Педагог-психолог.
– Ал қазір миға шабуыл. «Позитивті ата-ана»ғылымының дамуына не кедергі болуы мүмкін? (Сұрақ слайдта көрсетіледі. Ата-аналардың жауаптары тыңдалады. Жауаптардың мәтіні, мысалы: уақыттың жетіспеушілігі, тұрмыстық істер мен проблемалардың жүктемесі, баламен өзара тіл табысудағы қиындықтар, 21 ғасырдың ерекшеліктері, ұрпақ құндылықтарындағы айырмашылық, Заңдарды білмеу, қиын өмірлік жағдайларда тиімді психологиялық көмектің болмауы және т. б.).
Пікір алмасу аяқталғаннан кейін психолог қорытынды жасайды:
– Аталған мәселелерді шешу үшін отбасы мен мектептің күш-жігерін біріктіру қажет! Осы мақсатта ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы құрылды.
Қолдау сөзі біржақты ұғым емес, бұл бірге алға жылжу. Біз жалықтыратын теорияны қолданбаймыз: тек дәлелденген тәжірибелер мен өмірден алынған мысалдарды ұсынамыз! Құрметті ата-аналар, сіздердің тәжірибелеріңіз де кеңінен қолданылатын болады! Сіздердің пікіріңіз біз үшін өте маңызды! Біз сондай-ақ балаларымыздың ата-әжелері мен аға буынды да жұмысымызға тартамыз. Олардың тәжірибесі жинақталған және уақытпен тексерілген.
Слайдты көрсетеді, оның шамамен мазмұны келесідей болуы мүмкін:
Курс бағдарламасы ата-аналардың сұраныстары негізінде әзірленді (мониторинг жүргізілді).
Өткізілетін сабақ кестесі ата-аналардың жұмыстан тыс уақытын ескере отырып жасалған, сонымен бірге цифрлық ресурстардың мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Сабақтар тренинг түрінде құрылған – барлығы қызықты!
«Даналық мектебі» клубының ашылуы.
Нормативтік-құқықтық құжаттар, ата-аналарды педагогикалық қолдауға арналған материалдар орналастырылған цифрлық платформа әзірленді.
Әлеуметтік педагог.
– Талқылау үшін тағы бір маңызды сұрақ: орталықтың қызметінен не күтесіз? (Сұрақ слайдта көрсетіледі. Ата-аналардың жауаптары тыңдалады.
Пікір алмасу аяқталғаннан кейін әлеуметтік педагог қорытынды жасайды(слайдта көрсетіледі):
–Біз бірге жасай аламыз:
Үйдегі қақтығыстарды тоқтату.
Балаға оқуға, өз мақсатын табуға көмектесу.
Салауатты өмір салтын бірге ұстану.
Баланың сезімдерін, ойларын, іс-әрекеттерін түсінуге үйрену.
Онымен келісімге келу үшін сөйлесу.
Оған жағымсыз сезімдерді, стрессті, тәуелділікті жеңуге көмектесу.
Отбасылық дәстүрлерді сақтау және дамыту.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды әдетке айналдыру.
Достарыңызбен бөлісу: |