«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
9
№ Z00058 31.10.2022 ж.
ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН
ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
ЖУМАБАЕВА ХАДИША ТАУПИХОВНА
Атырау қаласы "Кешкі мектеп "КММ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Білім беру – жекелеген құбылыс
немесе дағды емес, ол оқушылардың
оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің
біртұтас кешені деп айқындалған. Әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей
отырып, жаңаша қырда қолданылатын көптеген технологияларды
Отандық педогогтар өз тәжірибелерінде тиімді пайдалануда.
Мұғалім
өзі тәжірибесіндегі, біліктілігі жоғары, жан-жақты іздену, жұмыс
түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізуінің арқасында оқушылардың
пәнге үлгермеушіліктері азаяды. Барлығы мұғалімнің шеберлігі мен оқушының
қызығушылығына байланысты.
Ал оқушылардың білімді қалыпты игеруде, психологтар мен педагогтардың
зерттеулері бойынша баланың оқуына үш фактор себепші болады деп зерттеген:
1.
Балаға қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;
2.Балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен
психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы
және ақыл-ой даму деңгейінің тежелуінен;
Педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауынан деп зерттеген.
Мектепте оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары бірдей болғанымен, оқушылардың
білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері, оқу
міндеттеріне қатынасы, тәрбиелері, даму деңгейлері әртүрлі болып келеді. Білім
беру орындарында оқушыларды тәрбиелеу мен
оқыту бойынша қоғам мен
мемлекеттің алдында олардың үлгермеушіліктерін уақытылы жою міндеттері
тұр.
Үлгерімі төмен оқушының сөз қоры аз болады, шығарма, мазмұндама жазу
қиынға соғады. Есте сақтау қабілеті өз жасынан төмен, сондықтан мақал-мәтел,
өлең, тақпақтарды тез арада жаттай алмайды. Зейіні тұрақсыз. Сабаққа енжар
қарайды. Бұл балалардың танымдық қабілеттері төмен болып келеді. Білімді
қабылдауына әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін, денсаулығына
байланысты,
«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
10
ата-анасының қарауынсыз қалуына байланысты немесе психикалық дамуында
ауытқу болуы мүмкін.
Көптеген ұстаздар «Үлгермеуші оқушылармен қандай жұмыс
ұйымдастыруға
болады?» деген сұрақ қоя отырып, жоспар құрады. Соның ішінде мен де өзіме
жоспар құрдым:
Оқу жылында үлгерімі төмен оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс
кестесін
құру;
Оқушыға жеке папка арнау;
Қосымша сабақтарға арналған дәптерлер бастату;
Білім кетіктерін жоюға арналған тапсырмалар (карточка, тірек –үлгілер, ре-
бус, сөзжұмбақтар);
Ата-анасымен үнемі байланыста болу, бірігіп жол іздеу;
Психолог, дәрігерлер, логопедтердің кеңесіне жүгінуге
ата анасына кеңес
беру.
Жас ерекшеліктеріне сай дүниетанымы, қабылдауы мен зейіні тұрақталмаған,
үлгерімі төмен оқушыға оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін
алдымен жұмыс жүйесін ойластыра келіп, белгілі бір ережеге сүйенген дұрыс:
Үлгерімі төмен оқушыларға бірден жағдаятты сұрақ қойып, бірден тез жау-
абын талап етуге болмайды.
Ойлануы мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру.
Жауабын жазбаша жазғаны жақсы. Үлгерімі төмен оқушының сөздік қоры
таяз болғандықтан оның ауызекі сөйлеуі дамуында қиындықтар туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: