Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет47/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62

95

Оқыту мен тəрбиелеу мақсаттарын диагностикалау іскерлігі;

Оқу пəнін терең, жүйелі жəне оның ғылыми негіздерін білу;

Оқу материалын қайта құрылымдау, бір ғана сабақ емес, тұтас тақырыпты индуктивті мазмұнда-
удан логикалық индуктивті-дедуктивті проблемалық мазмұндай білу;

Білім алушыны өмірге даярлау, бағыт беруде оқу үдерісін моделдеу;

Білім алушының өзбеттілік жұмысын ұйымдастыра білу;

Оқытудың белсенді əдістерін еркін меңгеру;
Білім алушы мен педагог ынтымақтастығы, қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.Білім 
беру  саласында  жүргізілген  əлемдік  зерттеулердің  нəтижелері  тиісті  кəсіптік  қасиеттерге  ие,  оқы-
ту  жəне  оқу  үдерістерінің  қажетті  дағдылары  мен  терең  түсініктерін  игерген  педагогтар  жастардың 
білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр.
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.
Модификациялық  инновация – бұл  бұрын  қолда  барды  дамытумен,  түрін  өзгертумен  айналысу. 
Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жəне оны көптеген педагогтардың пай-
далануы мысал бола алады. 
Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құра-
стыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі дəлел.
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт 
білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік жəне сапалы оқытудың көрсеткіштерін 
қалыптастырады [2].
Қазіргі республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқаулыққа байланысты өздерінің қалауы-
на сəйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əртүрлі 
нұсқаудағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа техноло-
гиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны əрбір білім алушының жас жəне 
жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. 
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологи-
яның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық əлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен. 
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Иннова-
циялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл 
өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет 
ететін жұмыс. Шындығында да əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында 
өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады. ХХІ ғасырда болашақ кəсіптік оқыту педагогтарын 
даярлау, олардың кəсіби бейімделуін қалыптастыру мəселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. 
Болашақ кəсіптік оқыту педагогтардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қол-
дануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштер қамтиды. Мотивациялық өлшемдеріне танымдық 
қызуғуды  қалыптастыру  бейнесі  жатады.  Оған  болашақ  мамандарды  қалыптастыру,  құндылық  қа-
рым-қатынас, болашақ маманның өзінің кəсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын 
ерекше жақсы көруі, ұрпақ тəрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кəсіби жеке біліктілік деңгей-
ін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-əрекетке ұмтылу əрекеттері кіреді. 
Инновациялық оқыту технологиясын қолдану жəне ашық бағалау жүйесін қолдану педагогқа білім 
алушылардың пəнге деген қызығушылығын жоғарлатуының тиімді жолдары:
Білім алушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде жеңілдетеді.
Пəнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.
Білім алушылардың көзқарасын кеңейтеді.
Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.
Тарихты оқуға жəне үлгерімді жоғарлату қызығушылығы туады. 
Теориялық материалды толық игеру болады.
Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өңдеу.
Өз көз қарасын нақты жəне қысқаша қалыптастыру дағдысы.
Сабақ үстінде педагогтың еңбек өнімінің жоғарлауы болады.
Қортындылай  келгенде  əрбір  педагогтың  инновациялық  іс-əрекетін  қалыптастырудың  педагоги-
калық  шарттары:  инновация  туралы  білімі;  инновацияны  жан-жақты  меңгеру;  инновациялық  іс-əре-
кет диагностикасын меңгеру; инновацияны тəжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада 
дұрыс қолдану болып табылады.
Пайдаланған əдебиеттер тізімі:


96
1.  Раджерс Э. – Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.
2.  Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004.
СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Қасымбеков Жақыпбек Айдарбекұлы
п.ғ.к., профессор
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ
Спортшы тұлғасын қалыптастыру жəне оның маңыздылығын түсіну тек спортқа қатысы бар неме-
се қызығушылығы бар тұлғалардан көрініс табады [1,24-б]. Тарихтан белгілі дүние этика жəне оның 
маңыздылығы ең басты құндылық. Этиканы қалыптастыру үшін спортпен көп жылдық дайындықтар 
жүргізіп қана қоймай оның барлық сақтауға тиіс жүйелерін жүзеге асыру керек. Ол үшін біз недене 
бастауымыз қажет. Спорт (ағыл. Sport – ойын, əуестену) – адамның денсаулығын нығайту, түрлі жа-
рыстарда  жоғары  көрсеткіштерге  жетуі  үшін  қолданылатын  жаттығулар.  Арнайы  ережелермен,  əдіс 
жəне тəсілдері бар, спорттық құрал-жабдықтардың бір түрін пайдаланып, белгілі бір нысана көздеп, 
жеңіп шығу мақсатында, əр түрлі қозғалыстар жасау арқылы іске асатын ойындар спорт ойындары деп 
аталады. Қазақстанда спорттың елуден астам түрі дамыған. Спорттың олимпиадалық түрлерінен басқа 
қазақша күрес, бəйге, көкпар, қыз қуу, тоғыз құмалақ сияқты түрлері, ұлттық спорт ойындары да едəуір 
дамыған жəне дамып келеді.
Дене тəрбиесі мен спорттағы бірегей оқытып үйрету жəне тəрбиелеу үдерісі тек қана дағдылары 
мен  біліктілікті  арнайы  спорттық  қабілеттерді  дамытуға  бағытталып  қана  қоймайды,  сонымен  бірге 
адамды жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
Жеке тұлғаның қалыптасуы тəрбиенің барлық жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі жəне адамның сан 
түрлі қызметі түрлерінде əлеуметтік айқын белсенділігі үдерісінде жүреді.
Кемеліне келіп дамыған қазіргі қоғам жағдайындағы адамның еркі мен міндетінің өзара байланы-
стылығына Егеменді еліміздің өскелең өнегелі ұрпақтарының өмір бейнесі қызмет етеді. Психологи-
ялық тұрғыда жеке тұлғаның психикалық құрылымының қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Психикалық құрылым – бұл жеке тұлғаның ерекшеліктерінің тұрақты қатынас бірлігіндегі бағыт-
тылығының, сипатының, сыртқы əсерлерді сезгіштігінің, қабілеттерінің көрінуі, жеке тұлғаның интел-
лектуальдық, сезімдік жəне жігерлілік үдерістерінің өтуі [2].
Дене тəрбиесі мен спорттық қызмет жүйесінде жеке тұлғаның қалыптасуы осы екі бағытта жүреді. 
Сондықтан  да  дене  мəдениетімен  жəне  спортпен  шұғылданушыларда  жаңа  қоғамның  озық  ойлы 
адамдары үшін таңдап алған спорт түріндегі жеткен жоғары нəтижелеріне байланысты дене сапаларын 
арнайы бағытта дамытатын жеке тұлғаның құрылым бейнесі қалыптасады.
Жалпы жəне арнайы бағытта дамыған психикалық құрылымы жиынтығын іскер спортшының жеке 
тұлғасын  Егеменді  еліміздің  азаматы  ретінде  жəне  оның  жеке  қайталанбайтын  спорттық  талантын 
сипаттайды.  Жеке  тұлғаның  психикалық  құрылымын  қалыптастыру  үдерісінде  қоғам  мен  мемлекет, 
оқыту жəне тəрбиелеу қызметін міндеттеген арнайы институттар басты роль атқарады. Алайда өске-
лең өмір ұрпақтары білімді, біліктілікті, өмір сүрудің жалпы талаптарын жəне мінез-құлық дағдыла-
рын бағытты қалыптастырудың енжар пайдаланушысы емес, керісінше іскер жеке тұлға ретінде бұлар 
арқылы қаруланады жəне жан дүниесін байытады. 
Осындай жеке тұлғаның жетілуі жəне өзін-өзі жетілдіруі өзара сіңісу үдерісінде дене тəрбиесі мен 
спорт қызметі отандық тəрбие жүйесінің бөлінбейтін бөліктерінің бірі болып табылады [3, 72-б].
Жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  спорттың  тиімді  əсерлілігі  жайлы  өз  ғасырының  тамаша  үздік 
боксшысы,  Баркер  Кубогінің  иегері  Валерий  Поненченко: «Спорт – бұл  менің  өмірімнің  жеке  тұлға 
ретіндегі өлшемі», – дейді.
Егеменді еліміздің жеке тұлға ретінде спортшыларының қатынастық жүйесін, психикалық қырла-
рының жалпы бағытын азамат ретінде сипаттайтын жағы идеялық ұстанымында, Отан сүйгіштігін-
де, отанға жəне қазақ халқына берілгендігінде, өз ісіне жəне қылығына жауапкершілікпен сезінуінде 
көрінеді. 
Жеке тұлға ретіндегі Қазақстан спортшыларының типтік сипаты мыналар болып табылады: 
- іске байланысты қатынаста: мақсатқа ұмтылушылық, еңбек сүйгіштік, адалдық, дербестік жəне 
шығармашылық, табандылық;


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау