Білім беру технологиялары кафедрасының академиялық доцент



жүктеу 3,26 Mb.
бет1/2
Дата25.05.2018
өлшемі3,26 Mb.
#17790
  1   2

Автор: МукутоваЖ.К.

білім беру технологиялары кафедрасының академиялық доцент

 

 

 



 

 

 



 

 

Құрастырушы : Бимендина А.Б.



Педагогика және психология

мамандығының 1 курс магистранты

                                                         Кіріспе

 

Әдістемелік нұскау жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттері үшін «Отбасынтану» элективтік курсын меңгеруге арналған.      Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – отбасы, отбасылық тәрбие  тұлға болып қалыптасуындағы ең маңызды  тәрбиелік институт болғандықтан бұл құрал



болашақ педагог-психологтарды тек теориялық білімдермен ғана емес, практикалық қабілеттермен қаруландыруды  көздейді.

 Болашақ педагог-психологтар  теориялық білімдерін отбасының  құқықтық, психологиялық-педагогикалық негіздерінен жетілдіріп,  отбасының даму тарихы , отбасының типтері мен функциялары, тәрбиелеу әдістері, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру мәселелері бойынша,  т.б.  білімдерді  қамтиды.

       Практикалық қабілеттерін жетілдіре отырып, отбасымен тиімді өзара әрекеттесудің әдістерімен танысып, отбасы тәрбиесінің негізгі бағыттары, қазіргі отбасы құрылымы, отбасындағы өзара қарым-қатынас жасау түрлерімен, отбасында жағымды қарым-қатынас орнату жолдарын  меңгереді.

   «Отбасынтану» курсы бойынша әдістемелік нұсқауды студенттердің қолдануы оларға білімдерін толықтыруға, практикалық қабілеттер мен дағдыларды игеруге, отбасының түрлі мәселелері бойынша кеңес беру, ата-ана жиналысын өткізу, жұмыс әдісі мен тиімді формаларын таңдау, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын орнату, жеке тұлға ретінде  өзін-өзі тәрбиелеу, білімін жетілдірумен айналысуға жағдай тудырады.

Бұл пән бойынша алған білімдер студентің тек жалпы құзырлылығын жоғарылатып қана қоймай,  барлық жақсы қабілеттері мен сапаларын толық ашуға, шығармашылық потенциялы мен ұмтылыстарын жүзеге асыруға, өзінің отбасылық қарым-қатынасын жақсартуға, берік бақытты отбасын құруға  мүмкіндік береді.

Оқу құралы глоссарийден, әдебиеттер тізімінен, оқылатын тақырыптар тізімі мен практикалық тапсырмалар жоспарынан, ОБСӨЖ,  СӨЖ –ден құралады. Әрбір тақырып әдістемелік нұсқаулармен ұштасады, әрбір  тақырыптар  әдебиеттер тізімімен аяқталады.

Оқу құралының соңында әрбір тақырып бойынша тесттік тапсырмалар , кестелер берілген.

 

 



 1  Тақырып : Отбасынтану пәні және оның міндеттері.               

2 Тақырып:  Отбасы тарихы

 

3  Тақырып:  Отбасының функциялары.



4 Тақырып:  Отбасының типтері

5 Тақырып:  Отбасының әлеуметтік, құқықтық негіздері.

6 Тақырып:  Отбасының тәрбие әдістері, тәрбие принциптері.

7 Тақырып:  Отбасы тәрбиесінің мазмұны.

8 Тақырып:  Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі.

9 Тақырып: Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар.

10 Тақырып: Ата -аналар беделі.

11 Тақырып: Отбасындағы қарым-қатынас түрлері.

12 Тақырып: Отбасындағы дау-дамайлар, олардың бала тәрбиесіне тигізетін теріс әсері.

13 Тақырып: Ажырасудың бала психикасына тигізетін кері әсері.

14 Тақырып: Отбасын зерттеу әдістері.

15 Тақырып: Ата – аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру жолдары.

16 Тақырып: Психологтың отбасымен жұмыс жүргізу моделдері.

17 Тақырып: Болашақ отбасылық өміргі даярлау мәселелері.

18 Тақырып: Жұбай таңдауда жастарға ерлі-зайыптылықтың үйлесімділк заңдылықтарын білу қажеттілігі

 

19 Тақырып: Махаббат отбасының моральдық негізі


 № 1  Тақырып : Отбасынтану пәні және оның міндеттері.               

1.Отбасынтану пәнінің зертеу пәні, объектісі.Отбасының адам өміріндегі алатын орны.

2.Негізгі ұғымдарына сипаттама, пәнді оқыту міндеттері.

3.Отбасын зерттеген ғалымдар.

        Отбасында адам өмірге келеді, тәй - тәйлап басады, бірінші қуанышы

мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан  үлкен өмірге аттанады.

Олай болса  отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады?

Әр адамға не береді?Осы сұрақтарды  жан - жақты қарастырып, шешуге

көптеген ойшылдар, ғалымдар ат салысқан.  

 «Неке» және «отбасы» ұғымдары арасында тығыз байланыс бар.

Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «неке», «отбасы» сөздері синоним ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні де, өздеріне ғана тән жеке мәндері де бар. Ғалымдардың дәлелдеуінше, неке мен отбасы әр түрлі тарихи кезеңде пайда болған.

 Социологтардың беретін анықтамасы бойынша, неке дегеніміз- әйел мен еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым-қатынастардың әлеуметтік нысаны. Осы нысана  арқылы олардың жыныстық өмірі тәртіпке келтіріледі және оған рұқсат беріліп, олардың ерлі-зайыптылық  құқықтары мен міндеттері белгіленеді.

Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе.       Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

       Отбасы туралы түрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Ең алдымен «отбасы» деген ұғымға тоқталсақ: отбасы-бұл мемлекеттің ең негізгі іргетасы, негізі. Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік, бақытты, мерейі үстем болуымен тікелей байланысты. Отбасының беріктігі қоғамның жағдайымен, даму қарқындылығымен тығыз байланысты.

     "Отбасы" - өзін - өзі сақтап жалғастыру және әрбір мүшенің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік - педагогикалық адамдар тобы »-Л.Д.Столяренко.

    «Отбасы өзін-өзі сақтап, жалғастыру және әрбір мүшесінің өзін-өзі таныту мақсатында біріккен әлеуметтік адамдар тобы, бір-бірімен некелік, туыстық байланыс арқылы бірігіп және бір-бірінің алдында моральдық, материалдық, тұрмыстық жауапкершілігі бар» -Т.А.Куликова.

      Ғалымдар тұжырымдамалары бойынша жанұя- адамдардың, яғни некелік жүзінде  қосылған еркек пен әйелдің,  олардың туған  немесе тумаған балаларының, кей кездерде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының

2б.  қарым - қатынастық, бірлестік формасы.

Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік  орта.

Отбасында  төмендегідей негізгі міндеттер шешіледі :

-отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар беріледі;

-қоғамның азамат мүшесі отбасында тәрбие алады;

 - салт-дәстүрлер  жалғастығы іске асады;

 -отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері азаматты, патриотты тәрбиелеу,  қалыптастыру,

-болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам  мүшесі  жетіледі;

   -өзіндік сана-сезім, пікір, «Мен» позициясы қалыптасады;

   - өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге тәрбиеленеді;  

   -отбасының кәсіп таңдауға да тигізетін ықпалы орасан.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.

       «Отбасы тәрбиесі -нақты отбасының жағдайларына байланысты өтеді. Ол отбасында ата- аналардың және басқа да мүшелерінің балаға тәрбиелік ықпал ету жолдары».

      «Неке - тарихи жағдайдайларға байланысты  еркек пен әйел арасында   жыныстық қатынастарды реттеуге бағытталған, отбасын құру мақсатында біріккен еркек пен әйелдің  еркін одағы».

      Әлеуметтендіру  жеке адамның  қоғамда қалыптасқан  нормаларды, ережелерді игеруі арқылы, қоғамдық өмірге  белсенді  араласуы.

Отбасынтану пәнінің зерттеу объектісі- отбасының тәрбие институты ретіндегі даму барысындағы  негізгі тенденциялары.



Зерттеу пәні-  отбасының мәні, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету әдістері, формалары т.б.

Отбасының қазіргі кездегі проблемалары: әлеуметтік жағдайлар, жұмыссыздық, ажырасудың көбеюі, ішімдікке салыну, нашақорлық, тастанды балалардың көбеюі, толық емес отбасылардың санының артуы, жезөкшелік, түрлі ауруларға шалдығу, қаңғырып кету, халықтың жақсы тәрбиесінде дәстүрдің азаюы - бұлардың барлығы тек отбасының ғана емес, қоғамның, мемлекетіміздің толғандыратын мәселелері.

Отбасынтану пәнінің міндеттеріне төмендегілер жатады :

    -  Отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін қарастыру,

    -  Отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерттеу,

    -  Ғылыми жетістіктерді тәжірибеге еңгізу,

     -Студенттердің, ата-аналардың педагогикалық-психологиялық мәдениетін жетілдіру жолдарын карастыру,

       -Отбасына, балаларға педагогикалық-психологиялық көмек көрсету.

   Сонымен, отбасы не үшін қажет:                                                  2б



3б.-Біреуге арқа сүйеу  үшін;

-Ақылдаса алатындай біреу болу үшін;

-Пікірін құрмет тұта алатын біреу болу үшін;

-Қиын жағдайда қалдырмайтындай біреу болу үшін;

-Шынайы түрде жақсы сезімде болатын біреу болу үшін;

-Сондай-да құндылықтарды бағалай білетін біреу болу үшін;

-Қызғанбайтын біреу болу үшін,

-Табысқа бірге қуана алатын біреу болу үшін;

-Сенімділік таныта алатындай біреу болу үшін;

-Қиын уақытта қайғысына ортақтаса алатын және қорғай білетін біреу болу үшін;

-Заттар мен оқиғаларға ұқсас пікірмен қарай алатындай біреу болу үшін;

        -Әлсіз жақтарын теңдейтіндей біреу болу үшін.

Отбасы  мәселелері әлі толық зерттелмеген, себебі жабық институттар қатарына кіреді.

Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.

      Ертеде отбасы  туралы еңбек жазғандар Платон, Аристотель, шығыс зиялыларының ішінде Қоркыт ата, Ж,Баласағұни т.б.атауға болады. 18-19 ғасырда Ресейде А.Н.Радищев, Н.И.Новиков, кейін К.Д. Ушинский, П.Ф.Лесгафт, П.Ф. Каптерев, В.Н.Сорока- Росинский т.б. Соңғы  жылғы ғалымдарға С. Зверева,Т. А. Куликова т.б. жатқызуға болады.

        Солардың ішінде Ю.П.Азаров пен В.Сатир жағдайсыз  отбасыларға ерекше көңіл бөліп зерттеген. Шетел ғалымдары ішінде жағдайсыз отбасыларды терең зерттегендер: Хоментаускас, В.В Юстицкий, Р. Спиваковская т.б.   

     Қазақстанда отбасы  мәселелерін зерттегендер: Х.Арғынбаев, Ж.Б.Қоянбаев, К.Бейсенбаева, М.Тажин, Б.Аяғанова, М.Т.Баймұқанова секілді ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

      Жалпы алғанда, отбасын зерттеу бірнеше бағытта жүргізілді:

-отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу Дж.Ф.Мак-Ленанд, Л.Морган, Г.И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И.Семенов М.Мид және басқалары;

-отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және басқалары;

               -отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы психологиясының    мәселелеріС.В.Ковалев,Л.В.Ковалева,А.И.Кочетов,В.Сатир,А.Я.Варга,И.В.Гребенников, Ю.И.Семенов, С.Д.Лаптенюк,  А.М.Нечаева т.б.;

-отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жасау Ю.П.Азаров, П.Ф.Лестгафт, А.С.Макаренко,В.А.Сухомлинский және басқалары;

                   

 
 

               №2 Тақырып:Отбасы тарихы

         1.Алғашқы  қауымдық құрылыстағы қатынас түрі.

         2.Жұп отбасының өмірге келуі.

         3.Отбасының дамуы қоғам дамуымен тығыз байланыста болуы.

         4.Қазіргі кездегі  отбасындағы проблемалар.

                         Кез-келген халықтың жаңа буын жас өркені – шаңырақ көтеріп, отбасын құрудан басталатындығы табиғи шындық. Халқымыз осынау бір аса жауапты кезеңді тіршіліктің ішкі мәнімен тереңдете түсіп: «адам ұрпағымен мың жасайды», - деп тұжырымдаған екен. Сөз жоқ, бұл тұжырымда өміршең ұрпақ жайында айтылып отырғандығы күмән тудырмаса  керек.

     Отбасы- әлеуметтік институттардың ішінде ең ежелгісі. Отбасының  табиғаты мен мәнін анықтауға ғалымдар түрлі тұрғыдан қарастырды.

     Отбасы – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Ежелгі грек философы Платонның  «Мұрат тұтатын мемлекет» деген  жобаларында  қоғамды нығайту мақсатында әйелдердің, балалар мен мүліктердің бәріне ортақ болун ұсынды. Оның пікірінше отбасы дегеніміз -  өзгермейтін бастапқы қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болады  деген пікір айтқан.

      Ал Аристотель болса «Жанұя –адамдардың қарым – қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі», - деп санады.

    Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо: «Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам – бұл отбасы. Сонымен, отбасы – бұл, керек болса, саяси қоғамдардың бейнесі, үкімет - әке тәрізді, халық – балалары іспеттес», - деп жазды. Антика, орта ғасыр философтары  отбасылық қарым – қатынастан қоғамдық қарым – қатынас шығады деп түсіндірді, отбасының ерекше әлеуметтік институт ретінде сипаттамасына емес, мемлекетке деген  көзқарастары басым болды.

        Қоғамдық экономикалық формациясының қайсысы  болмасын әр қилы  отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған.

      Қазіргі XXI ғасырдағы қазақ отбасының негізгі міндеті – қоғамдық, топтық және жеке қажеттілікті қанағаттандыру. Бұл ғасырда тәуелсіз болып атаған Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік ұясы болғандықтан, отбасы бірнеше маңызды талаптарды орындауды мойнына алады. Сондай-ақ, отбасының әрбір мүшелерінің ортақ мүддесін басты міндет етеді.

         Патриархалды отбасы алғашында ежелгі гректер отбасында, соңынан римдік отбасы түрінде қалыптасты. Римше отбасы – familia, «семья рабов –  құлдар отбасы» деген мағынаға ие. Сондықтан болар, гендерлік саясатты насихаттаушылар арасында отбасын басқарушы әкеден басқасы (әйел 5б.

 6б. жағдайы) құл ретінде саналды деген түсінік болған. Алайда оны басқашада түсінуге болады. Адам баласы өздерін жаратушының құлымыз деп түсінгендіктен де осындай атауды лайық көруі мүмкін. Сондықтан да бұл атау отбасының патриархалды немесе матриархалды екендігіне қатысты емес деген пікір қосуға болады.

   Отбасының  туындауы мен дамуы туралы ғылыми тұрғыда   диалектикалық материалистік көзқарасты  негіздеп берген Ф.Энгельс.

      Неке мен отбасына деген тарихи көзқарасты  бекітудің  басында «Ана құқығы» деген еңбектің авторы , швейцар ғалымы  И. Баховен тұр.

   Америка этнографы  Л. Морган « Көне қоғам»   атты еңбегінде алғашқы қауымдық құрлыста отбасы түрілерінің даму жолын бүкіл әлемге материалдық тұрғыда түсіндіріп, топты некеге  негізделгенін мәлімдейді..     Ондағы некелер тобы рулар ішіндегі бірімен  бірі жыныстық қатынаста бола берген. Ұрпақ  бір-біріне аға-қарындас бола тұра некелес болған. «Алғашкы заманда,-  дейді  К.Маркс,-қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі әдептілікке жататын болған... . К.Маркс: «Отбасы қоғамның дамуына байланысты дамуы керек және қоғамның  өзгеруіне қарай  өзгеруі керек», -деп атап өтті.

     Ретсіз жыныстық қатынас - экзогамия деп аталған,кейін оған тыйым салынған ( табу) .

       Қауымдық қоғамдағы өндіруші күштердің дамып, еңбек бөлініп шығуына байланысты қауымдық жеке меншік орнына жеке меншіктің пайда болуы  моногамиялық отбасының пайда  болуына себеп болды. Моногамиялық отбасы  варварлық дәуірдің соңғы кезеңінде басталды да,  оның жұпты  некеге айналып, цивилизация дәуірінің басында еркектер үстемдігінің орнауымен байланысты болды. Некелесу не ажырасу тек еркектер үлесіне тиді. Ф.Энгельстің айтуы бойынша, топты неке жабайылық дәуірге тән болса,жұпты отбасы  варварлық,ал моногамиялық отбасы цивилизация дәуіріне тән болған. Х1Х ғасырдың ортасына дейн адамдардың санасында неке мен отбасына деген діни пікір басым болды.

    Х1Х мен ХХ   ғасырдың аралығында негізінен дара шағын отбасы үстем болған. Дара шағын отбасында үлкен патриархал отбасылардың сипаттары сақталып келген.

   Үлкен патриархал отбасы Орта Азия мен Қазақстанда қашан пайда болған  туралы А.Ю.Якубовский, А.Н.Бернштан, Н.А. Кисляковскидің еңбектерінен көруге болады. Ол туралы этнограф С.М. Абрамзон еңбек жазды. Ү.П. О. қалдығы ХХ ғасырдың   аяғына  дейн созылды.

    Отбасы жеке тұлғаның әлеуметтік бағдар алуында басты рөл атқаратынын Ю.В. Сычев «Микросреда  и личность» деген еңбегінде атап өткен.

     Жеке тұлғаның әлеуметтену  барысында отбасындағы әдеттердің, дәстүрлердің, ғұрыптардың мәнін зерттегендер қазақстандық  философтар  Қ.Нұрланова,Ж.К.Қаракөзова ,Р.М. Мұстафина, .М.Ш.Хасанова т.б. 

    Шығыстағы халықтардың  тарихында моногамдық  отбасымен қатар  көп 7б. әйел алу салты болған ол полигиния деп аталған, көп  рет некелесу -полигамия,ал  үнді-тибеттік халықтарында  әйелдің көп күйеуге шығуы –

7б. полиандрия деп аталған. Қазақтарда жеңге алу және балдыз алу салттары болған ,олар левират және сорорат деп аталған.    

      Қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасағандар Н.А.Аитов, У.Ауталипова, У. Бекжанов, К.Г.Габдуллина, З.Ж. Жаназарова және т.б.

    Қазіргі кезде шағын кішігірім нуклеарлық отбасылар кең тараған. Өкінішке қарай, толық емес отбасылардың саны да көбейіп келеді. Негізінде тең  құқықты эгалитарлы отбасыларының болуымен сипатталады.

     Қоғамдағы  проблемалар  экономиканың тұрақсыздығы, денсаулық сақтау, білім берудегі дағдарыстар көптеген отбасының  тұрмыс деңгейінің  төмендеуіне  әсерін  тигізіп отыр. Тұтыну тауарларының бағасы  күрт өскендіктен,  отбасылардың көп бөлігі  нашар тұрмыс кешуде.         Психологиялық  ахуалы нашар, тұлғааралық  қарым - қатынасқа түспейтін, балаларын  ұрып - соғатын  отбасылардың саны өсуде. Тұрғындардың  көбі  кедейліктің күйін кешуде, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларының әлсіреуі  баланың  қоғамдағы орнын анықтауға, жұмыссыздық  деңгейінің артуы - әлеуметтік-экономикалық  потенциалының төмендеуіне  әсер етеді. Көптеген  отбасыларға балаларды  тәрбиелеп, жетілдіру үшін  уақыт пен қаражат  жетіспейді.

    Шындығында, бұл күнде өркениеттен жаһандануға бет бұрған тұста кез – келген қазақ отбасының әлеуметтік – мәртебелік қызметі белсенділік танытуда. Себебі, нарықтық экономика талабына сай отбасы өзінің әрбір мүшесінің қоғамда әлеуметтік жағдайының төмен болмауын қатты қадағалайды. Кейде отбасының барлық мүмкіндігін шектей отырып, осыған күш салады. Отбасында бала санының көбеюінен гөрі олардың сапасына көңіл көбірек бөлінеді. Оларға білім беру мен тәрбиелеуде, әлуметтендіруде өмірдегі мәртебелік бейнесінің жоғары болуына басымдылық береді. Мықты маман болуы, әлуметтік жағдайының жақсы болуы, қоғамның белсенді мүшесі болуы - әлеуметтік – мәртебелік қызметтің басты мақсаты.

            
3  Тақырып:  Отбасының функциялары.

1.     Отбасы функцияларының зерттелу жәйі.

2.     Отбасының спецификалық және спецификалық емес функциялары,оларға сипаттама.        

         3.   Қазіргі кездегі отбасы функциялары.

            

       Отбасы мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен тығыз байланысты отбасының өмір сүру салты «отбасы функциясы » -деп аталады.

     Отбасының бірнеше функиялары болады. Зерттеушілер А. Г. Харчев, И.В.Гребенников, А.И.Кочетов келесі функцияларды бөліп   көрсетеді: репродуктивті,  экономикалық, тәрбиелік, демалыс пен сауықты  ұйымдастыру.Уақыт өткен сайын  отбасы функцияларында да өзгерістер пайда  болып отырады. Жоғарыда айтып кеткендей отбасының функциялары қажеттіліктермен тығыз  байланыста болатынын сөз етіп кеттік.

      Қажеттіліктер – бұл субьект пен оның қалыпты өмір сүруі мүмкін емес жағдайлар арасындағы обьективті байланыс.

  Американ психологі А.Маслоудың , болгар социологі С. Михайлов  адам қажеттіліктерінің әлеуметтік мәніне байланысты бірнеше түрлерін көрсеткен.

  Ал, орыс ғалымы И.В.Гребенников отбасының қызмет түрін: өмірге адам әкелушілік, экономикалық, тәрбиелік, қарым – қатынастық және демалыс пен бос уақытты ұйымдастырушылық деп толықтыра, аясын кеңейте түсті. Отбасын әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарастырған орыс ғалымдары  Ю.В.Василькова мен Т.А.Василькова.

    Н.Я.Соловьеваның айтуы бойынша "отбасылық қажеттіліктердің саны қанша болса, отбасының функцияларының саны да сонша". Г.Навайтис отбасы қажеттіліктерінің келесі топтарын бөліп көрсеткен:

- отбасының тіршілік әрекетіне қажетті материалдық шарттарды құру және сақтау;

- анаға байланысты құрметтеу, сыйлау, жақсы көру қажеттіліктері;

- психологиялық және физиологиялық жақындықты қажетсіну;

- отбасылық  қарым - қатынасты қажетсіну.

      А.Г. Харчева функциялардың ішінде репродуктивті функцияны ерекше бөліп көрсеткен.

 Сонымен қатар одан да басқа әлеуметтік функцияларды атап көрсетейік:    8б.

9б.- тәрбиелік;

- регенеративтік - статус пен билік - мүліктің берілуі;

- шаруашылық - тұрмыстық - балаларға, отбасының қарт адамдарына күтім.

- экономикалық - экономикалық қолдау.

- рухани қарым - қатынас;

- эмоционалдық - психологиялық қорғауды алу;

    Белгілі ресейлік ғалым Г.М.Коджаспирова отбасы қызметінің психологиялық жағын кеңірек  қарап, қызмет санын 9-ға жеткізген: репродуктивті, шаруашылық – экономикалық, тәрбиелік, әлеуметтендірушілік, психотерапевтикалық, қалыпқа түсірушілік, реттеушілік, қарым – қатынастық және әр отбасы мүшесінің бақытты болуына жағдай жасаушылық (фелицитологиялық).   Отбасы жеке адамның,топтың, қоғамның талаптарын қанағаттандырумен маңызды.

       Адам баласының қалауынша отбасын құрып ұрпақ таратуы, бірлесіп қалыптасқан өмір салтымен ғұмыр кешуі, ғасырдан – ғасырға мирас болған – этномәдениет негізі. Адамзатқа этномәдени құндылық болып саналған отбасылық өмірдің қазақ  ұлты үшін де мақсат – мүддесі ерекше.

Отбасын құрудың әлеуметтік негіздері бар, яғни, әлеуметтік қажеттіліктер тұрмыс құрып – үйленуге, отбасын құруға итермелейді. Бұл қажеттіліктер:

1        ұрпақ тарату үшін;

2        ата – анаңды бағу үшін;

3        махаббат пен сүйіспеншілік;

4        бөлек өмір сүру үшін;

5        мұрагерлікке ие болу үшін;

6         мүдде көздеп немесе арнайы есеппен;

7        Басқалардың ықпалымен;

8        өзара түсінісу, ұнату;

9        құмарлық, нәпсі жетегінде;

10   кездейсоқтық;

11   тәуелділік.

     Отбасындағы қажеттіліктерге байланысты отбасының қызметтері жүзеге асырылады.

         Отбасы мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен    тығыз байланысты  отбасының өмір сүру салтын "Отбасы функциясы"  ұжымымен байланыстырады. Отбасы қанша қажеттіліктерді  тұрақты қанағаттандырса, сонша функциясы болады. Дәстүрлі түрде зерттеушілер келесі функцияларды  бөліп көрсетеді; репродуктивті, экономикалық, тәрбиелік, демалыс пен сауықты ұйымдастыру. Мұндай жіктеуді А.Г.Хорчев, И.В.Гребенников, А.И.Кочетовтар  жақтайды.

    Л.М.Панкова  отбасының  қызметтерін: бала туу, тәрбиелік,  шаруашылық -  экономикалық, тіл табысушылық деп төртке бөліп көрсетті.

     Ал орыс ғалымы И.В.Гребенников отбасының қызмет  түрін:  өмірге  адам әкелушілік,  экономикалық,  тәрбиелік,  қарым - қатынастық және демалыс  пен бос уақытты ұйымдастырушылық деп толықтыра, аясын  кеңейте түсті.

       Отбасы жеке адамның, топтың, қоғамның талаптарын 10б.қанағаттандыруымен маңызды. Қоғамның  іргетасы  болғандығынан  да оның  қоғам мүшелерімен  үздіксіз  толықтырып отыратын, адамзат ұрпағын  өмірге әкелетін  өнімпаздық қызметін  басқа ешқандай  орталық бөліп атқара алмайды. Сондықтан отбасы - өзінің  атқаратын  ауқымды  қызметі  бар әлеуметтік  институт. Қазақ  отбасы қазақ халқының, Қазақстан Республикасының  маңызды  талаптарын орындауға, оның ішінде халықтың  санын өсіруге  тиісті қоғамның әлеуметтік ошағы бола тұра, жалпы отбасылық  мүдде  мен  жеке мүшелерінің де талабын орындайды.

          Қазіргідей білім  мен ғылым, техника қарыштап дамыған заманда қазақ отбасның жан - жақты қызметі:

-  өмірге ұрпақ әкелу;

- тәрбиелеу және әлеуметтендіру;

- қарым - қатынастық  және  психологиялық реттеушілік;

-  экономикалық және шаруашылық;

- әлеуметтік - мәртебелік;

- бос уақытты ұйымдастырушылық.

Отбасының  бұл қызметтері бірі -бірімен тығыз байланысты, бірін - бірі толықтырады, өзара жете түсініседі.

         Бала туу, өмірге адам әкелу - отбасының негізгі қызметі. Оны ешқандай мемлекеттік мекеме немесе басқа әлеуметтік  институттар атқара  алмайды. Адамның биологиялық мүмкіндігін  іске асыру  ерлі  -зайыптыларға  телінген  басты міндет болмақ. Ол неке  арқылы бекіп,  отбасы  жағдайында  жүзеге асқанда ғана  қалыпты  жағдай болып саналмақ. Бұл үлкен  жауапкершілікті , рухани  қарым - қатынасты  қажет етеді.  Ерлі - зайыптылардың  махаббатының  жеміс беруі, өсіп - өркендеуі, өмірде ата - ананың  орнын басатын  ұрпақпен жалғасуы және олардың саны - әке мен шешесінің қалауымен  болатын іс. Бұл бір жағынан, саяси демографиялық мәселе  болғандықтан  да ұлтжандылық пен адамгершілікті талап етеді.

           Шындығында, бұл күнде өркениеттен  жаһандануға  бет бұрған  тұста  кез келген  қазақ отбасының  әлеуметтік  - мәртебелік қызметі белсенділік танытуда. Себебі, нарықтық экономика талабына сай отбасы өзінің  әрбір мүшесінің  қоғамда әлеуметтік  жағдайының  төмен болмауын  қатты қадағалайды. Кейде отбасының барлық мүмкіндігін  шектей отырып,  осыған күш салады.  Отбасында  бала санының  көбеюінен  гөрі олардың сапасына  көңіл көбірек  бөлінеді. Оларға білім  беру мен тәрбиелеуде, әлеуметендіруде өмірдегі  мәртебелік  бейнесінің жоғары  болуына  басымдылық береді. Мықты маман болуы, әлеуметтік жағдайының жақсы  болуы,  қоғамның белсенді  мүшесі  болуы - әлеуметтік- мәртебелік қызметтің  басты мақсаты.

        Шынайы махаббат пен адамгершілікке  негізделген  жақсы отау құруды кім армандамайды? Өйткені, адамның  біреуді  сүюге, некеге  отыруға  қабілеті  жеткеннен кейінгі  барлық өмірінің  бақыты, өсіп - өркендеуі осы мақсаттың  қалай шешілуіне   байланысты  екені рас. Бұл арнайы  сөз етуге  тұрарлық мәселе, оған баласының  бақытын  ойлаған  жандардың  көпшілігі  -  толғануы тиіс. Шынында да махаббатты оның негізінде  құрылған  отбасын қастерлеп  сақтай білу үшін ерлі - зайыптылардың  бір - біріне беріктегі, 11б.құрметі,  сыйласымдылығы, моральдық жауапкершілігі аса қажет. Айталық, үйленген соң ер адам үйдің  барлық тауқыметін әйелдің   үлесіне тастап, өзі дайын тамақ ішіп, таза үйде  тұрып,  жуылған, үтіктілген киім киіп, жұбайының  көңіл - күйіне, рухани өсуіне,  қоғамдық пайдалы еңбекке араласуына, ерлі - зайыптылардың  жарына деген қамқорлығы мен ілтипатына көңіл бөлмесе, олардың ортақ мүдделері  жойылып, достығы мен махаббаты бәсеңдейді.

       Функцияларды өзара спецификалық және спецификалық емес деп 

бөлуге болады.

Спецификалық функцияларға репродуктивті функциясы(бала туу),  экзистенциалды функцияны (баланы күту және тәрбиелеу)жатқызамыз.

 Бұл функциялар  қоғамның өзгеруіне тәуелді емес.

  Спецификалық емес функциялар бұл-статустың, шаруашылықтың берілуі, денсаулыққа күтім, отбасы мүшелерінің жағдайы т.б.

    Отбасының репродуктивті функциясы. Бұл функцияның екі міндеті болады: қоғамдық - халықтың биологиялық қайта жаңғыруы, жеке - балаларға деген  қажеттілікті  қанағаттандыру. Э.Дюрнгеймнің пікірінше, жыныстардың қарама - қарсылығы неке одағының  негізі ғана емес, отбасындағы  ізгілікті жақындықтың  негізгі себебі. Ол отбасы - неке қарым - қатынастарының  тұрақтылығына әсер етуші  күші жағынан  қандас туыстық тәрізді  фактордан да басымырақ. Бұдан отбасының келесідей  маңызды функциясы шығады.

     Бұл - жеке  тұлғаны әлеуметтендіру, жаңа  ұрпаққа  мәдени мұраны беру, адамның балаға, оны тәрбиелеуге  және әлеуметтендіруге қажетті адамның  өміріне мән береді. Жеке тұлғаны  әлеуметтендірудің  басты нысаны  ретінде  отбасының басымдығы табиғи  - биологиялық себептерге байланысты екені анық. Басқа топтарға қарағанда  өзінің ерекше ізгілікті - эмоционалды психологиялық махаббат, қамқорлық, құрметтеу, мейірімділік атмосферасының арқасында отбасының жеке тұлғаны әлеуметтендіруде  үлкен басымдығы бар.

      Баланың өміріндегі алғашқы бес жылдың маңызы зор, себебі осы кезеңде  баланың дамуында әсерлі өрлеу болады, жеке тұлғаның келесідей негіздері қалыптаса бастайды - ес, зейін, сөз, ойлау, сөйлеу, эмоциялар, т.б.

      Отбасының келесі маңызды функциясы   экзистенциалды функция  - өз мүшелерін әлеуметтік  және эмоционалды қорғау функциясы. Кез - келген құбылыстың мәні қатерлі жағдайда айқындалатыны  белгілі. Қауіп төнген  сәтте  адамдардың көпшілігі  өз отбасымен  болуға тырысады. Өмірі мен денсаулығына   қауіп төнгенде, адам ең жақын туыс адамын көмекке шақырады.  Отбасында адам өз өмірінің  құндылығын сезінеді, риясыз берілуді, жақын адамдардың өмірі үшін  құрбандыққа  баруға әзірлігін көреді.

      Отбасының келесі маңызды функциясы экономикалық және шаруашылық - тұрмыстық функция. Қоғамдық тұрғыдан алғанда бұл функцияның  мәні қоғамның кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне қолдау жасауда, отбасының бір мүшелерінің басқа мүшелерінен материалдық қаражат пен шаруашылық - тұрмыстық  қызмет түрлерін алуда.

12б.Әлеуметтік мәртебелік функция қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта жаңғыртумен  байланысты, себебі отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе береді. Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады.

      Рекриативті, күшті қалпына  келтіру функциясы  адамның еңбек күнінен кейін дене күшін, психологиялық,  эмоционалдық және рухани күштерін қалпына келтіріп,  нығайтуға бағытталған. Бұл толық зерттелмеген, алайда ғалымдар  отбасының жұбайлар денсаулығына  жақсы әсер ететінін  көрсететін нақты дәлелдер  тапты. Жұбайлық- ерлі - зайыптылардың денсаулығына жайлы әсер етеді. Жұбайларынан  айрылғанда еркектер әйелдерге қарағанда қаттырақ күйзеледі.

      Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру функциясы тиімді сауықты ұйымдастыруды және осы салада  бақылау жасауды жүзеге асырады,  сондай - ақ бұл функция индивидтің бос уақытын өткізу жөніндегі белгілі бір қажеттерін  қанағаттандырады.

      Бақытсыз ерлі - зайыптылар жұбының бесеуінің біреуі ғана бос уақытын бірге өткізеді. Бұл көрсеткіш бақытты  жұптар арасында  2-5 есе артық. Бос уақыт - аса маңызды әлеуметтік  құндылықтардың бірі, адамның дене   күш қайраты мен рухани күшін қалпына келтірудің, жеке тұлғаның жан - жақты дамуының теңдесіз құралы.

      Отбасының тәрбиелік функциясының 3 аспектісі бар:

Біріншісі - баланың жеке тұлғасының қалыптасуы, оның қабілеттері мен мүдделерін дамыту, денсаулығын нығайту.

Екінші аспект - отбасы ұжымының өзінің әр мүшесіне  өмір бойына жүйелік  тәрбиелік әсері.

Үшінші аспект - ата - ананы балаларына  үнемі әсер ете отырып, өзін - өзі тәрбиелеуге итермелеуі.

      Психологтар отбасының коммуникативті функциясына көбірек мән берген және қазір де беріп отыр. Бұл функцияның келесі компоненттерін атауға болады: отбасының өз мүшелерінің бұқаралық ақпарат  құралдарымен (теледидар, радио, баспасөз) әдебиетпен, өнермен байланыс жасауға делдалдық жасауы, отбасының өз мүшелерінің қоршаған табиғи ортамен түрлі байланыстарына және  оны қабылдау сипатына әсер етуі. Отбасының осы негізгі  функцияларын талдай келе, олардың ешқайсысын  жеке алғанда толығымен, топталған түрде барлығын да басқа функциялармен алмастыру немесе шығару мүмкін екеніне көз жеткіземіз.

        Осы функциялардың ішінде тәрбиелік, бос уақытты ұйымдастыру, күшті қалпына келтіру, экзистенциалды функцияларға баса назар аударылуы тиіс. Бұл функциялар бір - бірімен өте тығыз байланысты. Отбасылық функциялар дұрыс орындалмағандықтан отбасының құрылысы бұзылып,  түрлі олқылықтар мен 13б.кемшіліктер пайда болады. Ол  отбасының келешекте дамып, өркендеуіне кері әсер етеді.                                                                                                                             

    Бала өмірін және іс - әрекетін  ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі ұтымды ырғақ жасау.

Балалардың күн ырғағы И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағын, бірлігін еске алуы тиіс. Отбасындағы күн ырғағының негізгі құрамды элементтері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.

        Бұл күнде басты мәселеге айналып келе жатқан – отбасының бос уақыты мен демалысын дұрыс ұйымдастыру. Отбасылық өмір салты, өмір ырғағының дұрыс және ретті түрде қарастырылуы да бүгінгі отбасына қойылатын талаптың бірі болмақ. Бос уақыт – адамның күш – қуаты мен рухани жан – дүниесін байытатын, тұлғаның жан – жақты дамуына берілген мүмкіндік. Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру да отбасы иелерінің тұлғалық сапасының көрінісі. Балаға бесік жырын немесе ертегі айтып ұйықтатудан, таза ауада серуендету, теле – радио хабарларын тыңдату, театрлар мен концерттерге, кітапханаларға апару, мерекелерді өткізу, туған – туыстармен араластыруға дейінгі сияқты көптеген мәдени - әлеуметтік шаралар рухани құндылықтар қатарын толықтырады.

      
             №4 Тақырып: Отбасының типтері

        1.Отбасы типтері, түрлері туралы түсінік, зерттеген ғалымдар.

        2. Отбасы  түрлеріне сипаттама.

        3. Жағдайсыз отбасылар түрлері, оларға сипаттама.

                   

      Отбасы өз қызметін ер мен әйелдің әлеуметтік деңгейі, білімі және өмір сүрген ортасына сай атқарады.    

     Отбасы типтері қоғамдағы өзгерістерге сай өзгеріп тұратыны белгілі.

    Қоғам өмірімен  бірге отбасының  тұрмыс жағдайы, өмір сарыны, ондағы проблемалар, олардың пайда болу себептерінің де мазмұны өзгеріп отырады.     Педагог-психологтың отбасы типтері жайлы білімдерінің жоғары деңгейде болуы өте маңызды. Себебі отбасында пайда болған қиындықтармен отбасы типтерін дұрыстап айқындап алмайынша жұмысты нәтижелі жүргізу мүмкін емес.

       В.Сатир қазіргі кезде әлемде отбасының екі түрі бар деп есептейді: проблемалы және жетілген отбасы.

        Жетілген отбасы ерекше, қайталанбас өмір срынымен тіршілік етеді.   Жетілген отбасында сыйластық пен махаббат бірінші орында. Мұнда отбасы мүшелері әрдайым бір - бірін тыңдауға, қол ұшын беруге, қуанышы мен ренішін бөлісуге дайын.

 Ал, проблемалы отбасында атмосфера ұрыс - керіс, қобалжу, мұңаю төңірегінде құрылады. Мұндай отбасы мүшелері бір - бірімен тікелей кездесу мен қарым - қатынастан қашып, жұмысқа өте терең беріледі.

     Ю.П.Азаров жалпы отбасыларды жағдайы жақсы және жағдайсыз отбасылар деп бөледі. Жағдайы жақсы отбасыларға мыналарды жатқызады:

-  балаларды тәрбиелеуге дайын (педагогикалық білімді) отбасы;

- позитивті отбасы, демек ата - анасы өз балаларын дұрыс тәрбиелеп, оларды толыққанды азамат етуге тырысқан отбасы;

      Жағдайсыз отбасыларға мыналарды жатқызады:

-  конфликті отбасы. Бұл отбасында ата -аналар арасында, ата - аналар мен балаларының арасында жиі дау - дамайлар туындап тұрады;

-  педагогикалық дайын емес отбасы. Бұл отбасындағы ата - аналардың балаларды тәрбиелеуге педагогикалық дайындықтары жеткіліксіз;

-  аморальды отбасы. Мұндай отбасылар аморальдық бағытта өмір сүріп, 15б.балаларын   да соған итермелейді және педагогикалық - психологиялық ықпал етуде "шектен шығуға" жол берілді.

   Мұндай отбасыларды тек тәрбиелеу ғана қажет емес, сонымен қатар әкімшілік , заңдық шектеулерді қолдануға мәжбүр етеді. Мұндай шараларды  педагог-психолог, әлеуметтік жұмысшы, мектеп, жоғарғы оқу орны, инспекция қолдануы мүмкін.

     Жағдайсыз отбасы әлеуметтік тұрғыдан қызығушылығы жағынан әртүрлі, бірақ ол отбасылардың өмір сүру стилі, үлкендердің іс - әрекеті, көңіл - күйі, баланың мінез - құлықтық жағынан  дамуында кемшіліктердің пайда болуына әкеліп соғады.

      Отбасы түрлері және оның құрылымына қарай  мынандай түрлерге бөлінеді:

 Туыстық құрылым бойынша: нуклеарлы отбасы (тәжірибесі аз отбасы),кеңейтілген отбасы,үлкен отбасы басқа туыстары да тұратын.

 Жұбайлар арасындағы билікті бөлу құрылымына қарай: эгалитарлы тең құқықтылыққа негізделген; авторитарлы басты шешімді күйеуі не әйелі қабылдайды.

 Балалар саны бойынша : бір, екі балалы, балалар саны орташа, көп балалы, баласы жоқ,  ертедегі(  үлкен патриархалды ) отбасылар 

 Үй міндеттерін бөлу сипатына қарай:дәстүрлі отбасы ( міндеттерді көбінесе  әйелі атқарады ) және ұжымдық отбасы (міндеттер  бірлесіп атқарылады )келісіп қабілеттеріне қарай бөлінеді.



Жаңа  және басқа отбасы түрлері: оралмандар отбасы, әскери отбасы, « жаңа қазақ »отбасы т.б.

Отбасындағы пед. психологиялық ахуалға қарай; жақсы отбасы, жағдайсыз  отбасылар деп бөлінген. Жағдайсыз отбасылар тағы бірнеше түрге бөлінеді.

    Отбасы әлеуметтік ортасына сай бірнеше түрге бөлінеді: ауыл қазақтарының отбасы, қала қазақтарының отбасы және жұмысшы отбасы, зиялы отбасы, космополит (шала қазақ) отбасылары.

Ауыл қазақтары отбасының әлеуметтік орта шағын болғандығынан да барлық ауыл адамдары алдында өз міндетін сезінетін (таныс болғандықтан кездескен ауыл адамдарына сәлемдесу, жәрдемдесу, есеп беру т.б.) тұлға даярлау мүмкіндігі жоғары. Ауылдық отбасыларда жасөспірімдерді әлеуметтік ортада бейімдеу және сынауға жағдай жасалған. Оған отбасы мүшелері, ата - әже, әулет мүшелері, көрші – көлем, ауыл ақсақалдары атсалыса алады.

         Қала қазақтарының отбасы үшін ұрпақ тәрбиесіне мектеп пен қоршаған орта ғана ықпал ете алады. Қалалық отбасылардың балаларын жан – жақты тәрбиеленуіне, қабілеті мен бейімділігін шыңдауға мүмкіндік баршылық.. Әйтсе де болашақ отбасылық өмірге даярлау мәселесін отбасы мен мектеп қана қарастырады және баланың өзі қалаған ортасында дамыту да ескерілуі керек. Көп жағдайда қала қазақтарының отбасылары үшін басты қиыншылық: бала ата – ана мен сынып жетекшісі назарынан басқаға аса маңызды емес.

16б.   Сонымен қатар, жұмысшы отбасында тәрбиеленген баланың да әлеуметтік ерекшеліктері болуы мүмкін, себебі ата – ананың араласатын ортасы да кейде балаларға ықпалды болады. Балалардың жас ерекшелік психологиясына сай, әдіс – тәсілдерді оңтайлы қарастыру жолға қойылмауы мүмкін. Сырласу, ақылмен көмектесуге де дұрыс бағыт педагогикалық – психологиялық тұрғыда болуы керек.

     Зиялы отбасында баланы тәрбиелеу мен өмірге бейімделудің қолға алынуы саналы түрде жауапкершілікпен  қарастырылады. Ұлттық тәрбие мен ұлттық құндылықтар биік мәдениет аясына топтастырылуы, зиялы ата – ананың өздері үлгі болуы, қоршаған ортаның мәдениеті ойластырылуы қажет.

         Космополит (шала қазақ) отбасылар XXI ғасырда қазақтың көлемді пайызын құрап тұр. Елбасымыздың 2007 жыл 9 сәуірде теледидарда тілшілерге берген сұхбатында:   «9 миллион қазақтың 4 жарым миллионы - өз ана тілінде оқып – жаза, сөйлей білмейтіндер» деді. Қазақ тілінде сөйлей білмеген жанның, қазақтың этнотәрбиесі мен болашақтың ұлттық мұратын, тіпті ұлт мүддесін терең сезіне қояды деу – артықшылық. Бұл отбасылар қазақ мәдениетінен гөрі, орыстың немесе батыстың өмір салтын үлгі етеді. Космополит отбасылардың ішінде аралас некедегілер мен азаматтық некеде тұратындар кіреді. Космополит отбасылардың пайда болуына еліміздің басынан кешкен тарихи кезеңдер мен нарықтық – экономикалық өзгерістер тікелей ықпал етті деп айтуымызға негіз бар.

         Әрине, отбасының бұл түрлері бірімен бірі аралас келуі де мүмкін. Отбасын сонымен бірге отбасы құрамына, басқарылу ерекшелігіне, қатынас сапасына байланысты бөлуге болады.

      Бұрын ғалымдар тарапынан қарастырылып келген отбасы түрлеріне арналған кестені этномәдениет тұрғысынан қарастырар болсақ төмендегіше:құрамы бойынша, басқарылу ерекшелігі бойынша, қатынас сапасы бойынша, мәдени - әлеуметтік мүмкіндігі бойынша:

-жалғыз басты отбасы (балалы немесе баласыз );

-толық емес отбасы;

-толық отбасы;

-қариялы отбасы;

-әулетті отбасы (бірнеше ұрпақтың жұбымен болуы);

-эгалитарлы (тең құқылы)

-патриархалды (әкенің басқаруындағы);

-матриархалды (ананың басқаруындағы);

-Жағдайлы

-бақытты;

 -тұрақты;

 -проблемалы;

 -даулы;


-жағдайы төмен;

 -шырқы бұзылған;

 -өнер түрлеріне бейім;

 17б.-спортқа бейім;

 -техникаға бейім;

-гуманизмге жақын;

-дінмен өмір салты қалыптасқан.

     Ғылыми әдебиеттер "жағдайсыз отбасы" деген түсінікке  нақты анықтама бере алмайды, өйткені оның пайда болу мен даму формалары  түрліше.      Оның мазмұнына түрлі түсініктер енеді және олардың аталуы да түрліше: "сәтсіз", "жағдайы ауыр", "деструктивті", "дисфункционалды" және т.б.

    Жағдайы жайсыз отбасыларға мыналар жатады:

1. жанжалды отбасы - кеңірек тарағаны;

2. биморальды отбасы (маскүнемдік, төбелес, былапыт сөз)

3. педагогикалық дәрменсіз отбасылар  - жалпы мәдениет  деңгейінің  төмендігі мен психологиялық - педагогикалық мәдениеттің жоқтығы;

4. асоциалдық  отбасы- жағдайы  жалпы қабылданған  әлеуметтік нормалар мен мінезіне  ауытқулар бар, нұқсан келтіреді (ерте бастан ішімдікке, нашақорлыққа үйрену,  үйінен қашып,  қаңғыбастыққа салыну және басқа да жат қылықтар).

       Әлеуметтік тұрғыдан өмірлік стилі және  үлкендерінің қимылдарын , ерекшеліктерін есепке ала отырып психотерапевт В.В.Юстицкий отбасының мынадай түрлерін анықтады.

     "Сенімсіз отбасы". Мұндай отбасылардың мінездемесі - қоршағандарға, көршілеріне жоғары сенімсіздікпен қарау. Тіпті,  отбасы мүшелері  барлығын қатал, не тым  жұмсақ, ал олардың іс - әрекеті - әдейі жасалған әрекет дап санаған. Қарапайым іс - әрекетте арамдық ойлаған. Ондай отбасы тәртіп бойынша көршілері мен көп араласпайды, ал туыстарымен, әріптестерімен қарым - қатынаста жиі конфликттер, кикілжіңдер туып тұрады.

      Егер бала ұстазымен немесе досымен ұрсысып қалса, барлық жағдайда ата - аналар  баласының әрекетін дұрыс деп есептеп, әр уақытта оны жақтайды. Осындай позицияны ата - аналар баланың бойында да  тәрбиелеуге тырысады. Баланың бойында күмәнділік, ашушаңдық дамиды және де өз тектестерімен тіл табысу қиынға түседі. Мұндай отбасындағы бала мектепте де мұғаліммен жиі конфликтіге түсіп тұрады, өз кемшіліктері мен қателіктерін мойындамайды, ал ата - анасы болса баласын әрқашан қолдайды.

     "Жеңілтек отбасы"  болашаққа мұңсыз, еш уайымсыз қарайды. Мұндай отбасы бір минуттік өтпеске құмар, болашаққа деген жоспарлары жоқ. Егер кейбіреулері өмірлік сарынын  өзгерткісі келсе де, оған қалай жетуге болатынын, не туралы ойлайтынын да білмейді. Бұл отбасында өмірді жақсы жағына өзгерту үшін не және қалай істеуі керек жайлы талқылауды ұнатпайды, олардың көбінесе барлық жағдайларды шыдап, басынан кешіруді артық деп ойлайды, әрине қиындықтарға төтеп бере алмайды.

      Мұндай отбасы бос уақыттарын қызықты  ұйымдастыра алмайды. Қиындықсыз орындалатын жұмыстарды қалайды. Негізгі әрекеттері - теледидар көру, қызықты кештер, дастархан жаю. Ішімдік- өте жеңіл және тез арада ляззат алатын әдіс. Жеңілтек отбасында  ішкі келіспеушіліктер әрдайым болып тұрады. Ұрыстар жиі ешбір себепсіз басталады. Осындай отбасыларда 18б.балалар жеңілтек болып өседі.

      "Айлакер отбасы". Бұл отбасында ең алдымен мақсатқа жетушілік, сәттілік, іскерлік, айлакерлік бағаланады. Ең бастысы еңбекпен күшті үнемдей отырып сәттілікке жете білу. Мұндай отбасы үшін заңдар кедергі емес. Айлакер отбасының тағы бір ерекшелігі - қоршағандарды өз мақсатында қолдану. Бұл отбасы өзіне қажетті адамдарды қызықтырып, өзіне қаратып алады.

      Отбасының осындай психологиялық ерекшеліктерін жойып, ауыстыру керек. Іскер ата - аналар  өз балаларының бойында айлакерлікті тәрбиелемейді, алдауға үйретпейді.

      Осындай теріс ауытқушылықтар отбасында  тікелей байқалмаса да аздап кездеседі. Солардың бірі - баланың отбасында жалғыздықты сезінуі.

    Рихтер Спиваковскийдің типологиясында бұл негізгі орында.

 1.Сырттай "тыныш отбасы".   Бұл отбасында оқиғалар баяу өтеді. Сырттай отбасы мүшелерінің бір - біріне деген істері адал көрінсе де, оның артында бір - біріне деген келіспеушілік, қарама - қайшылық көп. Отбасы мүшелерінде  жиі жағымсыз күй, шаршау, депрессиялар байқалады.

    Отбасындағы қарым - қатынас сырттай жақсы тек көзбояушылық мақсатта құрылғаны балаға кері әсерін тигізеді. Баланы әрдайым  бір қорқыныш сезімі билейді, қиындықты ,қысымды сезінеді.

2. "Вулканды отбасы".  Мұндай отбасында жағдай, қарым - қатынас ашық және ауыспалы.  Жұбайлар жиі ұрсысып, лезде татуласады, сондықтан жиі ажырасып, қайта қосылады.

      Ал,  отбасындағы балаға шектен тыс эмоционалды қысым түседі. Әке - шешесінің арасындағы ұрыс - керіс  бал үшін қауіп - қатерлі, өте ауыр және оқыс. Балаларда салмақтылық, бірқалыптылық мінездері  қалыптаспайды. Демек вулкандық отбасындағы  кіріс - табыстар балаға кері әсер етеді.

3. "Шипажай" отбасы - отбасылық дисгармонияның үлгісі. Отбасы мүшелері  жиі демалыста сияқты баппен өмір сүріп, ата - аналар  балаларын  өздерінен  алысқа асырмайды. Отбасы сырттай жағымды  көрінуі мүмкін, бірақ отбасы мүшелерінің біріне бәрінің бағынушылығы байқалады.Балаға көрсетілген үнемі қолдаушылық оның бойында  ауруға байланысты  қорқыныш сезімін ұялатады.  Ата - ананың  ұстанған  бұл позициясы  көбінесе баланың  жүйке жүйесіне  кері әсер етіп, неврозға шалдықтыруы  мүмкін.Шектен тыс қолдаушылық  күтім баланың  әсіресе жеткіншектік  шақта ерте үйден  кетуіне әкеп  соғуы мүмкін.

4. "Қамал" отбасы. Мұндай отбасыға  қоршаған ортаға адамдар қауіп - қатер, зұлымдықтың және қаталдықтың  әлемі болып көрінеді. Шектен тыс, бөтендермен  үнемі қарым - қатынас  жасауға болмайды. Тіпті баланың да  өз серіктестіктерімен  қарым - қатынасын шектеп қояды. Баланы жақсы көруде  де мынадай мінез қалыптасады: бала отбасына  қатысты талаптарды орындайтын  болса ғана  біз оны  жақсы  көреміз дейді. Балада біртіндеп сенімсіздік, қырсық - қыңырлық, негативизм сияқты мінез - құлық қасиеттері қалыптасады.

5. "Театр" отбасы - мұндай отбасындағы бірқалыптылық, өмір сүру сарыны 19б.ойын мен эффект  негізінде құрылады. Жұбайлардың біреуіне үнемі махаббат, көңіл аудару, тамашалау сияқты  сезімдер жеткіліксіз.  Балаға  байланысты  қойылатын  талаптар  мен мадақтаулар тез қойылып, тез арада ұмытылады.  Сырттай көрсеткен  балаға деген махаббат  оның жалғыздықты сезінуіне  әкеліп соғады. Бала ата -аналарын  әрдайым  өз жұмыстарымен  айналысып, оған  көңіл аудармайтын сияқты болып сезінеді.

6."Үшінші артық" отбасы. Мұндай отбасында жұбайлар  өзіндік ерекшеліктері мен қарым - қатынастарын  ерекше  орынға қойып,ата -аналық рөлді бақыттарына  кедергі деп санайды. Бұл жұбайлардың біреуінің, тіпті  екеуінің  де ата - аналық  өмірге даяр еместігі. Ата- ана жағынан  балаға аз көңіл аударушылық, керексіздік байқалады. Кейін балада ата - ана  өміріне, денсаулығына  деген қорқыныш пайда болады, олар тіпті  бір уақытқа айырылысуды қиын  ауыр  өткізеді, балалар әлемінде  бейімделуі де қиын  болады.

                  

       №5 Тақырып:  Отбасының әлеуметтік, құқықтық негіздері.

   1. Отбасына   мемлекеттік тұрғыдан қамқорлық.

   2.Отбасы туралы Заңдар.

   3.Отбасына көмек көрсету жолдары.

           Отбасы-мемлекеттің ірге тасы.Мемлекеттің мықты болуы отбасының берік ,бақытты болуына да байланысты.Отбасы мүшелерін эмоционалдық  жылылықтан басқа бір бірінің алдындағы құқық және міндеттер де біріктіреді.  Отбасы – барлық адамға қажетті  орта. Адамның отбасын құруы - өз алдына маңызды әрі жауапты ісі болып келеді. Барлық халықтарда неке және отбасы жөніндегі Заңдар мен кодекстерінің болуы адамзаттың қатынастары қоғамдық тәртіппен берік байланысты екендігіне сенімді дәлел болып табылады.

       1917г. революциядан кейін отбасы туралы екі реформа қабылданды: бірінші -  «О гражданском браке, детях и о ведении книг актов гражданского состояния» декрет болса( некеге тұру жасы ерлерге - 18жас, ал әйелдерге  16- жас болып бекітілді), екіншісі - «О расторжении брака» бұл декрет бойынша ажырасу шіркеуден алынып соттың қолына берілді. Неке, отбасы, қамқорлық туралы Кодекс (КЗоБСО)  1926ж. қабылданды. Некеге тұру жасы  ерлерге де әйелдергеде – 18 жас деп белгіленді.  1936ж. Бұл  Кодекске  өзгертулер еңгізілді. 1947ж. Указ бойынша шетел азаматтарымен некелесуге тыйым қойылды.  1998 ж. Қазақстан Республикасының  Неке және отбасы туралы заңы жарыққа шықты.

      ҚР  Конституциясының 27 тарауында неке мен жанұя, ата- анамен, бала құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

         Мемлекетімізде отбасы, балаға байланысты 45- тен астам нормативтік құжаттар қабылданған. Олар: 1989 жылы қабылданған  Балалар құқығы туралы Конвенция, 1994 жылы  Казахстан Республикасының  Президенті Балалар құқығы туралы Конвенциясына қол қойды, ол балалар құқығын 21б.қорғау мәселесін дүниежүзілік статусқа ие болуына мүмкіндік берді.

      Отбасы құқықтары "Неке және отбасы туралы заңдар, 1992 жылғы көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шаралар туралы жарлық, 2007 жылғы "Неке және отбасы жайлы Кодексі", балалар құқығы туралы Конвенция (1989) т.б.   Балалар құқығы туралы 2002ж. ҚР екі Заң қабылданды, біреуі кемтар балалар жайында. Сондай- ақ  жетім, дарынды, көп балалы отбасындағы  балаларға да көмек көрсетілу қарастырылып отыр.

     Балалардың құқығы туралы 2002 жылы екі бірдей Заң қабылданған, біреуі мүгедек балалардың құқығын қорғау, қамқорлыққа алу мәселелеріне арналған. Қазақстанда «Отбасы және демография » , «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және бала денсаулығы»секлді ұйымдардың, « Бөбек» қорының құрылулары отбасына  баса назар бөлінуінің айғағы. 1992 жылы «Көп балалы  отбасыларына  әлеуметтік  қолдау көрсету жөніндегі  шаралар туралы»  жарлық бойынша көп балалы отбасыларына жеңілдіктер тағайындалды. 1995 жылы  Президенттің Жарлығымен «Отбасы ,әйелдер және демографиялық мәселелері»  бойынша  арнайы кеңес құрылды. Ол отбасының әлеуметтік экономикалық жағдайын, демографиялық мәселелерді , еңбекпен қамту ,әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, мүгедектер мен зейнеткерлерге қолдау жасау т. б. мәселелердің дұрыс шешілуімен айналысады.

      Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңы 1998 жылдың 17 желтоқсанында қабылданды. Бұл заңда некеге тұру жасы – 18 болып белгіленді.

Неке және отбасы мәселелері «Неке және отбасы Заңында» толық қарастырылған.

ҚР  отбасы қатынасының  принциптеріне жатады:

     1. еркек пен  әйелдің некелі одағының  еріктілігі;

     2. олардың  отбасында тең құқықтылығы;

     3.отбасының ісіне кімнің  болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

     4. отбасының ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

     5.балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп–  жетілу мен әл-ауқаты болуына қамқорлық жасау;

     6. отбасының кәмілетке толмаған  және еңбекке  қабілетсіз мүшелерінің  құқықтары  мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

     7.отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды  сот қорғауының мүмкіндіктері;

      8. отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру  принциптеріне негізделеді.  Заң келесі бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, неке, отбасы, қорғаншылық және қамқоршылық, отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары, азаматтық хал актілері, неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы.                                  1996 жылы Алматыда  « Бөбек» қорының қолдауымен жас аналар үшін «Дом.надежды» ашылды. 1997жылы  фонд «SOS- Kinderdorf»,  Гельмут Кутин, басқарған  « Бөбек» қорымен бірге жетім балалар үшін отбасы

22б.  типіндегі ауылдарды Алматыда , кейін  Астанада,  2001жылы Теміртау қалаларында салынды. Жетім балалар үшін 15 приют,  жасөспірімдер үшін  «Дом Юношества» деген приюттар ашылды.

   Отбасына төмендегідей көмек түрлері көрсетіледі :

1.      бала туғандағы ақшадай көмек көрсету.

2.      еңбек, тұрмыстық, салық, кредит беру,дәрігерлік т.б.

3.      отбасына, балаларға дәрі, киім, тамақ тегін беру.

4.      балаларға әлеуметтік көмек көрсету( әлеуметтік,психологиялық, педагогикалық, заңнамалық көмек түрлері).

     Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында: «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз»- деп қазіргі жанұяның әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалап, Республикадағы жанұялардың алдына қомақты міндеттер жүктеді.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2007 жылғы 28 ақпанында қабылданған "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты жолдауында: "Біз бүгінгі кезеңнің  міндеттерінен  өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдындағы орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын,

әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте сақтауға тиіспіз" деп қазіргі  жанұяның әлеуметтік, мәдени,  қоғамдық білім қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалаған. Жанұя мәселесіне көңіл бөле отырып,  мемлекет үшін ең бастысы - маңызды әрі көкейтесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға:

                                                                                                                                                                                                                                                                                            отбасын қамсыздандыру;

                                                                                                                                                                                                                                                                                            тұрғын үй иелену;

                                                                                                                                                                                                                                                                                            денсаулықты нығайту;

зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады. Мемлекет қоғамның  осындай көмекке шынында  зәру мүшелерін  қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер - деп Н.Ә.Назарбаев ерекше  атап өткен еді. Сондай - ақ   2008 жылдың ақпанында қабылданған "Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру мемлекеттік

саясаттың басты мақсаты" атты жолдауында да "әсіресе ауыл тұрғындарының өмір тұрмысын жақсартуға, отбасыларға байланысты

                                                                                                                                                                                                                                                                                            көмек түріндегі пособиялардың көлемін көбейту;

                                                                                                                                                                                                                                                                                            2009 жылдан бастап орташа алғанда 9%

сәби 1 жасқа толғанға дейін төленетін балаға күтім жасауға көмек пособияларын 2007 жылға қарағанда 2010 - 2011 жылдары 2,5 есеге ұлғайту;

 23б. 2010 жылдан бастап 4-ші немесе  одан кейін балаларға біруақтылы көмек көрсетуді 4 есе арттыру;

                                                                                                                                                                                                                                                                                            бюджеттік сфера жұмысшыларының  қаражатын 2009 жылы - 25 %, 2010 - 25%, 2011 - 30%.

        Әр жыл сайын жағдайсыз отбасыларға мемлекет тарапынан өмір сүру, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған түрлі көмек іс - шаралары жүргізіледі. Келешекте жағдайсыз отбасылардың  саны азаяды деп сенудеміз.

       Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр. Олар ең алдымен: балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер, - деп Н.Ә.Назарбаев та жанұя маңызылығын атап өткен.   

    Сондай ақ , жылда шығатын Президенттің Жолдауларында  да отбасы жағдайларына көп көңіл бөлініп отырғаңы белгілі . Мысалы, 2008 жылғы шыққанан Жолдауында  баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері  34740 тенгеге дейін  немесе  2 есе  артылсын... Екіншіден,жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті , босануды  және аналық кезін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілсін делінген.т.б.Қазіргі  қоғам талабы халық санының көбеюін мүдделеп отыр. Н.Назарбаев өзінің «Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі,қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы » деген Жолдауында «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,жұбайлардың бір бірінің алдындағы , ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз » деген.

    Бірнеше облыстарда жетім балалар үшін   приюттан    шықаннан кейін өмірде өз орнын тапқанынша мысалы ,мамандық алып , үйленгенше өмір сүретін орын ол Дома Юношества, отбасы типіндегі ауылдарға орналасуға  мүмкіндіктің болуы.          

                  


    №6 Тақырып: Отбасының тәрбие әдістері, тәрбие принциптері.

                     

            1.Отбасындағы тәрбие  принциптерінің ерекшеліктері.

           2. Отбасының тәрбие әдістеріне сипаттама.

           3. Отбасының тәрбие әдістерін таңдау, қолдану.

          Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасындағы тағылым мен үлгі - өнегенің, тәлім – тәрбиенің жүйелі, бірізді жүргізілуінен бастау алатыны баршаға белгілі.      

       Грек  философы Эпикур: «Кереметтің кереметі – жақсы тәрбиеленген адам» дейді. Олай болса:  Болашақта көп болсын десең жақсы адам,

 тәрбиені бастау керек отбасыдан деген ойы еріксіз еске түседі.

Үздіксіз тәрбиенің басты сатысы – отбасы тәрбиесі. Отбасында бала еңбек етуге, өмір сүруге әлеуметтік қатынас тәжірибесін игеруге үйренеді, отбасында өзіндік өмірлік көзқарасы қалыптасады.

       Қазіргі әлеуметтік, экономикалық қиындықтарды бастан кешу кезінде отбасы адамға ең жақын жылылық сезім, түсінушілік, сүйіспеншілік сыйлайтын негізгі орта.    

     Отбасылар бір-біріне ұқсамайды, әрі қайталанбайды. Әр отбасының тәрбие потенциалы әртүрлі. Отбасында баланың құқығын бұзбай дұрыс тәрбие беру үшін тәрбие принциптерін біліп, басшылыққа алу керек.

     Отбасындағы тәрбие принципері .

    Тәрбиенің негізінде жататын ересектердің әртүрлі жағдайлар мен кезеңдердегі іс-әрекетінің жүйелі де тұрақты болуын қамтамасыз ететін тәрбие принциптері.

   Тәрбие принциптері тәрбиенің мақсатынан туындап, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мақсатпен  астасып отырады.      

     Тәрбие принциптері – тәрбие жұмысының іс-әрекеттерін /тактикасын/ педагогикалық  тұрғыда сауатты жүргізуге көмектесетін  кез келген уақытта, тіпті, барлық жерлерде басшылыққа алуға қажетті өмірлік қағидалар.   

     Сонғы  кездерде қоғамның демократиялық тұрғыда жаңаруына

байланысты тәрбие принциптері де қайта құрылып, кейбіреулері ішінара жаңаша мазмұнмен толықтыруда.  

     Бүгінгі таңдағы тәрбие процесінде бұрынғыдай тек ересектер үстемдік жүргізіп, балалар мен оны құрметпен тыңдайтын, оның айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген монологизм  принципі, ендігі жерде ересектер мен балалар тең құқылы тәрбие субьектісі ретінде танылып диалогизм принципіне ауысуда.

    Қазіргі кезеңдегі отбасы тәрбиесінің маңызды принциптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

            1.Мақсатылық принципі

     Отбасы  тәрбиесінің  мақсаты қоғамдық тәрбиенің мақсатымен бірдей емес. Қоғамдағы  саясатына байланысты  болып белгіленеді. Мысалы: қазіргі кезде қоғамның адамдары білімді, бірнеше тілді білуге ұмтылған, адамсүйгіш, іскер, шығармашылығы мол, техникадан  білімділігі, экологиялық, эстетикалық тәрбиесі  болуымен ерекшеленеді.

            2.Ізгілік принципі

     Адамға деген сүйіспеншілік – шынайы, ақылмен санасу. Жалпы ізгілік принципі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың өзара құрметке,  ынтымақтастықта, сүйіспеншілікке негізделіп құрылуын көздейді.

           3.Жүйелілік принцип

     Баланың тәрбиесіне үнемі көңіл бөліп отыру .Отбасындағы жеке тұлғаның дамуына жан-жақты ықпал ету,тәрбиенің мақсат мазмұны, құралдары мен әдіс- тәсілдерінің тұтас жүйесі арқылы жүзеге асады, сонымен қоса педагогикалық принциптің барлық қырлары мен факторларының да әсері мол.

        4.Талап бірлігі принципі

    Талап бірлігі – егерде әкесі былай десе, шешесі басқаша айтса бала не істерін білмейді, сондықтан талап бірлігі болу керек.

        5.Келісімдік принципі

   Бала тәрбиесінің бір ерекшелігі – оның бірнеше адамдардың қатысуымен, отбасы басқа да мүшелері тәрбие ошақтарындағы кәсіби мамандардың

/балабақша,  мектеп, спорт үйімелері, т. б./ тікелей  ықпалымен жүзеге асатындағыда.

      6.Баланың жас және дара ерекшеліктерін, қызығушылықтарын есепке алу. Баланың дамуындағы  әр  жастағы болатын кризистерді есепке алу.

     Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбиеші мен тәрбиеленушінің іс-әрекет жолдары. Тәрбие әдісінің жеке бір бөлігін- тәрбие тәсілдері  деп аталады.

     Тәрбие әдістерінің әрекетін, қажеттілігін, мәнін айқындайтын тәрбиенің бөлігін- тәрбие тәсілі дейміз.

Отбасының тәрбие әдістеріінің түрлері:әңгіме, ақыл   айту,түсіндіру,сендіру, пікірлесу, үйрету, жаттығулар, үлгі -өнеге ,мадақтау жазалау т.б.Отбасында сөзден көрі іс арқылы тәрбиелеу маңызды. Ең тиімді әдіске үлгі -өнегені жатқызуға болады. 

          «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» деген сөз ата-ананың       26б.тәрбиесінің күштілігін көрсетеді.

   «Тәрбие - табалдырықтан басталады» деген нақылдың сөзі өмірден алынған шындық.

    Педагог-ғалым Г.Н.Волков «Жас жеткіншекті тәрбиелеуде әрине, барлық адамдар бірдей қызмет етуі мүмкін емес, отбасындағы бала тәрбиесінде бірінші орынды анасы мен әкесі, сонан соң әжесі мен атасы алады» -деген. 

          Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген  жолы. Олар: әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;

    тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.

     Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қарастырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістер түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау.

     Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады.

     Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.

     Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда келесідей жалпы шарттар ескерілуі тиіс:

- Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.

- Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты.

- Егер ата-аналардың тәрбиелік істерінің бағыты бірлікті келсе, іс-әрекеттер әдістері басым келеді.

- Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті, осыдан педагогиканы меңгеру, тәрбиелік ықпалдардың қыр-сырларын үйрену, тұрмыстық қажеттікке айналады.

   Қазіргі заман талабына сай жас жеткіншектерге тәрбие беріп, Отанымыздың саналы азаматтары етіп тәрбиелеу – баршаның ісі. Сондықтан бала тәрбиесіне біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен кейін қоршаған ортаның әсеріне байланысты, содан соң тәрбиенің ықпалына қарай жағымды, жағымсыз мінездер қалыптасады.

    Мектеп жасына дейінгі сәби – еліктегіш, әр түрлі әдістерді оп-оңай қабылдағыш болып келеді. Ежелден мәлім қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше.

       Отбасының рухани тірегі – ата-ана. Сондықтан халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бекерге айтпаған. Бала тәрбие әліппесін

27б

 

27б.отбасынан үйренеді. Ата-ана баланың алдында үнемі байсалды, бірқалыпты мінез көрсетуі тиіс. Өкінішке орай, кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық  кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.



       Ата-ана балаларын тек қана сөзбен емес өзінің еңбектегі үлгісімен, отбасындағы мінез-құлқымен тәрбиелейді. Тату-тәтті мәдениетті отбасының балалары тәртіпті болып өсетінін өмір дәлелдеуде. Отбасы мүшелерінің арасындағы бірлік, ынтымақ, үлкенге құрмет, кішіге көмек, сыйластық, шыншылдық жас баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.

       Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәрбие ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бағытталады. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты.

          Қорыта келе, балада тұрақты жағымды қасиеттер, дұрыс мінез қалыптасуы үшін мына негізгі шарттарды орындау керек:

         1.Баланың өз қолынан келетін іске толық ерік беру. Басқаның күшіне, көмегіне сеніп кетпей, өз қолынан келетін іске ғана ата-ана көмек көрсетіп жіберуге міндетті.

        2.Баланы еркіне жіберу оны ерлікке, батырлыққа үйретсе, тәртіпке бағындыру оны шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ, қорқақ етеді.

 Ал, тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру, баланы бейбастық, ессіз, тентек етіп шығарады.

        Барлық тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады. Әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой-өрісін кеңейтеді.

        Балаларда қорқыныштың болуы тәрбиенің дұрыс болмауынан. Қиын балалардың ата-аналары балаларынан көп нәрсені талап етеді, оны бала орындай алмайды. Бұл қорқыныш тудырудың бір себебі.

       Отбасының бүгінгі кризистік жағдайы, оқыту мен тәрбиенің төмен деңгейі, педагогикалық себептермен байланысқан қиын балалық шақ: осындай аспектілер балалар мен жасөспірімдердің тәрбиеден тыс қалу профилактикасын жасауға мүмкіндік бермейді.

       Осыдан барып қиын балалармен жұмыс істеп үйрену, ұстаздарды қиын  балаларды түсінуге, қабылдауға үйрету, яғни оқушыларға өмірдің қиыншылықтарын мойымай жеңуге үйрету қажеттігі туады.     

     Баланың сәби шағы көп жағдайда оның келешегіне әсер етеді. Келеңсіз жағдайлардың  қысқа әлде ұзақ мерзімде әсер етуіне байланысты тәрбие ісінде мінезді жөндеудің жеңіл түрде өтуі немесе тұрақты, ұзақ арпаласуға тура келуі мүмкін.

       Адам қалыптасу арқылы өседі. Адамның қалыптасуы сәби шағынан    28б. басталады. Байқаусызда, бірақ қауіпті психологиялық жағдайлардың туындауы жеке тұлғаның мінезінің кейбір жақтарын жас шағында-ақ деформациялап, құртады. Жайсыз социалды әсерге баланың қарсы тұруының өзі дамудың өзіндік логикасын қалыптастырады. Мінездің осы құбылысы бұдан әрі сыртқы әсер болмаған жағдайда да дами береді. Тіпті осындай адамдар өз ортасын құрып, теріс қылықтардың даму жолын қалыптастыруға мүмкіндік ашады, сөйтіп «жеке тұлғаның » бұзылуына әкеліп соғады.

      Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады.

       Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбылармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады. Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.

       Ұлы Абай айтқандай: «Жақсы бала – ата-анаға қызық, жаман бала – күйік». Жақсы бала – келешекті сеніп тапсыруға болатын жақсы азамат. Олай болса, баланы жақсы етіп тәрбиелеу – баршамыздың абыройлы парызымыз.

       


 

 

     №7 Тақырып: Отбасы тәрбиесінің мазмұны.



     1. Отбасындағы адамгершілік, отансүйгіштік тәрбиесі.

    2. Отбасында  еңбек, дене тәрбиелері.

    3. Жыныстық тәрбие беру мәселелері.

       Осыдан,«Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе» - деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзеледі. Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.

     Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті.

  Тәрбие мазмұны деп белгілі мақсат , міндеттерге байланысты жеке адамның білім жүйесін, сенім,дағды, қабілет ,тәртіп нормаларын меңгеруін айтамыз. Тәрбие мазмұнын ақыл-ой, дене, еңбек,адамгершілік, отансүйгіштік, эстетикалық, құқықтық  тәрбие түрлері құрайды.

   Олар арқылы жеке тұлғаның базалық мәдениеті қалыптасады.    

         Қазақ елінің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу әрбір  сапалы азаматтың ісі. Сондықтан жас ұрпаққа азаматтық, патриоттық тәрбие беру үлкен де абыройлы іс. Отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлттық қарым- қатынас  мәдениетіне тәрбиелеу мен тығыз байланысты. Ол туралы Президент «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде»  деген еңбегінде тағыда басқа жолдауларында сөзге тиек етеді.

         « Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу әрбір азаматтың өзін - өзі айқын билеуін қалыптастыру»,  деп жазды.   Жалпы қай тәрбиенің де бастауы отбасынан бастау алатыны белгілі ,патриоттық тәрбие де отбасынан қалыптасып, одан әрі мектепте дамытылуы қажет. Патриоттық сезім- тәрбие, білім арқылы қалыптасып, ол жетіліп 30б.патриоттық сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам өз ұлттына тән ерекшіліктерді түсініп, сезініп, өз ұлттының, бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді, басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарайды, салт-дәстүрлерімізді қастерлейді. М.Шахановтың сөздері еске түседі.

         «Қазақстандық патриотизм –отанға деген сүйспеншілік пен азаматтық ерлік көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл – парасатты ел игілігіне жұмсау, ата – мекен мүдесіне арнау».

         Өз елінің өткенін, тілін, әдет- ғұрпын, салт  – дәстүрін құрметтей білу Қазақстандық патриотизм құрамына кіреді.

         Әсер ететін факторлар: ұлттық сезім, білім, ұлттық мақтаныш, ұлтық сана, ұлттық дәстүрлер, парыз, бірлік  және мінез.

   Қазақстан әлемдік гуманистік ойлау жүйесіне енді, олай болса, ол адами гуманистік мақсат-мүддеге қайшы келмеуі керек. Бұл ретте, Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілуі қажет.

         Отансүйгіштік  рух- қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден – бір күш.

         «Азаматтық пен елжандыққа, өз Отанына Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конститутцияға қайшы және  және қоғамға келген көрністерге төзбеуге тәрбиелеу»  деп білім беру Заңында көрсетілген.

         Патриотизм-өз Отанына деген сүйіспеншілік, берілушілік отан үшін  қызмет етуге оны қорғауға дайындық.

         Сондықтан Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан бізде осы екі негізінде бірдей ұстағаның абзал іс.

         Адамгершілік деген сөз «мораль»  деген сөздің синонимі ретінде  қолданылады.Моральді біз жеке адамға қойылатын нормалар, талаптар деп түсінеміз, ал өнегелік, адамгершілік дегеніміз ,сол жоғарыда айтылған нормаларды орындауға дағдылану деп түсіну керек.Өнегелі адамның жоғарыда айтылған нормалар, ережелер,талаптар оның көзқарасына, сеніміне, күнделікті ісіне айналуға тиіс. Адамгершілік тәрбиесінің мәні білім арқылы көзқарастарды, сенімдерді қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесінің ең жоғары түрі -ар,ұят,ұждан. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын адамгершілік қасиеттер құрайды: отанды сүю, еңбексүгіштік, ұқыптылық, әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік, мейрімділік т.б.

Осыған байланысты отбасы тәрбиесінде кең орын алып отырған проблемалардың бірі - отбасындағы адамгершілік тәрбиесі. Бұл үшін жалпы адамзаттық құңдылықтарды, жаңа адамгершілік қасиет-сапарларды орнықтыру, халықтың ғасырлар бойы жинақталған адамгершілікке негізделген салт-дәстүрлер мұрасын отбасы тәрбиесінің өзегіне алынуы керек. Осы орайда отбасында жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толымды адам болып жетілуі мынадай міндеттермен айқындалады:

- еліміздің өркениетті даму жолында адамгершілік тәрбиесі рухани 31б.құдіретті күш ретінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ең негізгі басты шарты екендігі:

- болашақ ұрпақ бойында құнды қасиеттерді қалыптастыру және сол қасиеттерді қастерлей білуге үйрету, дағдыландыру;

- адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты тәрбиелеу;

- қоғамның нарықтық экономикаға өту кезеңінде болашақ ұрпақты қоғамдық әлеуметтік, рухани, мәдени саладағы халықаралық қарым-қатынас, жоғары мәдениеттілік, адамгершілік мінез-құлық, әдет-дағдысын қалыптастыру;

- қоғамның жаңа тарихи даму кезеңінде жас ұрпақты экономикалық бизнесте білімділігімен, кәсіпкерлігімен, адамгершілік жоғары парасаттылық қасиетімен қатар бәсекелік қабілеттікте адалдық көрсете білуге тәрбиелеу;

- жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне ықпал ету, жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру толыққанды отбасының бірлігі мен тәрбиелілігіне байланысты  болатындығы;

- ұлттық төл мәдениетіміздің кемелді келбетін, салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың ғасырлар сынынан өтіп келе жатқан бай мұрасы негізінде жас ұрпақты тәрбиелеудің ұтымды жолдарын пайдалану.

Қорыта келгенде балаларды жақсы деңгейге жеткізу. Болашаққа оларды дұрыс тәрбиелеу. Ата-анасын сыйлауға, үлкенге – сыйлы, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу біздің міндетіміз. Үлкейіп ер – жеткеннің өзде де, олар ата-анасына міндетті екенін және ата-анасының алдында борышты екенін естеріне сала отырып, оларды ренжітпей сыйлауға, аялауға, тәрбиелеу.

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

- дей отыра түн ұйқысын төрт бөлген, сыйлайықшы ақ жаулықты аналарды, асқар таудай әкелерді – дегім келеді.

        Құқықтық тәрбие дегеніміз орынды тәртіп пен мінез-құлық сенімдеріне негізделген терең және жан-жақты құқықты білімдермен заңды құрметтеу,құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі болып табылады.

         Құқықтық тәрбие дегеніміз еңбек әрекеті саласында заңдар мен заңдық күші бар нормалар туралы мәлімет беру.

         Құқықтық тәрбиенің мақсаты-баланың мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін құрметтеуге, қоғам заңдылықтарын бұзбауға, төзімділікке, қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.

         Құқықтық тәрбиенің міндеті қоғамда болашақ әрбір азаматының әсіресе, мектеп оқушыларынан бастап, қоғам талап етіп отырған жалпы азаматтық мәдениет, құқықтық мәдениет тұрғысынан ұйымдастыру.Құқықтық тәрбие адамның құқықтық мәдениетімен байланысты. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет мазмұнына енеді.Сондықтан да құқықтық тәрбие 32б.адамгершілікті адам тәрбиелеу отбасынан  басталады.

       Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып,оны ата-аналар түрлі еңбек іс - әрекеттеріне  үйретулері қажет. Отбасы бала еңбегіне артық салмақ түсірмей парасатты ұйымдастырғаны жөн. Балалардың бос уақыты бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге, спектакльдерге қатысады. Көптеген отбасында ата-аналар балалармен серуенге шығу, танымдық әңгіме жүргізу ізгі дәстүрге айналған.

         Еңбек тәрбиесі отбасы тәрбиелерінің ішінде ерекше орын алады. Өйткені бала кішкентай кезінен өзіне қызмет етуге үйренеді. Ол туралы А.С.Макаренко айтқан;отбасында баланы еңбекке баулудың қырықтан астам түрі бар екенін.

         Еңбек тәрбиесі жоғарыда аталған түрлерімен тығыз байланыста өтеді. Еңбек арқылы оқушылардың бойында ұқыптылық, жауапкершілік,шығармашылық, күш қуат молайып, іскерлік, дағды қалыптасады, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Еңбек қажетті  іске айналуы үшін балаға еңбектің жемісі мен одан болатын қуанышын сезіндіре білу керек. Ата- ана балаға ұқыптылықтың үлгісін көрсетуге тиіс.

      «  Бірінші байлық денсалық»- деп халық текке айтпаған Сондықтан мектепте оқушылардың денсаулығын нығайту шаршаларын өткізу керек. Дене шынықтыру сабақтарын бұгінгі күн талаптарына сай ұйымдастыра отырып , түрлі спорт түрлері бойынша секциялар құру, жарыстар өткізу, салауатты өмір салтын орнату үшін күш жұмсау, жаңа тәрбие жұмыстарының формаларын еңгізу қажет.

                   Қазақ отбасыларына жыныстық тәрбие жөнінде ашық әңгіме айту тән емес. Анасы қызынан, әкесі ұлынан ұялады. Түсіндіріп сақтандыра да алмайды, баласының не істеп жүргеніне үңіле де алмайды. Демек, түрлі қауіпті аурулардан (мысалы, ЖҚТБ (СПИД) секілді) қазақ баласының сақтандырылуы төмен. Болашақ татулығы жарасқан, сүттей ұйыған, үлгілі отбасы болуы да екіталай. Немесе қазақ деген халықтың атына сай, қаны таза текті ұрпақ өмірге келмесі анық. Осы күні он баласы бар отбасы сирек. Көзінің ағы мен қарасындай бірді – екілі бүлдіршіннің болашағын көше тәрбиесінің ықпалына жібермекпіз бе? Қай ата – ана өз баласының жаман жүріске түскенін қалайды? Не істеу керек? Жауабы қайсы?...

         Көп жағдайда мамандар өздерінің бір жауабын ұсынады: жыныстық тәрбие жөнінде мектепте және отбасында ашық әңгіме жүргізілу қажет. Сонымен қатар, қауіпсіз жыныстық қатынастың түр – түрін білгені жөн деп, жанашырлық танытады. Бірақ ешқайсысы үзілді – кесілді тыйылуды ұсынбайды. Ата – ана өз баласының мұндай жолға түсуіне түбегейлі қарсы болғанымен, тыйым салу жолын білмейді. Осы орайда, бізге ата – анамыз айтқан емес, біз ондай жолға түспедік қой деген жауап болуы мүмкін. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар екенін мойндауымыз керек. 1924 жылы Жүсіпбек Аймауытұлы «қазақта 33б.жезөкшелік бар ма?» деген мақала жазыпты. Жезөкшеліктің не нәрсе екенін.  

           Кейбір ғалымдар «жезөкшелер үйін» ашу қажеттігін дәлелдемек те болды. Халқымыздың тарихында болмаған «үйдің ашылғанынан ұтпағымыз не? Қалай десек те, ұрпағының өрескел қылығын заңдастырмақ болу – адамгершілікке жат екені анық». Қамысты бос ұстасан, қолынды қияды демекші, ұш – қыздарымызға өзіміз тыйым салмасақ, жезөкшелерге Сарай орнатып, гомосексуалистерді заңдастырған мемлекеттер қатарынан бой көрсетуіміз ғажап емес. Ондай жағдай отбасы ынтымағы, жұбайлық жарастық, тектілік туралы әңгіме қозғаудың өзі артық болып қалмақ.

         Әр ата – ана өз балаларының тағдыры алдында жауапты екені анық. Зиянды әдетке насихаттауды астарына жасырған жарнамалар мен эротикалық, сексуалдық фильмдер балаларымыздың санасын улап, ықыласын ерте жыныстық құмарлық қоздырса не істемекпіз?...

         Соңғы кезде, жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру, оларды түрлі қауіпті аурудан сақтандыру жөнінде шетелдік жобалар елімізде жұмыс істей бастады. Бұлар да ашықтан – ашық қауіпсіз жыныстық қатынасты насихаттайды. Биік мәдениет тұрғысынан қаралған мәселе ойында ештеңе жоқ баланы елітпесіне бар ма?

         Сондықтан да жаңалықты тез қабылдағыш қалпымызға ақыл – ой безбені керек – ақ. Аталмыш тақырыптың өмірде өзекті екені анық. Зерттеу нысанамыз болғандықтан, әлі де жан – жақты бойлауға тырысамыз. Әйтсе де өмірлік тәжірибеден өткен тәрбиені деп қарамай, кейбір жақтарын бүгін де ескерту керек тәрізді. Білім беру мекемелерінің ұстаздары мен тәрбие саласындағы мамандар ұлт ұрпағының болашағы үшін халықтық тәрбиенің ғылыми – педагогикалық негіздеріне мән берген жөн                                                      

 Жыныстық қатынас мәдениетін көтеру отбасылық өмірде басты мәселенің бірі екені шындық. Себебі ажырасуға әкеліп соғудың бір себебі осында жатыр, бірақ оны ешкім ашық түрде көрсетпейді, тек мінездеріндегі келіспеушіліктен деп айта салады. Сондай-ақ жыныстық  қатынас мәдениетінің төмендігі ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдында тазалықты, адалдықты сақтамауына да әкеледі. Бұл мәселеге қатысты құнды пікір айтқан С.В.Ковалев. Ол «Психология современной семьи» деген еңбегінде ұл баланың, қыз баланың дамуындағы, тәрбиесіндегі ерекшеліктер туралы айта отырып, ұл баланың бойында ер азаматқа тән ерекшеліктердің сақталуын, қыз баланың бойында нәзіктілік, пәктілік тағы басқа ерлі-зайыптыларға қажетті қасиеттердің сақталуын ұсынады. Сондай-ақ, некелесудегі үйлесімділік заңдылықтарына, махаббаттың түрлеріне тоқталып өткен.

  Біздің көзқарасымыз бойынша әлеуметтанушы Р.А. Лемехованың жастардың неке мен отбасы, және жыныстық өзара қатынастары туралы көзқарастарының негізгі 3 типін атап көрсеткені назар аударарлықтай.

Үйлесімді. Ақыл-парасатты қылығы, мәдени сезімдерінің дамығаны, адамгершілік түсініктері жақсы қалыптасқан. Нәтижесінде – болашақ бірлескен өмірге, махаббатқа деген табиғилық қатынасы. 

34б.Аса романтикалық. Бұл «кітаптық», идеалдандырылған, өмірден жұлып алынған ойлар. Кейбіреулері бір шеттен екінші шетке яғни, дүниеде жоқ тамаша махаббақа сенуден, махаббатқа мүлдем сенбеуге дейін барады. 

      Рухани кедейленген. Жыныстық өзара қатынастары туралы оңайлатылған түсініктер байқалады. Жастар тек қана бір физиологиялық құштарлығын - биологиялық қажеттілігін ғана байқайды.

Осы барлық тізбеленген типтер қазіргі жастардың неке мен отбасына көзқарастарын қамтиды. Берік, бақытты отбасын құруда 1 тип едәуір дәрежеде мүмкіндік туғызады, яғни жастарда ақыл-парасатты қылығы, мәдени сезімдерінің дамыған, адамгершілік түсініктері жақсы қалыптасқан жағдайда өтеді.

 Студент жастарға жыныстық  тәрбие беру мәселелері.

Бүгінгі таңда Республикамызда жастардың тәрбиесі осалдап барады. Бұның негізгі себептері төмендегідей болып отыр:

  ерлі-зайыптылардың арасындағы ар тазалығы мен тән тазалығының бұзылуы;   

 - жастарға ата-аналардың, үлкендердің дұрыс кеңес бере алмауы;  

 - жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулар ЖҚТБ (СПИД), АҚТҚ (ВИЧ) санының күрт өсуі; 

 - ерлі-зайыптылар арасындағы түсінбеушілік пен дау-дамайлардың туындауы;

 - жастардың нашақорлық пен маскүнемдікке салынуы;

 кәмелетке толмағандар арасында, тұрмысқа шықпай жүкті болуы;   

 - жастар арасында аборт санының өсуі; 

  - ерлі-зайыптылар арасындағы бір-біріне деген сенімсіздік;

 - кәмелетке толмаған жастардың арасында жезөкшеліктің артуы,   және т.б. осындай проблемаларды назардан тыс қалдырмай, тез арада шешімін табуды қажет етіп отыр. Жоғарыда атап өтілген проблемалардың алдын алу мен болдырмау жолдарындағы жыныстық тәрбие беру мәселесін дұрыс жолға қоюды талап етеді. 

            Жыныстық тәрбие беру мәселесін зерттеген ғалымдар Д.В. Колесов және Н.Б. Сильверова, олар бұл мәселені жүйелі түрде қарастыруға  тырысып жастарға тәрбие беру жолдарын көрсеткен. Біріншіден,  жастарға  нағыз ер азамат, нағыз әйел қандай болуы керек  екенін ұғындыру; екіншіден жыныстық тәрбие туралы сауаттылығын көтеру, үшіншіден, жыныстық тәрбие мәдениет жетілдіру қажет деп есептеген. Жыныстық тәрбие беруді 11-12 жастан бастау керек екендігін ескертіп, жасөспірім шақта аяқталуға тиіс деген.

    Сондай-ақ  жеткіншек  мінез-құлқының  ауытқу  формасы  жеткіншектік  нашақорлықтың  жол алуына себеп  болуы мүмкін. Нашақорлықтың  алғашқы сатысы-токсикомания. Токсикомания-бұл  ауру токсикомандық  заттарды, тұрмыстық химиядан  алынған заттарды қолдануға, иіскеуге негізделген.

Соңғы жылдары  есірткі  қолданатын жеткіншіктердің саны  6-8 есеге  өсті. "Отбасылық нашақорлық" кең тарауда, яғни ата - ана кішкентай балаларын   35б.  есірткі қабылдауға өздері үйретеді. Қазіргі жеткіншектердің көп бөлігі  бір рет болса да есірткіні қолданғаны белгілі.  Нашақорлардың негізгі жасы 17 - 26 жас  (42,5  % ) аралығын қамтиды. Есірткіні қолданушылардың жасы тіпті 14 - 13 жасқа дейін төмендейді.Нашақорлық  өз кезегінде заң бұзуға,  қылмыс жасауға әкеп соғады. Жеткіншек  шақтағы  нашақорлықты  зерттеушілердің  пікірінше, нашақорлықтың  пайда болу  себебі:  бақылаудың  жоқтығы, ата-ананың  әлеуметтік  деградациясы, отбасының  бұзылуы, тұрмыстық және материалдық жағдайдың нашарлығы.Нашақорлық әлеуметтік зардаптарға ие. Есірткіні  шамадан тыс  қолдану  жастар арасында өлімнің  артуына және соматикалық,  психикалық аурулардың  қарқынды дамуына  әкеп соқтырады.

   Нашақорлық  ұрпаққа  кері әсерін тигізеді.Отбасының бұзылуына  тағы бір себеп болатын  физиологиялық  және психикалық ауытқулары бар  балалар туылады. Нашақорлық жеткіншектер жезөкшелігінің дамуына ықпал жасайды. Жезөкшелік -бұл қоғамдық  пайдалы  еңбектен бас тарту.Жеткіншек  шақтағы жезөкшеліктің  бір ерекшілігі- үлкендерге қарағанда жыныстық байланысқа санасыз баруы,өздерін үлкен қылып көрсеткісі келуі, кейде ата-аналардың өздері де осыған итермелейді. Жеткіншек  жезөкшелігі- қазіргі қоғамның қасіреті. Баланың қараусыз қалуы, бақылаудың жоқтығы, ата-ананың  немқұрайлығы үлкен қателіктер мен қиындықтарға әкеп соқтырады.

     Балалар қараусыздығы мен бақылаусыздығының пайда болу себептері:

   1. Баланың ата-анасының біреуін немесе екеуін жоғалтуы.

   2.Ата-ананың әлеуметтік тұрақсыздығы, жұмыссыздық, кедейлік, жиі ұзақ уақытқа іс сапарға баруы,денсаулық жағдайы.

   3.Отбасындағы қолайсыз жағдайлар( ұрыс-керіс, конфликттер), ажырасу, ата-ананың аморальдық өмір деңгейі,оқушылар ұжымында, достарының арасында өзара түсіністіктің жоқтығы т.б.

   4.Педагогикалық сауатсыздық, ата-ананың бала тәрбиелеуде өздерінің міндеттерін білмеуі және түсінбеуі.

   5.Баланың өзіндік әрекетіне ата-ананың көзқарасының өзгешелігі.

   6.Ата-ананың өз қамын ойлап, өздеріне көп көңіл бөлуі..

        Қазақ отбасыларында жыныстық тәрбие жөнінде ашық әңгіме құрмаған. Анасы қызынан, әкесі ұлынан ұялады. Түсіндіріп сақтандыра да алмайды, баласының не істеп жүргеніне үңіле де алмайды. Демек, түрлі қауіпті аурулардан (мысалы: ЖҚТБ, АҚТҚ секілді) қазақ баласының сақтандырылуы төмен. Болашақ татулығы жарасқан, сүттей ұйыған, үлгілі отбасы болуына кері әсерін тигізген. Осы күні он баласы бар отбасы сирек. Көзінің ағы мен қарасындай бірді-екілі бүлдіршіннің болашағын көше тәрбиесінің ықпалына жібермекпіз бе? Қай ата-ана өз баласының жаман жүріске түскенін қалайды? Не істеу керек? Жауабы қайсы?.. деген сұрақтар бүгін кімді болса да ойландыруға тиіс.

Көп жағдайда мамандар өздерінің бір жауабын ұсынады: жыныстық тәрбие жөнінде мектепте және отбасында ашық әңгіме жүргізілу қажет.

Сонымен қатар, қауіпсіз жыныстық қатынастың түр-түрін білгені жөн деп, жанашырлық танытады. Бірақ ешқайсысы үзілді-кесілді тыйылуды ұсынбайды. Ата-ана өз баласының мұндай жолға түсуіне түбегейлі қарсы 36б. болғанымен, тыйым салу жолын білмейді. Осы орайда, бізге ата-анамыз айтқан емес, біз ондай жолға түспедік қой деген жауап болуы мүмкін. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар екенін мойындауымыз керек. 1924 жылы Жүсіпбек Аймауытұлы «қазақта жезөкшелік бар ма?» деген мақала жазған.

Бүгінде ұяла отырып «бар» деп  жауап беруге тура келуші еді. Кейбір ғалымдар «жезөкшелер үйін» ашу қажеттігін дәлелдемекке де тырысады.  Халқымыздың тарихында болмаған «үйдің ашылғанынан ұтпағымыз не?» Қалай десек те, ұрпағының өрескел қылығын заңдастырмақ болу – адамгершілікке жат екені анық». Қамысты бос ұстасаң, қолыңды қияды демекші, ұл-қыздарымызға өзіміз тыйым салмасақ, жезөкшелерге Сарай орнатып, гомосексуалистерді заңдастырған мемлекеттер қатарынан бой көрсетуіміз ғажап емес. Ондай жағдайда отбасы ынтымағы, жұбайылық жарастық, тектілік туралы әңгіме қозғаудың өзі артық болып қалмақ.

Әр ата-ана өз балаларының тағдыры алдында жауапты екені анық. Зиянды әдетке насихаттауды астарына жасырған жарнамалар мен эротикалық, сексуалдық фильмдер жастарымыздың санасын улап, ықыласын ерте жыныстық құмарлық қоздырса не істемекпіз?...

Соңғы кезде, жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру, оларды түрлі қауіпті аурудан сақтандыру жөнінде шетелдік жобалар елімізде жұмыс істей бастады. Бұлар да ашықтан-ашық қауіпсіз жыныстық қатынасты насихаттайды. Биік мәдениет тұрғысынан қаралған мәселе ойында ештеңе жоқ баланы елітпесіне бар ма?

Сондықтан да жаңалықты тез қабылдағыш қалпымызға ақыл-ой безбені керек-ақ. Аталмыш тақырыптың өмірде өзекті екені анық. Зерттеу нысанамыз болғандықтан, әлі де жан-жақты бойлауға тырысамыз. Әйтсе де, өмірлік тәжірибеден өткен тәрбие деп қарамай, кейбір жақтарын бүгін де ескерту керек тәрізді. Білім беру мекемелерінің ұстаздары мен тәрбие саласындағы мамандар ұлт ұрпағының болашағы үшін халықтық тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздеріне мән берген жөн.

      «Бірінші байлық денсаулық» - деп халық текке айтпаған. Сондықтан мектепте оқушылардың денсаулығын нығайту шараларын өткізу керек. Дене шынықтыру сабақтарын бүгінгі күннің талаптарына сай ұйымдастыра отырып, түрлі спорт түрлері бойынша секциялар құру, жарыстар өткізу, салауатты өмір салтын орнату үшін күш жұмсау, жастардың бос уақытын  қызықты, мәнді етіп жаңа тәрбие жұмыстарының формаларын енгізу қажет. Бұл іске қатысы бар мамандармен тығыз байланыс жасап, «бірлесіп пішкен тон келте болмас» - дегендей, барлық мамандардың білімдері мен тәжірибелеріне сүйену керек.

           

 

 №8 Тақырып: Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі.



                 1.  Отбасындағы тәрбие дәстүрлері.

                 2.  Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі, тәрбиедегі кемшіліктер.

                3.  Әйелдің кәсіптік, аналық ,жұбайылық рөлдерді атқаруы.

    4. Ата-ананың балаға деген махаббаты.     



Жас баланы  отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім - тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас 38б.баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.

      Отбасында, әсіресе, ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны "Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын", "Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес" деген мақал - мәтелдерден көруге болады. Ал, "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер", "Үлың өссе - ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе - қызы жақсымен ауылдас бол", "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" -мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп-өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім алады.  "Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы".Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт,10 жасқа дейін құлдай жұмса,15 жастан асқан соң-досыңдай сырлас»-деп халық текке айтпаған. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы,киім киюі,мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі Өйткені,  "қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі", "Әкеден - ақыл, анадан - мейір алады", "Әке - сақар тау болса, ана бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ"халықтың даналық сөздері еске түседі. Осы бір үш сөз әке, ана,  бала - отбасы ошағының  үш тағанына  іспеттес.

    Тәрбиеге арнайы бөлінген уақыт жоғы белгілі. Ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп, ұрпағына мирас ете білсе, өзінен күш -қуат кетіп, бағу-қағу сияқты күтім қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.

Семья тәрбиесінде ата-аналардың ез мінез-құлқы шешуші фактор болып табылады. А. С. Макаренко лекцияларында: «Сіз өз балаларыңыздын, тәрбиесін баста-мастан бүрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәр-се... Ата-аналардың ездеріне талап қоюы ата-аналардың өз семьясын қадірлей білуі, езінің әрбір қадамын қадағалап отыруы — тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі,— деген болатын.

      В.А. Сухомлинский: «Отбасының  тәрбиесінің басты мақсаты - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесіндегі басты мектеп ол ата- ананың қарым-қатынасы»-деген.

     Отбасының құрылымында отбасының әрбір  мүшесі белгілі әлеуметтік рөлдерді атқарады: күйеу, әйел, әке , ана, ұл, қыз, аға, қарындас, ата, әже деген.  В.А.Сухомлинскидің пікірі бойынша адамның бақытты болуы оның өзіне қатысты рөлдеді адал, шын ниетте орындауына байланысты деген.

     Рөл-жеке тұлғаның әлеуметтік функциясының орындалуы, қоғамда қалыптасқан  нормаларға,  адамның тәртібінің, оның қоғамдағы статусына, тұлғааралық қатынас жүйесіне сай болуы. (Психологиялық сөздік).

    Казіргі отбасының мүшелері төмендегідей рөлдерді атқарады:

39б. 1.Материалдық жағынан отбасын қамтамасыз етуге жауапты.

 2.Отбасын басқарушы- отбасының ұйтқысы, берекесі.

 3. Баланы күтуге жауапты адам.

 4. Тәрбиеші.

 5.Жыныстық партнер.

 6. Бос уақытты ұйымдастырушы.

 7.Отбасының мәдениетін ұйымдастырушы.

 8. Туыстар арасындағы байланысты ұйымдастырушы.

 9. Психотерапевт.

          Отбасындағы рөлдерді атқару отбасының типіне байланысты  болып келеді. Казіргі отбасы тең құқықты, эголитарлы болуымен сипатталады.

          Отбасындағы рөлдер конвенционалды(мораль,заң, құқық бойынша)  және тұлғааралық түрлерге бөлінеді.

Отбасындағы баланың дамуына қолайлы жағдайдың бастысы ол балаға деген махаббат.

   Сүйіспеншілігі мол отбасы– ол баланы түсінетін,баламен үйлесімді қарым қатынас жасап  үлкен қуаныш әкелетін,балаға сенім білдіріп, қолдау көрсетіп отыратын  баланы ақылмен сұйе білетін отбасы.

Ата-ананың балаға деген махаббаты-әрбір азаматтың отанға, досқа, туыстарға, сүйген жарға деген махаббатының жетекшісі, көш басы деп түсінуге болады. Өмірдегі небір сырлы махаббаттар ата-ананың балаға деген мейірім махаббатынан тараған. Сол ата-ананың өзі еккен махаббаты қартайғанша тозбай, ондай ата-ана өткен өміріне өкінбей, еңбегінің жанғанына риза болады. Балаға деген соқыр махаббат баланың тәрбиесінде түрлі қателіктердің орын алуына әкеледі.

     Ана тәрбиесі - кешенді тәрбие, жинақталған аса тағылымды мектеп.

Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілдік қасиеттер қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық, батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады. Сондықтан да, ата-анаға, ұстазға өз жүрегінің тебіренісін жай-күйін бала сезіміне әсер ететіндей жеткізе білуге тырысқан жөн.

       Әке -  балаға сыншы. Ол бала бойындағы  әрбір жақсы ісіне сүйсініп,  теріс әрекетіне күйінеді. Әке тәрбиесі  - асауды  ауыздықтандыратын, тентекті тұзақтайтын, елдікті сақтайтын,  ерлікті жақтайтын, шаңырақтың  шаттығын шалқытатын ұлы мектеп.

     Тәрбиенің үлкен құралы - шындық. Егер баланы жастайынан шындыққа  тәрбиелесек,  барлық адамгершілік  қасиет соның маңайынан табылады.

      Бала - адамның бауыр еті, баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік деп Абай атамыз  айтқандай, бала жақсы  болса,  жаның тояды,  жаман мінезін  не іс - әрекетін  естігенде  бір жасқа қартаясың.  Жас ұрпақты  тәрбиелеу жүйесі  заман талабына   сай қоғамдық  өмірде болып жатқан   ұлы өзгерістерге  байланысты. Қазір  қоғам жан - жақты үйлесімді  жетілген  жаңа адамды тәрбиелеуді  талап етеді. Қоғам талабы, заман талабы,  өйткені әр

 

 



 40б. адам өз заманының баласы.  Сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заң туындайды.

 Баланың адам ретіндегі қалыптасуында тәрбиенің негізі ата-анадан деп есептегенімен, жүрген ортаның, ағайын-туыстың, жора-жолдастың, отбасының, ең әуелі туған жердің табиғатына дейін әсер тигізетіні рас. Бұлардың бәрін, ержетіп, азамат болуда ықпал етер шартты жағдайлар деп бағаласаң, көгеріп, көркейіп өскен жастың жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі - әке-шешесі.



 Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің көздері осыларда.

        «Семья үлкен және жауапты іс, осы істі ата-аналар басқарады және оған қоғам алдында жауап береді»,— деді А. С. Макаренко. Оның айтуы бойынша әрбір ата-ана өзінің міндетін адал және түсініп орындауы қажет.

Кейбір семьяларда жиі кездесетін кемшіліктердің бірі әке мен ана өздерінің мінез-құлықтарындағы кемшіліктермен күреспейді. Олар өз балаларынан әдептілікті, ұстамдылықты, тағы да осы сияқты жағымды қасиеттерді талап етеді. Бірақ ата-аналардың өздері бұл талаптарын естен шығарып, балалары және ересек адамдармен дөрекі тілде сөйлеседі. Балалардың өтірігін бетіне баса отырып, өздері де бетпақтықпен өтірікті жиі айтады. Олардың әділетсіздігін, екіжүзділігін, тәртіпсіздігін байқағыш, сезімтал балалар тез көреді. Ата-аналарының мінез-құлқындағы мұндай «өнеге» оларды да тәртіпсіздікке итермелейді. Балалармен бірге азғындыққа түспеу үшін өзіңнің күш қабілетіңді барынша пайдаланып, оларға мейірімді өнегемен әсер ету керек екені жайлы ұлы жазушы Л. Н. Толстой кеңес берген болатын.

Отбасы тәрбиесіндегі қателіктердің, бірі — бұл кейбір ата-аналар балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударады, жылы жүзбен қарап қамқорлық жасамайды. Ал тату тәтті өмір сүріп отырған семья әрдайым балалардың тәрбиесіне зер салады, олардың күнделікті өмірі мен іс-әре-кеттеріне басшылық жасайды.

Баланың ішкі дүниесін білу үшін оның әрбір жағдайдағы (ситуация) қылықтары мен іс-әрекеттерін де білу керек. Кейбір ата-ана баласының дұрыс істемеген іс-әрекетін түсіндіруге тырысады, бірақ оның мінез-құл-қындағы қалыптасқан әдеттердің себептерін білуге көп көңіл бөлмейді.

Кейде қыңырлық шаруашылықтың салдарынан, я кейбір сыртқы факторлардың әсерінен баланың бір нәрсеге еліктеп қайғыруынан болады. Мұндай жағдайда баладан тапсырылған жұмысты орындауды талап етудің кейді тиімділігі аз болады.

        Қыңырлықтың тағы да бір себебі балаға семьяда дұрыс тәрбие бермегендіктен туады. Семьяда баланың талаптары мен қажеттілігінің бәрі сөзсіз орындалады, «жұмақ өмірде» тәрбиеленіп өседі. Мұндай семьяда

баланың өз бетімен әрекет жасауына, өздігімен ынталы активті болуына жағдай жасалынбаған. Сондықтан бала семья коллективінде өз орнын таба білмегендіктен  қарсыласу жолын іздейді.

41б.Баланың мінезін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, оның дамуына және оған не нәрсе қажет екенін білу керек.



 Отбасылық оқудың міндеттері ата-аналар өз балаларының оқуды қажет ететіндігін білуі керек, оларды кітаппен жұмыс істей білуге үйрету, оқуға әдеби талғамын дамыту және балаларды оқиғалы, тарихи әдебиеттерді оқуға үйретіп қана қоймай, моральдық және әлеуметтік бағдарын қалыптастырған жөн. Түпнұсқадан оқу — ол оқыған кітабының мазмұнын терең түсінуіне қоршаған орта, өзі туралы, өзінің тағдыры мен болашағы туралы ойлануына жәрдемдеседі.

Сонымен бірге мұндай семьяларда балалардың мінезінде патологиялық, яғни қалыптан тыс ауытқу, олардың дамуында нақты өзгерістер байқалады: мінезі қатты, ұстамсыз болады, жалған сөздер айтады, ата-аналарына және айналадағы адамдарға агрессивті болады. Мүндай тәрбие біздің өмірімізге сыйыспайды, балалардың келешек бақытына нұқсан келтіретін ата-аналарды ерекше бақылауға алып, семья климатын жақсарту үшін олармеғі сақтандыру жұмыстарын жүргізіп отыру керек.

Бұл балалар мектепте нашар оқып, «жеңіл» өмір стиліне еліктеп, сабаққа дұрыс қатыспады. Уақытты бұлай өткізуге ақшаның қажет болуы, право тәртібін бұзушылыққа әкелді. Ата-аналары дер кезінде тиісті шара

қолданбады. Соның нәтижесінде балалар правоны бұзуы қылмысты жауапқа тартылды.

Мұндай фактылар бірлі-жарым емес. Балалардың тағдырына әке мен ананың мейірімсіз болуы — олардың еліміздің болашақ азаматы болуына зиянын тигізеді.

Әрбір әке, әрбір ана семья тәрбиесінде өзінің жетекшілік орнын табуы қажет, өзінің балаларына сергек және рухани тәрбиеші болуы тиіс. Өйткені, барлық баланы бір рецептімен тәрбиелеуге болмайды, әр баланы дербес мұқият зерттеу арқылы жан-жақты білу керек.

         Демек, "алмақтың да салмағы бар" дегендей, әрбір жас, ең алдымен, өзін дүниеге әкелген ата-анаға, түрлі қамқорлық жасап отырған Отанға, білім берген ұстаздарға, рухани азық, үлес қосқан адамдарға қарыздар. Оны өтеуі - азаматтың жан-жақты білімді, мәдениетті, еңбекшіл мейірімді адам болып қалыптасуы, өмірден өзіне лайықты орын табуы, Отан мен ананың игілігін арттыруға үлес қосуы деп түсінгеніміз жөн.

Ата-ана балаға өз басының жақсы қасиеттерімен, спорт жүлдегерлерінің, жақсы көршілердің, тәрбиелі жандардың да жетістіктерін дер кезінде айтып, соған қызықтыра білгені де дұрыс. Бұл әдіс арқылы баланың ойына тек жақсылықты уағыздап, соған талпындырады.

 Отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы.

Отбасында балалардың тәрбие барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады:

1.Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.

 

42б. 2.Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектану, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды                 әл-ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.



3.Отбасының тәрбие потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналасуы, отбасының  дәстүрлік мерекелері т.б.

4.  Отбасының ішкі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы  көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.

5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысты.

6.   Отбасының тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі т.с.с.

Қорыта келе, жанұя тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір белігі, ата-ана борышы. Отбасының жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің тәрбиелік ықпалы ете күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет.

  Белгілі кеңес педагогы А.Макаренко ата - аналарға бір сөзінде былай деген екен. "Сіз  қалай киінесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен  және қас  адамдарыңызбен қалай  қарым - қатынас  жасайсыз, сіз қалай күлесіз,  газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз міне,  барлығының да балаға әсері мол».

    Әйелдің  кәсіптік, отбасылық рөлдерді атқаруы.

     Әйелдердің отбасындағы орны мен олардың күнделікті жағдайы да отбасы тарихындағы маңызды мәселенің бірі. Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиеттердің көпшілігінде қазақ әйелдерінің қоғамдық қатынастарда құқықсыздығын орынды баяндаумен бірге, олардың отбасындағы  орнын, Орта Азия халықтары әйелдерімен  салыстырғанда әлдеқайда еріктілігін негізінен дұрыс көрсетеді. Солай болғанмен де әйелдердің отбасындағы орнын анықтауда оны әлеуметтік қатынастармен байланысты қарамай, бүкіл қазақ  әйелдерінің көрген күні қараң,  тұрмысы ауыр, өмірі азапты өтеді деген үстіртін  пікірлер де болды. Сондықтан төңкеріске дейінгі отбасындағы әйел орнын анықтауға, оның қоғамдық және үйдегі жағдайына тоқталған уақытта әлеуметтік қатынастарды, ислам дінінің және халықтың әдет-ғұрыптардың ықпалын дұрыс ескерсе ғана өткен өмірді обьективті түрде көрсетуге, ол туралы дұрыс тұжырымдауға  келуге болады. Қазақ қауымында қоғамдық мәселелерге байланысты әйелдің орны еркектерге қарағанда әлдеқайда кем саналғандығы кімге болса да аян. Ел арасындағы әр түрлі мәселелерді және ауыл отбасы тағдыры көбінесе әйелдердің араласуынсыз тек ерлер арасында, онда да  ақсақалдар мен билер арасында шешілетін. Ал әйелдердің мойынында тамақ дайындау, киім тігу, жүн сабау, киіз басу, жіп иіріп алаша тоқу, кір жуып, үй жинау, от жағу, жас балалар мен кәрі ата-енесін күту, үйдің ұсақ-түйек шаруаларын атқару түгел әйелдерге қарады.

    43б. Сөйтіп қазақ қауымындағы патриархалды-феодалдық қарым-қатынастың салдары мен ислам дінінің әсеріне байланысты әйел атулыны төмен санап, оларға байлар мен билер тәкаппарлықпен қарау да орын алды. Бірақ, жалпы халық арасындағы ежелден қалыптасқан ұғым бойынша  еркекке бергісіз әйелдердің болғанын жоққа шығармайды.

     Бүгінгі күні бүкіл әлемде әйелдердің қоғамдағы  жетекші рөлінің артып отырғаны белгілі бір заңдылық. Алысқа бармай-ақ, өз халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған Томирис патшайымның, Қарашаштың, Домалақ ененің, Әлия мен Мәншүктің есімдерін айтсақ та жеткілікті.      Ендеше, егеменді ел атанып, етек-жеңімізді жинап, әлемдік өркениетті мемлекеттермен үзеңгі қағысуымызда әйелдердің де асқан үлесі бар деп айта аламыз.

     Қазақстан әйелдерінің биліктегі арақатынасы туралы мәселе, яғни, саяси аренаға әйелдердің қатысы қазіргі күн тақырыбындағы өзекті проблема. Тарихи тәжірибені зерделесек, кеңестік жүйенің коммунистік партиясы әйелдерге байланысты заңдарды, әлеуметтік саясатты дамыту стратегиясын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

     Мемлекеттік саясаттағы гендерлік проблеманы енгізу нәтижесі жоғары білімді әйелдердң санының өсуімен сипатталады. Мәселен, 1939 жылы халық шаруашылығындағы 1000 әйелдің алтауы жоғары білімді болса, 1959 жылы бұл цифр – 29, 1970 жылдары – 55, 1979 жылы – 91 болған...

     Әйелдердің еңбектегі белсенділігінің артуы экономиканың, мәдениеттің даму талабымен айқындалғаны түсінікті. Оның үстіне білімділік пен кәсіби жоғары даярлық үлесі де өсті, бұл өз кезінде әлеуметтік жағдайдың басты критериіне айналды. Кеңестік кезеңнің тарихындағы басты ерекшелігі - әйелдердің әлеуметтік позициясына саяси қолдау көрсетуде эгалитаризм идеологиясын жетекшілікке алған. Мемлекет әйелдерінің сайлану құқығын, қоғамның барлық саласындағы рөлін арттыруды жүзеге асырды. Дегенмен, әйелдердің саяси өкілеттілігі кеңестік саяси жүйенің шеңберіндегі шараларға тәуелді болғанын есте ұстауымыз керек.

     Әйелдерді билікке қатыстыру ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында кеңінен өрістеді. Алайда, партиялық-шаруашылық, қоғамдық-саяси басқару аппаратына әйелдерді көтеру ісі өте төменгі деңгейде жүргізілді. 1989 жылы басшылық қызметтегі әйелдердің үлес салмағы 4,8 пайыз болды (оның ішінде, өнеркәсіпте – 9,4 пайыз, ауыл шаруашылығында – 5,5 пайыз, транспортта не бәры – 0,6 пайыз, байланыс жүйесінде – 4,3 пайыздай...)    Жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда, кеңес үкіметі тұсында басшылық қызметке әйелдердің тағайындалуы сиректеу болғанын көреміз. Әйел қауымы интеллектуалдық мүмкіндігі ер адамдардан кем түспейтіндігі белгілі. Демек, қоғамның билік жүйесіндегі әйелдің жағдайы отбасылық-тұрмыстық дәстүрден асып шыға алмады. Шын мәнінде, кеңестік кезеңде әйелдердің дискриминациясы «жасырын» практикамен іске асырылды.

     Тоталитарлық саяси жүйеде мұның бәрі өміршілдік-әкімшілдікке, орталықтандырылған жоспарды экономикаға, бір партиялық монополияға бағындырылды. Сондықтан билік органдарының қалыптасу тетігі де осындай          44б. бағытта айқындалды.   

     Егемен Республикамыздың тұңғыш Конституциясының қабылдануы сайлау жүйесінің мүлдем жаңа кезеңін тудырды десек те, 1994 жылғы сайлаудың нәтижесі бойынша, 13-шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің 176 депутаттары арасында әйелдер Кеңесі ұйымдарының 3 мүшесі болды. Бүгінде Парламент депутаттарының  арасында әйелдер не бәры 11 пайызды құрайды. Еліміздің Парламенттік корпусы, билік құрылымындарында негізінен ер-азаматтар отыр. Министрлер мен вице-министрлер арасындағы әйелдер саусақпен санарлықтай ғана.

     Сондықтан, қазіргі Қазақстан әйелдері бейүкіметтік ұйымдар құрып топтасу арқылы өз мәртебесінің, әлеуметтік жағдайының өзгеруіне белсенді ықпал жасауда. Әйелдер өздерінің экономикалық ресурс ретіндегі сапалық қасиетін өтпелі кезеңдерден жоғалтпай келеді. Қазіргі Республика тұрғындарының жартысынан астамын құрайтын әйелдер нарық жағдайына бірден бейімделді, саяси өмірге белсене араласты. Осының барлығының басты өзегі  -  әйелдің ұрпақ тәрбиесіне, оның өсіп-өнуінің игілігін еселеп жетілдіруге бейжай қарай алмауынан туындайтын сапалық қасиеті. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы әйелдер қозғалысы институты кенеттен басталған құбылыс емес. «Заң» газетінің 28 қарашасындағы  нөмірінен біздің республикамызда 374,4 мың әйелдердің жұмыссыздығы, оның біразы жоғары білімді екендігі жайлы деректерді оқыдым. Қазақ ұлтының бесігін түзейтін әйелдердің жағдайы Үкімет тарапынан шұғыл түрде қамқорлыққа алынбаса қазақтың саны қалай көбеймек.

     Әйелдердің белгілі бір саяси позициясын айқындауы әлеуметтендірілуді талап етеді. Ол үш түрлі салада өрістейді: белсенді іс-әрекет, қарым-қатынас, саналы түрде айқындалу. Аталған салалар саяси сипатта көрініс табады. Бұл сипаттағы саяси білім мен біліктілік жүйесін игеру барысында бекітеді. Саясаттағы әйелдер, олардың саяси әлеуметтендірілуі саяси іс-әрекетінің барлық деңгейін қамтығанда ғана нақты саяси салмақ пен мәртебеге, беделге ие болады. Оның нақты дәлелі «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының» белсенді қызмет әрекеті болып отыр (президенті Р.Сарсембаева).

     Елбасымыз «Әйел саяси шешім қабылдау процесінен тыс бола алмайды. Өкімет органдарында әйелдердің өкілеттілігі жеткілікті дәрежеде емес. Әйелдерсіз демократия болуы мүмкін емес», - деп атап көрсеткендей, әйелдердің әлеуметтік тепе-теңдігі заңмен қамтамасыз етіліп, қоғамдық, атмосферада тұрақты басымдыққа айналуы тиіс. Бұл мәселенің ойдағыдай орындалуына біз, әйелдер – қоғамдық күш ретнде жұмыла еңбек етуіміз керек деп ойлаймыз. Өйткені, біздерге бүгінгі ұрпақ пен бүгінгі отбасы қамын ойлау міндетімен қоса қоғамның саяси, мәдени, рухани өміріне белсене араласуды заман талабы жүктеп отыр.  

                    

 

        № 9 Тақырып:  Отбасында бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар.



      1.Тәрбие потенциалы туралы  түсінік.

      2.Балаға дұрыс тәрбие беруге ықпал ететін факторлар.

      3. Балаға тәрбие берудегі қателіктер.

      4.Тәрбие беруде  қателіктердің болу себептері.

                 Ата  - анасының балаға сын көзқараспен қарап, кемшілігін түзеп, жетістігін  жебеп отыру - тағы бір үлкен  мәселе. Ол тіпті баланың  болашақтағы орны  туралы үлкен мәселеге ұласады.

       Баланың жақсысы-әке мен шешенің ары,ата-ананың абыройы. Жаманы-қайғысы,азап-соры.Бұл пікірді атақты педагог В.Сухомлинский айтқан.   Демек,бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы міндеттерін күшейтеді.

       Фактор – процестің, құбылыстың  қозғаушы күші, оның негізгі сипатын , белгілі жақтарын анықтайтын.

    Даму  факторы – факторлар жүйесі,  баланың психикалық және  тәртібінің дамуы , олардың негізіне орта мен тәрбиенің ықпалы алынады. (пед. словарь)



жүктеу 3,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау