Өткізу форматы:интерактивті дәріс.
Тақырыбы №12: Физика пәнін оқытуда жаңа технология түрлерін қолдану әдістемесі Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие үдерісіне ендіру жолдары.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі талаптар.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім – негізгі тұлға.
Дәріс тезисі*Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тəрбие үдерісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау – жұмыс сапасының негізі болып табылады. Мұғалім оқыту үдерісін тиімді өткізіп, оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді:
а) дидактикалық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сайлығын игерілетін іскерлік дағдыларының айқындығы, қабылдауға əзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу);
ə) дамытушылық талаптың (дамытушылық мақсатының айқындығы, танымдық қызығушылығының, бастамашылдығын, өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегінің мəдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту);
б) тəрбиелік талаптың (тəрбиелік мақсатының нақтылығы, білім мазмұны арқылы көзқарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру, т.б.);
в) гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы, желдетілуі, оқу- құралдарының, тақтаның, бордың яғни сабақтың жабдықталуын, жарық мөлшерінің сақталуын, оқушылардың сыртқы көрінісі; көрнекі құралдарға, дəптерге, жазуға қойылатын талаптар) сақталуын ескеру;
г) психологиялық талаптың (білімге ынталандыру), танымдық белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл-күйін тудыру, қабылдау, зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескерілуі;
ғ) ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі. Ол екі кезеңнен тұрады:
I кезеңі: Сабаққа алдын ала дайындық. Күнтізбелік жоспар негізгі жəне қосымша əдебиеттерді, əдістемелік жəне көркем шығармалар, педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.
II кезеңі: Пəн бойынша тақырыптық сабақ жоспарын жасау. Онда сабақтың білімдік, дамытушылық, тəрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау, əдіс-тəсілдерін таңдау сабақтың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. ескеру.
Әдебиет:
Жанатбекова Н.Ж. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар: оқу құралы. - Алматы: CyberSmith, 2019.
Серкебаева, С.К. Физикадағы ақпараттық технологиялар: оқу құралы. - Алматы : ТехноЭрудит, 2018.
Нұрқасымова, С.Н. Физиканы оқытудың компьютерлік әдістері: оқу құралы. - Алматы : CyberSmith, 2017.
Достарыңызбен бөлісу: |