Сабақтың тақырыбы: EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктерімен, яғни диаграммалармен, графиктермен және графикалық мүмкіндіктермен жұмыс жасауды үйрету.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларға EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктерімен, яғни диаграммалармен, графиктермен және графикалық мүмкіндіктермен жұмыс жасауды үйрете отырып, оларды EXCEL-мен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларға EXCEL-дің графикалық мүмкіндіктерімен, яғни диаграммалармен, графиктермен және графикалық мүмкіндіктермен жұмыс жасауды үйрете отырып, олардың EXCEL кестелік процессоры жайлы білімдерін тереңдету, ой-өрісін дамыту, көру және есте сақтау
Сабақтың типі: Жаңа сабақ меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: тірек сызбалар арқылы түсіндіру, сәйкестендіру тесті, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе карточкалар, интерактивті тақта, компьютер.
Пән аралық байланыс: бейнелеу, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4.Үй тапсырмасын сұрау:
1. EXCEL-де барлық формулалар қандай белгімен басталады?
2. EXCEL-де деректерді сақтау және қорғау қалай жүзеге асырылады?
3. Функция мастерін шақыру үшін қандай қадамдар жасаймыз?
4. Ұяшықтар ауқымын таңдау қалай жүзеге асырылады?
5. Формула беруге көмектесетін терезені атаңдар.
6. Ұяшықты біріктіру үшін және сөз бойынша тасымал жасау үшін не істейміз?
(Үй тапсырмасы кеспе карточкалар арқылы тексеріледі)
ІІІ. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру:
1. Microsoft Excel-ді іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегі орындалады?
2. Microsoft Excel кестелік процессорының қандай мүмкіндіктерін білесіңдер? Атап өтіңдер.
(сұрақ-жауап арқылы)
ІҮ. Жаңа түсінік беру: қазіргі кестелік процессорлар статистикалық деректерді түрлі түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық суреттермен, схемалармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік береді.
Диаграммалар деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.
Тақырып диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.
Диаграммалардың типтері:
Дөңгелек диаграмма
Достарыңызбен бөлісу: |