69
консультациялар өткізіледі, МӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау
жүргізіледі.
59. ОМӨЖ бен МӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі
арақатынасын жоғары оқу орны өзі анықтайды.
60. Дəріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі магистранттың
оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында əр байланыс
сағаты 2 сағат МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
61. Студиялық жəне зертханалық сабақтар, магистранттың ғылыми-
зерттеу/эксперименталды-зерттеу
жұмыстары,
қорытынды
аттестаттау
сияқты оқу жұмысының түрлері үшін МОӨЖ сағаттарын жоспарлау
қажеттілігін жəне оның көлемін жоғары оқу орны өзі белгілейді (мысалы,
магистрлік диссертацияны орындау барысын бақылау үшін).
62. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен,
практикалардан,
демалыстардан,
магистранттың
ғылыми-
зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысынан жəне соңғы курста қорытынды
аттестаттаудан тұрады.
63. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады.
64. Əр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың ұзақтығы
кемінде 2 аптаны құрайды.
65. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пəндер бойынша
қорытынды бақылау жүргізіледі жəне ағымдағы үлгерім бағаларын
(ағымдағы жəне межелік бақылаулар бойынша бағалардың арифметикалық
ортасы) ескере отырып, пəндердің қорытынды бағалары шығарылады.
Пəн бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60
%-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
66. Оқу жылы ішіндегі демалыс ұзақтығы соңғы курсты қоспағанда,
курстарда 7 аптадан кем болмауы тиіс.
67. Магистранттардың кəсіби практикасы бекітілген академиялық
күнтізбе мен магистранттың жеке жұмыс жоспарына сəйкес осы стандартпен
жəне мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі.
68. Практикалардың ұзақтығы магистранттың практика кезіндегі 30
сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат)
нормативті жұмыс уақытын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта
санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті
практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына
көбейту керек жəне оны магистранттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына,
яғни 30 сағатқа бөлу керек.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика
үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50
минуттан), зерттеу практикасы үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1
кредитке сəйкес келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде
педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 аптаны,
зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды.
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
70
69. Магистранттарды қорытынды аттестаттау жəне МҒЗЖ, МЭЗЖ
аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең магистранттардың апта бойғы жұмысының
нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде МӨЖ-ді қоса
есептегенде күніне 9 сағат) сүйене отырып анықталады.
МҒЗЖ, МЭЗЖ бір кредитіне магистрант жұмысының 120 (15х8) сағаты,
яғни 2,2 апта сəйкес келеді.
Қорытынды аттестаттаудың бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта
сəйкес келеді. Оның ішінде 15 байланыс сағаты магистранттың оқытушымен
жұмысына, 90 сағаты МӨЖ-ге бөлінеді.
Кешенді емтиханға дайындалуға жəне тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта
бөлінеді.
Магистрлік диссертацияны ресімдеуге жəне қорғауға 3 кредит, яғни
тиісінше 6 апта беріледі. Магистрлік диссертацияны орындау процесінің өзі
алдын ала магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу)
жұмысы барысында жүргізіледі.
70. Магистранттардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе
академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттері өз ЖОО-да міндетті
түрде қайта есепке алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пəндерін оқып-
үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде
6 апта жазғы семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін.
71. Магистрлер даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының
негізгі өлшемі:
1) ғылыми жəне педагогикалық дайындық бойынша - 59-дан кем емес
кредитті, оның ішінде теориялық оқытудың 42-ден кем емес кредитін,
практиканың 6-дан кем емес кредитін, ғылыми-зерттеу жұмысының 7-ден
кем емес кредитін игеруі;
2) бейіндік дайындық бойынша - кемінде 28 кредитті (оқу мерзімі - 1
жыл) жəне кемінде 48 кредитті (оқу мерзімі - 1,5 жыл), оның ішінде
теориялық оқытудың тиісінше кемінде 18 жəне 36 кредитін, практиканың
тиісінше кемінде 2 жəне 4 кредитін, эксперименталды-зерттеу жұмысының
тиісінше кемінде 4 жəне 4 кредитін игеруі болып табылады.
Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп,
оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда магистрантқа оқу мерзіміне
қарамастан «магистр» академиялық дəрежесі беріледі.
72. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық
бейіндегі пəндер циклін меңгеріп, педагогикалық практикадан өткен
жағдайда ғана ғылыми жəне педагогикалық қызмет атқара алады. Осы
пəндер циклі жəне педагогикалық практика қосымша академиялық кезең
ішінде меңгеріледі, оны аяқтаған соң негізгі дипломға белгіленген үлгідегі
тиісті куəлік қоса беріледі.
73. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқудың толық
курсын меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу компонентін орындамаған
магистрантқа келесі оқу жылында ақылы негізде ғылыми-зерттеу
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
Государственные общеобязательные стандарты образования соответствующих уровней образования.
27/08/2015
Достарыңызбен бөлісу: |