|
Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулық. Алматы: АҮДҰИ, 2023. – 228б
|
бет | 209/227 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 5,34 Mb. | | #44846 | түрі | Сабақ |
| Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша басшылықКездесу қонағы:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші: Аса қадірлі ________________________ Бүгін кездесуге келіп, Сұрақтарымызға жауап беріп, өмірден көрген-түйгендеріңізбен бөліскеніңіз үшін сізге көп рақмет! Бүгінгі кездесуден залда отырған ағаларымыз біраз әсер алды деп ойлаймын. Ал қазір қонағымызға сұрақтарыңыз, осы мәселеге қатысты ой-пікірлеріңіз болса ортаға салуға рұқсат.
Сұрақ-жауап, талқылау.
Жүргізуші: Бүгін көңілде жүрген біраз мәселені ортаға салып, ой бөлістік. Ұлттық тәрбие мектептерінде «Аға мектебінің» орны ерекше екенін тағы да айтқымыз келеді. Ағаның қамқорлығын көрген іні-қарындастары ешкімнен зорлық көрмейді. Ағам бар деп арқа сүйеп жүреді. Ал сізге ___________________________ тек жеңістер мен сәттілік тілейміз.
Құрметті қатысушылар, «Даналық мектебі» жұмысына белсене қатысып, Ағалар қамқорлығын насихаттауға үлес қосқандарыңыз үшін бәріңізге мың алғыс. Бүгінгі кездесу кешінде естігендеріңізді әлеуметтік желілер арқылы інілеріңіз оқитын сыныптағы ағалармен бөлісіп, осы жұмыстың жандануына үлес қосады деп сенеміз. Қош сау болыңыздар! Кездесу кешін төмендегі әуенмен аяқтап, осы әндегі іні үмітін ақтайтындарыңызға сенемін.
https://www.youtube.com/watch?v=HPs_R96c_mg ән ойнатылады.
Кештің соңы
ЖЕҢГЕЛЕР МЕКТЕБІ
Сабақтың тақырыбы: Қыз ғұмырдың құпиялары
Сабақтың мақсаты: жаһандану жағдайында қазақтың дәстүрлі отбасындағы қыз балаларға тәрбие берудің ұлттық және заманауи мүмкіндіктерін түсіндіру.
Міндеттері:
қыз баланың тұлғалық қалыптасуына қатысты талаптарды нақтылау;
қыз тәрбиесіндегі құндылық сапа – «пәктік» ұғымының сырын ұғындыру;
халқымыздағы қыз бала тәрбиесі арқылы отбасы бақытын сақтау құпияларымен бөлісу.
Көрнекілігі: залда қазақ тіліндегі әндер беріліп, қыз бала тәрбиесіне қатысты мақал-мәтелдер экраннан ретімен шығып тұрады:
Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі.
Астың дәмін келтірер – тұз әулие,
Ел мен елді қосатын – қыз әулие.
Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілінер.
Қызға қырық үйден тыйым.
Қызың үйде, қылығы түзде.
Қызың жақсы болса үйіңе ырыс кірер, жаман болса ұрыс кірер.
Қызыңды мақтасын десең алысқа жібер.
Жақсы қыз – жағаңдағы құндыз.
Қызымның құлағына алтын сырға.
Шешесін көріп – қызын ал, т.б.
Сұрақтар:
Жаһандану заманында қазақ қыздары қандай болғаны дұрыс?
Қыздарға қатысты талаптың ең маңыздысы?
Отбасы бақытының қызға қатысты сырларын аша аламыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|