|
Білім беру бағдарламасына арналған қорытынды емтихан пәндерінің мазмұны739503843var 15644 АУДИТ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
1 - тақырып Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны.
Аудиттің анықтамасы және оның мазмұны. Аудиттің тапсырмалары мен мақсаты. Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері. Аудит функциялары мен объектілері, пәні. ҚР аудиторлық қызмет нарығының қазіргі жағдайы. Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары. Аудиттің халықаралық стандарты 200 «Қаржылық есептілік аудитін басқаратын жалпы принциптері мен мақсаты». Қаржылық есептілік - аудиттің ақпараттық базасы. Қаржылық есептілікке жалпы шолу. Аудит мақсаты көзқарасынан қаржылық есептілікті құру және ұсынуға талаптар. Қаржылық есептілік элементтері аудит мақсаты және оларға жету әдістері. Аудитті жүргізудің циклдық және объектілері бойынша қарастыру. Аудит түрлері. Аудиторлық қызмет пен аудитордың түрлері. Шаруашылық жүйенің ішкі және сыртқы аудиті. Олардың өзара байланысы және ерекшеліктері. Ішкі аудиттің мақсаты. Ішкі аудитордың жұмыстарының тесті және бағалау, түсінік. Халықаралық аудит стандарты «Аудитордың ішкі жұмыстарын қарастыру».
2 - тақырып ҚР – дағы аудиторлық қызметін нормативтті реттейтін жүйе.
Шетелде аудиторлық қызметтің бақылау тәжірибесі. ҚР – ы аудиторлық қызметті реттейтін органдардың функциялары мен құрылымы. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заң және ҚР – дағы аудиторлық қызметті реттейтін басқа да нормативті – құқықтық актілер. Аудиторларды кәсіби аттестациялау жүйесі және ҚР аудиторлық қызметті лицензиялау. Аудиторлардың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары. Аудит стандарттары және кәсіби тәртібі. Аудит мамандық ретінде. Аудиттің халықаралық стандарты. Кәсіби этикалық кодексі. Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірибесі.
3 - тақырып Бақылау және аудит.
Экономикалық бақылау және оның компания басқару жүйесіндегі орны. Тәуелсіз аудиттің қаржы – экономикалық жүйесіндегі ролі. Бақылаудың мақсаты мен оның аудиторлық тексерістің жалпы мақсаттарымен өзара байланысы. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы. Тексеру жүргізу шарттары. Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті. Ішкі бақылау жүйесін бағалау. Жүйенің құжаттық рәсімделуі. 315 ХАС «Субъектілерді білу және оның аумағы, бұрмалаушылықтардың мәнді тәуекелділіктерін бағалау».
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|