7. Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
125. Оқушылар мен тәрбиеленушілердің тұруына арналған объектілер ішіне-жапсарлас салынған
ғимараттарда, бөлек тұрған ғимараттарда, сондай-ақ оқу корпустарымен аралас орналасуы мүмкін.
126. Интернат ұйымдарының, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған ұйымдардың, КББО-ның ұйықтайтын бөлмелерінің тұрғын ауданы 1 орынға кемінде
4 м , полиемиелит және енжар сал ауруларынан зардап шеккен балаларға арналған
2
мектеп-интернаттарда кемінде 4,5 м көзделеді.
2
127. ТжКБ оқушылары мен ЖОО студенттеріне арналған жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м
2
аудан көзделеді және 1 бөлмеде 4 адамнан артық тұрмайды.
128. Интернат ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
және дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның, оқушылар мен
студенттерге арналған жатақханалардағы жатын корпустарының тұратын бөлмелері мынадай есеппен
қатты мүкәммалмен жабдықталады: 1 адамға 1 кереует, 1 кереует жанындағы тумба, 1 орындық,
киімге және аяқ киімге арналған шкаф. Әр бөлмеде жазу үстелі көзделеді. Ұйықтайтын бөлмелерде 7
жастан бастап қыз және ұл балалардың жеке тұруы көзделеді.
129. Ұйықтайтын бөлмелердегі кереуеттер олардың ұзын жағының арасында 0,65 м, сыртқы
қабырғадан кемінде 0,6 м, жылыту құралдарынан 0,2 м, екі кереуеттің бас жақтарының арасында 0,2
м, кереуеттер арасындағы орталық өту ені кемінде 1,0 м қашықтық сақтала отырып орналастырылуы
тиіс.
130. Жатақханалардағы және жатын корпусындағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық
үй-жайлар (дәретханалар, қолжуғыштар, себезгі, кір жуатын орындар, киім үтіктейтін орындар,
киім кептіру бөлмелері, киімдер мен аяқ-киімдерді тазалау бөлмелері, ортақ асүйлер) осы
Санитариялық қағидалардың нормаларына сәйкес бірінші қабатта көзделеді.
131. ТжКБ және ЖОО жатақханалары қабаттарындағы асүйлер тұрмыстық тоңазытқыштармен,
пештермен, жуғыштармен, үстел-шкафтармен, ыдыс-аяққа арналған шкафтармен, қажет болғанда
орындықтармен немесе табуреткалармен жабдықталады. Жабдық мынадай есеппен орнатылады: 5 адамға
газ пешінің 1 конфоркасы, 3 адамға электр пешінің 1 конфоркасы, 8 адамға 1 жуғыш және 1
үстел-шкаф, 6 – 8 адамға 1 тұрмыстық тоңазытқыш.
132. Бір жатын орынға төсек жабдықтарының үш жиынтығы көзделеді. Интернат ұйымдарында,
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және дамуында ауытқуы бар балаларға
арналған білім беру ұйымдарында, КББО-да барлық төсек жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпе)
таңбаланады; жиналмалы кереуеттерді пайдаланған кезде төсек жабдықтары (жайма, жастықтың тысы,
көрпенің тысы) таңбаланады.
133. Жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы интернат ұйымдарының, интернат
ұйымдарындағы жатын корпустарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және
дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО-ның тұрғын кешеніндегі
санитариялық аспаптар саны осы Санитариялық қағидаларға
сәйкес көзделеді.
3-қосымшаға
ТжКБ оқушыларына арналған студенттік жатақханаларда 4 – 6 адамға 1 себезгі, 1 қолжуғыш
және 1 унитаз және 50 адамға 1 биде орнатылады. Әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға 1
кабинадан көзделеді және біртіндеп ағатын себезгімен, унитазбен, себезгімен және қолжуғышпен
жабдықталады.
134. Балалар тәулік бойы болатын объектілерде оларды жуындыру төсек жабдықтары, іш киімді
және сүлгілерді бір мезетте ауыстыра отырып, жеті күнде кемінде бір рет график бойынша жүзеге
асырылады.
135. Киім-кешектерді жуу кір жуатын объектіде іске асырылуы тиіс, ол болмаған жағдайда
басқа кір жуатын орындарда шарт бойынша жууды ұйымдастыруға жол беріледі. Инфекциялық аурумен
ауыратын науқастардың киім-кешектері жуу алдында таңбаланған ванналарда дезинфекциялануға
жатқызылады.
136. Төсек жабдықтарын, сүлгілерді ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен
сиретпей жүргізіледі. Лас киім-кешек кір жуатын бөлмеге (клеенкалы және мата) қаптармен
жеткізіледі. Матадан тігілген қаптар жууға тапсырылады, клеенкалы қаптар сабынды-содалы
ерітіндімен өңделеді. Таза киім жуылған қаппен жеткізіледі.
137. Артық төсек жабдықтарын, жаңа және ескі киім мен аяқ-киімдерді, қатты мүкәммалды
сақтау үшін қоймалар көзделеді.
138. Кір жуатын бөлмені орналастыру кезінде таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы
ағымы болмауы тиіс.
139. Интернат ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында, дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру ұйымдарында
төсек жабдықтары, сүлгілер, жеке гигиена заттары (тіс щеткасы, тарақ, ысқыш) әр балаға жеке
бөлінеді. Жеке тіс щеткалары қолжуғыштарда ашық ұяшықтарда сақталады.
8. Объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
140. Оқушыларға білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру ұйымдары мыналарға
бөлінеді:
1) өндірістік шикізатты сатып алуды, аспаздық тағам өндіруді, олармен білім беретін
мекемелердің асханаларын жабдықтауды жүзеге асыратын мектеп тамақтандырудың базалық ұйымдары (
мектеп тамақтандыру комбинаттары, мектептік-базалық асханалар);
2) жартылай фабрикаттардан тамақ және аспаздық бұйымдар дайындауды және оларды өткізуді
жүзеге асыратын асханалар-дайындау алдындағы бөлмелер;
3) апта күндері бойынша әртүрлі ас мәзіріне сәйкес тамақ дайындайтын және (немесе)
өткізетін азық-түлік шикізатымен немесе жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін объектілердің
асханалары;
4) дайын тамақты, аспаздық, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдарды өткізуді жүзеге
асыратын буфеттер, буфеттер-тарату орындары.
141. Тамақтану объектілерінде тұруға, қоғамдық тамақтанумен байланысы жоқ жұмыстар мен
қызметтерді орындауға, сондай-ақ жануарлар мен құстарды ұстауға жол берілмейді.
142. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінде шикізатпен
немесе жартылай фабрикатпен жұмыс істейтін ас блогы көзделеді. Ас блогын 2-қабаттан жоғары
орналастырмайды. Ас блогын 2-қабатта орналастыру кезінде өнімді тасымалдау үшін жүк көтеретін
лифт жабдықталады.
143. Шикізатпен жұмыс істейтін ас блогының құрамына мыналар кіреді: ыстық цех, тарату
бөлмесі, салқындату цехы (немесе шартты аймақ), ет-балық цехы, көкөніс цехы, асхана ыдыстарын
жуатын және жеке ас үй ыдыстарын жуатын бөлме, құрғақ өнімдерді сақтайтын қойма, көкөністерді
сақтайтын қойма, тоңазытқыш жабдығы бар
сақтауға арналған үй-жай, жүк
тез бұзылатын өнімдерді
тиейтін бөлме, персоналдың бөлмесі, киім ауыстыратын орын, персоналға арналған себезгі және
дәретхана.
144. Ас блогы үй-жайларының көлемді-жоспарлау және конструктивтік шешімдерімен шикі
өнімнің, шикі жартылай фабрикаттардың және дайын өніммен, пайдаланылған ыдыстың таза ыдыспен,
келушілер мен персоналдың араласуын болдырмайтын технологиялық процестердің жүйелілігі көзделеді
.
145. Жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін ас блоктарында мыналар көзделеді: дайындауға
дейінгі (жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді өңдеуге арналған аймақтарға шартты бөлінген)
бөлме, сусымалы өнімдерді сақтау бөлмесі, асхана және асүй ыдыстарын жуатын орын, тоңазытқыш
жабдығы бар үй-жай, тамақ тарататын бөлме, персоналға арналған үй-жай, персоналға арналған
себезгі және дәретхана.
146. Құрғақ өнімдерді, көкөністерді сақтайтын қойма салқындатылатын камералар ас үйден
оқшауланады, ыдыс жуатын үй-жайлардың, себезгілердің және санитариялық тораптардың, сондай-ақ
баспалдақтары бар өндірістік үй-жайлардың астындағы үй-жайларға орналастырмайды.
147. Шикізатпен жұмыс істейтін, өнімділігі аз (50 отыратын орынға дейін) ас блогында
үй-жайлар жиынын: тамақ тарату аймағы мен асхана және асүй ыдыстарын жуу аймағын (арақабырғамен
бөлінген) бөле отырып, ыстық цехты, тамақ дайындайтын цехты, көкөністі сақтау аймағын бөле
отырып, сусымалы өнімдер қоймасын, персоналға арналған дәретхананы қысқартуға жол беріледі.