Психологиялық ерекшеліктер: тұлғаның негізгі қасиеттері, мінезі қалыптасады, өзіндік санасы (Мен бейнесі) мен тұлғалық рефлексиясы дамиды. Өз мүмкіндіктері мен ресурстарын бағалау объективті бола түседі. Жоғары сынып оқушылары өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеудің жоғары дәрежесін көрсетеді. Оның ішкі әлемі ашылады, даралығы мен өзіндік ерекшелігін сезінеді. Бұл өзін-өзі тану мен өзін-өзі белсенді іздеу кезеңі.
Жалпы дамудағы маңызды орын қалыптасқан жыңыстық сәйкестендіруге беріледі.
Бұл жастағы балалар еркіндікке, тәуелсіздікке ұмтылады, бірақ сонымен қатар олар ата-аналар мен ересектердің психологиялық қолдауына да зәру.
Зияткерлік ерекшеліктер: жоғары сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде өзін-өзі айқындау және ересек өмірге дайындық түрткілері жетекші орынды алады.
Танымдық түрткілер кең әлеуметтік түрткілермен байланысты. Ерікті түрткі бірінші орынға шығады. Жоғары сынып оқушысы іс-әрекет тәсілдерін таңдауда саналы түрде қойылған мақсатты басшылыққа алады.
Әлеуметтік ерекшеліктер: кәмелеттік жасқа толған, тұлғалық және кәсіби тұрғыда өзін-өзі айқындау үстінде тұрған жоғары сынып оқушылары оқуға саналы түрде қарайды, болашақ мамандығын таңдауда объективті факторларды ескереді.Отбасы құндылықтарын түсінеді және кейде асыра бағалап жібереді. Бұл кезеңдегі достық өте маңызды және көбінесе эмоционалды қолдау болып табылады.
1-тапсырма: презентация материалына және біздің әңгімемізге сүйене отырып, "өз балаңыздың портретін" құрыңыз, сіздің ойыңызша, оның жеке тұлғасына тән ерекшеліктер қанадай екен?
|
А4 форматындағы парақтар, қаламдар, қарындаш-тар
|
10 мин.
|
"Менің балам – дербес тұлға" жаттығуы
Қатысушылар топтарға бөлінеді. Педагог «нысана» үлгісін көрсетеді, яғни бір-бірінде орналасқан шеңберлер.
Жаттығу ата-ана баласы мектеп бітіргеннен кейін баласының бойында қандай қасиеттерді, қабілеттерді, дағдыларды көргісі келеді деген сұраққа жауап беруден басталады.
1.Қатысушылар мектепті бітіргеннен кейін баласында көргісі келетін дербес тұлғаның қасиеттерін, қабілеттерін, дағдыларын атайды.
2. Жоғарыда айтылғандардың ішінен топ ең маңызды бес қасиет пен дағдыларды таңдап, оларды шеңберлер (нысана) бейнеленген сызбаның ортасына енгізеді. Шеңберлердің ортаңғысы барлық аталған қасиеттері бар "дербес тұлғаны" білдіреді.
3.Әрбір қатысушы оның баласы, ата-анасының пікірінше, шеңбердің ортасына қатысты қай жерде тұрғанын кез-келген белгіні фломастермен белгілейді.
4.Қатысушылар шеңбердің ортасына жақындауға көмектесетін, балаларда тәуелсіз тұлғаның қасиеттерін дамыту әрекеттерін ұсынады.
Ең қызықты ұсыныстар тақтаға/флипчартқа жазылады.
|
Ватман парақтары, түрлі-түсті фломастер-лер
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |