36
4. Проект Концепции развития инклюзивного образования в Республике Казахстан на 2005-2010 г.
5. Залесская О.В. Младшие школьники с ЗПР: уроки общения – М.: Школьная Пресса, 2004.
ТҮРКІЛІК ОРТАҚ ƏДЕБИЕТ ТАРИХЫН ОҚЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Дандай Ысқақұлы
филология ғылымдарының докторы, профессор
С. Демирель атындағы университет
Əдебиеттің тарихы – əдебиеттану ғылымының негізі болумен бірге көлемі жағынан ауқымдысы
да, сондай-ақ шешімін күтіп тұрған проблемалары көбірегі де. Əдебиет тарихын жасау, оны дəуірлеу
мəселесі əдебиетті зерттей бастаған кезден күн тəртібінде келеді. Сырт қарағанда, онда тұрған не бар,
тарихты кезең-кезеңдерге бөліп, жаза берсе болмай ма деуге де болатын сияқты. Сөйтіп те келдік. Де-
сек те заман өзгерді, заманмен бірге адам да жаңарды; қоғамдық сана өзгеріп, ғылым мен мəдениет
дамыды.
Осының барлығы əдебиеттің, оның ғылымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Соның бірі –
əдебиеттің тарихын жаңаша дəуірлеу, тың деректер мен пікірлермен толықтыра түсу, бүгінгі таңдағы
қоғамтану ғылымының жетістіктерімен қаруланған, ХХ1 ғасырдың жаңа адамының талғамын қанағағт-
тандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере алатын толыққанды əдебиет тарихын қайта жасау.
«Мəдениеттер қақтығысының», сыпайылап айтқанда, «мəдениеттер тоғысының» негізгі соққысы
ұлттық тілге, оның əдебиетіне бағытталып, əлемді алқымынан алып, халықтың жанды жерінен жа-
ралап, рухын жоюда. Қазіргі тіл майданы жүріп жатқан əлемде ұлттардың алдына не өмір, не өлім
проблемасы қойылып, қамдарын жасай бастады. Міне, осындай кездерде түбі бір түркі халықтары
өздерінің жаһандануға жұтылып кетпеуі үшін де рухани жағынан бірігуінің маңызы зор.
Əдебиет – руханияттың күре тамыры. Сондықтан да тегі бір, тілі бір халықтардың ерте кездердегі
əдебиетін қайта қарап, бүгінгі əдебиеттану ғылымы жеткен жетістіктерді пайдалана отырып, жаңаша
көзқараспен түркі бірлігіне қызмет ететін ортақ əдебиет тарихын жасау – кезек күттірмейтін мəселе.
Бұл – мəселенің бір жағы болса, екінші жағынан, күні бүгінге дейін өзіне лайықты насихатталып,
бағасын ала алмай келе жатқан дамыған түркілік əдебиетті тіпті өзімізге, одан қалды əлемдік оқыр-
манға да насихаттау, таныстыру өз дəрежесінде емес. Оның ар жағында қоғамдық даму барысында түр-
кілік мəдениеттің əлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесін анықтау деген секілді ауқымды міндеттер
тағы тұр.
Ортақ əдебиет тарихының зерттеу нысаны – алдымен, анықталып алынуы тиіс күрделі мəселенің
бірі. Түркі халықтарының əдебиеті дегеніміз не, ұлттық əдебиет пен түркілік əдебиеттің ара жігі қалай,
ортақ əдебиетке қай дəуірлер жатады, ұлттық, түркілік əдебиетке қандай əдебиетті жатқызып, негізгі
өлшем ретінде тегі, жері, тілі сияқты өлшемдердің қайсысын аламыз деген секілді сандаған сауалдар
ғылыми тұрғыдан жауаптар күтуде. Осы сияқты бірсыпыра мəселелердің дұрыс шешілуі қолға алынға-
лы отырған үлкен жұмыстың дұрыс бағытта жүруінің бірден-бір кепілі болмақ.
Осы уақытқа дейін түркілік ортақ əдебиетті бірлесе отырып зерттеу мəселесі күн тəртібіне қойыл-
май, тек ұлттық əдебиеттің тарихын жасау жұмыстары жүріп жатыр. Осының салдарынан түркілік
ортақ əдебиет пен ұлттық əдебиеттің бірге қарастырылуы тиіс көптеген мəселелері біржақты шешіліп
келді. Ұлттық əдебиетті анықтауда көбіне территориялық принциптің алға шығып отырғандығын бай-
қаймыз.
Мысалы, ортағасырлық Əл-Фараби көп уақыттарға дейін өзбек əдебиетінің тарихында орын алып
келсе, кейін туылған жері Отырар (Фараби) Қазақстанда болғандықтан да қазақ делініп жүр. Жүсіп Ба-
ласағұнға қазақ пен қырғыз таласуда. Осы сияқты орта ғасырларда жасаған Қ. А. Иассауи, М. Қашқари,
Ə. Хорезми сияқты көптеген ірі қайраткерлер көбіне бір ғана ұлттың ауқымында қарастырылып, олар-
дың күллі түркі жұртына ортақ ұлы тұлғалар екендігіне назар онша аударылмай келеді.
Белгілі бір əдебиеттің өкілдерін анықтағанда, оның шыққан тегіне мəн береді. Мысалы, Əл-Фараби
Отырарда туылғанының үстіне руы қыпшақ екендігі көрсетілгендіктен де, ал қыпшақтардың кейіннен
қазақ ұлтының құрамына кірген негізгі ұлттардың бірі болғандықтан да қазақ деп жүр. Ал Қадырғали
Жалайыри, Мұхамед Хайдар Дулати сияқты шыққан руын ата-тегі (фамилия) етіп алғандар да бар.
Əзірше Жалайыриға талас жоқ, Өйткені жалайыр тайпасы тек қазақтың құрамында. Ал Дулатиға кел-
сек, əңгіме – басқашалау.
Түркі халықтарының бір кездерде қытайлармен аралас-құралас өмір сүргендігі белгілі. Соңғы зерт-
37
теулердің барысында қытай деректерінен түркі тайпаларынан шыққан көптеген ақындар белгілі болды.
Мысалы, қытай тілінде жазған қаңлы Пото-Дың (232-248), қаңлы Бұқым (1255-1300), қыпшақ Сағи-
долла (1272), дулат Хы-Тял-Тың (1247-1313), қыпшақ Сарын т. б. сияқты бұрындары белгісіз болып
келген ақындар шығып жатыр. Қытай əдебиетінің классигі саналып келген Ли Боның дулат руынан
шыққандығын дəлелдеп, ақынның қазақ əдебиетінің тарихынан өзіне лайықты орнын алуы керектігін
көтерген М. Оразбайдың пікірі кейіннен дау-дамайға ұласты. «Қытай əдебиетінде жүрген» тағы бір
түркілік ақын Кан Мен Эрдың тағдыры да осылай болды.
Əдебиеттің негізі – тіл. Шығарма қай ұлттың тілінде жазылса, сол ұлттың əдебиетіне жататындығы
дау тудырмайды. Қай халықтың болмасын, ұлттық əдебиетін сол ұлттың тілінде жазылған туындылар
құрайды. Поляк Юзеф Теодор Конрад Коженевский Джозеф Конрад деген атпен ағылшын, тағы бір
поляк Гийом Альбер Владимир Александр Аполлинарий Костровицкий француз, сондай-ақ молдаван
А. Кантемир, украин Н. Гоголь, кавказдық Булат Окуджава мен Фазиль Искандер орыс əдебиеттерінің
өкілдері ретінде танымал. Түркілік əдебиеттің негізгі өлшемі де – осы.
Десек те бұл қалыпқа сия бермейтін жағдайлар да жиі кездеседі. Жоғарыдағы тегіне қарай түркі
əдебиетіне жатқызылып жүрген ақындардың қытай, араб тілдерінде жазғаны белгілі. Əдебиет ұлттық
мəдениеттің, рухтың көрінісі болса, басқа мəдениетке, рухқа сай тілде жазылған көркем шығарманы
авторының тегіндегі əдебиетке жатқыза аламыз ба? Ақын жазушы қай тілде жазса, сол ұлттың сөз
өнеріне үлес қосып, ұлттық рухына, мүддесіне қызмет ететіні белгілі. Əлемдік əдебиетте қаламгер
қай тілде жазса, сол тілдегі əдебиеттің өкілі деп қараушылық басым. Бұл мəселені біз қалай шешуіміз
керек? Отаршылдық саяаттың «жемісі» ретінде соңғы кезеңдерде орыс, қытай тілінде жазатын қазақ
қаламгерлері шыға бастады. Басқасын былай қойғанда, орыс тілінде жазатын Олжас Сүлейменовтің өзі
жат жұрттық оқырмандарға қазақ əдебиетінің өкілі ретінде танылып жүрген жоқ па? Он томдық «Қазақ
əдебиеті тарихының» соңғы кітабында «Қазақстандағы орыс əдебиетіне» арнайы тарау арналды.
Міне, осы тақілеттес сандаған сауалдар əдебиет тарихының тереңіне бойлаған сайын мен мұндалап
көбейе түседі. Сондықтан да мұндай мəселелердің əлемдік əдебиет тарихтарында қалайша шешімін
тауып жүргеніне назар аударып, ғылыми негізді бір шешімдерге келу керек. Олай болмаса, аяғы тау-
сылмайтын дауларға ұласып кетуі мүмкін.
Əдебиет тарихының негізгі зерттеу нысаны – белгілі бір дəуірдің əдеби өмірі. Ал əдеби өмір (про-
цесс) дегеніміз, белгілі бір дəуірдегі əдебиеттің тұтастай күйіндегі тарихи өмір сүруі, дамуы күйіндегі
аса күрделі жай-күйі. Ал əдеби өмірді жекелеген қаламгерлер, олардың шығармалары, ол шығармалар-
ды оқырмандардың қалай қабылдағаны жайлы пікірлер, əдеби, немесе əдебиетке қатысы бар оқиғалар
құрайды. Əдебиет тарихын зерттеуші бұдан талай замандар бұрын өтіп кеткен дəуірлерге үңіліп, əдеби
өмірде болып өткен елеулі оқиғаларды, фактілерді електен өткізіп, негізгілерін анықтау үшін əдеби
өмірдің даму бағытын белгілеген басты оқиғаларды, негізгі ағымдарды сол дəуірдің саяси-əлеуметтік,
мəдени аясында ашып көрсетуі тиіс.
Əдебиеттің тарихы – осы уақытқа дейін əдебиеттің əр дəуірлерінде өмір сүріп, артына өшпес мұра
қалдырған ақын-жазушылардың хронологиялық тұрғыдан жүйеге түскен шежіресі де. Шын мəніндегі
əрбір дарын иесі бұрынғы ұлттық дəстүрді жаңаша жалғастырып, əдебиетке жаңа стиль, жаңа бағыт,
жаңа форма, жаңа идеялар əкеліп, тұтастай бір əдеби мектепке айналады. Əдеби өмірде мұндай əдеби
бағыттар бірнешеу болып, қатарынан қанаттаса дамып, не болмаса, араларында əдебиетке көшбас-
шылық үшін қым-қиғаш күрестер жүріп жатуы мүмкін. Сондықтан да əдебиет тарихшысы əдеби дəуір-
лерді зерттегенде, осы мəселелерге назар аударып, əдеби ағымдардың ішіндегі басты даму бағыттарын
айқындай түсіп, соның басы-қасында жүрген көрнекті əдебиет қайраткерлерінің əдеби дамуға қосқан
үлесін анықтауға күш салуы тиіс.
Əдебиет тарихын зерттегенде, ылғи да назарда болуға тиіс мəселенің бірі – əдеби жанрлар. Əдебиет-
тің бірден пайда бола салмағаны əлімсақтан белгілі. Əдебиет дегеніміз – жанр. Əдебиет ғасырлар бойы
жанрлық тұрғыдан дамып, бүгінгі биікке жетті. Демек, əдебиеттің дамуы дегеніміз, оның жанрлық
тұрғыдан жетілуі екен. Сондықтан да əдебиеттің тарихын зерттеуші қарастырып отырған дəуіріндегі
əдеби жанрлардың жай-күйін барлық уақытта назарда ұстап отырғаны лазым.
Əдеби жанрлар бірден пайда бола қалған жоқ. Əдебиет тарихының ежелгі дəуірінің əдебиеті деп
жүргеніміздің көпшілігі біздің бүгінгі əдебиет туралы ұғымымызға, əдеби қалыптарға сай келе бер-
мейді. Сөз өнерінің ең көне үлгілері қатарында тасқа жазылған сына жазулары, шежірелер, шіркеулік
жазбалар, хаттар, тарихи деректер сияқты үлгілер алынып жүр. Бұлар кейін ұзақ даму жолдарынан
өтіп, бүгінгі профессиональды əдебиет дəрежесіне жеткен. Сондықтан да əдебиет тарихшысы белгілі
бір дəуір əдебиетін зерттеу барысында оның жанрлық, яғни көркемдік жағынан қаншалықты деңгейде
екенін анықтап отыруы лазым.
Достарыңызбен бөлісу: |