Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет31/44
Дата04.12.2017
өлшемі1,48 Mb.
#2915
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44

                            ИС BestProfi©

 

 



 

61 


 

6.  Ғылыми  және  педагогикалық  магистратура  жоғары,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 

білім беру жҥйесі және ғылым саласы ҥшін ғылыми-педагогикалық даярлығы терең ғылыми 

және  педагогикалық  мамандарды  даярлау  бойынша  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 

берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырады.

 

7. Магистратурада білім алу тек кҥндізгі оқу нысанында жҥзеге асырылады.



 

8.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламасын  меңгерген  және  магистрлік 

диссертациясын  кӛпшілік  алдында  қорғаған  тҧлғаға  «магистр»  академиялық  дәрежесі 

беріледі.

 

9. Осы стандартты қолдану мынадай мақсаттарға жетуді кӛздейді:



 

1)  магистранттардың  даярлық  деңгейiне  және  жоғары  оқу  орындарының  бiлiм  беру 

қызметiне міндетті талаптар қою есебінен бiлiм сапасына кепiлділікті қамтамасыз ету;

 

2) білім беру қызметі субъектілерінің қҧқықтарын реттеу;



 

3)  магистранттардың  даярлығын  және  білім  беру  бағдарламаларының  сапасын 

бағалаудың объективтілігі мен ақпараттылығын арттыру;

 

4) магистранттардың академиялық оралымдылығы ҥшін жағдай жасау;



 

5) Қазақстанның бірыңғай білім беру кеңістігінің жҧмыс істеуін қамтамасыз ету;

 

6)  «магистр»  академиялық  дәрежесін  тағайындау  туралы  Қазақстан  Республикасы 



қҧжаттарының  халықаралық  білім  беру  кеңістігінде  және  халықаралық  еңбек  нарығында 

танылуын қамтамасыз ету.

 

10.  Магистратура  мамандықтарының  ҥлгілік  оқу  жоспарлары  осы  стандарттың 



ережелеріне  сәйкес  келуі  және  білім  беру  бағдарламаларының  қҧрылымына,  кӛлемі  мен 

мазмҧнына,  нормативті  оқу  мерзімдеріне  және  магистранттарды  даярлау  деңгейіне 

қойылатын талаптардың жиынтығын айқындауы тиіс.

 

11.  Жоғары  оқу  орнының  магистратура  мамандықтарының  тізбесі  Қазақстан 



Республикасының  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  мамандықтарының 

бекітілген жіктеуішіне сәйкес болуы тиіс.

 

 12. Магистратура мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орындары 



Ҧлттық біліктілік 

шегіне


кәсіптік  стандарттарға

  сәйкес,  Дублин  дескрипторларымен  және  Еуропалық 

біліктілік шегімен келісілген білім беру бағдарламаларын ӛз бетінше әзірлейді.

 

Білім беру бағдарламалары оқыту нәтижесіне бағдарлануы тиіс.



 

13.  Жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімнің  әрбір  деңгейінің  білім  беру 

бағдарламасын  аяқтағаннан  кейін  студенттердің  алған  білімінің  деңгейі  мен  кӛлемін, 

біліктілігі,  дағдысы  мен  қҧзыреттерін  сипаттайтын  Дублин  дескрипторлары  оқу 

нәтижелеріне,  қалыптасқан  қҧзыреттерге,  сондай-ақ  ЕСТS  кредит  (сынақ)  бірліктерінің 

жалпы санына негізделеді.

 

2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар

 

14.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламасының  қҧрылымы  білім  мазмҧнын 



анықтайтын  оқу  және  ғылыми  жҧмыстардың  тҥрлерінен  тҧрады  және  олардың  ара 

қатынасын, ӛлшемін және есебін кӛрсетеді.

 

15. Магистратураның білім беру бағдарламасында:



 

1) базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруді қамтитын теориялық оқыту;

 

2) магистранттардың практикалық даярлығы: практика, кәсіптік тағылымдама тҥрлері;



 

3)  ғылыми  және  педагогикалық  магистратура  ҥшін  магистрлік  диссертацияның 

орындалуын қамтитын ғылыми-зерттеу жҧмысы;

 

4)  бейіндік  магистратура  ҥшін  магистрлік  диссертацияның  орындалуын  қамтитын 



эксперименталды-зерттеу жҧмысы;

 

5) аралық және қорытынды аттестаттау қамтылады.



 


                            ИС BestProfi©

 

 



 

62 


 

16.  Білім  беру  бағдарламалары  мамандық  пен  пәндердің  оқу-әдістемелік  кешендерінің 

негізінде  жҥзеге  асырылады.  Мамандық  пен  пәндердің  оқу-әдістемелік  кешендерінің 

нысаны, қҧрылымы және әзірлеу тәртібін білім беру ҧйымы ӛзі анықтайды.

 

17. Барлық жҧмыс тҥрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу меңгерілген материалдың 



кӛлемі бойынша жҥзеге асады және оқудың нақты нәтижесіне жетуге қажетті магистранттар 

мен  оқытушылардың  еңбек  шығындарының  ӛлшем  бірлігі  болып  табылатын  кредиттермен 

ӛлшенеді.

 

Бҧл  ретте  алдыңғы  білім  деңгейлерінде  игерілген  кредиттерді  ескеретін  жинақтаушы 



кредиттік жҥйе қолданылады.

 

18. Магистранттың магистратураға тҥсер алдында магистратураның тиісті кәсіптік оқу 



бағдарламасын  меңгеруге  қажетті  барлық  пререквизиттері  болуы  тиіс.  Қажетті 

пререквизиттер тізбесін жоғары оқу орны ӛзі анықтайды.

 

Қажетті  пререквизиттер  болмаған  жағдайда  магистрантқа  оларды  ақылы  тҥрде 



меңгеруге  рҧқсат  етіледі.  Бҧл  жағдайда  магистратурада  білім  алу  магистрант 

пререквизиттерді толық меңгергеннен кейін басталады.

 

19. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ҧйымдастыру кезінде әр оқу 



пәнінің кӛлемі кредиттің бҥтін санын қҧрауы тиіс. Бҧл ретте пән, әдетте, кемінде 2 немесе 3 

кредит кӛлемімен бағаланады.

 

20.  Магистратураның  оқу  жоспарларының  барлық  нысандарында  оқу  пәндерін 



кодтаудың бірыңғай жҥйесі қолданылады.

 

21.  Әрбiр  оқу  пәнінің  қайталанбайтын  бір  атауы  болуы  тиіс.  Ол  бiр  академиялық 



кезеңде меңгеріліп, аяқталған соң магистрант емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды 

тапсырады,  ал  кәсіптік  практиканың  барлық  тҥрлері,  курстық  жҧмыстар  (жобалар), 

магистранттардың  ғылыми-зерттеу  (эксперименталдық-зерттеу)  жҧмыстары  бойынша 

дифференциалды сынақ тапсырады.

 

22.  Магистратураның  білім  беру  бағдарламалары  пәндерді  оқудың  модульді  жҥйесі 



негізінде жобаланады.

 

23.  Базалық  пәндер  циклі  (БП)  міндетті  компонент  пен  таңдау  компоненті  пәндерінен 



тҧрады.

 

24. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада БП циклінің кӛлемі ҥлгілік 



оқу  жоспарының  жалпы  кӛлемінің  48%-ын  қҧрайды,  оның  ішінде  40%  міндетті  компонент 

пәндеріне, ал 60% таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.

 

Бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің кӛлемі ҥлгілік оқу жоспарының жалпы 



кӛлемінің  44%-ын  (оқу  мерзімі  1  жыл)  және  28%-ын  (оқу  мерзімі  1,5  жыл)  қҧрайды,  оның 

ішінде  62%  және  50%  міндетті  компонент пәндеріне,  ал  38%  және  50%  таңдау  компоненті 

пәндеріне тиесілі.

 

25. Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратурада бейіндеуші пәндер циклінің 



кӛлемі  ҥлгілік  оқу  жоспарының  жалпы  кӛлемінің  52%-ын  қҧрайды,  оның  ішінде  9%-ы 

міндетті компонент пәндеріне және 91%-ы таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.

 

Бейіндік  бағыттағы  магистратурада  бейіндеуші  пәндер  циклінің  кӛлемі  ҥлгілік  оқу 



жоспарының  жалпы  кӛлемінің  56%-ын  (оқу  мерзімі  1  жыл)  және  72%-ын  (оқу  мерзімі  1,5 

жыл) қҧрайды, оның ішінде 10% және 12% міндетті компонент пәндеріне, ал 90% және 88% 

тиісінше таңдау компоненті пәндеріне тиесілі.

 

26.  Міндетті  компонент  пәндерінің  тізбесі  ҥлгілік  оқу  жоспарымен  анықталады. 



Міндетті компонент пәндерінің кӛлемін қысқартуға жол берілмейді.

 

27.  Таңдау  компоненті  пәндерінің  тізбесін  жоғары  оқу  орны  ӛзі  анықтайды.  Бҧл  ретте 



жҧмыс берушілердің талаптары мен еңбек нарығының сҧранысы ескеріледі.

 

 28.  Ғылыми  және  педагогикалық  бағыттағы  магистратураның  білім  беру 



бағдарламасының мазмҧны 

1-кестеге

 сәйкес белгіленеді.

 



жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау