3Тақырып. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
Бухгалтерлік есептің пәні, даму тарихы мен әртүрлі анықтамалары. Ұйым капиталының айналымы. Бухгалтерлік есептің объектілері. Ұйымның ресурстарын түрлері мен қолдану уақытына қарай жіктеу. Ұйымның ресурстарын пайда болу көздері бойынша жіктеу. Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері (бухгалтерлік баланс, құжаттау,түгендеу, шоттар, екі жақты жазу, бағалау, калькуляция, есептілік). Әдістердің есептің пәнімен қамтамасыз етілуі. Кіріс туралы түсінік және оны тану әдістері. Есепті кезеңнің шығындары мен шығыстары арасындағы байланыс. Шығыстардың жіктелуі.
4 Тақырып. Бухгалтерлікбаланс
Бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызы. Негізгі баланстық теңдеу.Бухгалтерлік баланстың құрылымыменмазмұны.Бухгалтерлік баланстың бөлімдері. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен сипаттамасы. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы мен сипаттамасы. Капиталдыңқұрамы мен сипаттамасы. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік балансқа тигізетін әсері. Бухгалтерлік баланстың жіктелуі. Бухгалтерлік баланс ұйымның қаржылық тұрақтылығы туралы ақпараттың көзі ретінде.
5 Тақырып. Бастапқы бақылау – бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі
Есептегі бастапқыбақылау. Бастапқы есептік ақпараттарды тасымалдауыштар. Құжаттар бастапқы ақпараттың көзі ретінде. Бастапқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі. Құжаттардың жіктелуі. Құжат айналымын басқару жүйесін ұйымдастыру. Бухгалтерлік есеп құжаттарын сақтау тәртібі және мерзімдері.
Түгендеу бухгалтерлік есеп әдісінің элементі ретінде. Түгендеу объектілері мен мақсаты. Түгендеу жүргізу мерзімдері. Түгендеу комиссиясы. Түгендеужүргізу тәртібі. Түгендеу нәтижелерін құжаттық рәсімдеу. Түгендеу бойынша салыстыру тізімдемесін құрастыру. Түгендеу мәліметтерінің есептік мәліметтермен сәйкес келмеуін реттеу.
6 Тақырып. Шоттар және екі жақты жазу
«Операциялар», «трансакциялар» түсінігі. Бухгалтерлік шоттардың анықтамасы, арналуы, олардың құрылымы мен мазмұны. Екі жақты жазудың мәні. Синтетикалық және талдамалық есеп шоттары, олардың арналуы мен өзара байланысы. Шоттарды экономикалық мазмұны және құрылымы бойынша жіктеу: негізгі шоттар, реттеуші, бөліп-таратушы, калькуляциялық, операциондық-нәтижелік, қаржылық-нәтижелік, баланстан тыс шоттардың түсінігі және сипаттамасы.Қарапайым және күрделі бухгалтерлік жазулар. Синтетикалық және талдамалық есеп мәліметтерін салыстырып тексеру. Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары. Есеп процедуралары және есептік цикл кезеңдері. Сынақ балансы, айналым тізімдемесі, шахматтық тізімдеме, маңызы мен құрастыру тәртібі. Трансформация және түзетуші жазбалар, бухгалтерлік шоттарды жабу үрдісі (трансформациялық кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |