Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет12/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62

26
д) оқу радиохабарлар, телехабарлар;
е) бағдарламалық оқытудың оқыту қондырғылары.
Педагогикалық  əдебиеттердегі  «дидактикалық  құралдар», «дидактикалық  материалдар»  немесе 
«оқыту құралдары» оқушыны оқытудағы орталық буын жəне оқушының өзіндік жұмысын ұйымдасты-
ру, белсенді ету құралы ретінде қарастырылатынын көруге болады.
К.Өстеміров «Оқыту құралдары оқушылардың танымдық іс-əрекетін дамытуға, білім негізін қала-
уға арналған түрлі ақпарат көздері. Оның көмегімен оқытушы мен оқушы белгілі бір мақсатқа жету 
жолында бірлескен əрекет жасайды» – дей келе, оқыту құралдарына жататын материалды объектілер 
табиғи жəне адам қолымен жасалған заттар деп екіге бөлінетінін айтып өтеді [5]. Оқыту құралдары-
на  педагогтің  сөйлеу  мəнерін,  көзқарастарын  (түр,  ым,  көзқарас,  бет  құбылысы,  т.б.)  жəне  оқулық, 
оқу-жабдықтары, аспаптар жəне көрнекі құралдарды жатқызуға болады. Оқыту құралдарының түрлері 
сан  алуан,  олар  соңғы  ғылым  мен  техника,  ақпараттық  технологияның  дамуына  байланысты  жетіл-
діріліп отырады. Қазіргі кезде оқыту құралдарының кеңінен пайдаланатын түрлерінің ішінен баспа ма-
териалдарын атап көрсетуге болады. Баспа материалдарының ішінде: оқулықтар мен оқу-əдістемелік 
құралдар,  дидактикалық  материалдар,  түрлі  картотекалар,  нұсқаулар,  оқу  алгоритмдері,  т.б.  кеңінен 
қолданылады.
Оқушылардың  техникалық  тапсырмаларды  орындауын  технология  пəн  сабақтарында  ғана  емес, 
сондай-ақ  ғылым  негіздерін  зерделеу  кезінде  де  талап  етілгені  мақұл.  Оқушылардың  еңбек  тапсыр-
маларын шығармашылық негізде орындау: тапсырманың мақсат, міндеттерін сезіну; затқа қойылатын 
талаптарды  талдау;  бұйымның  конструкциясын  ойлау,  талдау,  оны  бар  конструкциямен  салыстыру, 
олардың бəріне ортақтарын жəне айырмашылық-тарын бөліп алу сияқты құрылымдық элементтерді 
айқындауды қажет етеді. 
Зерттеулерге сəйкес дидактикалық материалдар мен құралдар көмегімен іскерлік пен дағдыларды 
нəтижелі қалыптастырудың алғы шарттары төмендегідей [6]:
-  оқушының алдыға қойылған мақсаттың анықтылығы, оларды мақсатты түсінуі жəне оған жетудің 
тəсілдерін дұрыс таңдауы;
-  оқушыларда қажетті білімдердің болуы;
-  нұсқаудың тиімділігі;
-  тапсырманы орындаудағы оқу əдістерінің сəйкестілігі;
-  оқушы іс-əрекетінің өз уақытында орындалуы жəне іс-əрекетінің белсенділігі.
Дидактикалық материалдар мен құралдарды жүйелі түрде оқу-тəрбие процесінде қолдану, əсересе 
оқушыларды еңбекке дайындауда іс-əрекеттің политехникалық мазмұнын ашады жəне бағыттылықты 
жүзеге асырады.
Сонымен,  технология  пəн  сабақтарында  кеңінен  қолданылатын  дидактикалық  материалдар  мен 
құралдар оқушылардың құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
1. Оқыту сапасын арттыруға. Оқушының когнитивті сапасын жетілдіруге;
2. Алған білімді практикада қолдану дағдыларын жетілдіруге (оның негізіне оқушының өзбетінше 
ізденуі, білім алуы жатады);
3. Оқушының дербес жұмыс жасауын ұйымдастыру дағдысын жетілдіруге негіз қалайды.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:
1.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика жəне психология. – Алматы: Мек-
теп. 2002. – 256 б.
2.  Межшкольные учебно-производственные мастерские: Кн. для учителя: Из опыта работы /А.Я.Сова и др., 
Под ред. А.Я.Совы. -М.: Просвещения, 1987.
3.  Камалов Ю.Н., Ортаев Б.Т., Маханов М.Ш. Металл өңдеу практикумы. – Шымкент. – 2002. – 76 б.
4.  Атутов П.Р., Поляков В.А. Роль трудового обучения в политехническом образовании школьников. -М.: Про-
свещение, 1985.
5.  Өстеміров К., Шəметов Н., Васильев И. Кəсіптік педагогика. –Алматы: ТОО «Наз-9» ЖШС, 2006. -280 б.
6.  Ортаев Б.Т. Технология пəнін оқытудағы политехникалық бағыттылық. –Түркістан. 2006. -124 б.


27
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ СТРАТЕГИЯСЫ
Əбдіров А.М. 
п.ғ.д., профессор
Есекешова М.Д. 
 п.ғ.к., доцент, С.Сейфуллин атындағы  Қазақ агротехникалық университетінің 
кəсіптік білім беру кафедрасының меңгерушісі
Білім беру Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының маңы-
зды басымдықтарының бірі. Білім беру реформаларының жалпы мақсаты – жаңа əлеуметтік-экономи-
калық ортаға осы жүйені бейімдеу [1]. 2011 жылы қабылданған Мемлекеттік бағдарлама Қазақстандық 
білім беруді жаңғыртуды жалғастыруда.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның бəсекеге қабілеттілігін арттыру 
негізі болып табылады.
«Білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыру бəсекеге қабілетті сапалы адамзат капиталын құруды 
қамтамасыз ететін жүйені жасауға мүмкіндік береді. Жоғары білімді қазақстандықтардың жаңа буыны 
онжылдықтардың күрделі мəселелерін шешуге қабілетті болады», – деп мəлімдеді ҚР Премьер-Министрі 
К.Мəсімов «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының отырысында.Біліктілікті артты-
ру жүйесін жаңғыртудың базалық кешенін құру жұмысы басталды, оған дəлел:Ұлттық педагогтердің 
біліктіліктерін арттыру орталығы, Педагогикалық ЖОО жанындағы біліктілікті арттыру орталықтары, 
Назарбаев Университеттегі «Білім» факультеті. Назарбаев интеллектуалдық мектептері» АҚ «CENTER 
OF EXCELLENCE» біліктілікті арттыру жүйесін құру мəселесіне кірісті (Педагогикалық шеберлік ор-
талығы).
Қазақстанда Дүниежүзілік банктің қатысуымен ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарла-
масын жүзеге асырудың ажырамас бөлігі болып табылатын кəсіптік-техникалық білім беруді жаңғырту 
жобасы іске қосылды. 
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінде 147 ЖОО жұмыс істейді, онда 620 мың студент оқиды. 
Биыл республикалық бюджет есебінен 350 магистрант ТМД, Еуропа, Азияның Оңтүстік Шығысына 
барады. Сондай-ақ, биыл 1493 шетел ғалымы жəне оқытушылары Қазақстанның 27 жоғары оқу орнына 
жұмысқа тартылады.
Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңыбілім беру саласындағы қоғамдық қатынастар-
ды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды жəне Қазақстан 
Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің 
жəне азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ол республикадағы жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың концептуалдық идеясы-
на  сəйкес  құрылған.  Білім  беру  қызметі  іштей  жүйелендіріліп,  оның  барлық  аспектілері  құрылымға 
бағындырылған, қисындық сабақтастыққа сəйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. 
Қазіргі заманауи жағдайларда стратегиялық ресурс адами капитал болып табылатын еңбек өнімділі-
гі экономикалық гүлдену мен бəсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс.
Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолай-
лы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес. Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының 
болуы осы реформаларды жүргізу негізі болып табылады. 2020 жылға дейін білім беру жүйесі жоғары 
білім  сапасы  мен  халықаралық  индикаторлармен  расталған  адами  капиталдың  даму  деңгейі  түрінде 
нəтиже беретін болады. Еліміздегі білім беру саласында 2020 жылға дейін мынадай əлеуметтік-эконо-
микалық тиімділіктер қамтамасыз етіледі [1]:
- Адами капитал сапасы мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің артуына байланысты туын-
даған мемлекет экономикасының тиімділігінің жəне бəсекеге қабілеттілігінің артуы;
- Білімдерді жобалау, құру жəне реконструкциялаудың жаңа ұстанымдарын есепке ала отырып, білім 
беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Білім берудің ескірген жəне апатты ны-
сандарын жою. Білім берудің технологиялық жəне əлеуметтік инфрақұрылымын жаңарту (асханалар 
мен спортзалдарды, автопарктерді, компьютерлік техниканы жəне т.б. жаңарту);
- Бюджет құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
-  Білім  беру  саласының  қолжетімділігін,  ашықтылығын,  сапасын  арттыру,  корпоративтік  басқару 
ұстанымдарын енгізу;
- Жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін енгізу, орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымда-
рын  нормативтік-жанбасылық  ұстанымдар  негізінде,  біліктілік  арттыру  жүйесін  ваучерлік  негізде 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау