2. Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
Шығындар - басқару есебінің негізгі бip oбъeктici ретінде. «Шығынның пайда болу орны», «шығынды тасымалдаушы», «жауапкершілік орталығы» туралы түсінік.
Қорларды бағалау үшін шығындардың жіктелуі: өнімге жұмсалатын шығындар мен кезең шығындары, тiкeлeй және жанама шығындар, өндірілген өнімдердің өзіндік құны туралы есеп.
Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: шығындар өзгерісі (мінез - құлқы), тұрақты және айнымалы шығындар, шартты-айнымалы және шартты-тұрақты шығындар, жиынтық шығындар мен ең үлкен және ең кіші мәнді әдіc, шоттар әдісі, инженерлік әдіс және регрессиялық талдау; релевантты және релевантты емес шығындар, қайтарылмайтын шығындар, альтернативті (баламалы) шығындар, инкрементті (өспелі) және маржиналды шығындар.
Бақылау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі: нақты шығындармен салыстырмалы нормативті (стандартты) шығындар, бақыланатын және бақыланбайтын шығындар.
Жауапкершілік орталықтары есебі. Шығындарды пайда болу орындары бойынша бақылау мақсатында шығындар орталықтары мен жауапкершілік орталықтары есебін ұйымдастыру.
3. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
Heгiзгi өндіріс шығындарының eceбі. Материалдар eceбi. Материалдарды бақылау циклі. Қорлардың өзіндік құнын бағалау (альтернативті жүйелер және қорды басқару модельдері). Еңбекақы шығындарының есебі және еңбекақыдан аударымдар. Өндірістік үстеме шығындардың eceбi. Үстеме шығындарды үлестіру тәртібі. Көмекші өндіріс eceбi. Аяқталмаған өндіріс есебі, түгендеу және бағалау. Өндірістік шығындардың жиынтық есебі. Әкімшілік шығыстарының есебі. Өнімдерді сату мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар есебі.
4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Калькуляциялаудың мәні: калькуляциялау, калькуляция, калькуляциялау бірліктері. Калькуляциялау әдістерінің жіктелуі: шығындар есебінің жеделдігі бойынша, шығындардың өндірістік өзіндік құнға толық қосылуы бойынша, шығындар есебінің объектілері бойынша. Өзіндік құнды калькуляциялау және шығындар есебінің әдістерін таңдау. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері: нормативтік, шығындарды жинақтау тәсілі, жанама өнімдерге жұмсалатын шығындарды алып тастау тәсілі, шығындарды үлестірудің пропорционалды тәсілі, тікелей есептеу тәсілі, кұрамдастырылған тәсілі, коэффициенттік тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |