нөсерден соң топырақтың су сiңiру қабiлетi, өте нашарлайды, топырақ тығыздалады, жылдап кебедi де қатты қабыршақ пайда болады.
Нөсерлермен күресуде жасыл өсiмдiктердi егу, тау жолақтарын өңдеу болып табылады.
Найзағай Республика жерiнде найзағайдың жарқылдауы жылдың жылы маусымындағы жауын-шашынның географиялық таралуына тығыз байланысты. Қазақстанның солтүстiгiнде оңтүстiгiне қарағанда найзағай жиi жарқылдайды. Iле Алатауы, Жоңғар Алатауы және Алтай тауларында найзағайдың жарқылдауы көктем, күз айларында, тiптi ауа-райының өзгеруiнен қыс кезiнде де байқалады. Каспий, Арал теңiздерi мен Балқаш маңында найзағайдың ойнауы сирек. Шөл және шөлейт аймақтарда тек көктем кезiнде ғана найзағай жарқылдап, шақпақ шағады.
Көктайғақ Шаруашылыққа көп зиян келтiретiн ауа-райы құбылыстарының бiрi – көктайғақ. Тұман түсiп, жаңбыр жауғаннан кейiн ауаның температурасы –30С-қа төмендеген кезде жердiң бетi қатып, көктайғақтана бастайды. Көктайғақ елiмiздiң солтүстiк және шығыс бөлiгiнде сирек болады, онда қатқан мұздың қалыңдығы 5 мм-ден аспайды. Ал батысы мен оңтүстiк аймақтарда (Сырдария, Жайық, Жем алаптарында) қатқан көк мұздың қалыңдығы 10-15 мм-ге дейiн жетедi, ал Ұлытау, Қаратау баурайында мұз қалыңдығы 20 мм-ге жетiп, мал шаруашылығына қолайсыздық туғызады.
Боран Қатты борандар (-30, -400С) жемiс-жидекке, күздiк дақылдарға зиянын тигiзедi. Қар жамылғысы аз болған сайын боранның зиянды әсерi ұлғайады. Боранның әсерiнен өсiмдiктердiң өспей солуының себебi – клетка құрамындағы су қатады да протоплазмада су тапшылығы болып биохимиялық үрдiстер тоқтайды.
Қазақстан Республикасында жылына орта есеппен 1-5 рет боран борайды. Боранның көп борайтын жерлерi – елiмiздiң солтүстiк аймағы, онда кейбiр жылдары боранның тұруы 30-50 күнге дейiн созылады. Соның зардабынан электр желiлерi iстен шығады. Малға жем-шөп жеткiзiп беру қиындайды.
ТұманАтмосферадағы су парларының жер бетiнiң жоғарғы қабатында конденсациялануын тұман деймiз. Тұманның үш түрi болады:
Радиациялық – топырақ бетiнiң салқындауы әсерiнен;
Адвективтiк – жылы ауаның суық ауа үстiне келiп орналасуы әсерiнен;
Булану тұманы – су бетiнен буланудың қарқынды жүруi.
Қарқындылығына қарай:
Күштi тұман, көру қашықтығы 50-200 м;
Орташа тұман, көру қашықтығы 200-500 м;
Нашар тұман, көру қашықтығы 500-1000 м.
Республикамызда тұман атмосфера циркуляциясы ерекшелiгi мен жергiлiктi жердiң географиялық жағдайларына тығыз байланысты. Елiмiздегi тұман жиi түсетiн жерлер Iле Алатауы мен Мұғалжар тауы, бұл жерлер жылдың 70-100 күнi тұманды болып тұрады. Тұман негiзiнен күн салқын кездерде түседi.
Бақылау сұрақтары
Ауылшаруашылығына қатерлi метеорологиялық құбылыстар
Үсiктер жiне олардың түрлерi
Үсiкпен күресу шаралары
Ауаның ылғалдылығы және Броунов әдiсi бойынша үсiктi болжау
Михайлевский тәсiлi бойынша үсiктi болжау
Құрғақшылық, оның түрлерi
Мелиоративтiк аймақтар, анықтау жолдары
Құрғақшылықпен күресу әдiстерi
Аңызақ және оның түрлерi, күресу жолдары
Шаңды дауыл
Бұршақ, нөсер, найзағай туралы түсiнiк
Көктайғақ, боран, тұман туралы түсiнiк.
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
21,22,23 дәріс АгроклиматологиЯ негiздерi
Мақсаты: Климаттың ауылшаруашылығына әсерін бағалау, оны дұрыс пайдалану жолдарымен таныстыру.
Міндеті: Ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестеріне, ауруларына климаттың әсерін және олармен шаруашылықта күресу шараларын үйрету.
Түйінді сөздер: Климат, микроклимат, фитоклимат.
Дәріс жоспары:
1. Климат туралы мәлiметтер
2. Ауылшаруашылық климатын бағалау әдiсi
3. Агроклиматтық аудандастыру
4. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерiне климаттың әсерi
Атмосферада метеорологиялық элементтердiң өзгерiп тұратыны бiзге белгiлi. Ол өзгерiстер әр жерде, аймақта әр түрлi болады. Сол өзгерiстер белгiлi бiр ауданның ауа-райын, климатын сипаттайды.
Ауа-райы дегенiмiз бiр мезгiлдегi (уақыттағы) белгiлi бiр аудандағы (аймақ) метеорологиялық элементтердiң жиынтығы, ал климат – бiр аймақтағы ауа-райының көп жылдық режимi. Климат – көп метеорологиялық факторлардың жиынтығы, негiзiнде географиялық орналасуына байланысты болады.
Климаттың қалыптасуына мына факторлар әсер етедi:
Географиялық ендiк және жергiлiктi жердiң бедерi;
Теңiздер мен мухиттардан алшақтығы;
Өсiмдiк жамылғысы;
Адамның шаруашылықтық iс-әрекетi (климатты жақсарту, су қоймасы, орман жолақтары).
Климатқа үлкен әсер ететiн негiзгi факторларға күн радиациясы, атмосферадағы ауа массаларының айналымы, жер бетi жамылғысы. Жер бетiне келiп түсетiн күн радиациясының мөлшерi географиялық ендiкке байланысты. Экваторға түсетiн күн радиациясының жылдық мөлшерi 186,5 ккал/см2, ал полюсте – бар болғаны 40,2 ккал/см2. Осыған байланысты климат қалыптасады.
Теңiздер мен мұхиттар үстiнде тәулiктiк және жылдық амплитудасы төмен ылғалды климат қалыптасады, ал неғұрлым құрылыққа қарай алыстаған сайын тәулiктiк және жылдық амплитудасы жоғары (үлкен) құрғақ климат қалыптасады.
Климат өзгермей тұрақты болып тұрмайды, кейбiр жылдары метеорологиялық элементтердiң орташа көпжылдықтан ауытқулары болып тұрады. Мысалы: Алматының климаты жұмсақ қысымен сипатталады, ал кейбiр жылдары (1950, 1968, 1972, 1979) қыс айларында температура -40, -420С дейiн төмендейдi. Мұндай жағдайды климаттың ауытқуы дейдi, оның себебi – суық (жылы) ауа массасының басқа аймақтан келуi.
Микроклимат – шағын участкелердiң климаты, оған жер рельефi, су қоймалары, өсiмдiк жамылғысы, топырақ әсер етедi. Бұл танаптың, қаланың, орманның климаты микроклиматты анықтау үшiн арнайы бақылаулар жүргiзу қажет. Микроклимат барлық жоғарыда аталған факторлардың әсер етуiмен қалыптасады (оңтүстiк, солтүстiк беткейлер олар әртүрлi қызады, өйткенi әртүрлi мөлшерде күн энергиясын қабылдайды).
Егiлетiн дақылдың сортын, түрiн таңдағанда әр бiр танаптың микроклиматын ескерiп, өзiне тән агротехникалық шаралар жүргiзу қажет.
Ауылшаруашылық маманы мынаны бiлу тиiс: бiр танапта, (участкеде) әртүрлi микроклимат болуы мүмкiн, өйткенi топырақтың түрiне байланысты жылу, ылғал, жарық әртүрлi мөлшерде болады.
Микроклиматты бақылау. Шаруашылықта ауылшаруашылық дақылдарын дұрыс орналастыру үшiн, ауылшаруашылық жерлерiнiң метеорологиялық режимiнiң ерекшелiктерiн бiлу қажет.
Жылу режимiн, ауаның ылғалдылығын, желдiң жылдамдығы мен бағытын зерттеу рельеф бойынша әртүрлi шағын участкелерде жүргiзiледi. Мысалы: танап, бау-бақша, орман – олардың микроклиматқа әсерiн арнайы жасалған бағдарлама бойынша, бақылаулар жүргiзiледi:
Микроклиматтық бақылаудың 3 түрi бар:
Көзбен, жобалап микроклиматты анықтау;
Инструменталды;
Микроклиматтық бақылауларды картаға түсiру.
1. Радиациялық үсiктер уақытында танаптарға көзбен-инструментсiз байқау жүргiзiледi де, үсiкке қауiптi учаскелер анықталады.
2. Ал инструменталды әдiсте термометр, аспирациялық психрометрлер, анемометрлер және күн радиациясын өлшеу үшiн актинометрлер, пиранометрлер мен балансометрлер пайдаланылады. Құралдар өсiмдiктер арасында 20 және 200 см биiктiкте бiрнеше нұсқаларда орналастырылады. Нұсқалар әртүрлi болуы мүмкiн: себу мөлшерi, сорттар түрлерi, суару режимдерi т.б. Сол нұсқалардың (агротехникалық шаралардың) микроклиматқа әсерi зерттеледi.
Ол үшiн 200 см биiктiкке аспирациялық психрометр және анемометр орналастырады, ал егер өсiмдiктердiң биiктiгi 150 см болса приборларды осы биiктiкке орналастырады. Топырақтың беткi қабатына максималды және минималды термометрлер орналастырады. Бақылауларды тәулiкте үш рет 6 (9), 12 (15), 18 (21) сағаттарда жүргiзедi.
3. Осы жүргiзiлген бақылаулар көрсеткiштерiне сүйене отырып шаруашылық картасын жасайды. Ол картада қай учаскеде үсiк болуы мүмкiн, ылғалдық қоры қандай, желдiң жылдамдығы мен бағыты қалай және т.б. мәлiметтердi картаға түсiредi. Бұл мәлiметтер ауылшаруашылығы маманына келесi жылы қай учаскеге қандай дақыл егуге болатынына ой салады.
Климатты мелиорациялау (жақсарту) – бұл климатты оңтайлы жағдайға өзгерту (жақсарту), ол адамның iс-әрекетiне байланысты: орман отырғызу, су қоймаларын жасау, суару, қар тоқтату. Осы агротехникалық, орман-мелиоративтiк шараларды өндiрiске енгiзiп жергiлiктi ауданның немесе учаскенiң климатын жақсартуға болады, өйткенi ол шаралар сол учаскелердiң температуралық, ауа және топырақ ылғалы режимдерiне әсерiн тигiзедi.
Суарудың микроклиматқа әсерi. Суғару дегенiмiз ауыл шаруашылығы дақылдары қажетсiнуi негiзiнде, танапқа жанасқан атмосфералық төменгi қабатына ылғал әсерiн тигiзе отырып, суды топыраққа енгiзу үрдiсi. Егер топырақтың пайда болу үрдiсiндегi негiзгi фактордың бiрi – су екенiн және оның басқа факторлармен тығыз байланысты болатынын ескерсек, суғару барысында топырақ пен ол жанасқан ауа қабатында әртүрлi физикалық құбылыстардың орын алатынын түсiну қиын емес. Ғалымдардың деректерiне қарағанда судың топыраққа, дақылдарға және қоршаған ортаға әсерi кейде пайдалы, ал кейде зиянды екен. Сондықтан агрономның мiндетi суғарудың пайдалы әсерiн арттырып, өсiрiлiп отырған дақылдан мол табыс алу болып табылады. Ол үшiн суарудың микроклиматқа әсерiн бiлген жөн.
Микроклимат деп, танаппен шектес жатқан атмосфераның төменгi 1,5-2 метр қабатының физикалық жағдайын айтады. Егер ауа температурасы 30 градустан жоғарылап, ал ылғалдылығы 30 проценттен төмендесе, фотосинтез үрдiсi уақытша немесе мүлдем тоқталады. Мұндай жағдай суғарылмайтын егiстiктерде жиi кездеседi және сол жерлердегi егiн түсiмдiлiгiнiң ұдайы төмен болуы басты себептерiнiң бiрi болып табылады.
Егiстiктi суғару барысында тек топырақ қана ылғалданып қоймай, жерге жанасқан ауа қабаты температурасы төмендеп, ылғалдылығы артатыны белгiлi. Мұның нәтижесiнде фотосинтез үрдiсiнiң ұзақтылығы және өнiмдiлiгi суғарылмайтын егiстiкке қарағанда 30-40 процентке ұлғаяды.
Бiзге белгiлi суғару тәсiлдерi iшiнде өсiмдiкке ең қолайлы микроклимат – жаңбырлатып суғару кезiнде пайда болады. Соңғы кезде қолданыла бастаған аэрозольды және импульсты жаңбырлату тәсiлдерi негiзiнен егiстiк танабы микроклиматын жақсарту мақсатымен жүргiзiледi. Мысалы, аэрозольды жаңбырлату тәсiлi Грузияда кеңiнен қолданылады. Себебi, мұндағы негiзгi дақыл – шай, ал ол ауа ылғалдылығының өте жоғары, ал температурасының қоңыржай болғанын қалайды.
Суарудың микроклиматқа әсерiн зерттеу үшiн осы оқулықтың авторы Атақұлов Т.А. 1973-1975 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында далалық тәжiрибелер жүргiзген болатын. Салыстыру үшiн үш нұсқада суару тәсiлдерi зерттелдi: жаңбырлатып, топырақтың жоғары қабаты арқылы суарулар және суарылмайтын танап. Бақылаулар 0,2 және 2 метр биiктiкте ауа ылғалдылығына, ауа және топырақ бетiндегi температураларға жүргiзiлдi. Шiлде айында жүргiзiлген бақылаулардың көрсеткiштерi: суарылмайтын танапта ауа ылғалдылығы 20%, топырақ бетiмен суарғанда 55-70% болды. Ең жоғарғы (max) топырақ бетiндегi температура суарылмайтын танапта 700С жеттi, ал суарылатын нұсқаларда 400С тан аспады Сонымен қатар, тәулiк бойында ауа ылғалдылығының және температураның өзгерулерiне зерттеулер жүргiзiлдi.
Байқаулар: суарудан үш күн бұрын, суарылғаннан соң (сол күнi) және суарылғаннан үш күн кейiн жүргiзiлдi. Бақылаулар нәтижесiнде байқалғаны – суарылмайтын танапта суаруға дейiнгi үш күнде суарылатын танаппен салыстырғанда ауаның ылғалдылығы 5-15% төмен, ал ауа температурасы 1-30С жоғары, ал суарылғаннан үш күн соң бұл көрсеткiштер одан да жоғары болды – 25-30% және 3-40С. Өйткенi, суарылған танапта ауа ылғалдылығы жоғарылады да, температура төмендедi.
Осы келтiрiлген мәлiметтерге сүйене отырып, дақылдарды суару сол танаптың және айналасының микроклиматын жақсартып және өсiмдiктердiң өнiп-өсуiне, өнiмдiлiгiне әсерiн тигiздi деп қорытуға болады.
Су қоймаларының микроклиматқа әсерi. Су қоймаларының, көлшiктердiң, көлдердiң микроклиматқа әсерi тек сол су қоймаларының, көлдердiң жағасында байқалады. Олардың әсерi көлден құрғақ жер бетiне қарай бiрнеше км. жердi, температура 0,50С өзгередi, бiрақ аязсыз мезгiл 2-3 аптаға көбейедi. Су қоймалары, көлдер негiзiнде желдiң (бризы) пайда болуына себебiн тигiзедi. Желдiң жылдамдығы 3-4 м/сек жетедi.
Орман жолақтарының микроклиматқа әсерi. Орман-далалық және далалық аймақтарда микроклиматтық жағдайларды жақсарту үшiн орман жолақтарын отырғызады. Орман жолақтарының жақсы әсерi құрғақшылық және аңызақ жылдары байқалады. Орман жолақтары жел бағытын өзгертiп, жылдамдығын төмендетедi, соның арқасында топырақ эрозиясы азаяды және танаптарда қар жамылғысы бiрқалыпты бөлiнедi. Топырақтың температуралық, ылғалдылық режимдерi жақсарады.
Орман жолақтарының қар тоқтатуға, топырақ ылғалдылығын көбейтуге, булану мен транспирация мөлшерiн азайтуға тигiзетiн әсерiн зерттеу үшiн Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтында көп жұмыстар жүргiзiлдi. Сол институттың директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Мұқанов Б.М. зерттеу арқылы алған мәлiметтерiне қарағанда ашық танаптарда 35,8-45,6% қарды жел ұшырып әкетедi екен, ал орман жолақтары отырғызылған танаптарда ол шығын 21,5-23,6% төмендейдi. Қорғаныштық орман жолақтарының кешендi ықпал әсерi ауылшаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгiн арттыратын ұзақ мерзiмдi және көп қайталанған тәжiрибелер мен зерттеулер арқылы дәлелденедi.
Фитоклимат – өсiмдiктердiң жапырақтары, сабақтары әсерiнен, солардың ортасында болатын микроклиматтың бiр түрi.
Фитоклимат сол жердiң микроклиматының ерекшелiктерiне, өсiмдiктердiң түрiне, бойына, қалыңдығына байланысты болады. Әр түрлi өсiмдiк жамылғысында жарық түсу мөлшерi өзгередi, соған байланысты ол ортаның температурасы, ауа және топырақ ылғалдылығы, желдiң жылдамдығы әртүрлi болады. Бiр дақыл әртүрлi себу мөлшерiмен себiлсе, сол танаптарда фитоклиматта бөлек болады.
Жоғары бойлы өсетiн (жүгерi, күнбағыс) дақылдарда олардың жоғары өсу беттерiне қарағанда топырақ бетiне түсетiн жарық 5-10 есе төмен, осыған байланысты температура, ылғалдылық өзгерiп фитоклиматтың өзгеруiне әкеледi.
2. Ауылшаруашылық климатын бағалау әдiсi
Ауылшаруашылық климатын бағалаудың негiзгi мақсаты ауылшаруашылық дақылдарының агроклиматтық жағдайларын бағалау, қандай жағдайларда өсiмдiк жақсы өсiп, жоғары өнiм бередi, агроклиматтық жағдайларды жақсарту жолдарын анықтау.
Ауылшаруашылығының климаттық сипаттамасы келесi көрсеткiштерiмен анықталады:
Вегетациялық кезеңдегi жарық ресурстарымен;
Вегетациялық кезеңдегi температуралық ресурстарымен;
Вегетациялық кезеңдегi ылғалмен қамтамасыздығымен;
Өсiмдiктiң қыстап шығу жағдайымен;
Ауылшаруашылығында қолайсыз құбылыстардың пайда болуымен.
1. Жарық ресурстарын бағалауда, жарықтың ұзақтылығы, қарқындылығы және күн сәулесiнiң спектралды құрамы (кейде күн сәулесiнiң ұзақтылығы) есепке алынады, ұзақ күндiк өсiмдiктер үшiн қалыпты жарықтық 15-18 сағат, ал қысқа күндiк өсiмдiктер үшiн 12-14 сағат.
2. Температуралық жағдайларға жататындар: орташа көпжылдық температура жиынтығы >5, >10, >150С және олардың қамтамасыздығы орташа ауа температурасы, үсiксiз кезеңнiң ұзақтылығы. Вегетациялық кезеңнiң температуралық ресурстары жылу сүйгiш дақылдардың әртүрлi себу мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланылады, фаза аралықтарындағы температура жиынтығын есептеп өсiмдiктердiң жылумен қамтамасыз етiлуi анықталады.
3. Ылғылмен қамтамасыздығы. Жердiң барлық көлемiн тиiмдi пайдалану үшiн су ресурстарының есебi қажет. Өсiмдiктердiң ылғалмен қамтамасыз етiлуiн анықтау үшiн жауын-шашын жиынтығын пайдаланады және өсiмдiктiң өнiп-өсу кезеңдерiндегi ылғалмен қамтамасыз етiлуi анықталады. Бiрғана жауын-шашынның көрсеткiшi бойынша территорияның (аймақтың) ылғалымен қамтамасыздандырылғанын бағалауға болмайды.
Сондықтан су ресурстарын дұрыс бағалау үшiн ауылшаруашылық дақылдарының су пайдалану мөлшерiн анықтайды. Ылғалмен қамтамасыздылығы көрсеткiшi ретiнде ауа ылғалының тапшылығы және Алпатьевтiң булану коэффициентi қолданады:
Е=0,65 - d
мұнда: Е – дақылдардың оптималды су пайдалану жиынтығы, мм;
0,65 – биологиялық булану коэффициентi (тұрақты шама);
d – ауа ылғалдылығы тапшылығының жиынтығы.
Территорияның ылғалдану коэффициентiн Селяниновтың ГТК (гидротермиялық коэффициент), Фердосеевтiң, Ивановтың формулаларымен анықтаймыз (9.2. қараңыз).
Дәндi дақылдардың тамыр жүйесi орналасқан қабатының ылғалдылықпен қамтамасыз етiлуiн бағалау:
а) өсiмдiк өнiп шыққаннан түптенуге дейiн: (0-20 см топырақ қабатында):
оптималды – 25-30 мм;
жақсы – 20-25 мм;
қанағаттандырарлық – 15-20 мм;
нашар – 10 мм төмен.
ә) түтiктену ден гүлденгенге дейiн (0-100 см топырақ қабатында):
жақсы – 120 мм;
қанағаттандырарлық – 120-180 мм;
қанағаттандырарлықсыз – 80 мм (50ЕСС).
4. Өсiмдiктiң қыстап шығу жағдайын анықтау бiзге қауiптi құбылыстардың қарқындылығынжәне жиiлiгiн бiлуге мүмкiндiк бередi (қатты аяз, көктайғақ, қар жамылғысы және т.б.). Мұндай жағдайларды бағалап, олармен күрес ұйымдастырмасақ өсiмдiктiң өспей солуына әкеп соғады.
Қазақстан территориясы бойынша жемiс дақылдарының қыстап шығуының жалпы сипаттамасы абсолюттi ауа температураның минимумына байланысты болады.
5. Қауiптi жағдайларды бағалау: үсiктер, құрғақшылық, аңызақ, шаңды боран (бұлардың қарқындылығы, мүмкiншiлiгi және олармен күресу әдiстерi ескерiледi).
Өсiмдiктiң үсiкке шалдығуы олардың суыққа төзiмдiлiгiнiң қатынасымен анықталады. Өсiмдiктiң суыққа төзiмдiлiгi критикалық температуралардың көлемiмен байқалады, мұндай жағдайларда өсiмдiктiң кейбiр вегетативтi органдары зақымдалады немесе өсiмдiктiң солуына әкеп соғады. Әр өсiмдiкке өзiне тән әртүрлi критикалы температурасы болады, мұндай жағдайларда сол өсiмдiктiң әртүрлi вегетативтi органдарының суыққа төзiмдiлiгi әртүрлi болады.
3. Агроклиматтық аудандастыру
Ауылшаруашылық дақылдарын белгiлi бiр аймақтарда өсiру үшiн, сол аймақтың климаттық жағдайларына баға беру керек.
Мысалы: Жаңа сорттарды, гибридретдi, дақылдарды жаңа агротехникаларды енгiзу, олардың егiс көлемiн анықтау үшiн климаттық жағдайлармен ғылыми негiзделген ұсыныстар қажет. Территорияға, климаттық жағдайларына байланысты ауылшаруашылық тұрғыдан баға беру үшiн, сол жердiң агроклиматтық ресурсын анықтау керек. Агроклиматтық ресурстың әртүрлi болуы ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң аймақтық ерекшелiгiн бiлдiредi.
Агроклиматтық ресурс негiзiнде жарық, жылу, ылғал факторларынан құралады. Әрбiр аймақтың агроклиматтық ресурстарын анықтаған соң агроклиматтық аудандастыру жасайды.
Агроклиматтық аудандастыру дегенiмiз – территорияны климаттық ресурстары ұқсастығына қарай райондарға, аймақтарға бөлу. Агроклиматтық аудандастырудың негiзгi мақсаты территорияны агроклиматтық бiрлiгi бiрдей (аймақ, район, облыс) және агроклиматтық көрсеткiштерi басқаша аудандарға бөлiп олардың жаграфиялық шекараларын анықтап, агроклиматтық аудандастыру картасын жасау.
Агроклиматтық аудандастыруды жасау үшiн территорияны жылу және ылғалмен қамтамасыздығына байланысты бөледi. Жылумен қамтамасыздығын анықтауда негiзгi көрсеткiш ретiнде 100С жоғары белсендi температураның қосындысын алады, өйткенi бұл температура өсiмдiктердiң белсендi өнiп-өсетiн кезеңi. Осы бөлулер арқылы территорияда температуралық шекаралар (сызықтар) анықталады. Территорияны ылғалмен қамтамасыздығына байланысты бөлу үшiн ылғалдылық көрсеткiштерiн анықтайды. Бұл көрсеткiштi анықтау үшiн Селяниновтың гидротермиялық коэффициентiн (ГТК) пайдаланады. Ылғалдық көрсеткiштердi анықтау әдiстерi 9.2. тарауда берiлген.
Қазақстан облыстарының агроклиматтық анықтамаларында жылу мен ылғал қоры, ауылшаруашылық дақылдарының даму сатылары, ауа-райында болатын қолайсыз жағдайлар (үсiк, боран, көктайғақ т.б.) күздiк егiс туралы мәлiметтер берiледi. Республика аумағында орташа тәулiктiң температурасы 100С-тан жоғары температураның жиынтығы солтүстiк аудандарда 2000-21000С, ал оңтүстiкте 4300-46000С-қа дейiн жетедi. Солтүстiк Қазақстанда күннiң жылуы мен сәулесiнiң молдығы жаздық бидай, зығыр, көкөнiс және бау-бақша өсiруге қолайлы. Орталық Қазақстанның агроклиматы дәндi дақылдар, қарақұмық, күнбағыс, картоп өсiруге қолайлы. Бұл аймақта ауаның орташа температурасы 100С-тан жоғары болатын кезең 150-160 күндей. Оңтүстiк Қазақстанның агроклиматы күрiш, мақта, темекi, жүзiм, қант қызылшасы сияқты жылу сүйгiш дақылдарды өсiруге қолайлы. Күннiң жылуы мен сәулесi мол түсетiн бұл өңiрде ауаның орташа температурасы 100С-тан жоғары болатын кезең 180-190 күн. Оңтүстiкте жауған жауын-шашынмен салыстырғанда буланудың мөлшерi 5-10 есе артық болатындықтан, еккен егiндi қосымша суару қажет.
4. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерiне климаттың әсерi
Зиянды организмдердiң көпшiлiгi денесiнiң температурасы тұрақсыз болатын жануарлар тобына жатады. Олардың активтi түрде тiршiлiк етуi әр түрдiң тек өзiне ғана тән белгiлi бiр температура диапазоны аралығында ғана мүмкiн. Қоршаған орта температурасы сол шекаралық температурадан төмен немесе жоғары болса, онда организмнiң денесi тоңазып немесе ысып кетедi де тiршiлiк әрекетiн тежейдi. Түрдiң дамуына мүмкiндiк туатын температура аралығының жоғарғы және төменгi шекараларын даму табалдырықтары, ал шектердiң аралығындағы температура диапазонын тиiмдi температура деп атайды.
Даму кезеңiн аяқтау үшiн әрбiр организмге белгiлi бiр мөлшерде жылу энергиясы, яғни сол түрге ғана тиiстi тұрақты тиiмдi температура жинағы қажет. Мысалы, күздiк көбелектiң бiр ұрпағының дамуы үшiн 10000С, алма жемiр көбелегi үшiн 7250С, ал қызылша бiтесi үшiн 1200С тиiмдi температура жинағы керек.
Тиiмдi температура жинағын мынадай формула арқылы анықтауға болады:
С=(T–t)n,
мұнда: Т – нақты бақыланған температура;
t – төменгi даму табалдырығы;
n – даму ұзақтығы (тәулiк саны).
Даму табалдырығы мен температура жинағы белгiлi болса, онда тұрақты температура жағдайында организмнiң (түрдiң) даму ұзақтығын n=C/T–t формуласы арқылы анықтайды. Мысалы, капуста күйесiнiң дамуы үшiн (төменгi даму табалдырығы 140С, температура жинағы 1800С) 200С тұрақты температурада 30 күн қажет: 180/20-14=30. Даму табалдырығы және тиiмдi температура жинағы арқылы поливольтиндi түрлердiң бiр маусым iшiнде қанша генерация беретiнiн бiлуге және жеке даму фазаларының шығу мерзiмдерiн есептеп шығаруға болады.
Бiрақ көпшiлiк жағдайда тиiмдi температура жинағын пайдалану тәсiлiмен есептеу нақтылы көрсеткiштерден едәуiр ауытқи бередi. Мұндай ауытқулар ылғалдылықтың немесе қоректiк заттардың жетiспеуi салдарынан даму ұзақтығының қысқаруынан болады. Сонымен қатар күндiзгi температура өте жоғары болған кезеңдерде организмнiң тiршiлiк әрекетi тежелiп жазғы диапаузаға кетедi де, ұрпақтарының саны кемидi. Бiр түрге жататын, бiрақ ареалдың әртүрлi бөлiктерiн мекендейтiн организмдердiң даму табалдырығы мен температура жинағының көрсеткiштерiнде өзгешелiк байқалады. Сондықтан тиiмдi температураларды пайдалану тәсiлi бойынша есептеуде осы жағдайлардың бәрiн еске алу керек.
Организмдердiң тiршiлiгi үшiн температураның әсерi өте күштi, әсiресе ол ауа-райы едәуiр салқындаған кезде байқалады. Суыққа төзiмдiлiк көптеген факторларға байланысты. Ауа-райы жылы жерлердi мекендейтiн, мысалы хилокорус және криптолемус дейтiн қоңыздар температура нольден аздап төмендесе қырыла бастайда, ал жетi нүктелi кокцинеллид қоңызы қара топырақты емес, орталық аудандарда қатты аяздардың әсерiне де төзе алады. Өсiмдiктiң жапырағында, сабағында ашық түрде қыстайтын насекомдар (бiтелер мен өсiмдiк кенелерiнiң жұмыртқалары, алма күйесiнiң жұлдызқұрты), қар астында топырақта қыстайтын насекомдарға (колорад қоңызы, кемiргiш көбелектердiң жұлдызқұрты) қарағанда төменгi температураға төзiмдi келедi.
Суыққа төзiмдi болу үшiн организмнiң физиологиялық даярлығы (әсiресе қысқы диапауза кезiнде) өте маңызды роль атқарады. Мысалы, қысқы диапауза күйiнде жатқан шаңқан көбелегiнiң жұлдызқұрттарының тiршiлiгiн сақтап қалу ұзақтығы 1-2 күн, қоректенген жұлдызқұрттардiкiне қарағанда – 150С температурада 30 есе, ал – 100С-та 48 есе жоғары болады. Көптеген зерттеулердiң көрсетуi бойынша организмнiң диапаузаға даярлығы мынадай процесстерден тұрады: денедегi бос суды гидрофильдi коллоидтармен байланысу, көмiрсутектерi және май түрiнде қор жинау (әсiресе глицерин тәрiздi), зат алмасу процесiн тежеу және басқалар.
Орта ылғалдылығы. Жануарлардың басқа топтарымен салыстырғанда насекомдар мен кенелердiң денесi едәуiр ұсақ болғандықтан, қарқынды түрде буланып тез құрғайды. Сондықтан олар қоршаған ортаның ылғалдылығына өте тәуелдi болады. Су алмасу процесiн реттеп тұру үшiн олардың денесi бiрқатар қорғану тетiктерiмен жабдықталған. Мысалы, жер үстiнде ашық ауада тiршiлiк ететiн насекомдардың кутикуласы едәуiр қалың (қоңыздарда) болады, немесе қосымша балауызданады (бiтелер мен кокцидтерде), ал олардың қуыршақтары өрмек пiлләсiне орнатады. Қоректенген кезде насекомдар iшегiнiң артқы бөлiмiндегi шала қорытылған тамақ қалдықтарын сору арқылы су қорын толықтырады, ал қысқы тыныштық күйде жатқанда көмiрсутектерi мен майдың тотықтануынан пайда болатын метаболдық суды пайдаланады. Топырақты мекендейтiн насекомдар оның жоғарғы қабаты құрғаған кезде төменгi дымқыл қабатына қарай көшедi.
Басқа насекомдардың денесiнiң сөлiн сорып қоректенетiн насекомдар мен кенелерде алдыңғы iшектегi артық суды ортаңғы iшекке жiбермей тiкелей артқы iшекке өткiзетiн сүзгiш камералар болады.
Қоршаған ортаның ылғалдылығына қоятын талаптың дәрежесiне қарай организмдердi гигрофильдi, мезофильдi және ксерофильдi деп үш топқа бөледi. Гигрофильдi түрлерге жалаңаш шырыш, сабақ көбелегi, маса, сона, өсiмдiк қоректi нематодтар сияқты ылғалы мол жерлердi талғайтын организмдер, мезофильдiлерге күздiк және шалғын көбелектерi сияқты орташа ылғалдылықты ұнататындар, ал ксерофильдiлерге шөл шегiрткесi, қара денелi қоңыздар сияқты шөлейттi және шөлдi мекендердi ұнататын организмдер жатады. Бiрақ мұндай етiп бөлу белгiлi бiр дәрежеде салыстырмалы сипатта болады, себебi табиғатта ылғалдылықтың әсерiн көпшiлiк жағдайларда экологиялық факторлардың басқаларынан бөлiп қарауға болмайды, әсiресе температура мен қоректiк заттардан бөлуге болмайды.
Ылғалдылық пен қоректiк зат бiрiгiп қалай әсер ететiнiн қойма зиянкестерiнiң тiршiлiк әрекетiнен көруге болады. Мысалы, қойма бiзтұмсығы ылғалдылығы 20% аспайтын дәнмен қоректенедi, ал оның қарқынды түрде өсiп-өнiп көбею ылғалдығы 14-16% дәнмен қоректенгенде байқалады. Дәннiң ылғалдығы 12%-ке дейiн төмендесе оның дамуы кiлт баяулайды да, 11%-те өледi. Ылғалдылығы төмен дәнмен қойма кенелерi де қоректене алмайды.
Насекомдардың тiршiлiк әрекетiне әсiресе температура мен ылғалдылықтың бiрiгiп тигiзетiн әсерi өте күштi. Мысалы, тәжiрибеде күздiк көбелектiң ең жоғарғы өсiмталдылығы (бiр ұрғашы көбелекке 840 жұмыртқадан келетiн) температура 200С және салыстырмалы ылғалдылық 85% байқалған. Температура 300С-қа дейiн көтерiлгенде оның өсiмталдығы 377 жұмыртқаға дейiн төмендеген. Ал осы температурада бiрақ ылғалдылық 95%-ке дейiн көтерiлгенде көбелектiң салған жұмыртқаларының саны 30 аспаған.
Организмдердiң даму ұзақтығы мен тiршiлiгiн сақтау қабiлеттiлiгi де қоршаған орта температурасы мен ылғалдылығының қосыла тигiзетiн әсерiне тәуелдi. Табиғи жағдайда насекомдарға температура мен жауын-шашынның қосылған әсерiне баға беру үшiн сол көрсеткiштердiң климограмма және биоклимограмма түрiндегi графикалық талдау тәсiлi қолданылады. Климограмманы жасау үшiн ординат осiне температураның орташа айлық көрсеткiштерi, абцисс осiне жауын-шашынның мөлшерi қондырылады. Одан соң сол көрсеткiштердiң ай сайынғы қиылысу нүктелерiн сызықтармен қосады.
Белгiлi бiр түрдiң ареалының әртүрлi екi бөлiмi үшiн температура мен жауын-шашын жинағының көпжылдық орташа көрсеткiштерi негiзiнде жасалған климограммаларды салыстыра отырып сол түрдiң экологиялық стандартына азды-көптi сәйкес келетiн жағдайлар туралы пiкiр айтуға болады. Мысалы, В.В.Яхоновтың (1964) бақылауы бойынша беде бiзтұмсығы фитономус Бухара қаласының төңiрегiнде жыл сайын өте көп болып қаулап өсiп-өнедi. Ол Марсель (Франция) қаласы төңiрегiнде кездеседi, бiрақ онда оның сан мөлшерi көп болмайды. Температура мен жауын-шашын көрсеткiштерiнiң шекарасы пунктирмен көрсетiп жасаған климограмманы Марсель қаласы үшiн жасаған климограммаға қондырғанда көрсеткiштердiң арасындағы айырмашылық өте айқын байқалады. Климограмманың оңға қарай созылып кетуi фитономустың өсiп-өну кезiнде Францияның оңтүстiгiнде жауын-шашын мөлшерiнiң көп болуын дәлелдейдi. Бұл жағдай зиянкестiң сан мөлшерiнiң көбеюiне кедергi келтiредi.
Жыл сайынғы айлық температуралар мен айлық жауын-шашын жинағының орта мөлшерiн пайдалана отырып, белгiлi бiр мекен үшiн қатарынан бiрнеше жылға климограмма жасауға болады. Бақылаудағы насеком жаппай қаулап көбейген және оның сан мөлшерiнiң кiлт төмендеген жылдардағы климограммаларды салыстыра отырып, оның дамуы үшiн температура мен ылғалдылықтың бiрiккен жерiнiң қолайлы және қолайсыз жақтарын анықтауға болады.
Биоклимограмманы құруда жылдың әрбiр жеке айлары үшiн температура мен жауын-шашын көрсеткiштерiнiң қиылу нүктелерiн кәдiмгi тұтас сызықпен емес, насекомның әрбiр жеке фазасы үшiн қабылданған тиiстi шартты белгiлермен қосады. Мысалы, пунктир сызықшамен личинканың, тұтас сызықпен ересек насекомның, түктемен жұмыртқа фазасының даму кездерiндегi көрсеткiштердi қосады. Сондықтан биоклимограмма температура мен ылғалдылықтың тек насекомның жалпы дамуына ғана емес, сонымен қатар оның жеке фазаларының дамуына да әсер ететiнi туралы түсiнiк бередi.
Жарық. Құрлықта тiршiлiк ететiн омыртқасыз жануарларға жарықтың тигiзетiн әсерi алуан түрлi. Тура және шашыраңқы күн сәулесi насекомдар мен кенелердiң дене температурасы мен қимыл әрекетiнiң өзгерiп тұруына әсер етедi. Әр түрлi организмдердiң активтi әрекетi тәулiктiң жарық және қараңғы кезеңдерiнде де түрлi дәрежеде өзгерiп тұрады. Осыған сәйкес насекомдарды күндiзгi, кешкi және түнгi насекомдар деп 3 топқа бөледi. Мысалы, күндiзгi көбелектер (ақ көбелектер, нифалидтер, желкен қанаттар) тек күндiз ғана ұшады, қоректенедi, жұмыртқалайды, ал қоңыр көбелектер тұқымдасының өкiлдерi тек түнде ғана активтi болады. Сондықтан оларды түн көбелектерi деп атайды. Кешкi сағаттарда ғана (ымырт түскен кезде) активтi болатын насекомдарға бражник тұқымдасына жататын көбелектер, зауза қоңыздары және т.б. жатады.
Насекомдар әр түрлi спектор құрамын жақсы сезедi. Әсiресе қысқа толқынды (соның iшiнде ультрокүлгiн сәулелердi) спектор бөлiгiн өте жақсы қабылдайды. Көптеген насекомдар ультрокүлгiн сәулелердiң нәтижелi көзi болып саналатын сынап шамдары жарығына жақсы ұшады. Олардың жарығы зиянды насекомдардың бiрқатарын (соның iшiнде жемiр көбелегiн) жақсы тартады да, керiсiнше тор қанаттылар, кокцинеллидтер сияқты пайдалы насекомдарды онша қызықтырмайды. Жарықта жақсы ұшатын насекомдардың едәуiр бөлiмi жыныс мүшелерi пiсiп жетiлмеген күйде болады. Осыған байланысты жарық қақпандары тек насекомдардың сан мөлшерiн есепке алу және олардың iшiндегi зиянды түрлерiнiң шығатын мерзiмдерiн бiлу ғана емес, сонымен қатар солардың арасындағы зиянкестермен күресу шараларын iздестiру үшiн де пайдаланылады.
Насекомдар мен кенелердiң тiршiлiк циклiн реттеуде күндiз бен түннiң, яғни фотопериодтың ұзақтығына байланысты туатын реакцияның маңызы зор. ұзақ фотопериодта организмнiң бiрқатар ұрпақтарының дамуы үздiксiз жүредi. Ал фотопериодтың ұзақтығы сол түрге тән аумалы табалдырықтан төмендеген кезде даму тежеледi де, насеком қысқа диапауза күйiне көшедi. Дамудың мұндай түрi поливольтиндi насекомдардың көпшiлiгiне тән болады да ңұзақ күндiк дамуң типi деп аталады. Бұл жағдайда қысқа фотопериод осы мекен үшiн қолайсыз күз маусымының жақындап келе жатқандығы туралы дәл, космос сигналы болып саналады да, организмге күнi бұрын қысқа қажеттi физиологиялық даярлық жасауға мүмкiндiк туғызады.
«ұзақ күндiк даму» типiнен басқа «қысқа күндiк даму» да бөлiгi (тұт көбелегi, қызыл құйрықты көбелек, үшбұрышты түн көбелегi және басқалары). Мұндай үздiксiз даму тек қысқа күн жағдайында ғана байқалады, ал ұзақ күн жағдайында насекомның өсуi кiлт баяулайды немесе диапауза басталады.
Топырақ, немесе эдафикалық факторлар. Насекомдардың, кенелердiң, нематодтардың және басқа организмдердiң көптеген түрлерi өмiр бойы топырақты мекендеп, сонда қоректенiп өсiп-өнедi. Кейбiр түрлi топырақпен уақытша (мысалы, қуыршақтану, жұмыртқалану кездерiнде) байланысты болады. Ал топырақ тiршiлiк орталарының iшiнде су мен ауа (атмосфера) арасынан орын алады және оның тек өзiне ғана тән ерекшелiктерi болады. Сондықтан топырақ факторлары да организмдердiң сан мөлшерiнiң динамикасында маңызды роль атқарады.
Топырақ фаунасының маңызы өте зор. Онда кездесетiн омыртқасыз жануарлар органикалық заттарды минералдау процесiне қатысады. Топырақта ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң зиянкестерiмен қоректенетiн жыртқыш және паразиттi тiршiлiк ететiн организмдерде көп кездеседi. Сондықтан бiздiң елде топырақ фаунасының пайдалы әрекеттерiн күшейту жолдары жеке зерттелуде (мысалы, топырақтың құнарлылығын арттыру үшiн және омыртқасыздардың кейбiр түрлерiн топырақ диагностикасы үшiн пайдалану). Сонымен қатар топырақта ауылшаруашылық дақылдарына едәуiр зиян келтiретiн шыртылдақ қоңыздар мен заузалардың личинкалары, қызылша және картоп нематодалары сияқты зиянкестер де тiршiлiк етедi. Осыған байланысты зиянды организмдермен күресудiң тиiмдiлiгiн көтеру үшiн олардың өсiп-өнуiне топырақ факторларының қандай әсерi бар екенiн бiлудiң маңызы өте зор.
Топырақ фаунасының сан мөлшерiнiң динамикасына өте күштi әсер ететiн факторларға жататындар: топырақтың механикалық құрамы, оның температурасы мен ылғалдылығы, ауа өткiзгiштiгi (аэрация), рН мөлшерi мен топырақ ерiтiндiсiндегi тұздардың концентрациясы және топырақтағы органикалық заттардың мөлшерi.
Топырақтың құрамы мен құрылымы. Топырақтың негiзгi физикалық қасиеттерi – температурасы, ылғалдылығы, ауа өткiзгiштiгi оның механикалық құрамы мен құрылымына және тығыздығына байланысты болады. Сонымен қатар топырақтың құрамы жануарлардың жекелеген түрлерiнiң талғау қабiлеттiлiгiне тiкелей әсер етуi мүмкiн. Мысалы, зауза қоңыздарының (мәрмәрлi зауза, және тағы басқалар) личинкалары жеңiл және құмдақ топырақта өте қатты зиян келтiредi, ал жүзiм филлоксерасы ондай топырақта тiршiлiк ете алмайды. Кравчик, июнь заузасы, марокка шегiрткесi тығыздалған тың және тыңайған жердi мекендеудi көбiрек ұнатады. Ал барлық қоңыздардың тiршiлiгi үшiн ең қолайлысы жыртылған бос топырақты учаске.
Температура. Насекомдардың тәулiк iшiндегi және тiке миграциялары әдетте топырақтың температурасына байланысты. Ал топырақ үстiнiң температурасы тәулiк бойында едәуiр құбылмалы болса, оның тереңiрек қабаттарында (15-20 см) ондай құбылу аз байқалады. Мысалы, М.С. Гиляровтың бақылауы бойынша Полтава облысында тамыз айында (топырақтың қалыпты ылғалдылығы жағдайында) астық қоңыздарының, тозаң жемiрлерiнiң және шыртылдақ қоңыздардың кейбiр түрлерiнiң личинкалары тәулiк бойында 2 рет, ертеңгi сағат 8-10-да және кешқұрым, топырақтың ең үстiңгi қабатына көтерiлген, ал таңертеңгi сағаттарда және түстен кейiн 5-10 см тереңдiкке кеткен. Қыркүйек айында личинкалар топырақ бетiне таңертеңгi сағаттарда көтерiлiп, кешке дейiн сонда болған (М.С.Гиляров. 1949).
Топырақты мекендейтiн насекомдардың маусымдық миграцияларын зерттеп анықтаудың маңызы одан да зор. Шыртылдақ қоңыздардың личинкалары қысқа қарай әдетте тереңге кетпей, тоңазыған қабатта қалады, ал заузалардың личинкалары едәуiр (120-180 см) тереңдiкке миграция жасайды және олар әдетте жер астылық судың деңгейi жоғары болатын учаскелерде кездеспейдi. Осыған байланысты М.С.Гиляровтың айтуы бойынша (1949) Украинада зауза қоңыздары личинкаларының зиянкестiк әрекетi және топырақтың үстiңгi қабатына айдалған бос топырақ қабатында қыстайтын шыртылдақ қоңыздардың личинкаларына қарағанда бiр айдай кешiгiп басталады. Зиянкестердiң топырақта мекендеу мерзiмдерiн анықтау үшiн осындай ерекшелiктердi есте сақтау керек.
Ылғалдылық. Топырақтың ылғалдылығы қалыпты нормадан жоғары болса, (әсiресе, төменгi температурамен қосарланып) аэрация нашарланады және патогендi микроорганизмдер тез дамиды. Мұндай жағдайлар насекомдардың өсiп-өнiп көбеюiне және дамуына қолайсыз болады.
Құрғақшылық кезiнде топырақ ылғалдылығының қалыптан тыс төмен болуы топырақты мекендейтiн насекомдарды жердiң тереңiрек қабаттарына миграция жасауына мәжбүр етедi және олардың қуыршақтары мен жұмыртқаларының көпшiлiгiнiң тiрлiгiн жоюына әкелiп соқтырады.
Аэрация. Оттегiнiң мөлшерi жағынан топырақтың үстiңгi қабаттарындағы ауаның атмосферадағы ауадан айырмашылығы болмайды (су баспаған жағдайда), бiрақ онда көмiр қышқыл газы 10 есе көп болады. Тереңдеген сайын көмiр қышқыл газының мөлшерi көбейедi де оттегi азая бастайды. Топырақ неғұрлым ылғалды болса, соғұрлым ауа алмасуы нашарлайды да, көмiр қышқыл газының мөлшерi арта түседi. Аэрация нашарлаған кезде насекомдар жер бетiне қарай көтерiлуге мәжбүр болады.
РН мөлшерi. Топырақ реакциясы да оның ылғалдығы мен аэрациясына байланысты. Ғалымдардың зерттеуi бойынша (LamgenbuchR., 1932, Бобинская С.Г., 1937, Принц Я.И., 1937) ылғалы мол қышқыл топырақта (рН 4…5,2) жолақты шыртылдақ пен қара қоңыр шыртылдақ қоңыздардың личинкалары басым болса, сiлтi реакциялы (рН 8,1) капуста егiсiнде лимониус туысына жататын шыртылдақ қоңыздардың личинкалары көп кездеседi. Астық қоңыздары мен мәрмәрлi зауза сияқты оңтүстiк түрлердiң личинкалары қышқылы аз немесе сiлтiсi аз реакциялы (рН 6-8) топырақты көбiрек ұнатады.
Топырақ ерiтiндiсiнiң концентрациясы. Топырақ ерiтiндiсiндегi тұздардың концентрациясы жауын-шашынның аз немесе шамадан жоғары болуына байланысты жиi-жиi өзгерiп тұрады. Мүмкiн осыған байланысты топырақты мекендейтiн насекомдар басқа ортада тiршiлiк ететiн насекомдарға қарағанда орта жағдайларына бейiмделгiш келедi де, топырақ ерiтiндiсi концентрациясының әдеттегiдей құбылмалығына онша сезiмталды емес. Әуелi минералды тыңайтқыштармен көп мөлшерде өңдеген жағдайдың өзiнде де олардың улы әсерi насекомдарға айтарлықтай әсер етпейдi. Бiрақ сортаң топырақта тек соған бейiмделген аздаған түрлер ғана тiршiлiк ете алады.
Органикалық заттардың топырақтағы мөлшерi. Өсiмдiк қалдықтарына бай топырақта әрқашанда организмдер өте көп кездеседi. Себебi органикалық заттардың өздерi сапрофагтар үшiн, яғни насекомдар мен кенелердiң және нематодтардың көпшiлiк түрлерi үшiн, қорек көзi болып есептеледi. Топырақта органикалық заттардың мөлшерi өте көп болса, онда фитофагтардың зиянкестiк әрекетiнiң дәрежесi төменiрек болады. Себебi ол заттардың жарым-жартысын фитофагтар қорек ретiнде пайдаланады. Мысалы, М.С.Гиляровтың жасаған тәжiрибесi бойынша зауза қоңызының зақымдауынан құм салған ыдыстағы өсiмдiктердiң өлуi гумустың 9%-тiк мөлшерi бар топырақ салынған ыдыстағыға қарағанда 1,5-2 есе жоғары болған.
Бақылау сұрақтары
1 Климаттың қалыптасуына қандай факторлар әсер етедi
2 Климат, микроклимат дегендерiмiз ненi бiлдiредi
3 Микроклиматқа қандай бақылаулар жүргiзедi
4 Климатты ауылшаруашылық тұрғыдан бағалау
5 Агроклиматтық аудандастыру, оның маңызы
6 Фитоклимат жөнiнде түсiнiк
7 Климатқа, микроклиматқа орман жолақтарының әсерi
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
24-25 дәріс АуылшаруашылыҚ ӨндiрiсiнЕ агрометеорологиЯлыҚ КӨМЕКТЕР КӨРСЕТУ
Мақсаты:Ауылшаруашылық өндiрiсiнің әртүрлі салаларын агрометеорологиялық қамтамасыз етудiң ең негiзгi мақсаты ауылшаруашылығына, ауа-райы, климаттық жағдайларда жоғары өнiм алу үшiн жан жақты, тиiмдi пайдалануды білдіру.
Міндеті: Ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз етудi шаруашылықта дұрыс қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: Агрометеорологиялық бақылау, фенология.
Дәріс жоспары:
1. Ауылшаруашылығын қамтамасыз етудiң негiзгi түрлерi
2. Ауылшаруашылық өндiрiсiнiң әртүрлi салаларын агрометеорологиялық қамтамасыз ету ерекшелiктерi
3. Агрометеорологиялық бақылаулар
4. Агрометеорологиялық мәлiметтердi өндiрiсте және алқаптық тәжiрибелерде қолдану
5. Ауылшаруашылығында агрометеорологиялық қамтамасыз ету тиiмдiлiгi
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз ету (ауылшаруашылығына көмек көрсету) жұмысын Қазгидрометеорология және Қоршаған орта мониторингi ғылыми-зерттеу институты (ҚазНИИГМОС) жүргiзедi.
Қазгидромет облыстардағы гидрометеорология және қоршаған орта мониторингы орталықтарын, барлық гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық станциялар мен посттардың бақылау жұмыстарына басшылық етедi.
Ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз етудiң ең негiзгi мақсаты ауылшаруашылығына, ауа-райы, климаттық жағдайларда жоғары өнiм алу үшiн жан жақты, тиiмдi пайдалану. Сонымен қатар Қазгидрометтiң мақсаттарына мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы территориясында гидрометеорологиялық режимдердi зерттеу және климаттың ерекшелiктерiн белгiлеу;
2. Бүкiл жер шарындағы гидрометеорологиялық жағдайларға, үрдiстерге байқау жүргiзу:
3. Табиғат ресурстарын қорғау, сақтау;
4. Ауылшаруашылығын гидрометеорологиялық және агрометеорологиялық хабарлармен, болжаулармен қамтамасыз ету.
1. Ауылшаруашылығын қамтамасыз етудiң негiзгi түрлерi
Ауылшаруашылық өндiрiсiн қамтамасыз етудiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1. Алдын-ала метеорологиялық әртүрлi болжаулар: айлық 10, 7, 5, 3 күндiк немесе тәулiктiк. Айға агрометеорологиялық болжам жасау ҚР гидрометорталығында жүргiзiледi. Бұл болжауда күтiлетiн ауа-райына жалпы сипаттама берiледi, орташа көпжылдық ауа қысымынан және жауын-шашыннан күтiлетiн өзгерiстер мөлшерi көрсетiледi. Ауа-райының жылынуы мен суыту мүмкiндiгi болжамы бiрнеше тәулiктер қалғанда айқындалады. Ауа-райы 1-3 күн бұрын жергiлiктi радио немесе теледидар арқылы сәйкестендiрiлген ауа-райымен бiрге хабарланады (берiледi).
2. Ауа-райының қауiптi құбылыстары туралы ескерту. Бұл ақпарат ауа-райын хабарлағанда айтылады немесе өте қауiптi болған жағдайда телефон, радио арқылы ұйымдар мен халыққа тез арада жеткiзiледi.
3. Ауа-райы жағдайы туралы агрометеорологиялық ақпарат және олардың ауылшаруашылық өнiмдiлiгiнiң қалыптасуы мен дамуына әсерi. Бұл ақпарат тәулiктiк, бескүндiк, апталық және он күндiк бюллетен ретiнде болып ауылшаруашылығына ұсынылады. Сонымен қатар арнайы анықтамаларда агрометеорологиялық ақпараттар немесе қолайсыз ауа райы жағдайы ескертiледi. Агрометеорологиялық шолу вегетациялық кезеңге, ауылшаруашылық дақылдарының қыстайтын мерзiмiне және ауылшаруашылық жылына жасалынады.
4. Агрометеорологиялық болжау – ауылшаруашылық өндiрiсiн қамтамасыз етудiң басты түрi. Бұл болжамдар салыстырмалы түрде жоғары айқынды, сондықтан олар ұйымдастырылған шараларды негiздеу үшiн, ауылшаруашылық ұйымдарында орталықпен жоспарлау негiзiнде жүргiзiледi.
5. Агроклиматтық ақпарат көпжылдық агрометеорологиялық факторлар туралы мәлiметтерден тұрады. Бұл ақпарат әртүрлi агроклиматтық анықтамалықтарда, арнайы монографияларда, карталарда көрсетiледi.
Ауылшаруашылық өндiрiсiн агрометеорологиялық қамтамасыз ету ауылшаруашылығында ағымды және келешектегi жобаларды жасауда қолданылады. Бұл әртүрлi ақпараттардың тұтынушылары – ауылшаруашылық өндiрiсiнiң мамандары мен жетекшiлерi – олар агрометеорологиялық күтiлетiн жағдайларға байланысты агротехникалық шараларды тиiмдi пайдалану және ауылшаруашылық техникаларын анағұрлым тиiмдi пайдалану, сонымен қатар жинау және егiндi егу жұмыстарын жоспарлауда пайдаланады.
Тыңайтқыштарды тиiмдi пайдалану метеорологиялық шарттар мен топырақтағы өнiмдi ылғалдылық қорымен тығыз байланысты.
Ауылшаруашылық дақылдарын егу мерзiмi ауа-райы жағдайына тiкелей байланысты. Агротехниканы дифференциалды пайдалану мақсатында агрометеорологиялық ақпараттарды пайдалану, климаттың ресурстарын толық пайдалануға, ауылшаруашылық өнiмдiлiгiнiң арттыруға ықпал етедi.
2.Ауылшаруашылық өндiрiсiнiң әртүрлi салаларын агрометеорологиялық қамтамасыз ету ерекшелiктерi
Ауылшаруашылығында әртүрлi салаларының өзiндiк ерекшелiктерi бар. Өсiмдiк шаруашылығына қызмет жасау анағұрлым дамыды. Оның iшiнде: астық шаруашылығы, көк-өнiс, мақта, субтропикалық бау-бақша, суландырылған жер, жайылымдық мал шаруашылығы.
Астық шаруашылығы аумағында ауылшаруашылық дақылдарының жетiлуi мен дамуының негiзгi фазалары, негiзгi дақылдардың өнiмдiлiгiн болжау, көктемгi суару жұмыстарын дайындау, яғни топырақты ылғалдандыру қорларын және вегетациялық кезеңдi болжау жасалынды. Сонымен қатар, ауа-райына байланысты ауылшаруашылық дақылдарының өнiмiн жинауға бағалау-болжау берiледi.
Бау-бақшада рельефтiң жылумен қамтамасыз етiлу түрлерiн, отырғызуды орналастырудың маңызы зор. Мұнда үсiктi, қыстағы топырақ пен ауаның төменгi температурасы, жемiс-жидекке қауiптiлiк және тамырлық жүйе алдын-ала болжау. Сонымен үсiктi болжаумен қатар жемiс-жидек дақылдарының гүлдену фазаларын болжау қатар жүргiзiледi.
Суландырылған жердi игеру (қызмет ету) үшiн күтiлетiн метеорологиялық шарттармен, қалыптасқан есеп негiзiнде суарудың мөлшерiн, өсiмдiктiң даму фазасына байланысты суару нормасын және уақыты (мерзiмi) анықтау әдiстерi жасалынған.
Мақта шаруашылығына – өзендердегi, су қоймаларындағы сулардың мөлшерi және оның өзгеру жағдайлары жөнiнде мәлiмет берiледi. Бұл мәлiметтер мақтаны сумен қамтамасыз ету мәселелерiн шешу үшiн қажет. Егер алдында жүргiзiлген бақылаулар нәтижесiнде мақта оңтайлы егу мерзiмдерiн болжап, мәлiмет берiледi.
Әдеттегi метеорологиялық мәлiметтердiң тыс суландырылған жерлер үшiн мынандай агрометеорологиялық ақпараттар берiледi:
суармалы танаптың топырақ ылғалдылығы бойынша;
жерасты суларының орналасу тереңдiгi;
әртүрлi режиммен суарғанда өсiмдiктердiң өнiмдiлiгiн қалыптастыру мен дамыту мәлiметтерi;
суару мөлшерi, мерзiмi, сапасы бойынша.
Алшақ (отгондық) мал шаруашылығын жүргiзу Қазақстанда, Ортаазиялық республикаларда, Каспий жағалауында, солтүстiк Кавказда, Кавказ жағалауында жүргiзiледi. Ауылшаруашылығының бұл саласы көбiнесе ауа-райы шартына байланысты болады. Малдар жазғы жайылымнан, қысқы жайылымға арасы бiрнеше километрге көшiрiлiп отырылады. Жыртылған жердiң өнiмдiлiгiн қалыптастыру шартын болжау мен бағалау әдiстерi А.П.Федосеевпен, И.Г.Грингофпен, С.А.Бедаревпен, Г.Д.Геросименкомен, Л.В.Лебедьпен жасалынған болжаулар арқылы жайылымдарда малдардың азықтық базаларын обúективтi бағалауға мүмкiндiк бередi. Осы арқылы малдарды азығы мол, шұрайлы жерлерге көшiрудi жоспарлауға мүмкiндiк бередi.
Қолайсыз табиғи жағдайларда малдарды сақтап қалу үшiн дұрыс тыңданған өлшемдердiң маңызы зор Н.А.Конюховтың, А.И.Чекерестiң, В.П.Петрашиннiң, М.К.Пушняктiң, И.Г.Ивановтың ұсынған әдiстерi тиiмдi метеорологиялық ақпарат алшаң мал шаруашылығы үшiн, ауа-райын болжау қауiптi жағдайлар алдын-ала радио арқылы хабарланады. Осының нәтижесiнде оңды, ыңғайлы метеорологиялық шарттар жолдарын таңдауға мүмкiндiк туады.
3.Агрометеорологиялық бақылаулар
Агрометеорологиялық бақылаудың негiзiндегi негiзгi ұстаным, метеорологиялық элементтердiң параллелдiлiгiн бақылау.
Үздiксiз бақылаудың нәтижесiнде ауа-райы шартына сандық бағалау егiн егуде, жайылымдар, жыртылған жердiң жағдайы мен дамуына әсер етедi. Сонымен қатар ауылшаруашылық жұмыстарын жүргiзуге, малдарды жайуға (бағуға).
Метеорологиялық станцияларда ауылшаруашылық өндiрiсiн қамтамасыз ету үшiн, үнемi метеорологиялық элементтердi бақылаудан басқа, егiн алқаптарына, бау-бақшаға, жайылымдарға агрометеорологиялық бақылау жүргiзiледi.
1. Фенологиялық бақылау немесе өсiмдiктердiң даму фазасының қалыптасуын бақылау. Олар үнемi жүргiзiледi, әдетте күн ара (тақ сандар бойынша), мұнда 40-астам өсiмдiктер зерттеледi, (қарастырылады) 10 өсiмдiктен 4 орыннан бақылау участкесi жасалынады.
2. Егiстiң қалыңдығын анықтау.
3. Өсiмдiктiң биiктiгiн өлшеу.
4. Егiстiң зақымдануын анықтау – ол феналогиялық бақылау уақытында жүргiзiледi.
5. Жағымсыз метеорологиялық құбылыстардың негiзiнде зақымдалған өсiмдiктердi анықтау.
6. Зиянкестерлермен зақымдалған өсiмдiктердi анықтау.
7. Егiстi, сабанның ылғалдылығы, астық және оны жинау кезiнде қолайсыз шарттарда өсуiн бақылау.
8. Егiстiң жағдайын бес балды шкала бойынша көзбен анықтау.
9. Ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiнiң құрылымын анықтау және өнiмдiлiк элементтердiң қалыптасуын бақылау.
10. Суландыру жұмысын жүргiзуде оның сапасы мен ауа-райы шарттарына әсерiн бақылау.
11. Жайылымды жердiң жағдайын есепке ала отырып, малдардың жайылу шарттарын бақылау.
12. Күздiк дақылдар мен қыста тұқымдық ағаштардың жағдайын бақылау (олардың өмiрсүру қабiлеттiлiгiн бақылау).
13. Бақшаларда және күздiк дақылдардың танаптарында қардың жамылғысын, топырақтың еруiн, қату тереңдiгiн және температураны бақылау.
14. Ауылшаруашылық дақылдарды егуде топырақтың ылғалдылығын бақылау.
4.Агрометеорологиялық мәлiметтердi өндiрiсте және алқаптық тәжiрибелерде қолдану
Алқаптық тәжiрибенiң нәтижесiн бағалау үшiн тәжiрибе жүргiзу кезеңiнде метеорологиялық шарт қаншаға ауытқығанын бiлу қажет.
Егерде ауа-райы жағдайы тәжiрибе жүргiзу кезiнде кенеттен аномалды (өзгерсе) болса, онда алынған нәтижелер көп жылдарға сипатты (сәйкес) бола алмайды.
1. Егiн егу алдындағы кезең: топырақтың температурасы мен ылғалдылығы туралы мәлiметтер қажет (әсiресе тұқымды егу тереңдiгiнде).
2. Егу кезеңiнен өскiн пайда болғанға дейiн. Тұқымның ену тереңдiгi мен топырақ ылғалдылығы және температура динамикасының есебi маңызды орын алады. Көрсетiлген факторлар тұқымдардың өсу жылдамдығын айқындайды және өскiндердiң бiркелкi пайда болуын қамтамасыз етедi.
Үсiктер белгiленiп, олардың қарқындылығы айқындалады.
Топырақ ылғалдылығына баға берiледi, ол үшiн тәжiрибе учаскесiнде өсiмдiкке тиiмдi ылғал мөлшерi, жауын-шашын, оның iшiнде нөсер жаңбыр мөлшерi анықталады.
3. Көктеуден гүлденуге дейiнгi кезең. Мысалы: күздiк бидай дақылы үшiн температура 20-240 және топырақ ылғалдылығының қоры 10-14 мм болғанда масақ iшiндегi дәннiң саны 50% төмендейдi. Бұдан бiз әлеуеттi астық өнiмдiлiгiнiң қолайсыз метеорологиялық құбылыстардың әсерiнен екi есе төмендейтiндiгiн байқаймыз.
Мұндай тәуелдiлiк әртүрлi кезеңде дамитын көптеген ауылшаруашылық дақылдарында белгiленген, онда өсiмдiктiң дамуы мен өнiмдiлiгiне метеорологиялық факторлардың әсер етуi әр-бiр фазаларына анықталған.
4. Гүлденудiң басталу кезеңiнен өсiмдiктiң жетiлуiне дейiн, өсiмдiктiң арасында ауа ылғалдылығы мен температура режимiнiң әсерi маңызды. Сонымен қатар бұл уақытта өсiмдiк аралығындағы күн радиациясы да үлкен әсер етедi.
Өсуге метеорологиялық шарттардың әсер етуiн сандық бағалау кезеңдерi, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiнiң қалыптасуы мен дамуы үшiн келесi мәлiметтер пайдаланылады:
а) көпжылдық орташа температурамен салыстырғанда фаза аралық кезеңнiң орташа ауа температурасы;
ә) топырақтың беткi қабатында және атмосферада болатын күндердiң саны көрсетiлген максималды және минималды температуралар: керi температура (үсiктер), 50С төмен температура (жылуда өсетiн дақылдар), 300С жоғары – максималды температура;
б) жауын-шашын мөлшерiнiң жиынтығы және жауын күндерiнiң саны, оның iшiнде тәулiктiк 1,0 мм асатын жауын-шашын көлемi және күштi нөсерлер (тәулiгiне 10мм жоғары);
в) 30% тең, одан да төмен салыстырмалы ауа ылғалдылығының күндер саны, аңызақ күндерiнiң саны;
г) өсiмдiк пайдалана алатын ылғалдылықтың қоры 0-20 және 0-100 см және он күндiк бойынша;
ғ) бұршақ жаууы мәлiметтерi, қатты жел және басқадай қолайсыз метеорологиялық құбылыстар бойынша мәлiметтер алынуы керек..
Тәжiрибелiк участкелерде топырақтың құрамына байланысты әртүрлi агротехникалық тәсiлдердi қолдануға, рельефтiң түрiне байланысты температура мен ылғалдылық, метеорологиялық алаңда айрықша ерекшеленедi.
5. Ауылшаруашылығында агрометеорологиялық қамтамасыз ету тиiмдiлiгi
Агрометеорологиялық ақпараттарды ауылшаруашылығында пайдалану экономикалық қатынастарға анағұрлым тиiмдiлiктi бередi. Бұршаққа қарсы өсiмдiктердi қорғап қалу тиiмдiлiгi әр жыл сайын 40 млн. теңге екендiгi есептелiнген.
Үсiктiң болуын алдын-ала есептеу анағұрлым тиiмдi, көкөнiстердiң көшеттерiнiң құны (қырыққабат, қызанақ, бұрыш, баклажан) және техникалық дақылдар (темекi және т/б) 1-2 мың. тенге құрайды. Бiр ғана табысты болжам бiрнеше мың теңге шығындардың алдын алады.
1977 жылы көктемде солтүстiк Қазақстанда ылғалдылықтың қорын болжауда қолайсыз құбылыстарды анықтаған. Соның салдарынан себу мөлшерi гектарына 20 кг азайған, 100 мың тонна тұқым үнемденген. Бұл пайдаға әсер еткен – жасалынған дұрыс болжау.
Ауа-райы шартын дұрыс есепке алмау шаруашылықтарға үлкен шығын әкеледi. Мысалы: Алматы облысының кейбiр аймақтарында ауа-райы шартын дұрыс болжамағанның сандарынан 200-ге жуық қойдың өлуiне соқтырды. Себебi: Үсiктiң болуы туралы ескертiлмегеннен, төлдердi шомылдырған. Ал шын мәнiнде болжам дұрыс едi.
Тура осындай жағдай 1985 ж өте күрделi нәтижелермен болған. Мамыр айына болжам бойынша температура 00-30 дейiн (жауын-шашын, сулы қар) болуы ықтимал болған. Қазақстанның оңтүстiк-шығысында 13-14 мамырда температура 10,50 төмендеген (теңiз деңгейiнiң биiктiгiнде 1550 м) – 30 дейiн (650м). Осы кезде бау-бақша, жүзiмдiктер, жемiс-жидектер, темекi толығымен зиянданды. Ал бұрынғы Талдықорған, Жамбыл, оңтүстiк Қазақстан облыстарында шығын салыстырмалы түрде аз болды. Әсiресе таулы аймақтарда мал шаруашылығы анағұрлым жоғары шығынға ұшырады.
Үсiктiң жүру нәтижесiнде ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестермен зақымдалынып, аурулардың мөлшерi өстi.
Ауылшаруашлық маманы ауа-райы шартын, климатты мұқият талдауға мiндеттi. Әрi ең бастысы ауылшаруашылық дақылдарын жағымсыз метеорологиялық құбылыстардан сақтау үшiн сәйкес шара қабылдауы тиiс.
Бақылау сұрақтары
1. Агрометеорологияның ауылшаруашылығын қамтамасыз етудегi мақсаты
2. Ауылшаруашылығын қамтамасыз етудiң негiзгi түрлерi
3. Агрометеорология ауылшаруашылығының қандай салаларын, қалай қамтамасыз етедi
4. Қандай агрометеорологиялық бақылаулар жүргiзiледi
5. Агрометеорологиялық бақылауларды қалай пайдаланамыз
6. Агрометеорология жұмыстарының экономикалық тиiмдiлiгi
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
2. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.
26-28,29-30дәріс ТОПЫРАҚТЫҢ ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ РЕЖИМI
Мақсаты: Топырақтың температуралық режимінің ауылшаруашылық өндірісіне тигізетін әсерін бiлу.
Міндеті: Топырақ температурасын өлшейтін аспаптармен таныстыру.
Түйінді сөздер: Топырақ, температура, амплитуда, жылу.
Дәріс жоспары:
1. Топырақ температурасының өсiмдiктерге әсерi
2. Топырақтың жылу қасиеттерi
3. Топырақтың температуралық режимiн реттеу жолдары
Тұқымның өсуi, тамыр жүйесiнiң жетiлуi, тамырдың сору қабiлеттiлiктерi, органикалық заттардың бұзылуы, микроорганизмдердiң өмiр сүруi көп жағдайда топырақтың температурасына байланысты болады.
Ол мынадай анықтамалармен сипатталады:
1. Топырақтың үстiңгi температурасы: орташа (тәулiктiк, он күндiк, айлық, жылдық), максималды, минималды, амплитуда;
2. Жыртылатын қабат тереңдiгiндегi температура (0-20см), метр 3м. 20см (320 см), келтiрiлген тереңдiктердегi амплитуда.
Әр дақылдың өзiнде тұқымның өсу температурасының төменгi, қалыпты және жоғары температурасы болады. Күздiк дәндi дақылдар (күздiк арпа, бидай), жаздық дақылдар (қара және жаздық бидай, арпа, сұлы, қара құмық) үшiн минималды температураға 1-50, оптимумды 20-250, максималды 30-350 мөлшерiнде болады. Жүгерiде 8-10, 25-30 және 35-40 мөлшерiнде. Температураның көтерiлуi тамыр алуды жеделдетедi де, оның есесiне тым жоғары температура (>500) тұқымның күйiп кетуiне әкелiп соғуы мүмкiн. Ал төмен температура тұқымның өсуiн, өскiндердiң шығуын және олардың өсу жылдамдығын тежейдi.
Тамырдың өсуi <0 мен >400 толық тоқталады.
Жылу. Өсiмдiктердiң өсiп-дамуына белгiлi мөлшерде жылу керек. Маңызды физиологиялық процестер фотосинтез, тыныс алу, транспирацияның қарқынды жүруi өсiмдiк пен қоршаған ауаның температурасына байланысты. Температураның белгiлi мөлшерге дейiн жоғарылауы аталған процестердiң жүру пәрмендiлiгiн арттырады, бiрақ одан әрi көбейгенде өсiмдiктiң әдеттегi тiршiлiгi бұзылады: синтез әлсiрейдi, тыныстану күшейедi, берiк емес қоспалар ыдырайды. Ал температура одан әрi жоғарыласа, зат алмасуының орнына келмейтiн бұзылу процестерi күшейiп, нәтижесiнде өсiмдiктiң опат болуына әкелiп соғады. Көпшiлiк дақылдардың өсiп-дамуының оңтайлы температурасы 25-300С. Бұл процестiң тежелуi температура 300С асқанда байқала бастайды да, ол 50-520С жеткенде, өсiмдiк өз тiршiлiгiн тоқтатады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрiне тән оның тұқымдарының өнуiнiң минимальды (ең төменгi) және тұқым тез уақытта өнетiн оптимальды (оңтайлы) температурасы болады.
Осы көрсеткiштердi басшылыққа ала отырып, әртүрлi дақылдардың ареалын (таралу өрiсiн), өсiмдiк шаруашылығының елiмiздегi аудандастырылуын жоспарлауға болады.
Бұдан кейiнгi өсiмдiктiң өсу кезеңдерiнде де температура үлкен роль атқарады: өсiмдiк тамырының дамуына, өнiм беретiн органдарының қалыптасуына т.б.
Өсiмдiк онтогенезiнде топырақта болып жататын процестер температурамен байланысты болады. Мысалы, минералды заттардың ерiгiштiгi мен судың тұтқырлығы. 40С-та судың тұтқырлығы соншалықты көбейiп, су өсiмдiкке ену қабiлеттiгiн жоғалтады. Өсiмдiкте және топырақтағы жүретiн барлық химиялық реакциялар температураға байланысты. Топырақ ерiтiндiсiндегi оттегi мен көмiрқышқыл газының ерiгiштiгi, осы газдардың топырақ бөлшектерiнiң бетiне адсорбциялануы, топырақ пен атмосфера арасындағы газалмасу процесiнiң жылдамдығы, судың өсiмдiк тамырына ену қарқыны, транспирация мөлшерi температураға байланысты болып келедi.
Топырақ микроорганизмдерiнiң тiршiлiгi де оның температурасымен байланысты. Өсiмдiк қоректенуiне қатысты микроорганизмдердiң көпшiлiгi үшiн оңтайлы жылулық 20-300С арасында болып келедi. Шамамен осындай температура түйнек бактериялары үшiн де қолайлы.
Температураның өсiмдiк пен микроорганизмдердiң тiршiлiгiне тiкелей әсерiнен басқа топырақтың су-ауалық және қоректiк жүргiлерiне де әртүрлi әсерi болып отырады.
Өсiмдiк зиянкестерiнiң көпшiлiгi, олардың көбеюi, таралуы топырақта болады. Қар жамылғысының арқасында топырақ температурасы қыс айларында - 40С төмен түспейдi. Осындай жағдайдың әсерiнен көп зиянкестердiң жұмыртқалары, личинкалары топырақ құрамына қыстап шыға бередi. Бiрақ кейбiр қар аз жауатын суық айларда топырақ температурасы – 200С дейiн төмендейдi, ал қар болмаған айларда одан да төмен (-220С) төмендеуi мүмкiн.
Зиянкес жәндiктердiң жойылуы төменгi температураның әсерiнен, олардың денелерiнде мұз пайда болып ауыр физиологиялық өзгерiстерге әкеп соғады.
Жәндiктер жоғары температуралар әсерiнен әлсiрейдi. Өте жоғары температурада, жәндiктердiң биохимиялық процесi бұзылып, көптеген жәндiктер жойылады.
Көптеген жәндiктердiң өсiп-жетiлуi 30-320С температурада нашарлайды, ал ≥450 температурада толық жойылады.
Топырақ жылуының көздерi. Күннiң сәулелi энергиясы (қуаты)-жылудың негiзгi көзi болып табылады. Органикалық заттардың (көң, өсiмдiк қалдықтары ж.б.) ыдырау барысында пайда болатын жылуды көкөнiс шаруашылығында кеңiнен пайдаланады. Жылудың тағы бiр аздау көзi-микроорганизмдердiң тiршiлiгi кезiнде бөлiнiп шығатын жылу. Жылудың басқа көздерiнiң (жердiң iшкi жылуы, элементтердiң радиоактивтiк ыдырау нәтижесiнде пайда болатын жылу және басқалары) егiн шаруашылығында болмашы ғана маңызы бар.
Топыраққа түсетiн күннiң жылу қуатының нақтылы мөлшерi жердiң географиялық ендiгiне, жыл, тәулiк мерзiмiне, атмосфераның хал-жайына (бұлтты, ашық т.б.), баурайдың бетқарасына, күн сәулесiнiң жер бетiне түсу бұрышына, өсiмдiк жамылғысының түрiне және топырақтың қасиеттерiне байланысты болады.
2, Топырақтың жылу қасиеттерi
Жылу қуатын сiңiру және кескiнiнде тасымалдау процестерiнiң жиынтығын топырақтың жылу қасиеттерi дейдi. Оларға жататындар: жылу сiңiру (қайтару) қабiлетi, жылу сиымдылығы және жылу өткiзгiштiгi.
Топырақтың жылу сiңiруi (қайтаруы) деп топырақ бетiне түскен күн радиациясының белгiлi бiр бөлiгiн сiңiру (қайтару) қабiлетiн айтады. Оның мөлшерi альбедомен (А)-жер бетiне жеткен жалпы күн радиациясының одан қайтарылған (дарымаған), пайызбен көрсетiлген қысқатолқынды (1 м) мөлшерi.
Альбедо топырақтың көптеген қасиеттерiне, атап айтқанда топырақтың түрiне, ондағы органикалық заттардың мөлшерi мен сапасына, грануметрлiк құрамына, құрылымына, топырақ бетiнiң жағдайына, ылғалдылығына, агроландшафттың өсiмдiк және қар жамылғысына байланысты болып келедi.
Бұл қабiлетiне сәйкес топырақтарды салқын және жылы деп бөлуге болады. Күңгiрт топырақтар ашық түстiлерге қарағанда жылы, құрылымы жақсы топырақ құрылымы нашар топыраққа қарағанда жылы болып келедi. Мысал ретiнде мына мәлiметтердi келтiруге болады: құрғақ қаратопырақ -14%, ылғалды-8-9, құрғақ құбатопырақ (сұртопырақ)-25-30%, ылғалды-10-12, құрғақ биiк шөп-32%, ылғалды шөп-22; сәуле суға тiк түскенде 2% ғана қайтарылады, 100 бұрышпен түскенде-34, 20 бұрышпен түскенде 78% қайтарылады.
Топырақтың жылу сиымдылығы дегенiмiз оның жылу қуатын сiңiру қасиетi. Бұл қасиет 1г немесе 1 см3 топырақты 10 С жылытуға кететiн жылу мөлшерiмен анықталады. Осыған байланысты бiрiншiсiн салмақтық, екiншiсiн көлемдiк жылу сиымдылығы дейдi.
Жылу сиымдылығы топырақтың минералогиялық (минералдық) және грануметрлiк құрамына, органикалық заттың мөлшерiне, топырақтың бiтiмi мен құрылымына және ылғалдығына байланысты болады. Ең жоғары жылу сиымдылығы суға тән. Егер судың салмақтық жылу сиымдылығын 1тең деп алсақ, кварц құмында ол 0,196, саз балшықта-0,233, торфта-0,477 болады. Ең аз жылу сиымдылық ауада болады-0,000306.
Судың жылу сиымдылығы топырақтың басқа минералдық және органикалық құрастырушыларынан жоғары болғандықтан ылғалды топырақтың температурасын көтеру үшiн көп жылу керек. Ылғалды топырақ оның құрғақ түрiмен салыстырғанда баяу жылыйды және суыйды. Сазды топырақтың ылғалды түрiнде жылу сиымдылығының құмдақ топырақпен салыстырғанда жоғары болуына байланысты көктемде баяу жылыйды, ал күзгi күнi ылғалы жеткiлiктi болған кезде баяу суып, құмдақ топырақтан жылырақ болады. Сонымен, суғару және өңдеудiң көмегiмен топырақтың ылғалдылығын, қуыстылығын өзгертiп, оның температурасына белгiлi мөлшерде әсер етуге болады.
Жылу өткiзгiштiгi-топырақтың жылу өткiзу қабiлетi. Ол 1 с iшiнде 1см2 және қалыңдығы 1 см топырақ қабатынан өткен жылудың калория мөлшерiмен есептеледi.
Жылу өткiзгiштiгi топырақтың өте маңызды қасиетi. Одан топырақтың қатты (органикалық және минералдық), сұйық және газды заттарының арасында болатын жылу өткiзгiштiк жылдамдығы қалыптасады. Топырақтың құрамында болатын үш фаза әртүрлi өткiзгiштiк көрсетедi. Атап айтқанда, ауаның жылу өткiзгiштiгi 0,00006 болса, сүдiкi-0,00136, торфтiкi-0,00027, кварцта-0,0024, базальт-0,0052, граниттiкi-0,0082. Көрiп отырғандай ең төмен жылу өткiзгiштiк ауада болса, ең көбi-минералдық заттарда, су аралық орында. Сондықтан топырақ ылғалды болған сайын, оның жылу өткiзгiштiгi де көп болады, қопсыған топырақтың бұл қабiлетiнiң мөлшерi аз болып келедi.
Топырақтың жылу режiмiнiң негiзгi көрсеткiшi оның температурасы. Оның мөлшерi келiп түсетiн күн радиациясымен топырақтың жылу қасиеттерiмен анықталады. Олардан басқа, бұл жүргiнiң жер бедерiнен, топырақтың басқа қасиеттерiмен, өсiмдiк және қар жамылғысына байланысты болатынын ұмытпау керек.
Жер бедерiнiң топырақтың жылу режiмiне әсерi оның тегiстiгiне, баурайдың тiктiгi мен экспозициясына (бетқарасына) байланысты болып келедi. Ең жылы болатын оңтүстiк беткей, одан кейiн батыс, шығыс, ең салқын (суық) солтүстiк беткейде болады. Баурай (беткей) тiк болған сайын, оның әртүрлi экспозициясындағы (бетқарасында) айырмашылық көп болып келедi. Оған қоса бұл жерлерде топырақтың ылғалдылығы, қардың қалыңдығы түрлiше болып келетiнiн ескерсек, агроландшафттық егiн жүйесiн ендiрудiң қажеттiлiгi өзiнен-өзi түсiнiктi.
Топырақтың қатуы мен еруi. Топырақта атмосферамен және оның төменгi қабаттарымен тұрақты түрде жылу алмасу болып тұрады. Жазғы күнi және күндiз жылу ағыны топырақ кескiнiнiң төменгi жағыны бағытталады да, қыс кезiнде және түнде-ол жоғары қарай бағытталады, оның салдарынан топырақ тоңазыйды.
Топырақтың жылу және су жүргiлерiн қалыптастыруда оның қатуы (тоңдануы) мен жiбуi маңызды орын алады. Су температура 00 С аздап төмендегенде қата бастайды, өйткенi суда барлық кезде қату температурасын төмендететiн ерiген заттар кездеседi. Топырақтың тоңдану температурасына ондағы ылғалдың түрi әсер етедi. Еркiн су минус 0,1-1,50 С қатады, байланысқан ылғал минус 1,5-40 С, одан да төменде қатады. Сонымен қатар топырақтың тоңдануы қар мен өсiмдiк жамылғысына, жер бедерiне, топырақтың қасиеттерiне, оның ылғалдылығына және адамның шаруашылық iс-әрекетiне байланысты болып келедi.
Топырақ жiбуi екi түрлi жолмен жүредi. Бiрiншiсi-жiбу төменнен басталып, қар кеткенше аяқталады. Бұл жағдайда тоңданған қабат болмағандықтан қардың ерiген суы топыраққа жақсы сiңедi. Екiншiсi-тоңның жiбуi төменнен басталып, одан кейiн бiр мезгiлде төменнен де, жоғарыдан да жүре бастайды. Осы кезде қар еру процесi үдей бастаса, бiршама тереңдiкте қалған ерiмеген тоң қабаты оның топыраққа сiңуiн төмендетедi, керiсiнше, топырақ бетiмен жүретiн ағын күшейедi.
Ауыл шаруашылығы үшiн топырақтың қату тереңдiгiнiң, уақытының және еруiнiң маңызы зор. Қату тереңдiгi мыналарға байланысты:
1. Қысқы аяздарға
2. Қардың қалыңдығы мен оның сақталу уақытының ұзақтығына (қар қалың болса тоң жұқа болады). 400 аязда қардың қалыңдығы 25-30 см болса, 0-5 см тереңдiктегi топырақтың температурасы 150 төмен түспейдi.
3. Ылғал топырақ құрғаққа қарағанда азырақ қатады, өйткенi ылғал топырақ қатқанда көзге көрiнбейтiн жылу бөлiнедi де, топырақтың одан әрi қатуына жол бермейдi.
4. Күлгiн топыраққа қарағанда құмды топырақ терең қатады. Батпақты жердiң тоңы тереңге кетпейдi.
5. Топырақ тоңының тереңдiгiне құнарлы қабат та әсер етедi. Орман алқабындағы топырақ ашық алаңдағыға қарағанда аз қатады.
Көктемде күн радиациясының және жер асты жылуының ықпалымен топырақ еридi. Қазақстанда топырақтың еруi:
Оңтүстiкте – наурыздың екiншi онкүндiгiнде,
Шығыс пен батыста – с¸уiрдiң екiншi онкүндiгiнде,
Орталық өңiрде – мамырдың бiрiншi онкүндiгiнде,
Солтүстiкте – мамырдың екiншi онкүндiгiнде өтедi.
3. Топырақтың температуралық режимiн реттеу
Жылу режiмiн реттеу. Топырақтың температурасын реттеу, мәдени өсiмдiктермен топырақ микроорганизмдерiне қолайлы жағдай жасау оның құнарлығын арттырып, алатын өнiмнiң мөлшерiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстан климатында жылудың жетiспеуi (Солтүстiк Қазақстан) немесе оның молдығы байқалады (елiмiздiң оңтүстiк өңiрi). Сондықтан әртүрлi аймақтарда топырақтың жылу режiмiн реттеу де түрлiше болып келедi, олардың негiздiлерi:
1) топырақтың су-жылулық қасиеттерiн жақсарту үшiн ондағы органикалық заттардың мөлшерiн көбейту (көң беру, көпжылдық шөптер, сидераттар, аралық дақылдар қатысатын ауыспалы егiстердi енгiзу ж.б.). Бұл шара климаты ыстық өңiрлерде топырақтың температурасын төмендетуге мүмкiншiлiк берсе, ал салқын аудандарда топырақ тоңдануын азайтады;
2) топырақта қолайлы бiтiмi мен құрылысы, жақсы құрылымы бар терең өңделу қабатын қалыптастыру;
3) далалық аймақта егiстiкте неғұрлым көп қар тоқтату;
4) топырақтың жылу жүргiсiн жақсартуда суғарудың ролi күштi. Бұның нәтижесiнде топырақтың жоғары қабатының температурасы әжептеуiр төмендейдi, тәулiк мерзiмiнде температураның өзгеру амплитудасы (мөлшерi) азаяды.
5) Топырақты қопсыту (бороналау, культивациялау). Ерте көктемде жүргiзiлген осы агротехникалық шара – ылғал жабу деп аталады. Қопсыту арқылы топырақтағы капиллярлы түтiкшелермен судың көтерiлуiн тоқтатамыз және қопсытылған топырақтың температурасы жылдам көтерiледi де егiндi ерте егуге мүмкiншiлiк туады.
6) Мульчирование жасау - әр түрлi материалдармен топырақ бетiн жабу арқылы топырақ альбедосын көбейту немесе азайту. Егерде топырақ температурасын көтеру керек болса жамылғы ретiнде торф, көң (олар қара түстi) пайдаланамыз, ал топырақ температурасын төмендету керек болса ақ ақшыл (солома) жамылғы пайдаланылады. Жамылғының ақшыл түрiне байланысты, ол беттен күн радиациясы көп шағылысады да топырақты қыздырмайды.
7) Құрғату – агромелиоративтiк шара солтүстiк ылғалдылығы өте жоғары, аймақтарда жүргiзiледi. Бұл шараның әсерiнен, топырақ құрамындағы артық ылғалдан босайды, оның орнына ауа және жылу енiп топырақ температурасы жоғарылайды.
Бақылау сұрақтары
1. Топырақ температурасының өсiмдiктерге әсерi
2. Топырақтың жылу қасиеттерi
3. Топырақтың қатуы, еруi және оларға әсер ететiн факторлар
4. Топырақтың температуралық режимiн реттеу жолдары
5. Топырақтың температурасын өлшеу: қабаттар, аспаптар
6. Топырақтың қататын тереңдiгiн өлшеу
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
3. Агроклиматические ресурсы. Справочники по областям и республикам. Л., Гидрометеоиздат.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
Ф Р 042-1.02-2015-01
|
ПОӘК
«АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚҚА АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
|
басылым
|
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
АГРОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРМАН РЕСУРСТАРЫ КАФЕДРАСЫ
5В080100 «Агрономия»
мамандығына арналған
«АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК (СЕМИНАРЛЫҚ) САБАҚҚА АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2016
0>
Достарыңызбен бөлісу: |