«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
13
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан- ұрпаққа,
әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге
мәдени қол өнерімен танытып келген өшпес өнер кейінгі уақытта да танытпақ.
Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне
мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, әрі қарай
жаңғыртып, байытушы. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі адамзат
мәдениетінің дамуын қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы
қарымқатынастың, сұхбаттың үзілмей келе жатқанын көреміз.
Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайында былай дейді: «Біздің
дәуірге дейінгі І ғасырдағы көшпенділер мәдениеті ерекше дараланды. Оның
үстіне ол ХVІІІ-ХІХ ғ. көшпелілер мәдениетінен көп жоғары болған».
Көшпелілер мәдениетінсіз адамзат мәдениеті толымсыз болар еді, сонымен
өткен
мәдени мұраны игеріп, басқа халықтың мәдени жетістіктерін бойына
сіңіріп, рухани құндылықтарды жасауға қабілетті мәдениет қана болашақтан
үміт күте алады.
Қазақ халқының көркем мәдениеті көне ғасырлардан бастама алады, осыған
орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, тілдік заңдылықтарын біліп-танудың мәні
артып отыр. Бұл талаптарды іске асыруда, өткен
дәуірдің рухани мұрасын
тарихифилософиялық тұрғыда қарастыру қажет.
Белгілі философ А.Х.Қасымжанов айтқандай, «қайта жаңару уақыты туды,
ол рухани тамырларымызды зерттемей, ұғынбай іске асуы мүмкін емес. Іздену,
ұғыну, өткенге құрметпен қарау бұл – халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану
жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтың қатарына терезесі тең
қатарға қосылуы. Халықтың тарихи мұрасының өрлеуі ұлттық сана сезімінің өсу
үрдісінің негізгі бөлігі болып табылады. Мұнсыз халық тәуелділігі дегеніміз сөз
болып қала бермек».
Халық арасында көне мәдениет сырттан келген мәдениеттер ықпалымен
жаңарып, толыққан үстіне толыға түсті. Өйткені
қазақ халқының көркем
тіршілігінде ғасырлар барысында көптеген өзгерістер болды. Сырттан келген
мәдени үлгілерді халық өз өмір тіршілігіне байланысты өзгерткен. ХІХ ғ. 2-ші
жартысы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму
баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнын ала білді.
Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан-жақты этнографиялық
тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор.
Академик Ә.Марғұланның айтуынша, «Қазақтың қолөнері жалпы қазақ
мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы.