73
МҒЗЖ (МЭЗЖ) шеңберінде магистранттың жеке жұмыс жоспарында
міндетті түрде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуі қарастырылады.
83. Магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу
жұмысының ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып
табылады.
84. Магистрлік диссертацияның негізгі нəтижелері ең кемі бір
жарияланымда
жəне/немесе
ғылыми-практикалық
конференцияға
қатысуында көрінуі тиіс.
85. Магистрлік диссертацияның мазмұны мен ресімделуіне, оның
дайындалуы мен қорғалуына қойылатын талаптарды жоғары оқу орны өзі
анықтайды.
86. Магистрлік диссертация міндетті түрде плагиатқа тексерілуден өтуі
тиіс, мұндай тексерісті жүргізу қағидалары мен тəртібін жоғары оқу
орнының өзі анықтайды.
87. ЖОО-ның кадрлық құрамына қойылатын талаптар лицензиялау
кезінде білім
беру
қызметіне
қойылатын біліктілік
талаптарымен
айқындалған.
ЖОО оқытушысы оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының
талаптарын ұстанған жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыру мен өткізудің
əдіс-тəсілдері мен нысандарын, оқытудың əдістерін еркін таңдауға құқылы.
88. Магистратураға оқуға қабылданғаннан кейінгі екі айдың ішінде
магистрлік диссертацияға жетекшілік жасау үшін ғылыми жетекші
тағайындалады.
Ғылыми жетекші жəне магистранттың зерттеу тақырыбы ғылыми кеңес
шешімінің негізінде ЖОО ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Магистранттың ғылыми жетекшісінің ғылыми дəрежесінің болуы жəне
ғылымның осы саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми
зерттеулермен белсенді түрде шұғылдануы тиіс. Қажет болған жағдайда
ұқсас ғылым саласы бойынша ғылыми консультанттар тағайындалады.
89. ЖОО магистранттың зерттеу нəтижелерін жариялауға көмек
көрсетеді.
4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
90. Оқытудың нəтижелері Дублин дескрипторларының 2-деңгейі
(магистратура) негізінде анықталады жəне құзыреттілік арқылы көрінеді.
Оқыту нəтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, модульдің, жеке
пəннің деңгейінде де сипатталады.
Екінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) жоғары білім деңгейінде меңгерген, ғылыми зерттеулер контексінде
идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшін негіз немесе мүмкіндік
болып табылатын, дамытылып отыратын білімі мен түсінігін көрсете білу;
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
74
2) зерттеп отырған саламен байланысты контекстер мен одан да кеңірек
(немесе пəнаралық) салаларда жаңа немесе белгісіз жағдайлардағы
проблемаларды шешуде білімін, түсінігін жəне қабілетін қолдана алу;
3) білімді интеграциялау, қиындықтарды жеңе білу жəне толық емес
немесе
шектеулі
ақпарат
негізінде
тұжырымдамалар
жасау,
осы
тұжырымдамалар мен білімін этикалық жəне əлеуметтік жауапкершілікті
ескере отырып қолдана білу;
4) өз қорытындыларын жəне білімін, олардың негіздемесін мамандарға
жəне маман еместерге айқын жəне ашық хабарлау;
5) білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.
91. Бейіндік магистратураны бітірушілердің негізгі құзыреттіліктеріне
қойылатын талаптар:
1) мынадай:
ғылыми танымның дамуындағы қазіргі үрдістер туралы;
− жаратылыстану
(əлеуметтік,
гуманитарлық,
экономикалық)
ғылымдарының əдіснамалық жəне философиялық өзекті проблемалары
туралы;
− жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен əлеуметтік-
экономикалық салдары туралы;
− əлемдік бизнес серіктестіктің экономикалық, саяси, құқықтық, мəдени
жəне технологиялық ортасының қазіргі жай-күйі туралы;
− кəсіпорынды стратегиялық басқаруды ұйымдастыру, инновациялық
менеджмент, көшбасшылық теориялары туралы;
− кəсіпорынның жұмыс істеуінің негізгі қаржылық-шаруашылық
проблемалары туралы түсінігі болуы тиіс;
2) мыналарды:
− ғылыми танымның əдіснамасын;
− экономика құрылымын өзгертетін негізгі қозғаушы күштерді;
− инвестициялық ынтымақтастықтың ерекшеліктері мен ережелерін;
− ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметті жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін кемінде бір шет тілін кəсіптік деңгейде білуі қажет;
3) мыналарды:
− кəсіптік қызметте танымның ғылыми əдістерін қолдана білуі;
− процестер
мен
құбылыстарды
зерттеудің
қолданыстағы
тұжырымдамаларын, теориясы мен əдістерін сын-көзбен талдай білуі;
− əртүрлі пəндер бойынша меңгерген білімді интеграциялауы, оларды
жаңа белгісіз жағдайларда аналитикалық жəне басқарушылық мəселелерді
шешуде қолдана білуі;
− кəсіпорынның шаруашылық жұмысына микроэкономикалық талдау
жүргізе алуы жəне оның нəтижелерін кəсіпорынды басқаруда қолдана білуі;
− маркетинг пен менеджментті ұйымдастырудың жаңа əдістерін
практикада қолдана алуы;
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
75
− кəсіпорынның (фирманың) шаруашылық жұмысын ұйымдастыру мен
басқарудағы қиын жəне қалыптан тыс жағдайларда шешім қабылдай білуі;
− экономикалық қатынастарды реттеудегі Қазақстан Республикасының
заңнамалық нормаларын практикада қолдана білуі;
− жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативті ойлауы жəне
шығармашылықпен қарауы;
− ақпараттық-аналитикалық
жəне
ақпараттық-библиографиялық
жұмысты қазіргі ақпараттық технологияларды қолданып жүргізуі;
− диссертация, мақала, есеп, аналитикалық жазбалар жəне т.б. түрінде
эксперименталды-зерттеу жəне аналитикалық жұмыс нəтижелерін жалпылай
білуі тиіс;
4) мынадай:
− қалыпты ғылыми жəне кəсіптік міндеттерді шешу;
− ұйымдар
мен
кəсіпорындардың
экономикалық
қызметін
ұйымдастыруда жəне басқаруда ғылыми талдау жəне практикалық
мəселелерді шешу;
− менеджмент жəне маркетинг саласында проблемаларды зерттеу жəне
алынған нəтижелерді кəсіпорынды басқару əдістерін жетілдіру үшін қолдану;
− кəсіптік қарым-қатынас жəне мəдениетаралық байланыс;
− шешендік өнер, өз ойын ауызша жəне жазбаша түрде дұрыс жəне
логикалық ресімдеу;
− күнделікті кəсіптік қызметте жəне докторантурада білімін жалғастыру
үшін қажет білімін кеңейту жəне тереңдету;
− кəсіптік
қызмет
саласында
ақпараттық
жəне
компьютерлік
технологияларды пайдалану дағдысының болуы тиіс;
5) мынадай:
− мамандық бойынша зерттеу əдіснамасы саласында;
− қазіргі əлемдік экономика проблемалары жəне əлемдік шаруашылық
процестердегі ұлттық экономикалардың қатысуы саласында;
− кəсіпорын қызметін ұйымдастыру мен басқаруда;
− əртүрлі ұйымдармен, оның ішінде мемлекеттік қызмет органдарымен
өндірістік байланыстарды жүзеге асыруда;
− білімнің үнемі жаңаруын қамтамасыз ету, кəсіптік дағдыны жəне
біліктілікті тереңдету тəсілдерінде құзыретті болуы қажет.
92. Ғылыми жəне педагогикалық магистратура бітірушілерінің негізгі
құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар:
1) мынадай:
− қоғамдық өмірдегі ғылым жəне білімнің рөлі туралы;
− ғылыми танымның дамуындағы қазіргі үрдістер туралы;
− жаратылыстану
(əлеуметтік,
гуманитарлық,
экономикалық)
ғылымдарының əдіснамалық жəне философиялық өзекті проблемалары
туралы;
− жоғары мектеп оқытушысының кəсіби құзыреттілігі туралы;
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |